"Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1), 11) тармақшалары және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-1-бабы, "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабын, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығымен бекітілген |
Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңын орындау үшін, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1) және 11) тармақшаларына сәйкес есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 12-1 бабы және "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы Заңының 9-бабы, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 12-бабы талаптарын орындау үшін әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар келесі есептерді жүргізу тәртібін анықтайды:
1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың есебін;
2) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың есебін.
3. Террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) деректердің электрондық журналын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық басқармалары жүзеге асырады.
Осы санаттағы тұлғалар туралы мәліметтер ақпараттық есептiк құжаттарды АЕ ААЖ-не енгізу арқылы, деректердің электрондық журналында автоматты түрде көрсетілетін соттың заңды күшіне енген үкімдері (қаулылары) бойынша қалыптасады.
Экстремистік және террористік жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған, тұлғалардың электрондық журналы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес деректемелерден тұрады.
Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін Комитет тиісті тізімдері жүргізу және оларды одан әрі ведомстволық интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырады.
4. Комитеттің аумақтық басқармаларының бастықтары террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы мәліметтердің уақтылы енгізілуін, толықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етеді.
5. Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды Комитет жүзеге асырады.
2. Террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есебін жүргізу тәртібі
6. Террористік және экстремистік әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке қою үшін соттың заңды күшіне енген үкімі негіз болып табылады.
7. Тұлғаларды есепке алуды жүргізу Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мәліметтерді және АЕ ААЖ-не экстремистік және террористік қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың электрондық журналын енгізу арқылы (Қылмыстық кодекстің 3-бабы 30 және 39-тармақтары) жүзеге асырылады.
8. Көрсетілген санаттағы тұлғалар бойынша мәліметтердің уақтылы енгізілуін бақылауды және есептің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық басқармалары тоқсанына бір рет (есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне дейін) электрондық журнал деректерінің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 9 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9863 нөмірімен тіркелген) № 1-ЭТ нысанды есептің (бұдан әрі - № 1-ЭТ нысанды есеп) көрсеткіштерімен салыстыруын жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері тоқсанына бір рет жиынтық актімен рәсімделіп, Комитеттің аумақтық басқармаларының арнайы есепке алу және құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелерінің бастықтарымен бекітіледі.
3. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін жүргізу тәртібі
9. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды есепке қою үшін соттардың заңды күшіне енген шешімдері негіз болады.
10. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың есебін тиісті тізімдерді жүргізу және одан әрі оларды ведомстволық интернет-ресурсқа орналастыру арқылы Комитет жүргізеді.
Тізімге қосылған ақпараттық материалдардың атауларына PDF форматындағы келесі материалдар қоса берілуі тиіс:
1) ақпараттық материалдарды экстремистік және террористік деп тану және оларды Қазақстан Республикасы аумағында алып жүруге, басып шығаруға және таратуға тыйым салу туралы арыз;
2) осы ақпараттық материалдар бойынша сараптамалық қорытынды;
3) сот шешімі.
11. Аталған санаттағы ұйымдар мен ақпараттық материалдардың тізімін қалыптастыру № 1-ЭТ нысанды есептің 5-тарауының талаптарына сәйкес прокурорлар толтырған электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде іске асырылады.
12. Комитет тоқсанына бір рет (есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне) сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдардың тізімін № 1-ЭТ нысанды есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексереді.
Экстремистік және террористік жасағаны үшін
жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛЫ
Тегі | Аты | Әкесінің аты | Туылған күні | ЖСН | Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі | Қылмыстық істің нөмірі | Сот атауы | Үкім (қаулы) шығарылған күн | Соттау бабы | Жазаның негізгі шарасы | Үкімнің (қаулы) заңды күшіне ену күні | Облыс коды | Облыс атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |