«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттар үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6517 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 8 маусымдағы № 240-243 (26641) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға талап етілетін біліктілік талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әуежай пайдаланушысының бірінші басшысы лауазымына кандидат жоғары білімі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжат түрінде расталуы тиіс азаматтық авиация саласындағы басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адам бола алады.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев