"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сынамаларды іріктеу туралы актінің нысанын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына 1-қосымша |
Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидадалар мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
3) өкілдік сынама (бұдан әрі – сынама) – бағалы металдардың немесе құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының барлық көлемінің құрамы мен қасиетін сипаттайтын бағалы металдардың немесе құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының өкілділік бөлігі;
4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
2. Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Сынамаларды іріктеу туралы акті техникалық құралмен немесе қара немесе көк түсті сиямен айқын көрінетін жазбамен мынадай күйде толтырылады.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 1-тармағында жалпы мәліметтер көрсетіледі:
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке немесе заңды тұлғаның атауы;
сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;
сынамаларды іріктеу кезінде қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны;
сынамаларды іріктеуді жүзеге асыратын нормативтік техникалық құжаттың атауы;
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының орналасқан жері;
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының бағытталатын маршруты.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында сынамаларды іріктеу туралы шарты және қолданылған техникалық құрылғы туралы мәліметтер толтырылады.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында іріктелген сынамалар туралы мәліметтен тұратын кесте толтырылады:
1-бағанда – іріктелген сынаманың реттік нөмірі;
2-бағанда – құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы;
3-бағанда – іріктелген сынаманың грамдық өлшемдегі салмағы;
4-бағанда – сынаманың жеке нөмірі;
5-бағанда – қаптама түрі.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 4-тармағында тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетілген қатысушы адамның ескертулері туындаған жағдайда белгіленеді.
Сынамаларды іріктеу туралы актінің 5-тармағында мыналар қойылады:
қатысушы адамдардың, сондай-ақ сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындаған адамның лауазымдары, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып қолдары қойылады;
сынамаларды іріктеу туралы актіні дайындау күні;
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке немесе заңды тұлғаның мөрі;
сынамаларды іріктеу туралы актінің көшірмесін алған адамның қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және көшірмені алған күні көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Сынамаларды іріктеу актісі үш данада дайындалады:
бірінші данасы – Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке немесе заңды тұлғаға ұсынылады;
екінші данасы – уәкілетті ұйымға ұсыну үшін;
үшінші данасы – уәкілетті органға ұсыну үшін.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына 2-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Нысан жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сынамаларды іріктеу туралы акті
20____ ж. "____" ___________ №___________
1. _________________________________________________________________.
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар
шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке немесе заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), лауазымы
__________________________________________________________ қатысуымен
жұмыс орны, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидасына және құрамында
бағалы металдары бар шикізат тауарларының сынамалардын іріктеу
нормасын олардың өкілділігін қамтитын ең аз көлемдегі санын
белгілейтін _____________________________________________нормативтік
нормативтік техникалық құжаттың атауы
техникалық құжатқа сәйкес, _______________________ __________________
мемлекетінен мемлекетіне
бағытталған, ________________________________________________________
уақытша сақтау қоймасында, вагонда, т.б.
орналасқан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларына
сынамаларды іріктеу жүргізілді.
2. Сынамаларды іріктеу
______________________________ және _________________________________
бұлтты/ашық күнді ауа райында табиғи/жасанды жарықтандыру кезінде
жағдайында жүргізілді.
Сынамаларды іріктеу кезінде _________________________________________
техникалық құралдың атауы
техникалық құралы қолданылды.
3. Осы акті бойынша құрамында бағалы металдары бар шикізат
тауарларының сынамалары іріктелді:
№ р/н | Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы | Сынаманың салмағы, грамм | Сынаманың жеке нөмірі | Орау түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4. Қатысқан адамның ескертуі:
_____________________________________________________________________
ескертудің мазмұны, ескерту жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), лауазымы
5. Акт үш данада дайындалды.
Қатысқан (болған) адамдардың қолдары:
______________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы
Актіні дайындаған:
______________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы
МО 20____ж. "____"_______________
актіні дайындау күні
Осы актінің көшірмесін алдым:
______________________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы қолы