Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13498 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
"КЕЛІСІЛЕДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев



      11 ақпан 2016 жыл

"КЕЛІСІЛЕДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


_________________ Қ. Қасымов



      14 ақпан 2016 жыл

"КЕЛІСІЛЕДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің


төрағасы


_________________ В. Жұмақанов



      18 ақпан 2016 жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 8 ақпандағы
№ 40 бұйрығымен
бекітілген

Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды
физикалық қорғау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы "Атом энергиясын пайдалану туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау тәртібін белгілейді

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудағы және (немесе) сақтаудағы ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі және (немесе) ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.

      Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) осалдықты талдау – қабылданған жобалық қауіп-қатерге сүйене отырып, ядролық объектінің, ядролық материалдарды пайдалану және сақтау технологиялық процестерінің осал жерлерін анықтау, сондай-ақ қауіп-қатерді жүзеге асырудың ықтимал тәсілдерін анықтау процесі;

      2) ішкі тәртіп бұзушы – ядролық материалдарға және (немесе) ядролық қондырғыларға санкцияланған рұқсаты бар, ядролық материалдарды рұқсатсыз алу әрекетін немесе диверсия жасайтын немесе ішкі тәртіп бұзушыға осындай әрекеттерді жасауына көмектесетін адам;

      3) рұқсат – белгіленген тәртіппен рәсімделген қорғалатын аймаққа өтуге немесе болуға, белгілі бір жұмысты жүргізуге, белгілі бір құжаттар мен мәліметтерді алуға не олармен танысуға рұқсат;

      4) тексеріп қарау – адамда немесе көлікте кіргізуге (шығаруға) немесе әкелуге (әкетуге) тыйым салынған заттары бар деп есептеуге жеткілікті негіздер болған жағдайда белгіленген рәсімдерге сәйкес жүргізілетін адамдарды және (немесе) көлік құралдарын мұқият тексеру;

      5) кіру – қорғалатын аймаққа өтуге, онда болуға, жұмыстарды орындауға, белгілі бір құжаттар мен мәліметтерді алуға немесе танысуға рұқсатты іске асыру;

      6) кіруді кідірту – күзетілетін аймаққа кіргенде (көлікпен кіргенде) және/немесе одан шыққанда (көлікпен шыққанда) тәртіп бұзушының немесе тасымал (тасымалдау) құралдарының кіру (жылжу) уақытын арттыруға арналған физикалық қорғау жүйесінің элементі;

      7) инженерлік бөгеттер – тәртіп бұзушылардың ілгері жылжуын және маневрін қиындату, күзет және ден қою күштеріне оларды қоршау және ұстау, физикалық қорғау техникалық құралдарының желілік бөлігіне және бақылау-із кесу жолағына жануарлар мен адамдардың әсерін шектеу үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында орналастырылатын қолдан жасалған тосқауылдар мен бөгеттер;

      8) санатталған ғимараттар, құрылыстар және үй-жайлар – өздеріне қатысты рұқсатсыз әрекет радиологиялық зардаптарға алып келуі мүмкін, кіруі шектеулі ғимараттар құрылыстар және үй-жайлар;

      9) ядролық материалдың санаты – оның физикалық қорғау шараларын қолдану кезіндегі маңыздылығы тұрғысынан ядролық материалдың сипаттамасы;

      10) физикалық қорғау техникалық құралдарының жиынтығы – физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ортақ біріктірілген, физикалық қорғау техникалық құралдары мен олардың негізіндегі жүйелердің функциялық жағынан байланысты жиынтығы;

      11) жергілікті жобалық қауіп-қатер – мемлекеттің жобалық қауіп-қатеріне негізделген, рұқсатсыз алуға немесе диверсияға әрекет жасай алатын, ядролық объектінің аумағына қатысты ішкі әлеуетті тәртіп бұзушылардың және/немесе сыртқы тәртіп бұзушылардың белгілері мен сипаттамаларын жүйелеп баяндайтын пайдаланушы ұйым әзірлеген құжат, оларға қарсы әрекет жасау үшін физикалық қорғау жүйесі құрылады және бағаланады;

      12) тәртіп бұзушы – рұқсат етілмеген әрекет жасаған немесе жасауға тырысқан адам, сондай-ақ оған жәрдем көрсеткен адам;

      13) тәртіп бұзушыны бейтараптандыру – тәртіп бұзушыға қатысты физикалық қорғау жүйесі әрекетінің жиынтығын іске асыру, нәтижесінде ол өз мақсатына жету мүмкіндігінен айырылады;

      14) рұқсат етілмеген әрекет – жасау немесе жасауға әрекет қылу, қол сұғу, диверсия, ядролық материалды рұқсатсыз алу, рұқсатсыз кіру, тыйым салынған заттарды өткізу (алып жүру), физикалық қорғау құралдарын қатардан шығару;

      15) рұқсатсыз алу – ядролық материалды ұрлау немесе өзге заңсыз тартып алу;

      16) рұқсатсыз кіру – оған құжатсыз рәсімделген құқықпен кіру;

      17) жедел жағдай – тәртіп бұзушылардың рұқсатсыз әрекеттеріне қарсы мән-жайлар мен жағдайлардың жиынтығы;

      18) тексеру – адамдарды және олардың алып жүретін заттарын, көлік құралдарын, жүктер мен орамаларды қарап тексеру белгілерін қолданусыз өткізілетін тыйым салынған заттардың бар-жоқтығын тексеру;

      19) аса маңызды аймақ – оларға қатысты диверсия тікелей немесе жанама елеулі радиологиялық зардапқа алып келуі мүмкін жабдық, жүйелер немесе құрылғылар немесе ядролық материалдар сиятын ішкі аймақта орналасқан аймақ. Ішкі аймақта бірнеше аса маңызды аймақтар болуы мүмкін;

      20) жағдайды бағалау – анықтау құралымен дабыл белгісін беру себебін анықтау;

      21) тиімділікті бағалау – жобалық және жергілікті жобалық қауіп- қатерге байланысты нақты физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін талдау процесі;

      22) периферийлік қондырғы – физикалық қорғаудың қашықтықтан жұмыс істейтін техникалық құралдары;

      23) физикалық қорғау персоналы – лауазымдық міндеттеріне физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау кіретін тұлғалар;

      24) ядролық физикалық қауіпсіздік жоспары – физикалық қорғау жүйесінің элементтерін, ұйымдық басқару жүйесін, пайдаланушы ұйымның ядролық объектілерін физикалық қорғаудың техникалық компоненттері мен процедураларын белгілейтін және жүйелеп баяндайтын құжат;

      25) күзет орны – күзет және ден қою күштерінің персоналы қызметкері өздерінің функционалдық міндеттерін атқаратын тұрақты орын және (немесе) жер учаскесі;

      26) екі (үш) адамның тәртібі – рұқсатсыз әрекет жасау мүмкіндігін азайту үшін кемінде екі (үш) адамның жұмыс орнында немесе бір үй-жайда бір мезгілде болу талабына негізделген (үй-жайды ашуды және күзетке тапсыруды қоса алғанда) топтық жұмыс принципі;

      27) ден қою – тәртіп бұзушының (тәртіп бұзушылардың) әрекетінің алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;

      28) физикалық қорғау режимі – ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын қамтамасыз етуді регламенттейтін заңнамалық және нормативтік негіздерді; заңнамалық және нормативтік негіздерді іске асыруды қамтамасыз етуге жауапты мекемелер мен ұйымдарды; сонымен қатар ядролық қондырғыларды, ядролық материалдарды физикалық қорғау жүйесін және ядролық материалдарды тасымалдау құралдарын қамтитын режим;

      29) өзін-өзі қорғау – пайдаланушы ұйым персоналы күзетілетін үй-жайға рұқсатсыз кіруді болдырмау мақсатында жұмыс уақытында өткізетін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені;

      30) күзет және ден қою күштері – мемлекеттік ведомстволардың рұқсатсыз алу әрекетіне немесе диверсия әрекетіне қарсы оқытылған және жабдықталған ядролық объектінің аумағындағы немесе оның сыртындағы бөлімдері, сондай-ақ бар лицензияларды ескере отырып осындай функцияларды атқаратын ведомстводан тыс күзет бөлімшелері;

      31) ақпаратты қорғау жүйесі – физикалық қорғау жүйесі және оның ішкі жүйелері туралы ақпараттың әлсіздігін азайтатын, осындай ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге оның жойылуына немесе жоғалуына кедергі жасайтын ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық және басқа құралдар, әдістер мен шаралар жиынтығы;

      32) ядролық материалдарды, металдарды, жарылғыш заттарды алып өтуді анықтау жүйесі – тыйым салынған бұйымдар мен заттарды рұқсатсыз әкелуді (әкетуді) және (немесе) кіргізуді (шығаруды) анықтауға арналған техникалық құралдар жиынтығы;

      33) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі – ақпаратты қажетті түрде көрсету және (немесе) беру және жүйені тұтас немесе кіші жүйені жеке басқарудың тиімді функциясын алу мақсатында деректерді орталықтандырылған жинауға және талдауға, физикалық қорғаныстың кіші жүйелерін бірыңғай интеграцияланған физикалық қорғаныс жүйесіне біріктіруге арналған жүйе;

      34) телекоммуникация жүйесі – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін жүйелер арасында сенімді ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған кабельден жасалған құралдар мен желілік-кабельдік құрылыстардың жиынтығы

      35) ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты оқиға – физикалық қорғау үшін салдары бар ретінде бағаланатын оқиға;

      36) анықтау құралы – осы құрал әсер ететін аймақта рұқсатсыз әрекет орын алған жағдайда автоматты түрде дабыл беруге арналған техникалық құрал;

      37) физикалық қорғаудың техникалық құралдары – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін құрылымдық жағынан аяқталған, аппараттық-бағдарламалық функцияларды дербес атқаратын құрылғылар;

      38) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      39) физикалық тосқауыл – кіруді кідіртуді қамтамасыз ететін және кіруді бақылау шараларын толықтыратын, сондай-ақ міндеттерді өз бетінше және басқа да физикалық қорғаудың инженерлік құралдар кешенінің құрамдас бөліктерімен жиынтықта шешетін бөгеуші инженерлік құрылыс және (немесе) құрал;

      40) физикалық қорғау – атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз кіруді болдырмау жөніндегі ұйымдастыру және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесі;

      41) функционалдық сынау – физикалық қорғау шаралары мен физикалық қорғау жүйесі жобаға сәйкес көзделгендігін және жұмыс істейтіндігін, болжалды табиғи жағдайлар, өнеркәсіптік орта және қауіп-қатер кезіндегі жағдайға барабарлығын, және жұмыс істеуге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында тексеру;

      42) орталық басқару орны – дабыл сигнализациясының толық және үздіксіз мониторингін, дабылдарды бағалауды және күзет және ден қою күштерінің персоналмен, объектінің басшылығымен және ден қою күштерімен байланысты сақтауды қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйесі операторының жұмыс орны;

      43) пайдаланушы ұйымның ядролық объектісі (бұдан әрі – ядролық объект) – ядролық материалдар пайдаланылатын немесе сақталатын және (немесе) ядролық қондырғылар орналастырылатын, күзет және ден қою күштері күзететін аумақ;

      Осы қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды
физикалық қорғау тәртібі

      3. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді.

      4. Жаңа ядролық қондырғыны салу кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету алаңды таңдау кезінде және жобалау кезеңінде ескеріледі.

      5. Пайдаланушы ұйым жұмыс істеуді тексеруді, сондай-ақ физикалық қорғау жүйесінің жұмысқа жарамдылығын қолдауды қоса алғанда, бағалау жүргізу құралдары мен рәсімдерін әзірлейді және қолданады.

      6. Пайдаланушы ұйым рұқсатсыз ашу ядролық физикалық қауіпсіздік катеріне алып келетін ақпаратты қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Осы ақпарат өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажет тұлғаларға ғана рұқсат бере отырып, осындай ақпаратқа қол жеткізуді шектеу рәсімдерін жүргізеді.

      7. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдарды, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті физикалық қорғауды, есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын компьютерлендірілген жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарларды қабылдайды.

1-параграф. Жергілікті жобалық қауіп-қатер

      8. Жергілікті жобалық қауіп-қатерді пайдаланушы ұйым әзірлейді және 5 жылда кемінде 1 рет немесе көзделмеген ядролық физикалық қауіпсіздік қатері туындаған кезде дереу қайта қарайды.

      9. Пайдаланушы ұйым жергілікті жобалық қауіп-қатерді дайындау кезінде арнайы физикалық қорғау элементтерін немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сияқты басқа да көзделген шараларды айналып өту үшін өздерінің кіру құқығын, сондай-ақ өздерінде бар өкілеттіктер мен білімді пайдалануы мүмкін ішкі тәртіп бұзушыларға ерекше көңіл бөледі.

      10. Пайдаланушы ұйым ішкі тәртіп бұзушы ұзақ уақыт бойы жасаған ядролық материалдардың ұрлануын тоқтату және анықтау мақсатында физикалық қорғау жүйесін, сондай-ақ ядролық материалдарды есепке алу және бақылау шараларын қолдауды қамтамасыз етеді.

2-параграф. Тәуекелдерді бағалауға негізделген
физикалық қорғау жүйесі мен шаралары

      11. Ядролық объектілерде физикалық қорғау қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйым тәуекелді басқару, қауіп-қатерді бағалау және қаскүнемдік әрекеттердің ықтимал зардаптары арқылы рұқсатсыз алу тәуекелдері мен диверсияны шектеуді және шегеруді қамтамасыз етеді.

      12. Тәуекелді басқару:

      1) сенімді физикалық қорғау шараларымен және құпия ақпаратты сақтау арқылы қамтамасыз етілетін тоқтату есебінен қауіп-қатерді азайту;

      2) физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін тереңдетілген эшелондық қорғауды қолдану есебінен арттыру;

      3) қаскүнемдік әрекеттердің ықтимал зардаптарын жәрдемдесудің өзіне тән факторларын, ядролық материалдардың саны мен түрін және қондырғының құрылымын өзгерту есебінен азайту арқылы жүзеге асырылады.

      13. Физикалық қорғауға қойылатын талаптарды анықтау кезінде қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, ядролық материалдардың салыстырмалы тартымдылығы мен сипаты және ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюдың немесе ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты диверсияның ықтимал зардаптары ескеріледі.

      14. Сараланған тәсіл неғұрлым елеулі зардаптарға алып келуі мүмкін оқиғалардан қорғаудың тым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      15. Әр қауіп-қатерге тәуекелдің өз деңгейі және әрбір белгілі бір жағдайда қолайлы қорғау деңгейі қолданылады.

      16. Рұқсатсыз алудан физикалық қорғау шаралары ядролық материалдың санатына сәйкес анықталады. Диверсиядан қорғау үшін қолданыстағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік шараларын есепке ала отырып физикалық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау үшін тиімсіз радиологиялық зардаптардың шегі белгіленді.

      17. Осы Қағидалармен анықталатын қорғау деңгейлері ядролық материалды санаттауға негізделеді. Пайдаланушы ұйым өзінің ядролық материалын санаттауды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

      18. Пайдаланушы ұйым физикалық қорғау шараларының әсер етуін немесе салдарын жеңілдетуді назарға алмай, диверсия әрекеттері ойдағыдай орындалады деп ойлай отырып қолайсыз радиологиялық зардаптардың мүмкіндігін айқындау үшін уәкілетті орган бекітетін әрбір ядролық қондырғыға талдау жасайды.

      19. Диверсиядан қорғау деңгейлері екі шекті мәнді: қатерлі радиологиялық зардаптар болып табылатын қолайсыз радиологиялық зардаптың төменгі шегін және қолайсыз радиологиялық зардаптың жоғарғы шегін айқындауға негізделеді.

      20. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдың саны мен сипаттамасын, оның ядролық объектіде тұрған орнын ескере отырып, өзінің барлық ядролық материалдары үшін физикалық қорғау деңгейін белгілейді.

      21. Пайдаланушы ұйым осы Қағидалардың талаптарына сәйкес диверсиядан қорғау жөніндегі шараларды енгізеді.

