Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2016 жылғы 29 наурыздағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13626 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының

      2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі

      № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның


міндетін атқарушы

Б. Иманәлиев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін
атқарушының
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 51 бұйрығымен бекітілді

Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме
1. Жалпы ережелер

      1. Өндіріс және қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес қалыптастырылатын және бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарымен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде әкімшілік деректерді пайдалана отырып, өндіріс және қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде қолданылады.

      3. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:

      1) жүктеу (шартты есептеу) - қолда жоқ немесе қате мәндерді дәйекті және іштей келісілген мәндерге ауыстыру;

      2) статистикалық көрсеткіштер жіктеуіші (бұдан әрі - СКЖ) - ресми статистика шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді жіктеу және кодтау тәртібін анықтайтын жіктеуіш. СКЖ статистикалық тәжірибеде пайдаланылатын кіріс және шығыс көрсеткіштердің жүйеленген тізбесін білдіреді;

      3) макроредакциялау - агрегатталған статистикалық деректерді редакциялау;

      4) микроредакциялау - алғашқы статистикалық деректерді редакциялау;

      5) редакциялау - бұл алдын ала анықталған ережелерге сәйкес қолайсыз, қайшы және өте күдікті немесе мүмкін емес мәндерді әшкерелеу және кейіннен өзгерту мақсатында респонденттерден жиналған деректердің, сондай-ақ біріктірілген деректердің жүйеленген тексерілуі;

      6) статистикалық көрсеткіштер - бұл орын мен уақыттың нақты жағдайларында құбылыстың немесе үдерістің мәнін көрсететін

      қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалы сипаттамасы.

      4. Статистикада қателер тіркеу қателері (немесе құрамындағы қателер), қамтудағы қателер және репрезентативтілік қателері деп жіктеледі.

      5. Кездейсоқ тіркеу қателері әдетте нысанды толтыру кезінде жаңылысып жазу, зейінсіздік және ұқыпсыздық салдарынан пайда болады. Тіркеу қателері алғашқы деректерді қасақана бұрмалауымен немесе сұрақтың мағынасын бұрыс түсінуімен немесе жауапты жазу ережелерінің бұзылуымен байланысты пайда болады.

      Тіркеу қателерінің негізгі себептері:

      орынсыз қалыптастырылған сұрақнамалар немесе нысандар, оларды толтыру бойынша жеткіліксіз немесе жөнсіз нұсқаулықтар;

      интервьюердің сұрақты дұрыс қоймауы (сұрақтың мәнін қысқарту немесе өзгерту, респондентке сұрақтың маңыздылығын толық сипаттамау), жауапты дұрыс жазбау;

      жауаптардағы деректерді дұрыс кодтамау, клавиатураны дұрыс пайдаланбау нәтижесінде деректерді дұрыс енгізбеу болып табылады.

      6. Қамтылудағы қателердің көздері зерттеуге жататын статистикалық бірліктердің дұрыс құрастырылмаған, толық емес немесе анық емес тізбелері, сондай-ақ аумақтық статистика органдары мамандарымен объективті және субъективті себептер бойынша байқаудың барлық бірліктерін қамтуға қабілетсіздігі болып табылады.

      7. Репрезентативтілік қателері тек жаппай емес статистикалық байқаулар барысында орын алады және зерттелген жиынтық құрылымы жағынан бас жиынтықтан ерекшеленуінде көрініс табады. Репрезентативтілік қателердің орын алуының негізгі себебі бас жиынтықтың біркелкі болмауы болып табылады.

      8. Пайдаланылатын әдістер бойынша редакциялау екі типке жіктеледі. Бірінші типке қандай да бір ықтималдық үлеспен қате болып саналатын деректер мәнін сәйкестендірумен байланысты статистикалық редакциялау жатады. Редакциялаудың бұл типімен қате мәндерді алмастырудың және деректердегі олқылықтарды толтырудың стохастикалық әдістердің кең сыныбы байланысты.

      Екінші типке белгілер мен көрсеткіштер мәндері алдын ала анықталған ережелерге (арақатынас) сәйкестігіне тексерілетін деректердің логикалық және арифметикалық бақылауы жатады. Логикалық және арифметикалық бақылаудан өтпеген деректердің мәндері қате болып табылады және түзетілуге тиіс.

      9. Редакциялау жүйесін жоспарлау кезеңінде есепке алынатын ақпараттың сапасына әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

      1) жиналатын деректердің сапасы статистикалық нысандарды тиянақты әзірлеумен және жетілдірумен қамтамасыз етіледі;

      2) мерзімді байқауларды жүргізу барысы тұрақты негізде талданып отырады; оның нәтижесі деректерді редакциялаумен, ақпаратты жинаумен тікелей айналысатын мамандар мен тиісті нысандарды әзірлеушілер арасында "өзара байланыс" болып табылады;

      3) редакциялауға берілетін ресурстық қамтамасыз ету байқау нәтижелерінің сапасына айтарлықтай әсер ететін мәселелерде шоғырланады.

      10. Статистикалық нысандарды және байқаудың келесі циклдері үшін деректерді жинау стратегиясын (жоспарын) жетілдіру қателер деңгейін, респонденттердің өлшемі мен жіктеудің ерекшеленетін топтарға тиістілігін талдау негізінде жүзеге асырылады.

      11. Байқауларды жүргізу барысында жиынтық нәтижелерге неғұрлым әсер ететін қателерді түзетуге бағытталған мақсатты редакциялауды орындау жүзеге асырылады.

      12. Жаппай байқауларды өткізу кезінде ең алдымен ірі бірліктердің деректерін түзету жүзеге асырылады, себебі байқаудың едәуір шағын бірліктерінің көрсеткіштер мәндеріне қосатын үлесі айтарлықтай емес. Іріктемелі байқаулар деректерінің бос қалдырылуын редакциялау және толтыру барысында іріктемені жоспарлау сатысында оларға берілген бірліктердің іріктемелі салмағы есепке алынады.

      13. Әрбір нақты жағдайда әр объект бойынша деректерді редакциялауды қолданудан болған экономикалық әсері бағалануы тиіс.

      14. Деректерді редакциялау барысында уақыт бөлінісіндегі байқаудың алғашқы статистикалық деректерінің қайшы болмауын қамтамасыз ету маңызды болып саналады. Байқаудың нәтижелері басқа байқаулардың нәтижелерімен келісілген жағдайда редакциялау кезеңі осы байқаулар деректерінің микродеңгейде салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі.

      Редакциялау рәсімін пайдалану барысында қажет болған жағдайда бастапқы деректерге қайтып келуді қамтамасыз ету үшін объектілер бойынша деректерге енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты жинақтау болып табылады.

      15. Өндіріс және қоршаған орта статистикасының барлық салаларында қалыптастырылатын статистикалық көрсеткіштерді қате және толық емес деректерді анықтауға тексеруді алғашқы есеп деңгейінде және біріктірілген (жиынтық) деректер деңгейінде жүзеге асырылады және бақылаудың келесі түрлері қарастырылған:

      1) арифметикалық-логикалық бақылау (бұдан әрі - АЛБ);

      2) форматты-логикалық бақылау (бұдан әрі - ФЛБ);

      3) төтенше мәннің бар болуына бақылау;

      4) белгіленген жол берілетін шегіне сәйкестікке бақылау;

      5) жоқ мәндердің бар болуына бақылау.

      Бақылаудың талаптарына сәйкес келмеген әр белгі үшін тексерудің нәтижесі бойынша оның типі және түзету қажеттілігі анықталады.

      Көрсеткішке байланысты микроредакциялау немесе макроредакциялау қолданылады.

      16. Алғашқы және шығыс деректердің АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігін бақылау, өндіріс және қоршаған орта статистикасының барлық салалары бойынша жүзеге асырылады және көрсеткіштерді қалыптастыру және деректерді өңдеу бойынша тиісті жүйелерде қарастырылған.

      17. "Он-лайн" режимінде статистикалық нысандарды қабылдау кезінде АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігіне тексеру респонденттің алғашқы деректер қорына есепті жіберу уақытына дейін автоматты түрде жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылаудан өтпеген есепті жіберуге тосқауыл қойылады және алғашқы қорға қате деректердің түсу ықтималдығы минимумға келтіріледі немесе толық өшіріледі.

      18. Алғашқы статистикалық деректерді қағаз тасығыштардағы статистикалық нысандарда алынған деректерді АЛБ және ФЛБ сақтауына тексеру бағдарламалық кешенге алғашқы есепті енгізу кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау түрлерінен өтпеген қате деректер табылған жағдайда оларды редакциялау респонденттен нақтылағаннан кейін және түзетілген есепті ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда аумақтық статистика органының маманы есепке түзетулерді өзі енгізеді. Егер бақылауға сүйене отырып түзетулер енгізу мүмкін болмаса, мұндай есеп өңдеуден алынып тасталады және одан әрі редакциялау жоқ мәндер жағдайы сияқты жүзеге асырылады.

      19. Алғашқы статистикалық деректерде қателер анықталған кезінде мемлекеттік статистика органдарының лауазымды адамдары олардың анықтығын тексеру үшін қосымша ақпарат сұратады.

      20. Өндіріс және қоршаған орта статистикасында ай сайын немесе тоқсандық кезеңділікте қадағаланатын көрсеткіштер (жедел деректер) бар және жыл өткен соң жылдық деректермен нақтыланады. Мұндай көрсеткіштер үшін жедел деректердің мұрағаттық қорын редакциялау қолданылады. Жылдық деректермен нақтылауға жататын көрсеткіштер тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      21. Осындай көрсеткіштер бойынша кезекті есепті кезең ішінде нақты көлем индексін сапалы есептеу үшін өткен жылға осы көрсеткіштер бойынша жедел деректердің мұрағаттық қоры олар бойынша алынған жылдық деректерді есепке ала отырып қайта есептеледі.

      22. Мұрағаттық қорды қайта есептеу әрбір жеке өңірлер үшін біріктірілген деректер деңгейінде жүзеге асырылады. Республика бойынша анықталған қорытынды өңірлер бойынша деректерді қосындылаумен анықталады.

2. Аграрлық сектор статистикасындағы деректерді редакциялау
1-параграф. Белгіленген жол берілетін шектен шығатын мәндерді редакциялау

      23. Белгіленген жол берілетін шектен шығатын мәндердің болуына бақылау алғашқы статистикалық деректерді енгізгеннен кейін бағдарламалық кешенде автоматты түрде жүзеге асырылады. Алғашқы статистикалық деректер ведомствалық "Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (тауарлардың және қызметтердің) статистикалық жіктеуішіне" (бұдан әрі - АШӨСЖ) сәйкес енгізіледі. Аграрлық сектор статистикасында мәндердің жол берілетін шегі келесі көрсеткіштер үшін белгіленген:

      1) шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы;

      2) тірідей салмақта шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы;

      3 мал мен құстың өнімділігін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер: бір сиырға есептегенде сауылған сүт; мекиен тауықтың орташа жұмыртқалауы; бір қойдан орташа қырқылған жүн;

      4) 100 аналыққа есептегендегі төлдің шығысы.

      Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер үшін жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 2-5-қосымшаларда келтірілген. Жол берілетін шекті мәні белгіленетін көрсеткіштер тізімі қажеттілігіне қарай ұлғаяды.

      Белгіленген шектен шамалы ауытқуларға жол беріледі. Елеулі ауытқулар анықталған жағдайда деректер респонденттен анықталады және респондент түзетілген есепті ұсынғаннан кейін тиісті өзгертулер енгізіледі. Белгілі бір себеп бойынша деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, редакциялау қолданылады.

      24. Деректерді редакциялау барысында есеп бермеген статистикалық бірліктер бойынша деректерді есептеу қажет болған жағдайда ұқсас атрибуттар: заңды тұлғалар бойынша аумақ (аудан) және жұмысшылардың саны (ірі, орта, шағын), шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары үшін - аумақ (облыс, аудан) болып табылады.

      25. Әр көрсеткіш үшін жол берілмейтін мәндерді редакциялаудың өзіндік ерекшеліктері бар:

      1) есепті көрсеткіш "шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" (СКЖ коды 143501). Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнді табу, алғашқы статистикалық деректердің ықтимал қате мәнінің табылуын куәландырады, оның негізінде: "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" (СКЖ коды 14320301) баспен немесе "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" (СКЖ коды 14340104) центнермен есептеледі.

      Мүмкін болмайтын мәнін редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы, автоматты түрде жүзеге асырылады;

      2) "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" баспен және "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" центнермен.

      Жол берілетін мәннің шегі тікелей осы көрсеткіштер үшін белгіленбейді. Олар "шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайда редакциялауды жасау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Мал мен құстың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілген мал басымен деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәні центнерде союға өткізілген мал мен құстың тірі салмақтағы мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс тек "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән келтірмейтін жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде союға өткізілген мал мен құстың жалпы тірі салмағы туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген ауылшаруашылығы малдарының осы түрі бойынша союға өткізілген мал мен құстың орташа тірі салмағына бөлінеді. Бұл ретте, алынған мән мал табыны қозғалысының теңгерімі бойынша АЛБ талабын бұзбайды. Теңгерім бұзылған жағдайда "мал мен құстардың өзге де шығысы" (СКЖ коды 14320399) көрсеткіші бойынша теңгерімдеуші түзетулер жасалады.

      "Мал мен құстың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" мәнін центнерде нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәнін шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың басы туралы деректері бойынша есептеледі. Бұл әдіс тек мал басымен "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстардың саны туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген ауыл шаруашылығының осы түрі бойынша союға өткізілген мал мен құстардың орташа тірідей салмағына көбейтіледі. Бұл ретте алынған мән АЛБ талабын бұзбайды, мысалы, "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" центнермен көрсеткішінің мәнінен төмен болмауы тиіс;

      3) есепті көрсеткіш "тірідей салмақта шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы" (СКЖ коды 143606).

      Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәннің табылуы, алғашқы статистикалық деректердің ықтимал қатесінің бар болуы туралы куәландырады, ол оның негізінде есептеледі: "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)" (СКЖ коды 14340104) немесе "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (сойыс салмақта)" (СКЖ коды 14340105).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыдағы көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      4) есепті көрсеткіш "бір сауылатын сиырға келетін орташа сүт сауымы" (СКЖ коды 143502).

      Жол берілетін мәндердің шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәннің табылуы, алғашқы статистикалық көрсеткіштердің ықтимал қатесінің бар болуы туралы куәландырады, ол оның негізінде есептеледі: "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" (СКЖ коды 143401, АШӨСЖ коды 014120100) немесе "сауын сиыр басының орташа саны" (СКЖ коды 143303).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыдағы көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      5) "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" және "сауын сиыр басының орташа саны".

      Осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі белгіленбейді. Ол "Бір сауылатын сиырға келетін орташа сүт сауымы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Сүтті өндіру бойынша деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәнін сауылатын сиыр басының саны туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс тек "сауын сиыр басының орташа саны" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде сауылатын сиырдың орташа басы туралы алғашқы статистикалық деректер, есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымына көбейтіледі.

      Сауын сиыр басының орташа саны туралы деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәнін сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі туралы алғашқы деректері бойынша есептеледі. Бұл әдіс "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (сиырдың шикі сүті)" көрсеткіші бойынша алғашқы деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде сауылған сиыр сүтінің жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер, есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген бір сауын сиырға келетін орташа сүт сауымына бөлінеді.

      Редакциялау кезінде алынған мән АЛБ талабын бұзбайды;

      6) есепті көрсетіш "бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы" (СКЖ коды 143503). Жол берілетін мәннің ықтимал шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Жол берілмейтін мәннің табылуы, алғашқы статистикалық деректердің ықтимал қатесінің бар болуы жөнінде куәландырады, оның негізінде есептеледі: "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған)" (СКЖ коды 14340101, АШӨСЖ коды 014721) немесе "жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны" (СКЖ коды 143304).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді редакциялау арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады;

      7) "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған" және "жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны". Осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі бекітілмейді. Олар "бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы" көрсеткіші бойынша жол берімейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Жұмыртқа өндіру бойынша деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәнін жұмыртқалайтын тауықтардың басы туралы деректері бойынша есептеуге болады. Бұл әдіс "жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны" көрсеткіші бойынша деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны туралы алғашқы статистикалық деректер, есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымына көбейтіледі.

      Жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны бойынша деректерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәні алынған тауық жұмыртқасының жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жұмыртқасы, жаңа жиналып алынған)" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде тауық жұмыртқасының жалпы көлемі туралы алғашқы статистикалық деректер, есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген орташа жұмыртқалағыштыққа бөлінеді.

      Редакциялау кезінде алынған мән АЛБ талабын бұзбайды;

      8) есепті көрсеткіш "бір қойдан қырқылған орташа жүн қырқымы" СКЖ коды 143504). Жол берілетін мәннің шегі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәннің табылуы, алғашқы статистикалық деректердің ықтимал қатесінің бар болуы туралы куәландырады, оның негізінде есептеледі: "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" (СКЖ коды 143401, АШӨСЖ коды 014530100) немесе "қырқылған қой саны" (СКЖ коды 143307).

      Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады;

      9) "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" және "қырқылған қой саны". Осы көрсеткіштер үшін жол берілмейтін мәннің шегі бекітілмейді. Олар "бір қойдан қырқылған орташа жүн қырқымы" көрсеткіші бойынша жол берімейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады.

      Қой жүнін өндіру туралы деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәнін қырқылған қойдың басы туралы алғашқы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "қырқылған қой саны" көрсеткіші бойынша алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде қырқылған қойдың басы туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген бір қойдан қырқылған орташа жүнге көбейтіледі.

      Қырқылған қой саны бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, көрсеткіштің мәні қырқылған қой жүнінің жалпы ауқымы туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру (тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда)" көрсеткіші бойынша деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде қырқылған жүннің жалпы ауқымы туралы алғашқы статистикалық деректер, есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген бір қойдан қырқылған орташа жүнге бөлінеді.

      Бұл ретте алынған мән АЛБ талабын бұзбайды;

      10) есепті көрсеткіш "100 аналыққа есептегендегі төлдің шығымы" (СКЖ коды 143305). Жол берілетін мәннің ықтимал шегі осы Әдістемеге

      5-қосымшаға сәйкес белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша жол берілмейтін мәнінің табылуы, алғашқы статистикалық деректердің ықтимал қатесінің бар болуы туралы куәландырады, оның негізінде есептеледі: "алынған төл" (СКЖ коды 14320201) немесе "аналық мал басының орташа саны" (СКЖ коды 143302). Жол берілмейтін мәнді редакциялау жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады;

      11) "алынған төл" және "аналық мал басының орташа саны". Осы көрсеткіштер үшін жол берілетін мәннің шегі бекітілмейді. Олар "100 аналыққа есептегендегі төлдің шығымы" көрсеткіші бойынша жол берілмейтін мәнді тапқан жағдайда редакциялауға ұшырайды. Редакциялау алдында деректер респонденттен нақтыланады немесе есептер тексеріледі.

      Алынған төл туралы деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда көрсеткіштің мәні аналық мал басының орташа саны туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "аналық мал басының орташа саны" алғашқы статистикалық деректер күмән тудырмаған жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде аналық малдың орташа басы туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар

      100 аналыққа есептегендегі төлдің орташа шығымына бөлінеді. Теңгерім бұзылған жағдайда "мал мен құстың өзге де түсімі" көрсеткіші бойынша теңгерімдік түзету жүзеге асырылады.

      Аналық мал басының орташа саны туралы деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда көрсеткіштің мәні алынған төл туралы деректер бойынша есептеледі. Бұл әдіс "алынған төл" көрсеткіші бойынша деректер күмән тудырмайтын жағдайда ғана қолданылады. Редакциялау кезінде алынған төл туралы алғашқы статистикалық деректер есеп бермегендермен ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктер тобы бойынша есептелген 100 аналыққа есептегендегі төлдің орташа шығымына бөлінеді.

      Бұл ретте алынған мән мал басы қозғалысының теңгерімі бойынша АЛБ талабын бұзбайды.

2-параграф. Экстремалдық мәндерді редакциялау

      26. Экстремалдық мәндердің болуына бақылауды жүзеге асыру кезінде әрбір статистикалық көрсеткіш бойынша шек қойылады, бұдан жоғары көрсеткіштің мәні әлеуетті экстремалдық деп саналады. Аталған шек логикаға, қолданыстағы нормаларға сүйене отырып, сондай-ақ алдыңғы кезеңдердегі ұсынылған алғашқы статистикалық деректерді талдау немесе есепті кезеңде есеп бергендердің статистикалық көрсеткіші бойынша барлық алғашқы статистикалық деректерді талдау негізінде белгіленеді.

      Аграрлық сектор статистикасында шекті мәндердің екі түрі белгіленеді:

      1) әрбір зерттелетін бірлік үшін жеке (есепті бірінші рет тапсырғандардан басқа) белгіленетін көрсеткіштің жеке шекті мәні оның алдыңғы кезеңдердегі деректері негізінде;

      2) барлық зерттелетін бірліктер үшін көрсеткіштің жалпы шекті мәні есепті және алдыңғы кезеңдерде есеп бергендердің деректері негізінде белгіленеді.

      27. Жылдық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіш үшін жеке шекті мән жеке зерттелетін бірліктер соңғы үш жылда тапсырған деректердің екі есе еселенген ең жоғары мәні ретінде анықталады. Айлық немесе тоқсандық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіш үшін жеке шекті мән жеке зерттелетін бірліктер соңғы үш жылда тиісті айға/тоқсанға тапсырған деректердің екі есе еселенген ең жоғары мәні ретінде анықталады.

      28. Жылдық кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіштің жалпы шекті мәнін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      Z max есепті жыл - көрсеткіштің есепті жылдағы шекті мәні;

      Z max алдыңғы жыл - көрсеткіштің алдыңғы жылда есеп бергендер бойынша ең жоғары мәні;

      Z орташа есепті жыл - көрсеткіштің есепті жылда есеп бергендер бойынша орташа мәні;

      Z орташа алдыңғы жыл - көрсеткіштің алдыңғы жылда есеп бергендер бойынша орташа мәні.

      29. Ай сайынғы және тоқсан сайынғы кезеңділікпен қалыптастырылатын көрсеткіштің жалпы шекті мәнін есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      Z max есепті ай/тоқсан - көрсеткіштің есепті айдағы/тоқсандағы шекті мәні;

      Z max алдыңғы ай/тоқсан - көрсеткіштің алдыңғы үш жылғы тиісті айда/тоқсанда есеп бергендер бойынша ең жоғары мәні;

      Z орташа есепті ай/тоқсан - көрсеткіштің есепті айдағы/тоқсандағы есеп бергендер бойынша орташа мәні;

      Z орташа алдыңғы ай/тоқсан - көрсеткіштің алдыңғы үш жылғы тиісті айда/тоқсанда есеп бергендер бойынша орташа мәні.

      30. Аталған бақылау түрі қатаң болып табылмайды. Редакциялау респонденттерден деректерді нақтылағаннан кейін жүзеге асырылады. Деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда бұл ретте ықтималдық дәрежесі жоғары экстремалдық мән қате деп саналса, онда ол ауыстырылады. Ауыстыру жеке шекті мәннен және жалпы шекті мәннен бір мезгілде асқан кезде жүзеге асырылады. Донорлық мән ретінде ауыстыру үшін экстремалдық мән анықталған есеп берген бірліктерге ұқсас бірліктер тобы бойынша көрсеткіштің орташа мәні қолданылады.

3-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      31. Деректер зерттелетін бірліктер толық қамтылмаған және сұрақнамалар толық толтырылмағанда, сондай-ақ көрсеткіш бақыланбаған немесе кезеңділігі, жіктелімдері және басқа параметрлері бойынша шектеулермен бақыланған жағдайда болмайды.

      32. Егер көрсеткіш бойынша деректер мөрі және қолымен куәландырылған, ұсынылған статистикалық нысанда болса, АЛБ және ФЛБ талаптары сақталған жағдайда деректердің мұндай болмауы қате болып саналмайды және редакцияланбайды. Егер бұл ретте көрсеткіш бойынша деректер жоқ болуы АЛБ немесе ФЛБ талабын бұзса респонденттерден деректер нақтыланып және жоғарыда аталған редакциялау типтерінің біреуі қолданылады.

      33. Егер деректер алғашқы статистикалық нысандарды ұсынбау себебінен жоқ болса, жүктеу жүргізіледі.

      34. Айлық және тоқсандық кезеңділіктің көрсеткіштерінің көпшілігі теңгерімнің құрамдас элементтері болып табылады. Өсімдік шаруашылығында бұл астық және майлы дақылдар қозғалысының теңгерімді құрайтын көрсеткіштері, мал шаруашылығында - табын айналымының теңгерімі. Теңгерімді сақтау үшін оның соңғы көрсеткіштері (есепті айдың соңында қолда бары) келесі айдың басына өтуі қажет.

      Донорлық ретінде өткен кезеңдегі зерттелетін бірліктін өзінің деректері қолданылады. Есеп беру кезеңінің басына есеп бермеген бірлік бойынша көрсеткіш мәні осы оның есебінен өткен кезеңнің соңындағы көрсеткіштер мәніне тең қабылданады. Бұл ретте теңгерімнің өзі қозғалыссыз қалады (кіріс және шығыс нөлге теңестіріледі). Есепті кезеңнің соңына көрсеткіш мәні есепті кезеңнің басындағы көрсеткіштер мәніне тең деп қабылданады. Аграрлық сектор статистикасында мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: "дәнді және бұршақты дақылдардың қолда бары" (СКЖ коды 142601) "майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары" (СКЖ коды 142701), "мал мен құстың саны" (СКЖ коды 143201).

      35. Егер алғашқы статистикалық деректер қандай да бір себептермен түспеген жағдайда және бұдан әрі "дәнді және бұршақты дақылдардың өзге де шығысы" (СКЖ коды 14260399), "майлы дақылдар тұқымдарының өзге де шығыны" (СКЖ коды 14270399) немесе "мал мен құстың өзге де шығыны" (СКЖ коды 14320399) көрсеткіштері бойынша тиісінше шығыстары бөлігіндегі мәннің негізінде желтоқсандағы есебіне жыл соңындағы теңгерімі нөлге теңестіріледі.

      36. Теңгерім бөлігі болып табылмайтын айлық көрсеткіштер үшін жүктеу жүзеге асырылмайды.

      37. Жоқ жылдық кезеңділік көрсеткіштері үшін жүктеу екі әдіспен жүзеге асырылады: егер көрсеткіш ай сайынғы немесе жылдық негізінде қалыптастырылса, онда донорлық ретінде ай сайынғы есептен есеп бермеген бірліктің өзінің деректері қолданылады, егер көрсеткіш тек қана жылдық негізде қалыптастырылса онда жүктеу есеп берген бірліктердің алғашқы деректерінің негізінде біріктірілген деңгейде есептеу жолымен жүзеге асырылады.

      38. Бірінші тәсілде: көрсеткіш ай сайынғы деректер 12 айға қосылады және есеп бермеген респондент бойынша жылдық есеп үшін донорлық ретінде қолданылады. Осы жүктеу түрі келесі көрсеткіштер үшін жүзеге асырылады: "алынған төл" (СКЖ коды 14320201), "өз өңірі шегінде сатып алынған мал мен құс" (СКЖ коды 14320202), "мал мен құстың өзге де түсімі" (СКЖ коды 14320299), "мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені" (СКЖ коды 14320301), "мал мен құстың өлім-жітімі және қырылуы" (СКЖ коды 14320302), "өз өңірі шегінде сатылған мал мен құстар" (СКЖ коды 14320303), "мал мен құстың өзге де шығыны" (СКЖ коды 14320399), "қырқылған қой саны" (СКЖ коды 143307), "елтіріге сойылған қозылар саны" (СКЖ коды 143308), "мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру" (СКЖ коды 143401), "мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізу" (СКЖ коды 143402), "бастапқы өңдеуге өткізілген жүн" (СКЖ коды 14340201), "Өзінің жеке тұтынуға пайдаланылған мал шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлері" (СКЖ коды 143403), "жаңа өнімнен алынған дәнді және бұршақты дақылдар" (код КСП 14260201), "жаңа түсімнен алынған майлы дақылдар тұқымдары" (СКЖ коды 14270201).

      Кейбір көрсеткіштер үшін орташа арифметикалық, орташа өлшенген, орташа хронологиялық және басқа әдістермен бір жылдағы орташа мәндері қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: "аналық мал басының орташа саны" (СКЖ коды 143302), "жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны" (СКЖ коды 143304), "сауын сиыр басының орташа саны" (СКЖ коды 143303). "Мал мен құстың саны" (СКЖ коды 143201) және "қолда бар болған малдың тірі массасындағы салмағы" (СКЖ коды 143301) көрсеткіштері бойынша жылдық деректерді жүктеу үшін қаңтар (жыл басына) және желтоқсанға (жыл соңына) респонденттердің тиісті деректері донорлық ретінде қолданылады.

      39. Көрсеткіш тек жылдық негізде қалыптастырылған жағдайда, донорлық ретінде есеп бермеген бірліктің өзінің қолда бар басқа көрсеткіштері негізінде есептелген деректер және есеп берген бірліктің қолда бар деректер қоры бойынша есептелген деректер қолданылады. Донорлық деректер АКТ=1 белсенділік белгілерімен есеп бермеген заңды тұлғалар және шаруа немесе фермер қожалықтарына және барлық есеп бермеген үй шаруашылығына ғана қолданылады.

      Мұндай тәсіл мысалы, "жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау" көрсеткіші бойынша жоқ деректерді жүктеу үшін қолданылуы мүмкін. Жүктеу басқа байқаулардан осы респондент бойынша: "ауылшаруашылық дақылдарының (алдын ала) егістік алқабы" (СКЖ коды 142102) немесе "ауылшаруашылық дақылдарының нақтыланған егіс алқабы" (СКЖ коды 142108) көрсеткіштері бойынша мәліметтер белгілі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Алдын ала немесе нақтыланған алаң туралы қолда бар деректерді редакциялауда есеп бермегендермен осыған ұқсас атрибуттары бар есеп берген бірліктердің қатары бойынша есептелген осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы дақылдарының осы түрі бойынша орташа түсімділікке көбейтіледі. Есептеу әрбір есеп бермеген зерттелетін бірлік үшін жүргізіледі, содан кейін қосындыланады. Алынған мән алғашқы қорға кіргізілмей, біріктірілген деңгейде есептік деректерге қосылады.

      40. Зерттелетін бірліктің басқа деректерін есептеу үшін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, донорлық ретінде есеп бергендердің деректері пайдаланылады. Бірінші кезекте есеп бермегендермен ортақ атрибуттары бар әлеуетті донорлардың тобы анықталады. Одан кейін топтан көрсеткішінің ең төменгі мәнімен донор іріктеп алынады. Осы мән есеп бермеген респондент үшін донорлық ретінде пайдаланылады. Жүктеудің бұл түрі аграрлық сектор статистикасының "ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер" (СКЖ коды 141101013), "өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындар" (СКЖ коды 141301), "мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалған шығындар" (СКЖ коды 141302), "өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің құны" (СКЖ коды 141303), "өткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны" (СКЖ коды 141304) сияқты көрсеткіштеріне қолданылады.

3. Өнеркәсіп статистикасы деректерін редакциялау
1-параграф. Жедел деректерді редакциялау

      41. Деректерді редакциялау енгізу кезеңінде (микроредакциялау) мыналарды қамтиды:

      1) деректердің алынған деректерді салыстыру жолымен анықтығын немесе серпінділік қатарға сәйкестігіне тексеруді:

      ағымдағы жылдың алдыңғы айлары үшін және өткен жылдың тиісті айларына айлық кезеңділікпен есептер;

      ағымдағы жылдың алдыңғы тоқсандары үшін және алдыңғы жылдың тиісті тоқсанына тоқсандық кезеңділікпен есептер;

      өткен жыл үшін жылдық кезеңділікпен есептер үшін.

      Тексерудің бұл тәсілінде деректер алдыңғы мәндермен немесе белгілі бір есепті кезеңге шекті мәндермен салыстырылады;

      2) экстремалдық мәндер кезіндегі деректердің анықтығын тексеруді, бұл әдісте өнімдер өндірісінің немесе өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтердің өсуі немесе төмендеуінің объективті себептері болған жағдайда бастапқы экстремалдық мәндерді енгізу қабылданады;

      3) (АЛБ және ФЛБ) нысандары көрсеткіштері арасындағы бөлімдердің арасындағы деректердің анықтығын тексеру:

      заттай көріністегі деректердің болуы кезінде өнімнің құндық көріністегі көрсеткіштерінің көрініс табуы міндетті;

      құндық көріністе өндірілген тауар өнімдерінің құндық көрсеткіштерінің қосындысы құндық көріністе алғашқы 4 таңбаға дейін Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына (бұдан әрі - ЭҚЖЖ номенклатурасы) сәйкес қызмет түрлерінің кодымен сәйкес келетін өнім түрлерінің қосындысына тең немесе көп болуы тиіс;

      құндық көріністе өңделме шикізаттан өңделген деректердің қосындысы ЭҚЖЖ бойынша қызметтің тиісті түрлерінің құнына тең немесе аз болуы тиіс;

      жеке өндірістік қажеттіліктерге (зауытішілік айналым) пайдаланылған өнімнің құндық көрсеткіштерінің қосындысы ЭҚЖЖ тиісті кодының құнына тең немесе аз болуы тиіс;

      4) алғашқы статистикалық деректердің болмауына объективті себептердің болуы кезінде жол беріледі.

      42. 1-П нысаны бойынша (айлық, тоқсандық, жылдық) деректерді өңдеу деректерді редакциялау (макроредакциялау) кезеңінде:

      1) "Қосылған құн салығынсыз кәсіпорынның қолданыстағы бағасында есепті айда өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі" бөлімі бойынша келесі ФЛБ жүзеге асырылады:

      құндық көріністе өнеркәсіп өнімдерін (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі (СКЖ коды 15110101) басқа тараптарға, өзінің күрделі құрылыстары мен өзінің өнеркәсіптік емес бөлімшелеріне өткізу, еңбекақы есебінен өзінің қызметкерлеріне беру, сондай-ақ тапсырыстар бойынша орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған кәсіпорынмен өңделген барлық дайын өнімдердің (өнімдер), өздері өңдеген жартылай фабрикаттардың (өзінің шикізаты мен материалдарынан, сондай-ақ тапсырыс берушінің шикізаты мен материалынан) құнынан қалыптасады. Қосылған құн салығынсыз, акцизсіз және зауытішілік айналымсыз, аяқталмаған өндіріс және өңделме шикізат құнынсыз есептеледі;

      2) құндық көріністе өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі (тауар, көрсетілген қызмет) мен өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілген қызмет көлемін (СКЖ коды 151101012) бақылау мынадай формулалар бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда:

      Оө - құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі (тауар, қызмет);

      Оқ - өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілген қызмет көлемі.



      мұнда:

      Оз.а. - құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім (зауытішілік айналым) (СКЖ коды 15110103).



      мұнда:

      Оқалд - құндық көріністегі есепті айдың соңындағы дайын өнім қалдықтары (СКЖ коды 151202);

      Оаяқт - есепті айдың соңындағы аяқталмаған өндіріс көлемі (СКЖ коды 15110104);

      Оқұны - басқа кәсіпорындарға өңдеуге тапсырылған шикізаттың құны (СКЖ коды 15110105);

      3) "Заттай көріністегі өнім өндірісі және құндық көріністегі өндірілген өнім көлемі" бөлімі бойынша мынадай ФЛБ жүзеге асырылады:

      есепті айдағы заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісі (тауар шығарылымы) (СКЖ коды 15110201) есепті айдағы заттай көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім көлемі және есепті айдағы заттай көріністегі шикізаттан өндірілген өнім көлемі қосындысынан көп немесе тең:



      мұнда:

      Оз - есепті айдағы заттай көріністегі өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі;

      Оп.з - есепті айдағы заттай көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім;

      Оөңделме з. - есепті айдағы заттай көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім.

      есепті айда құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) өндірісінің көлемі есепті айда құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім көлемі және есепті айда құндық көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім көлемі қосындысынан көп немесе тең:



      мұнда:

      Оө - құндық көріністегі өнеркәсіптік өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) өндірісінің көлемі;

      Оп.қ - есепті айда құндық көріністегі өз мұқтаждықтарына пайдаланылған өнім;

      Оөңделме қ. - есепті айда құндық көріністегі өңделме шикізаттан өндірілген өнім.



      мұнда:

      Оқалд.з - есепті айдың соңындағы заттай көріністегі дайын өнім қалдықтары;

      Оө.з - өткен жылғы тиісті айда заттай көріністегі өндірілген өнім (тауарлық шығарылым) көлемі;

      4) "Қайталама қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі" бөлімі бойынша:



      мұнда:

      Оқайталама - қайталама қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі.

      5) "Өз өндірісінің жөнелтілген өнімдерінің көлемі ҚҚС-сыз және акциздерсіз кәсіпорынның қолданыстағы бағасымен" бөлімі бойынша құндық көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі (СКЖ коды 151201) ішкі нарыққа жөнелтілген өнім (тауар, қызмет) көлемінен көп немесе тең:



      мұнда:

      Ожөн - құндық көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі;

      Ожөн.ішкі - ішкі нарыққа жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.



      мұнда:

      Ожөн.мем - ішкі нарыққа мемлекеттік сатып алу бойынша жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі;

      Ожөн.ұлт - ішкі нарыққа ұлттық компаниялардың сатып алуы бойынша жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.

      6) "Есепті айда заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнім көлемі" бөлімі бойынша:



      мұнда:

      Ожөн.з - заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі (СКЖ коды 151203);

      Ожөн.ішкі.з - ішкі нарыққа заттай көріністе өз өндірісінің жөнелтілген өнеркәсіптік өнімінің көлемі.



      мұнда:

      Ожөн.мем.з - ішкі нарыққа мемлекеттік сатып алу бойынша заттай көріністе өз өндірісінің, жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі;

      Ожөн.ұлт.з - ішкі нарыққа ұлттық компаниялардың сатып алуы бойынша заттай көріністе өз өндірісінің, жөнелтілген өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі.

2-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      43. Ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткіш бойынша деректердің болмауы кезінде АЛБ және ФЛБ талаптары сақталады, мұндай жоқ деректер қате болып саналмайды және редакцияланбайды. Егер бұл ретте көрсеткіш бойынша деректердің болмауы АЛБ немесе ФЛБ талабын бұзса, онда респонденттен деректер нақтыланады және жоғарыда аталған редакциялау типтерінің біреуін қолдану қажет.

      44. Статистикалық және экономикалық себептер бойынша жасырылған, өндірілген өнім көлемін редакциялау мынадай жанама бағалау негізінде сараптау жолымен есептеледі:

      1) статистикалық себептер бойынша кәсіпорындардың толық қамтылмауына және шығарылатын өнім туралы есептіліктің алынбауына жете санау жүзеге асырылады;

      2) экономикалық себептер бойынша өндірілген өнім көлемдерінің есепті деректерінің төмендетуіне қоса санау жүзеге асырылады.

      45. Статистикалық себептер бойынша жасырылған, ай сайын өндірілген өнім көлемі мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:


- статистикалық себептер бойынша жасырылған, өндірілген өнім көлемі;

- алдыңғы жылы шағын кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі;

- белсенді шағын кәсіпорындар саны;

- есепті кезеңде есеп берген шағын кәсіпорындар саны;

- шығарылым туралы мәліметтері жоқ немесе өнім көлемі төмендетілген кәсіпорындар саны.

      46. Экономикалық себептер бойынша жасырылған, өндірілген өнім көлемі сараптау жолымен анықталады. Есептеу жасырылған өнім көлемі мен өндірілген өнімнің жалпы көлемінің қатынасымен есептелген орташа коэффициенттер негізінде алдыңғы жылдардың серпіні ескеріле отырып қалыптастырылады. Коэффициент әрбір қызмет түрі және өңір бойынша жеке анықталады. Экономикалық себептер бойынша жасырылған ай сайынғы өнім көлемін алу үшін мынадай формула қолданылады:



      мұнда:


- экономикалық себептер бойынша жасырылған, өндірілген өнім көлемі;

- алдыңғы жылдардың көлемдерінің серпіні негізінде есептелген коэффициент;

- шағын кәсіпорындармен (алдыңғы жылы) өндірілген өнім көлемі.

3-параграф. Индекстердің өзара үйлесу жүйесі

      47. Нақты тауарлар деңгейінде, сондай-ақ барлық ЭҚЖЖ топтамалары бойынша экономикалық қызмет түрі бойынша өндіріс индекстерінің барлық жиынтығы арақатынастардың және өзара үйлесудің мынадай жүйесіне логикалық түрге сәйкес келеді.

      48. Жыл басынан бергі кезеңге өндіріс индексінің шамасы, өткен жылғы тиісті кезеңге қатынасы бойынша, есептеулердің барлық деңгейінде жыл басынан бергі кезеңге кіретін айлар бойынша индекстердің ең жоғары және ең төменгі мәндері арасындағы интервалға түседі.

      Бұл ретте жыл басынан бергі кезеңдегі индекс осы айлардағы кезеңге кіретін индекстерден орташа арифметикалық мәнге жақын болады. Маусымдық белгісі анық тауарлар және қызмет түрлері бойынша ерекшелік болуы мүмкін (мысалы, электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру жылдың қысқы айларына қарай жоғарылайды; ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу керісінше жаз және күз айларына қарай жоғарылайды; қант өндіру – күзде, қант қызылшасын жинаудың аяқталысымен).

      Кезеңдегі индекс орташа арифметикалық мәннен және айлық өндіріс деңгейіндегі күрт ауытқу жағдайында: мысалы, өндірістік циклінің ұзақтығы айдан көп болатын тауарлар (қызмет түрлері) бойынша, сонымен қатар өндірісті жедел қайта құрылымдау және өндірістік үдерістердің жоғары бір қалыпты емес себептері бойынша елеулі ауытқиды.

      Базисті жылдың айнымас жағдайында өткен жылғы тиісті айға өндірістің индексі ("тікелей" индекс) өткен айға есептелген ("тізбекті" индекс) он екі индекстің тізбектілігінің көбейтіндісіне тең болуы тиіс.

      Жедел деректер негізінде қалыптастырылған, бұрын жарияланған индекстер ай сайын қайта қаралмайды. Ай сайынғы индекстерді қайта қарау және қайталап жариялау (қажет болған кезде) 1-П жылдық нысанын өңдеу нәтижелері бойынша заттай және құндық көріністегі тауарлар негізіндегі жылдық қорытындыларын алғаннан кейін жылына бір рет жүргізіледі.

      Осы жерде, ай сайынғы және жылдық индекстерді келісу жолымен жылдық әзірлемелердің нақтыланған деректері негізінде қалыптастырылатын ай сайынғы (жедел) индекстерді жылдық индекстермен үйлестіру жүзеге асырылады.

      49. Нақтыланған жылдық деректер бойынша есептелген өндірістің жылдық индекстері айлық жедел деректер негізінде есептелген индекстермен сәйкес келеді.

      50. Айлық және жылдық деректер бойынша есептеулердің нәтижелерін келісу алгоритмі қорытынды индекстің қысқа мерзімді үрдістері айлық деректермен анықталуы тиіс, ал жылдық деректер индекстің ұзақ мерзімді үрдістерін анықтау үшін қажет.

      51. Жедел және жылдық әзірлемелер бойынша индексті есептеулердің деректерін салыстыру кезінде ең алдымен айырмашылық себептері талданады: олар тек бұрын ұсынылған айлық серпіндегі нақтылаулармен ғана туындағанын немесе нақты қызмет түрі бойынша қосымша тауарлардың қосылуымен немесе ассортиментті құрам бойынша тауарлар топтарының ажырауына негізделген. Соңғы екі жағдайда, нақтылаудың шамасы елеулі болған жағдайда, ерекшелігі ретінде өндіріс индексін айлық есептеу бойынша өткенді шолатын қайта есептеуімен, тауар қоржынына толықтырулар енгізуге болады.

      52. Жедел тәртіпте ескерілетін тауарлар бойынша индекстерді келісу кезінде, жедел индекстерді қайта санау кезінде жылдық әзірлемелер шеңберінде қалыптастырылған, нақтыланған айлық деректер пайдаланылады.

      53. Өндіріс индекстерін есептеудің жаңа базисті жылға ауысуы кезінде, өндіріс индекстері серпінді қатарларының "бірігуін" қамтамасыз ету қажет, яғни өткен кезеңдерге (жылдарға) өндіріс индекстерін жаңа қоржын, жаңа жіктеу құрылымын ескере отырып ретроспективтік қайта есептеу.

4. Құрылыс және инвестициялар статистикасында деректерді редакциялау
1-параграф. Жедел деректерді редакциялау

      54. Инвестициялық салымдардың толық көлемін және орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін қамтамасыз ету үшін ай сайын алғашқы статистикалық деректердің деңгейінде статистикалық және экономикалық себептер бойынша ескерілмеген кәсіпорындарға негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемін және орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеу жүзеге асырылады.

      55. Кәсіпорындар мынадай себептер бойынша жедел статистикалық байқау кезінде есептелмей қалуы мүмкін:

      1) кәсіпорындардың толық қамтылмауы;

      2) кәсіпорындардан есептілікті алмау;

      3) есепті деректерді төмендету.

