Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен және алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Б.А. Омаров) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаңған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 291 бұйрығымен бекітілген |
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Жеке басты куәладыратын құжаттарды жедел дайындауға электрондық формулярларды (өтінімдерді) ресімдеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 649 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12054 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына сәйкес "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады.
Қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетіп беру үшін төлем туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел тәртіппен дайындау және беру мерзімі:
1) Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін – 2 (екі) жұмыс күнді;
2) облыс орталықтары үшін – 4 (төрт) жұмыс күніне дейін құрайды.
Өтінімді ресімдеу күні қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
4. Электрондық өтінімге енгізілген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен сәйкессіздігі анықталған кезде, өтінім қателерді түзету үшін қайтарылады. Электрондық өтінім (формуляр) пысықталғаннан кейін құжат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АӨО" РМК) өндіріске келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні дайындалуы тиіс.
5. Дайын құжаттарды областардың, Астана, Алматы қалаларының көші-қон полициясы бөліністеріне дейін жеткізуді курьерлік қызмет арқылы "АӨО" РМК жүзеге асырады.
6. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау бойынша қызметтер үшін төлем "АӨО" РМК-ның есеп шотына жүргізіледі.
7. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау үшін қабылданған төлемдер тізілімін екінші деңгейдегі банктер шынайы уақыт режимінде "онлайн" автоматтандырылған тәртіпте құжаттарды өндірістік дайындаудың жүйесіне жолдайды.