      22. Физикалық қорғау жөніндегі талаптар тәртіп бұзушы өз мақсатына қол жеткізу үшін еңсеру немесе айналып өту талап етілетін терең эшелондандырылған қорғау қағидатына және қорғау әдістеріне (құрылымдық, инженерлік-техникалық, кадрлық және ұйымдастырушылық) негізделеді. Физикалық қорғау тұжырымдамасы күзет және ден қою күштері қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруды, олардың өз міндеттерін орындауын қоса алғанда, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар мен рәсімдерді және оларды құрастыруды қоса алғанда, қондырғы құрылымы элементтерінің үйлесімін көздейді.

      23. Физикалық қорғаудың әр функциясы үшін – анықтау, жағдайды бағалау, өтуді (жылжуды) тоқтату, ден қою және тәртіп бұзушыны тоқтату – терең эшелондандырылған қорғау қағидаты пайдаланылады және тиісті қорғауды қамтамасыз ету үшін сараланған тәсіл қолданылады.

      24. Терең эшелондандырылған қорғау қағидатын іске асыру кезінде қатар орналасқан әртүрлі қорғаныш құрылғыларын немесе тосқауылдарды ұйымдастыру арқылы физикалық қорғау жүйесі мен ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесінің ішкі тәртіп бұзушылардан және сыртқы қауіптен қорғауды қамтамасыз етуге қабілеттілігі ескеріледі.

3-параграф. Өткізу және объектішілік режимдер

      25. Пайдаланушы ұйым күзет және ден қою күштерінің басшылығымен бірлесіп өткізу және объектішілік режимдерді белгілейді.

      26. Өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысы 1-бөлімінің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Өткізу режимін ядролық объектінің күзет және ден қою күштері тікелей жүзеге асырады.

      28. Санатталған және режимдік үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстарды күзетке қою және күзеттен шығару тәртібіне қатысты бөлігінде өткізу режимінің, сондай-ақ объектішілік режим рәсімдерін ұйымдастыру және орындалуын бақылау ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесіне жүктеледі.

      29. Объектішілік режимді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау, сондай-ақ өткізу режимі бойынша бланктерді, рұқсатнамаларды және мөрлерді жасау мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесіне жүктеледі.

      30. Өткізу және объектішілік режимдердің талаптары пайдаланушы ұйымның және оның аумағында орналасқан басқа ұйымдардың барлық персоналы үшін, сондай-ақ іссапарға жіберілген адамдар, күзет және ден қою күштерінің жеке құрамы және мемлекеттік қадағалау органдарының, қаржы және салық органдарының, ішкі істер органдарының және басқа да құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің, энергия өткізу ұйымдарының және пайдаланушы ұйымға қызмет көрсетуге тікелей байланысты басқа да ұйымдардың арнайы тағайындалған өкілдері үшін міндетті болып табылады.

4-параграф. Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жоспары

      31. Пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілер әзірлеген қажетті құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

      32. Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары жобалық қауіп-қатерге негізделеді және физикалық қорғау жүйесін әзірлеу, бағалау, орындау және оның жұмысқа қабілеттілігін сақтау жөніндегі бөлімдерді, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою жоспарын қамтиды.

      33. Пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын тұрақты түрде қайта қарайды және ағымдағы жұмыс жағдайларына және қолданыстағы физикалық қорғау жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізеді. Бекітілген ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарында жазылған іс-шараларға уақытша өзгерістерді қоса алғанда, едәуір өзгерістер енгізер алдында пайдаланушы ұйым уәкілетті органға қарау және келісу үшін ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулерді ұсынады.

5-параграф. Ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты
оқиғалар туралы хабарлама

      34. Осы Қағидалардың талаптары сақталмаған жағдайда пайдаланушы ұйым:

      1) сақтамауды/бас тартуды жою үшін дереу күш қолданады;

      2) уәкілетті органға осындай оқиға туралы 12 сағат ішінде хабарлайды;

      3) 72 сағат ішінде тексеру жүргізеді және себептерді, мән-жайлар мен салдарын анықтайды;

      4) 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтамаудың/бас тартудың себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есепті ұсынады.

      35. Рұқсатсыз алу немесе диверсия жасауға әрекеттенумен немесе нақты рұқсатсыз қол жеткізумен байланысты оқиғалар жағдайында пайдаланушы ұйым:

      1) жағдайды түзету үшін дереу күш қолданады;

      2) төтенше жағдайларға ден қою жоспарына сәйкес 1 сағат ішінде уәкілетті органға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға хабарлайды;

      3) 72 сағат ішінде оқиғаға, оның себептеріне, мән-жайлары мен салдарына тексеру жүргізеді;

      4) 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оқиғаның себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есепті ұсынады.

6-параграф. Ядролық материалдарды оларды пайдалану
және сақтау кезінде рұқсатсыз алудан физикалық
қорғауға қойылатын талаптар

      36. Пайдаланушы ұйым күзетілетін аймаққа рұқсатсыз өтуді анықтауды және күзет және/немесе ден қою күштерінің ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаға жауап ретінде тиісті әрекеттерін қамтамасыз етеді.

      37. Қорғалған аймақтың периметрі табиғи тосқауылмен, рұқсатсыз қол жетімділікті анықтау үшін өтуді анықтау және жағдайды бағалау құралдарымен жарақтандырылады. Физикалық қорғау шаралары жұмыстың кез келген жағдайларында дабыл сигналының пайда болу себептерін бағалау үшін уақытты қамтамасыз ететіндей және барабар ден қою үшін жеткілікті тоқтатуды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады. Қорғалған аймаққа персоналдың және басқа адамдардың, сондай-ақ көлік құралдарының кіруін бақылау жүзеге асыратын бақылау-өткізу пункттерінің саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі.

      38. Көлік құралдарының өтуін қиындатуға арналған қоршаулар тәртіп бұзушы қаскүнемдік әрекет жасау үшін қолдануы мүмкін жобалық қауіпте көрсетілген көліктің рұқсатсыз өтуіне жол бермеу үшін қорғалған аймақтан тиісті қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар пайдаланушы ұйым үшін жобалық қауіпте айқындалған әуеден келетін кез келген қатерден қорғау шараларын қолдану қарастырылады.

      39. Ішкі аймақтың белгіленген шекаралары бар, үй-жайлар мен құрылыстарға орналастырылады есікті, еденді, төбені қоса алғанда, құрылыс құрылымдарының элементтері мен жабдық сенімділігі бірдей табиғи тосқауылды білдіреді. Ішкі аймаққа кіруді тіркеу мен бақылаудың техникалық құралдарын қоса алғанда, кіруді бақылау және тіркеу шаралары қолданылады. Қорғалған аймақпен салыстырғанда, ішкі аймаққа персонал мен басқа адамдарды кіргізудің қосымша рәсімдері қолданылады.

      40. Ішкі аймақты техникалық нығайту талаптарына сәйкес жабдықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда периметр қосымша табиғи тосқауылдармен, күзет, бейнебақылау, жүйелерімен, кіруді бақылау және басқару жүйелерімен, кіретін қақпалармен және жергілікті басқару пунктімен жабдықталады. Жергілікті басқару орнына қойылатын талаптар орталық басқару пунктіне қойылатын талаптарға ұқсас.

      41. Ішкі және аса маңызды аймақтарға кіру (өту) нүктелерінің саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі. Кіруге болатын барлық пункттер дабылмен жабдықталады және күзетке қойылады.

      42. Аса маңызды аймақ ішкі және қорғалған аймақты анықтау, қол жетімділікті бақылау және ұстап қалу кезіндегі рұқсатсыз алудан қорғаудың қосымша шебін қамтамасыз етеді. Аса маңызды аймақтар күзетіледі және онда персонал болмаған жағдайда дабылмен жарақтандырылады.

      43. Аса маңызды аймақ рұқсатсыз алу жағдайында уақтылы және сайма-сай ден қоюды қамтамасыз ете отырып, рұқсатсыз кіру кезінде тоқтатуды қамтамасыз етеді. Тоқтатуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар болуы мүмкін барлық өту нүктелерін тең қарау кезінде және ішкі және сыртқы тәртіп бұзушылардың ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.

