БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi сексеуiл екпелерiнде кесуге тыйым салу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 211 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12057 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан басқа) 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.";
2) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12858 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтiмдi қоқырсуды жинаудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.".
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орман шаруашылығы және | |
жануарлар дүниесі комитеті | |
төрағасының міндетін атқарушы | Қ. Үстеміров |