«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы Б. Иманәлиев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының
2016 жылғы 11 наурыздағы
№ 45 бұйрығымен бекітілді
Респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидасы «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 7) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-23) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу кезінде тұтыну тауарлары мен көрсетілетін ақылы қызметтерге бағалар (тарифтер) деңгейі туралы бастапқы статистикалық деректерді тіркеу рәсімдеріне стандартты шектерді, тәсілдер мен талаптарды айқындайды.
3. Осы Қағида аумақтық статистика органдарына бағалық ақпаратты жинау барысын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін арналған.
4. Қағидада келесі анықтамалар қолданылады:
1) бағаны тіркеу – базалық объектілердің іріктемелі репрезентативті жиынтықтар бойынша өткізілетін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін ақылы қызметтерге бағалар (тарифтер) деңгейі туралы бастапқы статистикалық деректерді жинау әдісі. Бағаны тіркеу аумақтық статистика органдарының тиісті лауазымды тұлғаларымен (бұдан әрі – маман) жүзеге асырылады;
2) базалық объект – бағаларды байқау және тіркеу үшін іріктеліп алынған байқау объектісі;
3) ерекшелік – бағаны тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды (көрсетілетін қызметті) сәйкестендіру үшін қолданылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі;
4) өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) – тауар тобындағы тауардың (көрсетілетін қызметтің) сапасы мен негізгі тұтыну қасиеттеріне әсер етпейтін және өзінің тұтынушылық мақсаты бойынша біртекті бір-бірінен елеусіз ерекшеліктерімен (бөлшектерімен) айрықшаланатын, белгілі бір тауар (көрсетілетін қызмет) түрлерінің жиынтығы;
5) тіркеу бағасы – нақты тауар, көрсетілетін қызмет түріне төленген ақшалай бірлік саны, оларға сапасы, сатылу шарттары және уақыт кезеңі нақты анықталған.
2. Бағаны тіркеу рәсімдері
5. Бағаны тіркеу тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір мөлшері және бағалар (тарифтер) тіркелетін базалық объектілер бекітіліп берілген мамандармен жүзеге асырылады.
Бағаны тіркеу тікелей тауарды (көрсетілетін қызметті) сату орындарында жүргізіледі.
6. Тіркеу жүргізілген күні төленген (қолданыстағы) бағалар (тарифтер), салықты қоса бақыланады. Бағалардың (тарифтердің) кез келген өзгерісі, немесе баға құрудың факторлары және басқа да себептермен туындаған оның жаңа деңгейі тіркеледі. Баға тіркеу кезінде сапасы немесе саны (стандартты бірліктің көлемі) есебінен баға мен тарифтердегі баға ауытқулары ескерілмейді.
7. Тұтыну тауарларына баға мамандардың базалық объектілерді аралау жолымен және затбелгілерді (бағалықты) оқу арқылы тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі.
Ақылы қызметтерге бағаны (тарифтерді) тіркеу баға (тарифтер) орналастырылған прейскуранттар негізінде тіркелетін базалық объектілерді (шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі, моншаға бару, химиялық тазалау және басқа) аралау жолымен жүзеге асырылады, немесе ақылы қызмет көрсететін тұлғалардан (аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, киімдерді шақтау, кілттерді жасау және басқа) сұрау арқылы жүргізіледі.
Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекеленген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Баға туралы ақпаратты телефон арқылы қабылдау кезінде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және олардың бағаны анықтау кезінде өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдауы кезінде қателіктерге жол бермеуі мақсатында, сондай-ақ іріктелген өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.
Ұзақ уақыт кезеңіне бағаларды (тарифтерді) белгілеу тән болып табылатын ұйымдарға (шипажай, медициналық және білім беру мекемелері, салттық қызмет көрсететін ұйымдар және т.б.) көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хат жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі. Деректердің анықтығын бақылау мақсатында мамандар алынған бағалық ақпаратты растау үшін тоқсанына бір реттен кем емес базалық объектілерге барып тұрады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне тарифтер тиісті көрсетілетін қызмет түрлеріне төлеу үшін тұрғындарға ұсыналатын төлем құжаттары (түбіртек) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген кезде олардың жаңа деңгейі табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарық саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және осы қызмет түрлерін көрсететін ұйымдардың бұйрықтарымен расталады.
8. Күнделікті баға тіркеу рәсімі негізі үш кезеңнен тұрады:
1) тіркеуге дайындық;
2) бағаларды тіркеу;
3) алғашқы ақпаратты өңдеу.
Бағаны тіркеуге дайындық барысында маман керекті құралдарды және ілеспе құжаттарды (бағдар парағы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізімін және басқалар) іріктеуді және оларды зерделеуді, өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтердің) ерекшелігін және қажет болған жағдайда базалық объектінің жұмыс тәртібін нақтылауды жүзеге асырады.