      44. Пайдаланушы ұйым уәкілетті адамдардың ғана ішкі және аса маңызды аймаққа кіруін қамтамасыз ететін шараларды қолданады. Кіруді бақылау бойынша тиімді шаралар рұқсатсыз кіруді анықтау және алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады. Ішкі және аса маңызды аймаққа кіретін уәкілетті адамдардың саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі.

      45. Ішкі аймаққа кіретін адамдар тексеріледі және қажет болған кезде күзет және ден қою күштері тексеріп қарайды. Ішкі аймақта рұқсатнама немесе сәйкестендіру карточкаларын, олар жақсы көрінетіндей алып жүру керек.

      46. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдарға қол жетімділікті бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, кілттерге, карточка-кілттерге және/немесе басқа жүйелерге рұқсаты бар немесе оларды пайдалануға алған барлық адамдарға тіркеу жүргізеді.

      47. Пайдаланушы ұйым техникалық құралдарды және кілттер сияқты және санкцияланған рұқсаты бар адамдардың компьютерлендірілген тізімін қол жетімділікті бақылауға арналған процедураларды айла-шарғыдан және бұрмалаудан немесе беделін түсірудің басқа да түрлерінен қорғайды.

      48. Пайдаланушы ұйым тәртіпті регламенттейді, оған сәйкес көлік құралдары, адамдар мен орамдар қорғалған және ішкі аймақтарға ену/кіру, сондай-ақ кету/шығу кезінде рұқсатсыз кіруді және тыйым салынған заттарды алып кіруді/жеткізуді анықтау және алдын алу үшін тексеріп қарауға тартылады. Көлікті тексеріп қараудың барлық түрлері үшін пайдаланушы ұйым ядролық материалды, металдарды және жарылғыш заттарды анықтауға арналған аспаптарды пайдаланады.

      49. Көлік құралдарының қорғалатын аймаққа кіруі минимумға дейін қатаң қысқартылған және арнайы бөлінген тұрақтармен шектеледі. Күзетілетін аймаққа жеке көлік құралдарының кіруіне рұқсат етілмейді.

      50. Аса маңызды аймақта персонал болғанда, ішкі тәртіп бұзушының қауіп-қатеріне қарсы іс-қимыл жасау үшін пайдаланушы ұйым тұрақты бақылау, екі (үш) адам қағидасын немесе балама шараларды қолдану арқылы рұқсатсыз етілмеген әрекеттерді анықтауды қамтамасыз етеді.

      51. Пайдаланушы ұйым ішкі және аса маңызды аймақтарға рұқсаты бар барлық адамдарға және ядролық материалдарға немесе ішкі аймақтарға кіруді бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, кілттерге, карточка-кілттерге және/немесе басқа жүйелерге рұқсаты бар, немесе оларды пайдалануға алған барлық адамдарға тіркеу жүргізеді.

      52. Пайдаланушы ұйым I санатты ядролық материалдарды анықтау мен ұстауға қосымша шепті қамтамасыз ететін, материалды алуға бөгет жасайтын аса маңызды аймақта күшейтілген үй-жайда ("сейфті") немесе бекітілген камерада (конструкцияда) сақтайды. Бұл қауіпсіздік аймағы материалға санцияланған рұқсат берілген уақыт кезеңін қоспағанда, күзет дабылын жандандыра отырып, кілтке жабылады. Ядролық материал аса маңызды аймақтан тыс персоналдың болуынсыз жұмыс аймағында болса, физикалық қорғаудың баламалы қалпына келтіру шаралары қолданылады.

      53. Пайдаланушы ұйым ядролық материалмен жұмыс істейтін адамдардың бақылауына I, II және III санаттағы ядролық материалдарды берудің міндетті рәсімдерін белгілейді. Сонымен қатар осы рәсімдерге сәйкес ядролық материалмен жұмыс істейтін адамдар жұмысқа кіріскенде ешқандай бөтен араласудың немесе ядролық материалды рұқсатсыз алудың болмағандығына көзін жеткізеді.

      54. Ядролық материалдардың екі қорғалған аймақ арасында орын ауыстыруына қатысты пайдаланушы ұйым тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың бар шараларын ескере отырып, ядролық материалды физикалық қорғауға қойылатын талаптарға тиісті шараларды қолданады.

      55. Пайдаланушы ұйымның басшылығымен, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесімен, сондай-ақ ядролық объект сыртында орналасқан ден қою күштерімен дабыл сигналдарын бақылау және бағалау ден қою мен байланысты онда тәулік бойы күзет және ден қою күштері болатын орталық басқару пункті құрылады Орталық басқару пункті келіп түсетін ақпарат қауіпсіз сақталуға тиіс. Орталық басқару пункті, қорғалған аймақта орналасады және үй-жайды нығайту жолымен ол қауіп-қатер жағдайында жұмыс істей алатындай түрде басқа құралдармен қорғалады. Орталық басқару пунктінің үй-жайына кіру қатаң бақыланады және қатаң шектелген.

      56. Дабыл сигнализациясының жабдығы, сигнализация жүйесінің байланыс арналары және орталық басқару пункті үздіксіз қоректену көздерімен және рұқсатсыз мониторингілеу, манипуляциялау және бұрмалау жолымен қол сұғудан қорғаумен қамтамасыз етіледі.

      57. Орталық басқару пункті электрмен қоректендіруді қамтамасыз ету жүйесінде, авариялық жағдайлар кезінде негізгі ток көзінен дереу басқа бағытқа бұруды қамтамасыз ете алатындай ток көзінің автоматты резервтік жүйесі көзделеді.

      58. Пайдаланушы ұйым орталық басқару пункті мен қорғалатын аймақ периметрінде және жергілікті басқару пункттерінде орналасқан күзет күштері арасында, орталық басқару пункті мен ядролық объектінің сыртында орналасқан ден қою күштері арасында, сондай-ақ орталық және жергілікті басқару пункттері арасында екіжақты қорғалған байланысты жүзеге асыру мақсатында арнайы, резервте сақталған және әртүрлі сигнал беру жүйесімен қамтамасыз етеді.

      59. Орталық басқару пунктінің персоналы және күзет және ден қою күштері алаңның сыртында бір бірімен белгіленген арақашықтық арқылы байланысқа шығады.

      60. Пайдаланушы ұйым резервке қою шараларын қоса алғанда, орталық басқару пунктінің дабыл сигналдарын мониторингілеу және бағалау, ден қоюды бастау және байланысты қолдау бойынша функцияларының авариялық жағдайлар кезінде сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды

      61. Пайдаланушы ұйым тәртіп бұзушының рұқсатсыз әрекет жасауының алдын алу мақсатында тиісті және уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету үшін тәуліктік күзетті және ден қою күштерінің болуын қамтамасыз етеді.

      62. Күзет және ден қою күштері қауіпсіздік аймағына ішінара тору жүргізеді. Патрульдердің негізгі функциялары:

      1) тәртіп бұзушыны тоқтату;

      2) енуді анықтау;

      3) физикалық қорғаудың құрамдас элементтерін көзбен шолып қарау;

      4) физикалық қорғаудың қолданыстағы шараларын толықтыру;

      5) бастапқы ден қоюды орындау болып табылады.

      63. Пайдаланушы ұйым функционалдық сынауларды физикалық қорғау шараларын және физикалық қорғау жүйелерін, оның ішінде қауіп-қатерге қарсы іс-қимылдың сенімділігі мен тиімділігін айқындау мақсатында күзет және ден қою күштерінің әрекет етуінің уақытында болуын қоса алғанда, бағалауды тұрақты жүргізеді. Бұл бағалаулар пайдаланушы ұйым мен күзет және ден қою күштерінің толық ынтымақтастығымен орындалады. Пайдаланушы ұйым бағалау нәтижелері мен қабылданған шараларды есепке қосады.

      64. Жылына кемінде бір рет пайдаланушы ұйым ден қою күштерінің ядролық материалды рұқсатсыз алудың алдын алу және әрекет ету бойынша міндеттерді тиімді және уақытылы орындау қабілетін айқындау мақсатында екі жақты жаттығуды қоса алғанда, жаттығулар жүргізу арқылы ядролық материалдарды физикалық қорғау жүйелеріне функционалдық сынаулар жүргізеді.

      65. III-тен төмен санаттағы ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету кезінде пайдаланушы ұйым осы материалдарды рұқсатсыз алу және оған қол жеткізу шараларын көздейді.

7-параграф. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды
диверсиядан физикалық қорғауға қойылатын талаптар

      66. Пайдаланушы ұйым шындыққа ұқсайтын, соған сәйкес тәртіп бұзушылар ядролық материалдарға және ядролық қондырғыларға қатысты диверсия жасауы мүмкін сценарийді қамтитын жергілікті жобалық қауіп-қатерді дайындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара көмектесе әрекет жасай отырып әзірленген жергілікті жобалық қауіп-қатер уәкілетті органмен келісіледі.

      67. Сценарийлерді айқындау кезінде пайдаланушы ұйым халықтың тығыздығына қатысты ядролық қондырғының орналасу орнын, ядролық материалдың ядролық объектіде бір жерде орналасқан орнын, сондай-ақ диверсия жағдайында радиологиялық әсер етуі мүмкін басқа да факторларды есепке алады.

      68. Диверсия сценарийлерінде пайдаланушы ұйым жобалық қауіп-қатерге немесе жергілікті жобалық қауіп-қатерге сәйкес мүмкін болатын қашықтықтан шабуылдарды қоса алғанда, ядролық немесе басқа да радиоактивті материалға, немесе жабдыққа, жүйелерге, конструкцияларға, компоненттерге немесе құрылғыларға қатысты бөгет жасауы немесе зиян келтіруге тырысуы мүмкін сыртқы және/немесе ішкі тәртіп бұзушыларды есепке алады.

      69. Пайдаланушы ұйым диверсияның белгілі бір сценарийлерін жүзеге асыруға тиімді қарсы әрекет ететін және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды қорғаудың талап етілетін деңгейіне сәйкес келетін физикалық қорғау жүйесін жобалайды.

      70. Физикалық қорғау жүйесі қауіпсіздіктің техникалық құралдарының сенімділігін және пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ өртке қарсы қорғау, радиациялық қорғау шараларын және авариялық әзірлікті ескере отырып, диверсия актілерінің ықтимал зардаптарын болдырмау үшін ықпалдасқан жүйенің құрамдас элементі ретінде жобаланады.

      71. Физикалық қорғау жүйесі, ол адамдардың рұқсатсыз кіруін немесе жабдықты мақсатына жеткізуге бөгет болатындай, ішкі тәртіп бұзушылардың мүмкіндігін минимумға дейін жеткізетіндей және мақсаттарды жобалық қауіп-қатерге немесе жергілікті жобалық қауіп-қатерге сәйкес мүмкін болатын дистанциялық шабуылдардан қорғайтындай әзірленеді. Ден қою стратегиясы тәртіп бұзушыларды диверсия мақсаттарына қол жеткізудің жолын кесуге немесе тәртіп бұзушылардың өз міндеттерін диверсия мақсаттары тұрған орында орындауына жол бермеуге негізделеді. Мақсаттарға қол жеткізудің жолын кесу физикалық қорғаудың негізгі функцияларын: анықтауды, тоқтатуды және ден қоюды жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі. Дистанциялық шабуылдан қорғауға қондырғы жобасының ерекшеліктерімен, шекаралық қашықтықты және бөлудің басқа да шараларын қамтамасыз ететін тосқауыл дизайнымен қол жеткізіледі.

      72. Физикалық қорғау жүйесінің ядролық физикалық қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне сәйкестігін тексеру үшін пайдаланушы ұйым өзіне физикалық қорғау жүйесінің жобасын және оның тиімділігінің бағалауды, физикалық қорғау жүйесінің құрамдық жабдықтарының функционалдық сынауларының нәтижелерін, сондай-ақ күзет және ден қою күштерінің уақтылы әрекет етуін қамтитын ядролық физикалық қауіпсіздікке бағалау жүргізеді.

      73. Физикалық қорғау жүйесінің оны бағалау немесе уәкілетті орган инспекциясының нәтижелері бойынша анықталған тиімсіздігі жағдайында пайдаланушы ұйым физикалық қорғау жүйесінің жобасына өзгерістер енгізеді және ядролық физикалық қауіпсіздікке жаңа бағалау жүргізеді.

      74. Саны олар таралған жағдайда елеулі радиологиялық салдарға әкелуі мүмкін ядролық материалдарды және елеулі радиологиялық салдардың алдын алу үшін қажет жабдықтың, жүйелердің немесе құрылғылардың барынша аз жинағын ішкі аймақтарда орналасқан бір немесе бірнеше айрықша маңызды аймақтардың ішіне орналастырады.

      75. Пайдаланушы ұйым айрықша маңызды аймақтар шекарасындағы рұқсатсыз кіруге кедергі болатын анықтау, кіруді бақылау және ұстап алу бойынша шараларды қабылдайды. Ұстап алу шаралары жобалық қауіп-қатерге сәйкес диверсия әрекеті жағдайында уақтылы және барабар әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар енудің барлық мүмкін болатын нүктелерін тең қарау кезінде ішкі және сыртқы бұзушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.

      76. Көлік құралдарының жүруін қиындатуға арналған қоршаулар бұзушының қасақана әрекет жасауы үшін пайдаланылуы мүмкін жергілікті жобалық қауіп-қатерде көрсетілген рұқсат етілмеген жердегі және су көлігінің енуін болдырмау үшін жеткілікті айрықша маңызды аймақтардан тиісті қашықтықта орнатылады. Сонымен қатар жергілікті жобалық қауіп-қатерде айқындалған ауадан келетін кез келген қауіп-қатерден қорғау шаралары есепке алынады.

      77. Ішкі қауіп-қатерге қарсы әрекет ету үшін пайдаланушы ұйым айрықша маңызды аймақтардағы адамдардың рұқсатсыз әрекеттерін уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді.

      78. Аса маңызды аймақ жабдығының, жүйелерінің немесе құрылғыларының жұмысына араласуды немесе функцияларын бұзушылықтарды уақтылы анықтау көзделеді.

      79. Тоқтатып қою кезеңінде (жөндеу кезеңінде) айрықша маңызды аймаққа кіру қатаң бақылауда ұсталады. Реакторды іске қосу алдында тоқтатып қою (жөндеу жұмыстары) кезінде жасалуы мүмкін кез келген қол сұғуды анықтау мақсатында байқап қарау және тексерулер жүргізіледі.

      80. Егер диверсияның әлеуетті радиологиялық салдары, уәкілетті орган айқындаған радиологиялық салдарға қарағанда ауырлығы аздау болса, пайдаланушы ұйым оларға кіруді бақылау және оларды физикалық қорғауды және күзет күштерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары арқылы құрылғылар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне байланысты қорғауды көздейді.

8-параграф. Физикалық қорғау жүйесінің ұйымдық
іс-шараларына қойылатын талаптар

      81. Физикалық қорғау жүйесін ұйымдастыру өзіне физикалық қорғау жүйелерін құрудың (жетілдіру) және жұмыс істеуінің барлық кезеңдеріндегі шаралар кешенін және осы шараларды регламенттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық құжаттарды қамтиды.

      82. Физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені мыналарды:

      1) физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуін басқаруды, оның ішінде жұмыстарды жоспарлауды, физикалық қорғау персоналының күзет және ден қою күштерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, физикалық қорғау жүйесінің жай-күйін бақылауды;

      2) ядролық материалдарға, ядролық қондырғыларға, сақтау пункттеріне және физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуі туралы ақпаратқа адамдардың кіруін және қол жеткізуін ұйымдастыруды;

      3) өткізу және объект ішіндегі режимдерді ұйымдастыруды;

      4) физикалық қорғау жүйесінің осалдығына талдау жүргізуді және тиімділігін бағалауды және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды көздейді.

      83. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бойынша ұйымдық-өкімдік құжаттама әзірлейді.

      84. Физикалық қорғау персоналын іріктеуге және дайындауға мынадай талаптар қойылады:

      1) Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін біліктілік талаптары;

      2) физикалық қорғау персоналының мынадай кәсіби дайындық түрлері белгіленеді: алғашқы даярлық, біліктілікті арттыру, қайта даярлау.

      85. Алғашқы даярлық бос лауазымдарға тағайындау үшін іріктелген және біліктілік талаптарына жауап беретін үміткерлермен жүргізіледі.

      86. Физикалық қорғау персоналын қайта даярлау және біліктілігін арттыру олардың кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын арттыру мақсатында физикалық қорғау саласындағы басшылық құрам мен мамандар үшін іс-шаралар жүйесі болып табылады.

      87. Физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі ядролық объектіге ядролық материалдарды жеткізу сәтіне дейін қамтамасыз етіледі.

      88. Ядролық қондырғыны, сақтау пунктін пайдаланудан шығару кезеңінде ядролық материалдарды ядролық қондырғыдан, сақтау пунктінен алғанға дейін физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

      89. Физикалық қорғау жүйесі міндеттерді штаттық жағдайларда және рұқсатсыз әрекеттер нәтижесінде ядролық объектінің қалыпты жұмыс істеу жағдайлары бұзылатын жағдайларда, персоналдың (халықтың) денсаулығына залал келтірілуі мүмкін, сондай-ақ қоршаған ортаға залал келтірілуі мүмкін жағдайларда орындайды.

      90. Физикалық қорғау жүйесі ақпаратты, оның ішінде бұзушылық жалпы немесе оның жекелеген элементтерінде физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін төмендетуге әкелуі мүмкін физикалық қорғау жүйесін ұйымдастыру, құрамы және жұмыс істеуі, оның тұтастығы және санкцияланған қол жетімділігі туралы құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

      91. Ядролық объектіде ядролық қондырғыларға жатпайтын, осалдықты талдау барысында оларға қатысты рұқсатсыз әрекеттерді болдырмау қажеттігі анықталған жүйелерді, элементтерді және коммуникацияларды қорғау қамтамасыз етіледі.

      92. Осы Қағидаларда белгіленген физикалық қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды толық көлемде орындау мүмкін болмаған кезде ерекше жағдайларда өтемдік ұйымдық-техникалық шаралар қолданылады. Қабылданған шаралардың жеткіліктілігі физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін бағалаумен расталады.

9-параграф. Ядролық объектілердің техникалық мықтылығына
қойылатын талаптар

      93. Құрылыс конструкцияларын есептеу кезінде мынадай зақымдаушы факторлар есепке алынады:

      1) диверсиялық жарылыстардан ауалық соққылық толқын;

      2) мүмкін болатын көлік құралдарымен таран.

      94. Сыртқы әсер етулер кезінде физикалық қорғау талаптарын орындау шаралар кешенімен және шешімдермен жүзеге асырылады.

      95. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын есептеу 30 килопаскаль ( бұдан әрі – кПа) соққы толқыны фронтында есептік қысымда және ғимаратқа (құрылысқа) дейінгі 7 метр (бұдан әрі – м) жақын емес 30 килограммаға (бұдан әрі – кг) дейінгі тротилдің баламалық қуатына немесе ғимаратқа (құрылысқа) дейінгі 30 м жақын емес 3000 кг-ға дейінгі тротилдің баламалық қуатына сәйкес ғимараттың, құрылыстың барлық жағынан 0.10 секунд (бұдан әрі – с) дейін қысу фазасының ұзаруымен жүзеге асырылады. Бұл шарттар жергілікті аймақтардың өлшемін айқындайды.

      96. Ядролық объектінің аумағында ғимараттарды және құрылыстарды орналастырған кезде мынадай жалпы талаптар есепке алынады:

      1) реакторлық бөлімшесі бар блоктарды қоса алғанда, ядролық қондырғының қауіпсіздігі үшін маңызды жүйелермен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстар мүмкіндігінше басқа ғимараттармен және құрылыстармен аражабындарды есепке ала отырып, қорғалған аймақтың периметрінен барынша мүмкін болатын қашықтықта орналастырылады;

      2) жердің үстіңгі бетіндегі коммуникациялар саны ең төменгі деңгейде.

      97. Қорғалған аймақта жекелеген ғимараттардың немесе құрылыстардың жиынтығын білдіретін ішкі аймақ бөлінеді. Ішкі аймақтың шекаралары ғимараттардың қабырғаларымен немесе арнайы жабдықталған қоршаумен айқындалады.

      98. Аса маңызды аймақтың шекарасы, әдетте, ғимараттар мен үй-жайлардың қабырғаларымен айқындалады.

      99. Күзетілетін ғимараттарда, олар арқылы ядролық объектінің аумағына ену мүмкін болатын құдықтар, люктер, қуыстар, шахталар, ашық құбырлар, каналдар мен басқа да осындай құрылыстар түрінде кіретін немесе шығатын жері бар жерасты немесе жер бетіндегі коммуникациялар бекітпелі құрылғылары бар тұрақты немесе алмалы торлармен, қақпақтармен, есіктермен жабдықталады. Тұрақты құрылғылар ашуға жатпайтын барлық коммуникацияларға орнатылады.

      100. 250 мм-ден (бұдан әрі – мм) астам диаметрі бар (250 х 250 мм-ден астам қимамен) барлық ойықтар торлармен жабдықталады.

      101. А, Б және В санатты үй-жайлары бар ғимараттардан барлық кіретін (шығатын) жерлер, сондай-ақ үй-жайлардың өздері күшейтілген есіктік қораптары бар, екі жағынан металл немесе металлмен қапталған есіктермен жабдықталады.

      102. А, Б және В санатты үй-жайлардың және аса маңызды аймақ ғимараттарының 1-ші және жертөле қабаттарының терезелік ойықтары болмайды.

      103. Екінші қабаттың терезелері, сондай-ақ кез келген қабаттың терезелері, егер олар іргелес санаттандырылмаған үй-жайларға және дәлізге шығатын немесе өрт баспалдақтарына және өзге құрылысқа жақын орналасқан болса, оларды пайдалана отырып санаттандырылған үй-жайға кіру мүмкін болатын болса, диаметрі кемінде 15мм және ұяшықтар өлшемі 150 х 150мм-ден аспайтын болат шыбықтан жасалған торлармен жабдықталады.

      104. Ішкі аймақтың үй-жайы В санатты үй-жайлардың мықтылығы бойынша баламалы қабырғалармен және аралық қабырғалармен қорғалған аймақ үй-жайынан бөлектеледі.

      105. Ішкі аймақтың үй-жайынан айрықша маңызды аймақтың үй-жайын Б санатты үй-жайлардың мықтылығы бойынша баламалы қабырғалармен және аралық қабырғалармен бөлектеледі.

      106. Айрықша маңызды аймақ пен қорғалған аймақтың үй-жайлары арасында А санатты үй-жайдың мықтылығы бойынша баламалы қабырғалар немесе аралық қабырғалар көзделеді.

      107. А, Б санатты үй-жайлардағы кіретін есіктердің мынадай параметрлерге:

      1) ағаш, екі жағынан қалыңдығы кемінде 0,6 мм болат табақпен күшейтілген қапсырмасы бар, табақ есіктің ішкі бетіне қарай бүктеліп немесе есіктің бүйір қабырғасында бір біріне бастырыла қапсырылған, жайманың периметрі мен диагоналы бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм шегелермен арасы 50 мм артық емес бекітпесі бар есіктерге;

      2) есіктік жаймаларды металл төсемелермен қосымша күшейтілген ағаш есіктерге;

      3) табағының қалыңдығы кемінде 4 мм металл болат есіктерге;

      4) оған кемінде 30-50 соққыда салмағы 2 кг ауыр металл затпен адамның өтуі үшін жеткілікті тесік жасауға төзімді қорғауыш шынылауды пайдалана отырып металл рамалармен немесе оларсыз шыныдан жасалған жаймасы бар есіктерге;

      5) ішкі жағынан торланған болат есіктер (айқара ашылатын, жылжымалы немесе жиналмалы) қосымша орнатылған күрделі емес есіктерге баламалы беріктікке ие. Есік қораптары болат істіктерден жасалған қосымша бекітпелермен, ал ілгектері –бүйірлік имектермен жабдықталады. Қорғаныш шынылауы кемінде 30-50 соққыда салмағы 2 кг ауыр металл затпен адамның өтуі үшін тесік жасауға төзімді.