      56. Жедел статистикалық ақпаратты редакциялау бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

      Деректерді редакциялаудың бірінші кезеңінде (деректерді өңдеу деңгейінде) міндеттердің қойылымында сипатталған негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі мен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемінің ай сайын жүргізілетін жете есептеу есебінің алгоритмін тексеру жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда түзету жүзеге асырылады. Соңғы деректерді редакциялау кезеңінде көлемдердің түзетілген жете есептеулері біріктіру деңгейінде құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша есеп берген кәсіпорындардың деректері негізінде алынған көлемдеріне қосылады. Сонымен бірге экстремалды мәндердің болуына бақылау және жоқ мәндердің болуына бақылау жүзеге асырылады.

      57. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі мен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеудің алгоритмі арқылы жүзеге асырылады.

      Алғашқы статистикалық деректер "он-лайн" режимінде оларды алғашқы базаға жібергенге дейін автоматты түрде АЛБ және ФЛБ талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Алғашқы статистикалық деректерді сақтау қоймасына қайта жолдау тексерілгеннен және қателері түзетілгеннен кейін жүргізіледі.

      58. Қағаз жеткізгіште ұсынылған алғашқы статистикалық деректерді бағдарламалық кешенге енгізу кезінде берілген бақылауларды орындауға тексеру жүзеге асырылады. Қате деректер нақтыланып және респондент түзеткен деректер ұсынылғаннан кейін редакцияланады. Қандай да бір себептер бойынша деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда, мұндай есеп өңдеуден алынып тасталады және бұдан әрі редакциялау есеп бермеген кәсіпорын ретінде жүзеге асырылады. Деректерді өңдеу деңгейінде есеп бермеген кәсіпорындарға ай сайынғы статистикалық байқаулар үшін негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі мен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеудің алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады. Алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде есеп бермеген кәсіпорындарға жылдық статистикалық байқаулар үшін донорлық базаға деректерді жүктеу донорлық деректерді ауыстыру алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

      59. Алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде жедел және жылдық деректерді қалыптастыру кезінде барлық статистикалық байқауларда көрсеткіштердің ең жоғары және ең төменгі мәндеріне талдау жүзеге асырылады. Өңір үшін экстремалды мәндер ретінде өңірдің деректер қорының негізгі массасын таратумен келіспейтін мәндер болып табылады. Ал республикалық деңгей үшін экстремалды мәндер ретінде республикалық мәндегі деректер қорының негізгі массасын таратумен келіспейтін көрсеткіштер болып табылады.

      60. Инвестициялар статистикасы бойынша деректерді өңдеу деңгейінде деректердің алғашқы базасына жеке құрылыс салушылармен объектілерді пайдалануға беру бойынша тексерілген және қажет болған жағдайда редакцияланған келесі көрсеткіштер бойынша деректер қосылады:

      1) негізгі капиталға салынған инвестициялар (барлығы және пайдалану бағыттары бойынша);

      2) құрылыс-монтаж жұмыстарына шығындар;

      3) машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар;

      4) негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар;

      5) негізгі қаражаттарды пайдалануға беру;

      6) тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар.

      Мұның өзінде жеке салушылардың пайдалануға берілген объектілері бойынша нысанының деректері статистика органдарында қолданылатын жіктеуіштер мен анықтамалықтар бойынша бөлінеді.

      61. Деректерді өңдеу деңгейінде кіші бірліктермен пайдалануға берілген объектілер бойынша есептің тексерілген және редакцияланған деректері тиісті көрсеткіштер бойынша міндеттер қойылымында көрсетілген қосылу алгоритміне сәйкес пайдалануға берілген объектілер бойынша есептің алғашқы деректер базасына қосылады. Жеке салушылар пайдалануға беретін құрылыс қуаттары мен объектілері ЭҚЖЖ тиісті кодтары бойынша қосылады. Есептік деректер статистика органдарында пайдаланылатын жіктеуіштер бойынша қосылады және бөлінеді.

      62. Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша нақтыланған жылдық деректер жарияланғаннан кейін құрылыс және инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нақты көлем индексін (есебін) анықтау үшін жедел есептілікте шілде айынан бастап өткен жылдың мұрағаттық деректер базасы жылдық деректер негізіндегі есептеу алгоритміне сәйкес қалыптастырылған деректерге алмастырылады.

1-параграф. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемін жете есептеу

      63. Есепті айда инвестициялық салымдардың толық көлемі есеп берген кәсіпорындардың негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінен және негізгі капиталға салынған инвестицияларды жете есептеу көлемінен тұрады. Негізгі капиталға салынған инвестицияларды жете есептеу көлемі:

      1) респонденттердің толық қамтылмай, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін жете есептеу кезең-кезеңімен, әр өңірде жеке жүргізіледі.

      Бастапқы кезеңде жеке каталогтан ірі кәсіпорындар қатарынан есепті кезеңде есеп бермеген кәсіпорындар таңдалады (Кп).

      Кейін есеп берген ірі кәсіпорындардың қорынан әр қызмет түрі бойынша (ЭҚЖЖ номенклатурасы) (Imin) негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің аз мәні бар кәсіпорындар таңдалады. Экономикалық қызметтің жеке түрі бойынша инвестициялардың таңдалған аз көлемі экономикалық қызметтің тиісті түрі бойынша есеп бермеген кәсіпорындар санына көбейтіледі.



      мұнда, i - экономикалық қызмет түрінің коды (ЭҚЖЖ номенклатурасы).

      Бағдарламалық кешен арқылы таңдалған деректердің негізінде әр өңір үшін ірі кәсіпорындар бойынша экономикалық қызметтің жеке түрі бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің біріктірілген деректері есептеледі.

      Республикадағы ірі кәсіпорындар бойынша толық қамтылмауына инвестицияларды жете есептеу көлемі облыстық жете есептеу деректерін қосу арқылы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Iірі - республикадағы ірі кәсіпорындар бойынша респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемі;

      Iiірі - облыстарда ірі кәсіпорындар бойынша респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемі (i - бұдан әрі барлық облыстар және Астана және Алматы қалалары).

      Орта және шағын кәсіпорындар үшін инвестициялар көлемін жете есептеу осыған ұқсас жүргізіледі.

      Республика бойынша респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемін жете есептеудің жиынтық қосындысы шағын, орта және ірі кәсіпорындар бойынша толық қамтылмауына облыстар бойынша жете есептеулердің жиынтық қосындысына тең.



      мұнда:

      Iқ - шағын, орта және ірі кәсіпорындар бойынша республикадағы респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемі;

      Iiорта - орта кәсіпорындар бойынша облыстағы респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемі;

      Iiшағ - шағын кәсіпорындар бойынша облыстағы респонденттердің толық қамтылмауына инвестициялар көлемі;

      2) кәсіпорындардан есептіліктің толық алынбауына жете есептеу және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің есепті деректерін төмендету әр өңір үшін жеке есептеледі.

      64. Қабылданбаған және төмендетілген есепті деректерге инвестицияларды жете есептеу қаңтар-желтоқсандағы жедел ақпараттарды және тиісті жылдың нақтыланған жылдық деректерін салыстыру және талдау арқылы анықталады.

      Жылдық кезеңділік кәсіпорындарының каталогы алғашқы есеп деңгейінде тиісті жылдың қаңтар-желтоқсанындағы айлық кезеңділік кәсіпорындарының каталогымен салыстырылады. Сәйкес келген топ бойынша жылдық нысан бойынша есеп берген ірі кәсіпорындар таңдалады.

      Бұдан кейін жылдық кезеңділіктің алғашқы есебі бойынша есеп берген ірі кәсіпорындардың "инвестициялар көлемі" көрсеткіші қызметтің түрі (ЭҚЖЖ номенклатурасы) бойынша 12 айға бөлінеді, яғни ай сайын инвестициялар көлемінің 1/12 бөлігі қызмет түрі бойынша (ЭҚЖЖ номенклатурасы) кәсіпорындардың көлеміне қосылады.

      Орта және шағын кәсіпорындар үшін инвестициялар көлемін жете есептеу осыған ұқсас жүзеге асырылады.

      Республика бойынша қабылданбаған және төмендетілген есепті деректерге инвестициялар көлемі бойынша жете есептеудің жиынтық қосындысы облыстар бойынша жете есептеулердің қосындысына тең.

      Бағдарламалық кешенде қалыптастырылған облыстар бойынша жете есептеу көлемі өңірлердің инвестициялық әлеуетін есепке ала отырып талданады және түзету енгізіледі. Түзетілген жете есептеу көлемі біріктірілген есепті деректерге қосылады.

2-параграф. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жете есептеуінің түзетілген көлемін тарату

      65. Шығыс көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде облыстар мен аудандар бойынша жете есептеудің түзетілген көлемі деректерді өңдеу деңгейінде таралады:

      1) инвесторлардың меншік нысандары бойынша - жеке меншік нысаны;

      2) қаржыландыру көздері бойынша - инвесторлардың меншікті қаражаттары;

      3) негізгі капиталға салынған инвестициялардың технологиялық құрылымы бойынша - машиналарға, жабдықтарға, құрал-саймандарға;

      4) экономика секторлары бойынша - ұлттық жеке;

      5) шаруашылықтың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша - жеке кәсіпкерлік.

      6) пайдалану бағыттары бойынша - қызметтің әр түрінің үлес салмағы бойынша ЭҚЖЖ номенклатурасына сәйкес.

      66. Аудандық деңгейде жете есептеу көлемі облыстар бойынша да осыған ұқсас таралады.

3-параграф. Жылдық кезеңділіктің инвестициялар статистикасы бойынша донорлық деректерді ауыстыру алгоритмі

      67. Донорлық дерекқорды ауыстыру мынадай үлгіде жүзеге асырылады:

      1) жылдық кезеңділіктің инвестициялар бойынша статистикалық нысанының жеке каталогынан критерийлерге сәйкес ірі кәсіпорындар санынан есептік жылғы белсенділік сипатымен есеп тапсырмаған кәсіпорындарды (АКТ = 1) таңдау;

      2) есеп берген ірі кәсіпорындар бойынша деректердің облыстық жылдық базасынан есеп тапсырмаған кәсіпорындардың қызмет түрі бойынша (ЭҚЖЖ номенклатурасы) негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі (2-бөлімнің 1-тарауының 1-жолынан) көрсеткішінің ең аз мәнін таңдау;

      3) таңдалған ең аз көлем машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар көрсеткіштері (2-бөлімнің 1-бағанының 6-жолы) бойынша донорлық деректер ретінде таңдалған есеп тапсырмаған кәсіпорынға енгізіледі. Әр кәсіпорында таңдалған респонденттің қызмет түрі бойынша (ЭҚЖЖ номенклатурасы) өзінің ең кіші көлемі болады;

      4) алынған мәндер қосындысы ірі кәсіпорындар бойынша толық емес қамтуға арналған донорлық деректерге тең;

      68. Орта кәсіпорындар бойынша донорлық деректерді ауыстыру алгоритмі осыған ұқсас жүзеге асырылады.

      69. Облыс бойынша донорлық базаның негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің қорытынды қосындысы ірі және орта кәсіпорындар бойынша донорлық деректер қосындысына тең.

      Республика бойынша донорлық база облыстар бойынша донорлық деректер қосындысына тең болады. Мұның өзінде алғашқы статистикалық деректер базасының бағдарламалық кешенінде донорлық кәсіпорындар бойынша ерекше белгілер қарастырылады.

4-параграф. Донорлық деректерде қалыптастырылған негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін бөлу

      70. Донорлық деректерде қалыптастырылған негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жеке құрамдас көрсеткіштер бойынша мынадай қағидаттар бойынша бөлінеді:

      1) аумақтар бойынша есеп тапсырмаған кәсіпорындардың донорлық деректерінің көлемдері есеп тапсырмаған кәсіпорындардың тіркелу орнына қарай көрсетіледі.

      2) кәсіпорындардың қаржыландыру көздері бойынша деректерді қалыптастыру кезінде донорлық деректердің барлық көлемі меншікті қаражаттардың көлеміне қосылады;

      3) кәсіпорындардың меншік нысандары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде донорлық деректердің барлық көлемі - жеке меншік нысаны болып табылады;

      4) экономика секторлары бойынша - ұлттық жеке;

      5) ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша - дара кәсіпкерлік;

      6) технологиялық құрылым бойынша - машиналарға, жабдықтарға, құрал-саймандарға.

5-параграф. Құрылыс жұмыстары көлемін жете есептеу

      71. Орындалған құрылыс жұмыстарының толық көлемін қамтамасыз ету үшін ай сайын қорытынды деректерді қалыптастыру кезінде толық қамтылмауға және шағын кәсіпорындарға құрылыс жұмыстарының көлеміне жете есептеу жүзеге асырылады.

      Есепті айдағы құрылыс жұмыстарының толық көлемі құрылыс қызметін жүзеге асыратын ірі, орта және қызметкерлерінің саны 50 адамнан жоғары шағын кәсіпорындардың көлемінен, сондай-ақ қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгі шағын кәсіпорындарға және толық қамтылмауға жете есептеу көлемінен және жылдық көлемге дейін қалыптастырылады.

      72. Құрылыс жұмыстарының көлеміне жете есептеу статистикалық бірліктердің толық қамтылмауына ірі және орта кәсіпорындарға жүргізіледі. Есептеу әрбір өңір үшін жеке келесі формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      Sкр - респонденттердің толық қамтылмауына ірі кәсіпорындар бойынша жете есептеу;

      Кп - есептік айдағы есеп тапсырмағандар;

      Smin - есеп тапсырған кәсіпорындар бойынша ең аз көлем.

      73. Орта кәсіпорындар бойынша респонденттердің толық қамтылмауына жете есептеу осыған ұқсас жүргізіледі.

      Республика бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жете есептеу сомасы ірі және орта кәсіпорындар бойынша респонденттердің толық қамтылмауына облыстық жете есептеу сомасына тең.

      Республика бойынша респонденттердің толық қамтылмауына құрылыс жұмыстарының көлемін жете есептеудің қорытынды сомасы облыстық жете есептеу сомаларын қосу арқылы алынады.

      74. Шағын кәсіпорындарға құрылыс жұмыстары көлемін жете есептеу сондай-ақ әрбір өңір үшін жеке жүзеге асырылады.

      Есептеулер үшін ақпарат көзі ретінде тоқсандық кезеңділіктегі "Шағын кәсіпорынның қызметі туралы" статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша қалыптастырылған деректер болып табылады.

      Есептеулер үшін былтырғы жылғы тиісті тоқсанның деректері қолданылады. Шағын кәсіпорындар бойынша статистикалық байқау деректерінің таралған базасынан "Құрылыс" (ЭҚҚЖ номенклатурасы)

      41-43 негізгі экономикалық қызмет түрімен айналысатын кәсіпорындар таңдалып алынады. Әрбір таңдап алынған кәсіпорынның көлемінің 1/3 бөлігі тиісті тоқсан бойынша шағын кәсіпорындарға жете есептеу көлеміне тең болады. Бағдарламалық кешенде таңдап алынған деректер негізінде әрбір өңір бойынша шағын кәсіпорындарға құрылыс жұмыстарының көлемінің агрегатталған деректері анықталады.

      75. Есеп тапсырған ірі және орта кәсіпорындар бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің сомасы респонденттердің толық қамтылмауына құрылыс жұмыстарының жете есептеу шамасына және шағын кәсіпорындарға есептелген көлем респонденттердің толық тобы бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің қорытындысын береді.

      76. Бағдарламалық кешенде облыстар бойынша қалыптастырылған жете есептеу көлемі өңірлердің құрылыс әлеуетін ескере отырып талданады және түзетіледі. Жете есептеудің түзетілген көлемі агрегатталған есептік деректерге қосылады.

6-параграф. Құрылыс жұмыстарын жете есептеудің түзетілген көлемін тарату

      77. Облыстар бойынша құрылыс жұмыстарын жете есептеудің түзетілген көлемі деректерді өңдеу деңгейінде таралады:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік нысандары бойынша - жеке меншік нысанына;

      2) құрылыс жұмыстарының технологиялық құрылымына сәйкес есептік деректер арқылы құралған үлес салмақтарының құрылымы бойынша (облыс бойынша сома аудандардан, ал республика бойынша облыстардан әрбір жұмыс түрі бойынша жеке құралады);

      3) экономика секторлары бойынша - ұлттық жеке;

      4) шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша - жеке кәсіпкерлік;

      5) орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша тиісті қызмет түрлеріне (ЭҚЖЖ номенклатурасы) сәйкес облыс бөлінісінде есептік деректер бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлеміндегі әрбір құрылыс жұмыстары түрінің үлес салмағына сәйкес таралады, содан кейін облыс бойынша құрылыс жұмыстарын жете есептеудің түзетілген көлемі есептелген үлес салмағына көбейтіледі.

      Шағын кәсіпорындарға жете есептеудің түзетілген көлемін аудандар бойынша тарату келесі түрде жүзеге асырылады:

      облыс бойынша түзетілген жете есептеуді алған соң аумақтық органдар мамандары өз өңірінің құрылыс әлеуетіне талдау жасайды және аудандар бойынша таратады;

      аудандар бойынша жете есептеудің қалыптастырылған жалпы көлемі есептеу алгоритміне сәйкес бұдан әрі тарату үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберіледі және агрегатталған есептік деректерге қосылады.

7-параграф. Объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға беру бойынша статистикалық байқаудың алғашқы деректерін редакциялау

      78. Заңды тұлғалар (салушылар) объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға беру туралы деректерді редакциялауды алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде жылдық кезеңділіктегі алғашқы статистикалық есептің міндеттер қойылымында қарастырылған АЛБ және ФЛБ, сондай-ақ аумақтық статистика органдары мамандары Негізгі қорлар жіктеуішіне (бұдан әрі - НҚЖ) сәйкес объектілерге, қуаттылықтарға және өлшем бірліктерге кодтың дұрыс берілуін тексеру арқылы жүзеге асырады.

      79. Міндеттер қойылымында қарастырылған бақылаулар орындалмаған немесе мамандар НҚЖ-мен сәйкессіздіктер тапқан жағдайда қате деректер нақтыланып, түзетілген есеп ұсынылғаннан кейін ғана түзетіледі. Қандай да бір себептерге байланысты деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда мұндай есеп келесі есептік кезеңде нақтыланған деректерді енгізу мақсатында өңдеуден алынып тасталады.

      80. НҚЖ-мен деректердің сәйкессіздіктерін анықтауды алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде аумақтық органдардың мамандары жүзеге асырады - статистикалық деректер қағаз жүзінде статистика органдарына ұсынылса және есептер "он-лайн" режимінде ұсынылса - деректерді өңдеу деңгейінде респондентке қайта пікіртерім (нақтылау) жүргізу арқылы.

      81. Жылдық нысан бойынша қандай да бір себептерге байланысты деректерді қайта нақтылауды жүзеге асыру болмаған жағдайда мұндай есеп қарастырылатын есептік жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел есептілік деректерімен алмастырылады.

      82. Жеке салушылармен объектілер мен қуаттылықтарды пайдалануға беру туралы деректерді редакциялауды алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде АЛБ және ФЛБ, сондай-ақ аумақтық статистика органдары мамандары НҚЖ-ға сәйкес объектілерге, қуаттылықтарға және өлшем бірліктерге кодтың дұрыс берілуін тексеру арқылы жүзеге асырады.

      83. Міндеттер қойылымында қарастырылған бақылаулар орындалмаған немесе мамандар НҚЖ-мен сәйкессіздіктер тапқан жағдайда қате деректер респонденттен нақтыланып, оларға түзетілген есеп ұсынылғаннан кейін ғана түзетіледі. Қандай да бір себептерге байланысты респонденттен деректерді нақтылау мүмкін болған жағдайда мұндай есеп келесі есептік кезеңде нақтыланған деректерді енгізу мақсатында өңдеуден алынып тасталады.

      НҚЖ-мен деректердің сәйкессіздіктерін анықтау алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде аумақтық органдардың мамандары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардан нақтылау арқылы жүзеге асырылады.

8-параграф. "Құрылыс жұмыстарының көлемі" көрсеткішінің алғашқы статистикалық деректерін редакциялау

      84. Жылдық кезеңділіктегі алғашқы статистикалық нысанның деректері айлық кезеңділіктегі жедел деректермен салыстырылады.

      85. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі жылдық есеп бойынша алғашқы статистикалық деректерді енгізу деңгейінде қызметкерлерінің саны 50 адамнан жоғары кәсіпорындар бойынша есептік жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі деректер базасын салыстыру арқылы тексеріледі. Міндеттер қойылымында сәйкес рұқсат етілетін бақылау көзделген. Деректерді салыстыру барысында болмашы ауытқуларға жол беріледі. Елеулі ауытқулар анықталған жағдайда себептері нақтыланады.

      86. Міндеттер қойылымында қарастырылған бақылаулар орындалмаған жағдайда және деректер базасын салыстыру кезінде қате деректер тек нақтыланып респонденттер түзетілген есеп ұсынғаннан кейін ғана түзетіледі. Қандай да бір себептерге байланысты респонденттен деректерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда деректер қарастырылатын есептік жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел есеп деректерімен алмастырылады.

5. Қоршаған орта статистикасында деректерді редакциялау
1-параграф. Көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау

      87. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде әлеуетті қателерді жоюдың тағы бір тәсілдерінің бірі көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау болып табылады және алынған деректерді өткен жылғы тиісті кезеңдермен салыстыру арқылы респонденттерден алынған алғашқы ақпараттарды тексеру кезінде қолданылуы мүмкін.

      Анықталған экстремалдық көрсеткіштерді редакциялау кезінде мәндерді орташа ұлғайған немесе төмендеген шамаға түзете отырып, өткен жылғы байқау нәтижесінде алынған мәндерге ауыстыруды жүзеге асыру ұсынылады. Белгілі бір респондент бойынша деректерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда өткен жылы есеп берген басқа респонденттердің деректері пайдаланылады. Әлеуетті донор-респонденттердің тобы орналасқан орны, қызмет түрінің сипаты, кәсіпорынның өлшемі сияқты және ауыстыруды қажет ететін көрсеткішті сипаттайтын басқа да белгілері бойынша есеп бермеген респонденттің ұқсас белгілері бойынша алдын ала анықталуы тиіс. Осы топтан көрсеткіштің ең кіші мәні бар донор-респондент іріктеліп алынады және оның деректері көрсеткіштің жоқ мәнін ауыстыру үшін пайдаланылады.

2-параграф. Жоқ мәндерді редакциялау

      88. Қоршаған орта статистикасы бойынша зерттеу жүргізу барысында есептердің жекелеген айқындамалары бойынша толық емес есептерді алу, есеп беретін респонденттер тобының толық қамтылмауы себебінен және жоқ деректердің пайда болуына әкелетін басқа да себептерден пайда болатын деректердің жоқ айқындамалары кездеседі.

      Көрсеткіштің жылдар қатарындағы серпінін бұзбау, сондай-ақ зерттеулердің жалпы нәтижесіне көрсеткіштің жоқ деректерінің әсерін төмендету үшін тәжірибеде деректерді анық және іштей келісілген мәндерге ауыстыру әдістерінің кең шеңбері пайдаланылады.

      Егер көрсеткіш бойынша деректер мөрімен және қолымен куәландырылған ұсынылған статистикалық нысанда жоқ болса, бұл ретте АЛБ және ФЛБ талаптары сақталады, деректердің мұндай жоқ болуы қате болып саналмайды және редакцияланбайды. Егер бұл ретте көрсеткіш бойынша деректердің жоқ болуы АЛБ немесе ФЛБ талабын бұзатын болса деректер респонденттерден нақтыланады. Егер деректер алғашқы статистикалық деректердің ұсынылмауына байланысты жоқ болса, ауыстыру жүзеге асырылады.

      Деректер респонденттердің есептерді ұсынбауына байланысты жоқ болған жағдайда және бұл жағдай көрсеткіштің жылдар қатарындағы серпініне әсер етуі немесе бұзуы мүмкін жағдайларда жоқ деректерді ұқсас респонденттің (донордың) деректеріне ауыстыруды жүргізу қажет.

      Жоқ мәндерді редакциялау механизмі көрсеткіштердің экстремалдық мәндерін редакциялау кезіндегі сияқты әдіспен жүзеге асырылады.

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге 1-қосымша

Жылдық деректермен нақтылануға жататын көрсеткіштер тізімі

СКЖ коды

Ведомстволық жіктеуіштің коды

Көрсеткіш атауы

14110101


Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтерінің) жалпы шығарылымы

143401

АШӨСЖ

014120100

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (сиырдың шикі сүті)

АШӨСЖ

014530100

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру (тірі қойдан қырқылған, жуылмаған жүн (тобымен жуылғанды қоса алғанда)

14340101

АШӨСЖ

014721

Жұмыртқа өндіру (тауықтың қабығындағы жаңа жиналып алынған жұмыртқасы)

14340104


Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені (тірідей салмақта)

14260201


Жаңа өнімнен алынған дәнді және бұршақты дақылдар

14270201


Жаңа түсімнен алынған майлы дақылдар тұқымдары

143201


Мал мен құстың саны

162101


Орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) көлемі

161101


Негізгі капиталға салынған инвестициялар

15110101


Құндық көріністегі өнеркәсіптік өнімдер (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндірісінің көлемі

151201


Нақты көріністе өндірілген өнімдер

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге 2-қосымша

"Шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың бір басының орташа тірі салмағы" (СКЖ коды 143501) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, кг

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

230-550

01.41.10.110

Сүтті табынның сиырлары

380-550

01.42.1

Өзге де ірі қара мал мен енекелер

230-550

01.42.11.110

Етті табынның сиырлары

380-550

01.43.10

Жылқылар және жылқы тектес жануарлар

270-600

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

370-1000

01.45.11

Қойлар

30-65

01.45.12

Ешкілер

30-65

01.46.10

Шошқалар

70-150

01.47.1

Үй құсы

0,5-8,0

01.49.11

Үй қояндары

2,5-4,0

01.49.12

Басқа топтамаларға енгізілмеген фермада өсірілетін құс

1-300

01.49.19

Басқа топтамаларға енгізілмеген фермада өсірілетін өзге де малдар

250-350

01.49.19.120

Маралдар

250-300

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге 3-қосымша

"Тірідей салмақта шаруашылықта сойылған немесе союға өткізілген мал мен құстың сойыс салмағындағы шығымы" (СКЖ коды 143501) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, %

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

50-59

01.42.1

Өзге де ірі қара мал мен енекелер

50-59

01.43.10

Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар

48-53

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

48-54

01.45.11

Қойлар

43-58

01.45.12

Ешкілер

43-58

01.46.10

Шошқалар

66-78

01.47.1

Үй құсы

61-80

01.49.19.120

Маралдар

45-48

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге 4-қосымша

Мал мен құстың өнімділігін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Өлшем бірлігі

Шектеу, %

143502

Бір сауылатын сиырға келетін орташа сүт сауымы

кг

23 дейін

143503

Бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы

дана

30 дейін

143504

Бір қойдан қырқылған орташа жүн қырқымы

кг

4,5 дейін

  Өндіріс және қоршаған орта
статистикасында деректерді
редакциялау бойынша
әдістемеге 5-қосымша

"100 аналыққа есептегендегі төлдің шығымы" (СКЖ коды 143305) көрсеткіші бойынша жол берілетін мәндердің шектері

АШӨСЖ коды

Атауы

Шектеу, бас

01.41.1

Сүтті табынның ірі қара малы

< 95

01.42.1

Өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер

< 95

01.43.10

Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар

< 78

01.44.10

Түйелер және түйе тәрізділер

< 55

01.45.11

Қойлар

< 110

01.45.12

Ешкілер

< 120

01.46.10

Шошқалар

< 2100

01.49.19.120

Маралдар

< 70