Базалық объектіде бағаны тіркеу:
1) ерекшелігіне және нақтыланған сипаттамаларға сәйкес өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) іздеу;
2) берілген параметрлер бойынша тауардың (көрсетілетін қызметтің) нақтыланған сипаттамасының өзгермейтінін тексеру;
3) нақты және белгіленген сипаттамасының ауытқуын салыстыру және зерделеу;
4) деректердің ұқсастығы немесе өкіл тауарлар (көрсетілетін қызмет) сапасына әсер етпейтін азғантай ауытқуы кезінде жазу;
5) өкіл тауарға (көрсетілген қызметке) бағаны айқындау және оның өзгеру себептерін нақтылау;
6) керекті өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) болмаған жағдайда (немесе белгіленген ерекшелік пен сипаттамадан едеуір айрықшаланса) біртекті ассортиментті топтан басқа тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдау;
7) жаңа тауардың (көрсетілетін қызметтің) көрнекілігі және оған деген сұраныс туралы сатушымен кеңесу;
8) жаңа тауарды (көрсетілетін қызметті) және оның толық сипаттамасын жазу;
9) жаңа тауардың (көрсетілетін қызметтің) өткен айдағы бағасын (тарифін) нақтылау және оған есепті бағаны тіркеуді қамтиды.
Өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлеріне тіркелген бағалар (тарифтер) статистикалық құралға енгізіледі.
Жиналған ақпаратты жұмыс орындарында өңдеу мыналарды қамтиды:
1) тіркелген бағаны (тарифті) өткен мерзімдегі тіркеу бағасымен (тарифімен) салыстыру;
2) тауар тобы мен базалық объектілер арасында өкіл тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) бағалардың (тарифтердің) өзгеру деңгейі мен үрдісін салыстыру;
3) стандартты өлшем бірліктерді нақтылау;
4) серпінінде елеулі ауытқулар болған жағдайда бағаларды (тарифтерді) нақтылау (ақпаратты нақтылау үшін базалық объектіге қайта бару);
5) деректерді редакциялау.
3. Бағаны тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың стандартты рәсімдері
9. Бағаны тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекенінің, елді мекендегі сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) және олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды.
Бағаны тіркеу үшін іріктеп алынған елді мекендердің тізімі мемлекеттік статистиканың аумақтық органының құрылымдық бөлімшесінің басшысымен (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) жасалады және мемлекеттік статистиканың аумақтық органының басшысымен келісіледі.
Бағаны тіркеу үшін базалық объектілерді және елді мекендердің тізімін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік статистиканың аумақтық органдары басшылықты, сауда және көрсетілетін қызмет саласындағы базалық объектілер иелерін, олардың объектілерінің бағаны тіркеу үшін базалық объектілер тізіміне қосылғандығы, статистикалық байқау мақсаты, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын мен қорғалуын қарастыратын, Заң қағидалары туралы хабардар етеді.
Бағаны тіркеу үшін тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің тізімі құрылымдық бөлімше басшысымен мамандар арасында бөлінеді. Әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) маманмен олардың нақты ассортиментті түрлері таңдап алынады. Байқауға таңдап алынған өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ассортиментті түрлері құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.
10. Базалық объектілердің, өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) репрезентативтілігін маман және құрылымдық бөлімше басшысы қамтамасыз етеді.
Базалық объектіні ауыстыру үшін маман ауыстыру және жаңа объектіні қосу қажеттілігінің себептерін негіздеумен жаңа объектіні іріктеу және ауыстыру бойынша жазбаша түрде ұсыныстар енгізеді. Құрылымдық бөлімше басшысымен келісілген соң объектіні алмастыру немесе бұдан бұрын келісілген базалық объектілер тізіміне жаңа объектіні енгізу рәсімі жүргізіледі.
Өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) ауыстыру рәсімдері маманмен жүзеге асырылады және құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.
11. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімше басшысымен ай сайын маманмен бірлесе отырып бағаны тіркеу үшін базалық объектілерге бару кестесі (бұдан әрі – Кесте) құрылады. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір маманға Кесте негізінде бағаны тіркеу үшін бағдар парағы (бұдан әрі – Бағдар парағы) әзірленеді.
Кесте және Бағдар парағына құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды. Базалық объектілер мен тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесіне өзгерістер енгізу кезінде базалық объектілер тізіміне, Кестеге және Бағдар парағына тиісті түзетулер енгізіледі.
Респонденттер мен үй
шаруашылықтары ұсынған
деректерді қоспағанда, бастапқы
статистикалық деректерді тіркеу
қағидасына 1-қосымша
Нысан
____________________
____________________
(аумақтық статистика
органының атауы)
Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тарифтерді тіркеу үшін
базалық объектілерге бару кестесі
_______________ 20__жылғы
(ай)
_______________________________________________________________
(маманның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы))
Базалық объектінің атауы |
айдың жұмыс күндері |
|||||||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
23 |
24 |
25 |
26 |
29 |
30 |
31 |
|
Құрылымдық бөлімше
басшысы ________ __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Респонденттер мен үй
шаруашылықтары ұсынған
деректерді қоспағанда, бастапқы
статистикалық деректерді тіркеу
қағидасына 2-қосымша
Нысан
____________________
____________________
(аумақтық статистика
органының атауы)
Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді тіркеу үшін
бағдар парағы
_______________ 20__жылғы
(ай)
_______________________________________________________________
(маманның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы))
Базалық объекілерге бару күні және уақыты |
Базалық обьектінің коды |
Базалық обьектінің атауы |
Базалық обьектінің заңды мекенжайы |
Тіркеуге кететін уақыт |
Баға белгіленімінің саны |
||
апта сайынғы ақпарат |
ай сайынғы ақпарат |
ТБИ * |
|||||
* ТБИ - Тұтыну бағасының индексі
Құрылымдық бөлімше
басшысы ________ __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))