      108. Аса маңызды аймақтардың үй-жайларының терезе ойықтары диаметрі кемінде 16 мм, 150Ч150 мм ұяшықтар түзетін болат шыбықтардан жасалатын металл торлармен жабдықталады. Шыбықтар қиылысқан жерлерді дәнекерлеу қажет. Тор шыбықтарының ұштары кемінде 80 мм тереңдікте қабырғаға енгізіледі және цемент ерітінді құйылады немесе металл конструкцияларға дәнекерленеді. Мұны жасау мүмкін болмағанда, тор өлшемі кемінде 30Ч30Ч5 мм бұрышпен көмкеріледі және қабырғаға 80 мм тереңдікте мықтап енгізілген диаметрі кемінде 12 мм және ұзындығы кемінде 120 мм болат анкермен периметрі бойынша дәнекерленеді.

      109. Барлық терезелер торлармен жабдықталатын үй-жайларда олардың біреуі сындырудан қорғалған аспалы құлып салынып жылжымалы немесе айқара ашылатындай етіп жасалады.

      110. В санатты үй-жайлардың кіретін есіктерінің беріктігі:

      1) қалыңдығы кемінде 40 мм болған кезде полотно тұтас толтырылған ішкі ағаш есіктерге;

      2) 3 соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, саңылаусыз және көп қабатты шынымен шыныланған полотнолардың пайдаланумен қалыңдығы кемінде 40 мм болатын сыртқы ағаш есіктерге;

      3) 1 соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, қорғаныш шынымен, металл жақтаулы немесе оларсыз шыныдан жасалған полотнолары бар есіктерге балама параметрлерде болуы тиіс.

      111. Кіретін есік және тамбурдың есігі В санатындағы үй-жайлар үшін кемінде 25000 код (кілт) комбинациясы бар, А және Б санаттарындағы үй-жайлар үшін кемінде 100000 комбинациясы бар электрлі механикалық және/немесе механикалық құлыптармен жабдықталады.

      112. Есіктерде, терезелерде, люктерде, лифт шахталарында және т.б. орнатылатын бекіткіш құрылғы ретінде өздігінен бекітілмейтін бұрандалы құлыптар, салмалы, аспалы құлыптар, ішкі ілгектер, ысырмалар, тиектер, сұқпа тиектер және басқалар қолданылады.

      113. Кіреберіс есіктерді, сондай-ақ А санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін жоғары құпиялы, сувальдты екі қырлы кілттер, цилиндрлі штифті екі және одан қарапайым құлыптар пайдаланылуға тиіс. Сувальдты құлыптарда кем дегенде алты сувальд (симметриялы немесе асимметриялы) болуы тиіс.

      114. Б санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін құпиялылығы төмен цилиндрлік пластиналық сияқты және цилиндрлік штифті бірдей құлыптар пайдаланылады.

      115. Салмалы құлыптар В санатындағы ішкі үй-жайларды жабу үшін қолданылады.

      116. Аспалы құлыптар есіктерді, қақпаларды, темір торларды, терезе қақпақтарын қосымша бекіту үшін қолданылады. Бұл құлыптардың суарылған болаттан имегі және салмақты корпусы болуы тиіс, сондай-ақ жабылатын конструкцияларда оларды орнататын орындарда ұрлаудан және құлыптардың құлақтары мен имектерін кесудің алдын алатын қорғайтын қаптамалар, пластиналар және басқа құрылғылар болады.

      117. Құлыптардың тетіктері слесарлық қол құралын пайдаланып, қасақана зақымдаудан қорғайтын былғарымен қапталады және мөрленеді (пломбаланады).

      118. Есіктің сыртқы жағынан есік құрылғысынан шығып тұратын бұранда құлып цилиндрінің бөлігі сындырудан немесе ұрудан сақтандыратын жапсырмамен, розеткамен, қалқанмен қорғалады. Сақтандыратын жапсырма, розетка, қалқан орнатқаннан кейін цилиндрдің шығып тұратын бөлігі 2 мм-ден көп болмауы тиіс.

      119. Лифт шахталарының есіктері аспалы құлыптармен, тіректермен, күзет сигнализациясының хабарлағыштарымен оқшауланады.

      120. А және В санаттарындағы үй-жайлардың бірінші қабаттағы терезе жақтауларының, витриналардың беріктігі:

      1) қалыңдығы кемінде 1 мм болат рольставнялармен қосымша қапталған кәдімгі шыны терезелерге;

      2) металл торлармен (жылжымалы, айқара ашылатын) немесе тиісінше берік жапқыштармен қосымша қорғалған кәдімгі шыны терезелерге;

      3) бір соққыға шыдамды, 9,5 м және одан да жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, арнайы қорғаныш шынымен жасалған терезелерге балама параметрлерде болуы тиіс.

      121. Жедел жағдайы күрделі аудандардағы терезелер мен көрмелерге адам кіру үшін, салмағы 2 кг ауыр металл затпен кемінде 30-50 рет ұрғанға дейін тесілмейтін берік оқ өтпейтін қорғаныш шыныдан (үлдір) жасалады.

10-параграф. Физикалық қорғаудың инженерлік құралдарының
кешеніне қойылатын талаптар

      122. Ядролық объекті қорғалған аймақ ретінде қарастырылады, оның шекарасы тыйым салынған аймақтың сыртқы қоршауы бойынша өтеді. Негізгі қоршаудың сызығы мүмкіндігінше, тік бұрышты, иіндер мен бұрылыстарсыз.

      123. Тыйым салынған аймақтың ені кемінде 15 м құрайды.

      124. Қорғалған аймақ шекарасының периметрі, мүмкіндігінше, коммуникациялармен қиылысудың ең аз ықтимал саны бар.

      125. Коммуникациялық эстакадалары бар тыйым салынған аймақтың негізгі қоршауларының қиылысуы тік бұрышқа жақын бұрышта, биіктігі жердің деңгейінен кемінде 5 м қоршауда жүзеге асырылады.

      126. Қоршау күрделі құрылыстар болып табылады және үлгі жоба бойынша салынады. Сыртқы қоршаулардың ең жетілдірілген және ұсынылатын үлгісі қазуға төтеп беру тұрғысынан жерге 200-400 мм қазылған темір бетон цокольмен күшейтілген темір бетон қоршау болып табылады.

      127. Сыртқы қоршау күрделі құрылыстар болып табылады және үлгілік жоба бойынша салынады. Сыртқы қоршаулардың барынша жетілдірілген және ұсынылатын үлгісі қазуға төтеп беру тұрғысынан жерге 200-400 мм қазылған темір бетон цокольмен күшейтілген темір бетон қоршаулары болып табылады.

      128. Ядролық объектінің аумағын сыртқы қоршау кемінде 2,5 метр темірбетон тақталарынан немесе қалыңдығы кемінде 2 мм металл қаңылтырдан, ал қар түскендегі тереңдігімен бір метрден көп аудандарда – кемінде 3 метр биіктікте жасалады. Ядролық объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, МКҚ-мен келісім бойынша оның маңындағы құрылыстардың жалпы кейпіне сай металл конструкциялар (қалыңдығы кемінде 18 мм, арасындағы саңылау 100 мм-ден аспайтын шыбық түрінде жасалған металл торлы дуал) жасауға рұқсат етіледі.

      129. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар болмауы керек.

      130. Сыртқы қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттардан басқа қандай да бір құрылыс жапсарлас орналаспайды, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа шығатын ғимараттардың бірінші қабаттарының, сондай-ақ кіретін есік күнқағарынан, өрт сатысынан және жапсарлас құрылыстардың төбелерінен кіруге болатын келесі қабаттардың терезелері күзеттің техникалық құралдарымен және қажетті жағдайда жабылатын сырғыма перделермен жабдықталады.

      131. Көлік құралдарының тарандық олқылықтарының алдын алу үшін, сондай-ақ ұйым үшін қажетті уақытта бұзушыны ұстап алу және күзет және ден қою күштерімен қарсы шараларды өткізу үшін периметрдің барынша әлсіз жерлеріне кіреберістер тыйым салынған аймақ шегінде физикалық қорғаудың қосымша физикалық кедергілерімен және техникалық құралдарымен жабдықталады.

