Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 сәуірде № 13565 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағы, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін қағаз және электронды түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми түрде жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді эталонды бақылау банкісіне енгізу үшін тіркелген бірлескен бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы интернет-ресурсына орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)2) және  3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы Құқықтық
      статистика және арнайы есепке
      алу жөніндегі комитетінің
      төрағасы ______________ С. Айтпаева
      2016 жылғы 24 ақпан

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы   
№ 20 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы   
№ 65 бірлескен бұйрықтарына
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесіне жатқызу және ішінара тексеру жүргізу 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғым пайдаланылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде тіл туралы заңнамалар және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама талаптарына, мемлекеттің тіл саясатына қатысты мүдделеріне, жеке және заңды тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу бойынша зиян келтіру ықтималдылығы;
      2) тәуекелді бағалау жүйесі – тексерулерді тағайындау мақсатында бақылау органымен жүргізілетін шаралар кешені;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) бақылау субъектілері қызметінің нәтижесіне байланысты субъектілерді таңдауға тәуекел дәрежесін бағалау;
      4) тексеру субъектілері – мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік органдар;
      5) өрескел бұзушылықтар – заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер бөлігіндегі талаптардың бұзылуы, статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілмеуі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылмауы, мемлекеттік органдардағы шығыс құжаттарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолданбауы, ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбауы, мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдауда тіл туралы заңнамада қарастырылған мемлекеттік органдар талаптарының сақталмауы, конкурстық немесе аукциондық құжаттарды рәсімдеуде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеуі (жыл сайын кемінде 10 %);
      6) елеулі бұзушылықтар – заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер бөлігіндегі талаптарының бұзылуы, мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылданбауы, жазбаша нұсқада мәмілелер жасасуда тілге қойылатын талаптардың сақталмауы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді материалдармен толықтыру кезінде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы;
      7) болмашы бұзушылықтар – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қойылатын талаптар бөлігіндегі талаптарының бұзылуы, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердегі мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы, көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде орналастыруда тілге қойылатын талаптардың сақталмауы.
      3. Ішінара тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты қолданылады.
      4. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі жылына бір реттен артық болмайды.
      5. Ішінара тексерістер өткізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа арналып жасалатын, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген, ішінара тексерістер тізімінің негізінде жүргізіледі және тиісті есеп кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн мерзімінен кешіктірмей, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      6. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдар қызметіндегі тіл туралы заңнамаларды қолдану саласындағы бақылау бойынша субъективті өлшемшарттар негізінде қалыптастырылады.
      7. Ішінара тексеру тізімдері келесілерді:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көбірек көрсеткіштермен бақылау субъектілердің басымдығы;
      2) тексерілмеген кезеңдердің ұзақтығы;
      3) тексерулерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жүктемені ескере отырып жасалады.

2. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттар келесі кезеңдерді қолдана отырып анықталады:
      1) ақпараттар жинау;
      2) ақпараттарды талдау және бағалау дәрежесі.
      9. Ақпараттарды жинау тілдерді қолдану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалауға келесі ақпараттар көзі қолданылады:
      1) алдыңғы тексерулердің талдау нәтижесі;
      2) бақылау субъектілерімен ұсынылған есептілік мониторингі мен ақпараттар нәтижесі, соның ішінде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы;
      3) мемлекеттік органдардың арнайы интернет-ресурстарын талдау.
      10. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі немесе болмашы тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 3 ауырлық бұзушылық дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
      Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеуде орындалмаған талаптардың үлес салмағы анықталады.
      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі.
      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұнда:
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
      Р = Рз + Рн
      мұндағы:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
      12. Тексерілетін субъект тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша мыналарға жатады:
      1) тәуекелдің жоғары деңгейіне – тәуекел дәрежесінің 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткішінде және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі;
      2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткішінде және оған қатысты тек қана жоспардан тыс тексерістер және өзге бақылау нысандары жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының
тіл туралы заңнамаларын
қолдану саласындағы 
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына   
қосымша 1       

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

1. «Алдыңғы тексерулердің нәтижесі» ақпараттық көзі бойынша:

1

Статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілмеуі

өрескел

2

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылмауы

өрескел

3

Мемлекеттік органдардағы шығыс құжаттарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолданбауы

өрескел

4

Ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбауы

өрескел

5

Мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдауда тіл туралы заңнамада қарастырылған мемлекеттік органдар талаптарының сақталмауы

өрескел

6

Конкурстық немесе аукциондық құжаттарды рәсімдеуде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы

өрескел

7

Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеуі (жыл сайын кемінде 10 %)

өрескел

8

Мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылданбауы

елеулі

9

Жазбаша нұсқада мәмілелер жасасуда тілге қойылатын талаптардың сақталмауы

елеулі

10

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді материалдармен толықтыру кезінде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы

елеулі

11

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердегі мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы

болмашы

2. «Бақылау субъектілерімен ұсынылған есептілік мониторингі мен ақпараттар нәтижесі, соның ішінде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы» ақпараттық көзі бойынша:

1

Статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілмеуі

өрескел

2

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылмауы

өрескел

3

Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеуі (жыл сайын кемінде 10 %)

өрескел

4

Мемлекеттік органдардағы шығыс құжаттарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолданбауы

өрескел

5

Ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолданбауы

өрескел

6

Мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылданбауы

елеулі

3. «Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің арнайы интернет-ресурстарын талдау» ақпараттық көзі бойынша:

1

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді материалдармен толықтыру кезінде тілге қойылатын талаптардың сақталмауы

елеулі

4. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бойынша:

1

Лауазымды адамның тіл білмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы

өрескел

2

Жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу, тілдік белгілері бойынша кемсіту

өрескел

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы   
№ 20 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы   
№ 65 бірлескен бұйрықтарына
2-қосымша         

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңамаларын
қолдану саласындағы тексеру парағы

__________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы

Талаптар тізбесі

талап етіледі

талап етілмейді

талаптарға сәйкес келеді

талаптарға сәйкес келмейді

1

«Алдыңғы тексерулердің нәтижесі» ақпараттық көзі бойынша:

1.1

Статистикалық-есеп, қаржылық және техникалық құжаттамалардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуі





1.2

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізуде жауаптардың мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде қолданылуы





1.3

Мемлекеттік органдардағы шығыс құжаттарын рәсімдеуде мемлекеттік тілді қолдануы





1.4

Ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануы





1.5

Мемлекеттік органдарда актілерді әзірлеу мен қабылдауда тіл туралы заңнамада қарастырылған мемлекеттік органдар талаптарының сақталуы





1.6

Конкурстық немесе аукциондық құжаттарды рәсімдеуде тілге қойылатын талаптардың сақталуы





1.7

Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үлесін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілуі (жыл сайын кемінде 10 %)





1.8

Мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қабылдануы





1.9

Жазбаша нұсқада мәмілелер жасасуда тілге қойылатын талаптардың сақталуы





1.10

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді материалдармен толықтыру кезінде тілге қойылатын талаптардың сақталуы





1.11

Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердегі мөрлер мен мөртабандар мәтіндерінде тілге қойылатын талаптардың сақталуы





Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы   
№ 20 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы   
№ 65 бірлескен бұйрықтарына
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі мен
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1) «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6826 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 06 сәуірдегі № 130-133 (26535) газетінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 38 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6827 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 117 (26538) газетінде жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 234 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8898 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) газетінде жарияланған).