      132. Негізгі қоршау, сондай-ақ негізгі және ішкі қоршау арасындағы аймақ физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешенін ұсынатын күзет шебімен жабдықталады.

      133. Тыйым салынған аймақтың сыртқы қоршауы негізгі қоршаудан кемінде 5 м қашықтықта орналасады.

      134. Негізгі қоршаудың периметріне сыртқы және ішкі жағынан орман екпелері, ғимараттар, құрылыстар, жапсарлас құрылыстар, жабдықтарды немесе материалдарды жинауға арналған алаңдар жанаспайды.

      135. Тыйым салынған аймақтың сыртқы және негізгі қоршаулары арасында оқшаулау жолағы көзделеді.

      136. Оқшаулау жолағы мұқият жоспарланады және тазартылады. Онда физикалық қорғаудың техникалық құралдарын қолдануды қиындататын ешқандай құрылыстар мен заттарға рұқсат етілмейді.

      137. Оқшаулау жолағының ені техникалық күзет құралдарының жиынтығын орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып таңдалады және кемінде 3 м құрайды.

      138. Оқшаулау жолағы күзетте қызметтік иттерді қолдану үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайда сыртқы қоршаумен қатар биіктігі кемінде 2,5 м болатын ішкі торлы немесе қада қоршау орнатылады.

      139. Бақылау-із кесу жолағы негізгі қоршаудың ішкі жағынан жабдықталады.

      140. Бақылау-із кесу жолағына мынадай талаптар қойылады:

      1) ядролық объектінің барлық периметрі бойынша өтудің үздіксіз болуы;

      2) енінің секіріп өтуді болдырмайтындай жеткілікті болуы;

      3) із қалдырмай өтуді жеңілдететін заттардың болмауы;

      4) барлық өту трассасы бойынша оны өңдеу кезінде механикаландыру құралдарын пайдалану мүмкіндігі.

      141. Бақылау-із кесу жолағы жасанды және табиғи болуы мүмкін. Жасанды бақылау-із кесу жалпақтығы 3 метрден кем орнатылмайды.

      142. Табиғи бақылау-із кесу жолағының жалпақтығы тыйым салынған аймақтардың мөлшеріне және ядролық объектінің орналасу шарттарына қарай одан да үлкен болуы мүмкін. Талап етілетін енін жабдықтау мүмкін болмайтын учаскелер инженерлік бөгеттермен жабылады.

      143. Табиғи бақылау-із кесу жолағының құрылғысы оның орналасатын шекарасын белгілеуді және ол орналасатын жергілікті жерді бастапқы дайындауды қамтиды.

      144. Жасанды бақылау-із кесу жолағы жыртылады не топырақ төгіледі. Жыртылған жердің тереңдігі (топырақ төгіндісінің биіктігі) – кемінде 15 сантиметрді құрайды.

      145. Жыртылған және топырақ төгілген бақылау-із кесу жолақтары тырмаланып және оның үстіне жол төсеушінің көмегімен толқын тәрізді кескін салынып, жұмсақ-үлпілдек күйге келтіріледі.

      146. Тыйым салынған аймақтың темір, тас және топырақ жолдарымен қиылысқан жерлері үйілген бақылау-із кесу жолағымен жабдықталады.

      147. Бақылау-із кесу жолағының бұлақтармен, шұңқырлармен, жыралармен қиылысқан жерлерінде алшақтау орындарын болдырмау үшін өткелдер (төсеніштер) салынады. Өткелдердің (төсеніштердің) астындағы кеңістік инженерлік бөгеттермен қалқаланады және анықтау құралдарымен жабдықталады.

      148. Бақылау-із кесу жолағын жауынның және еріген судың шайып кетуінен қорғау үшін бақылау-із кесу жолағына судың жиналуын болдырмайтын дренаж және кювет (шұңқырлар) орнату, тормен жабылып, анықтау құралдарымен жабдықталған су бұру және су өткізу құбырларын төсеу жолымен жер үсті суларын бұру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

      149. Тыйым салынған аймақтың ішкі қоршауы мен бақылау- із кесу жолағы арасында күзет және әрекет ету күштерінің жүруі үшін ені 0,8-1,0 м жасақшылардың жолы төселеді. Олардың жүруіне қосымша жол болмаған жағдайда, жасақшылар жолымен персоналдың, физикалық қорғау техникалық жабдықтары кешеніне қызмет көрсетушілердің жүруіне рұқсат беріледі. Жасақшылардың сүрлеулері топырақтан, ағаштан жасалған жабыннан, асфальттан, бетоннан немесе темір бетоннан жасалады.

      150. Бұзушыларды бейтараптандыру және бұзушылық тіркелген тыйым салынған аймақ учаскесіне үрейлі топтың келуі үшін қатты жабыны бар ені кемінде 3,0 м күзеттің техникалық құралдарын қолдану аймағынан тыс күзет жолы жабдықталады.

      151. Күзет жолдары әдетте автомобиль көлігінің бір бағытта қозғалуы үшін салынады.

      152. Адамдар мен көліктерді өткізу, материалдар мен құжаттарды кіргізу (шығару), әкелу (әкету) бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады, олар мыналарға бөлінеді:

      1) адамдар өту үшін;

      2) автомобиль немесе теміржол көлігінің өтуі үшін.

      153. Адамдар өтетін бақылау-өткізу пункттері сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы бақылау-өткізу пункттері қорғалған аймаққа кіру кезінде өткізу режимін жүзеге асыру үшін, ішкі бақылау-өткізу пункттері ішкі және айрықша маңызды аймақтарға кіру кезінде қол жеткізуді бақылау үшін белгіленеді.

      154. Бақылау-өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігі жұмыс ауысымы санының барынша көптігіне сүйене отырып есептеледі.

      155. Бақылау-өткізу пункттері ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабын) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді және шолынуы жақсы әрі күзет және ден қою күштерін шабуылдан қорғауды қамтамасыз етеді.

      156. Өткізу режиміне байланысты бақылау-өткізу пункттерінде рұқсат қағаздарын немесе автоматты карточкаларды сақтауға арналған арнайы үй-жай көзделеді.

      157. Адамдар өту үшін бақылау-өткізу пункттері жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, тексеру бөлмесімен, күзет және ден қою күштерін орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен, техникалық қауіпсіздік жүйелерімен (концентраторлар, пульттер, күзеттік бейнеқадағалаудың бейнебақылау құрылғылары), өткелді ашуды (өтуді) және күзеттік жарықтандыру тетіктерін басқару құрылғыларымен және санитарлық жүйемен жабдықталады.

      158. Бақылау-өткізу пункті автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғыларымен, турникеттермен, кішкене қақпалы есіктермен, ал қажет болған жағдайда қажеттілігіне немесе қызметтік талап етілуіне байланысты тексеру жүргізу үшін әртүрлі металл түрлерін анықтауға қабілетті стационарлық, қолда ұстау құрылғыларымен жабдықталады. Сондай-ақ қарау үшін жарылғыш заттарды және альфа-, бета-, гамма – сәулеленуді анықтауды қамтамасыз ететін радиоактивті материалдарды анықтауға арналған детекторлар қолданылады.

      159. Көлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті электр жетегі және қашықтықтан басқарылатын, сыртқы және ішкі үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуын) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жабдықталады.

      160. Бас автокөліктік бақылау-өткізу пункті персоналдар өтуге арналған орталық бақылау-өткізу пункттеріне жақын орналастырылады.

      161. Автокөліктік бақылау-өткізу пункттеріне алып баратын жол учаскелері қақпадан 30 метрден көп емес қашықтықта 90 градусқа бұрылысы болады; бұл учаскелер олардың үстінен өту мүмкіндігін болдырмайтын бетон конструкциялармен қоршалады. Тараға қарсы құрылғының басқа конструктивті шешімі болуы мүмкін.

      162. Автомобиль және темір жол көлігінің өтуі үшін бақылау-өткізу пункттерін қатар қолдануға рұқсат етіледі. Көліктік бақылау-өткізу пункттері көлік құралдарын тексеріп қараудың арнайы алаңдарымен жабдықталады.

      163. Автокөлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті оларды қарауға арналған қарау алаңдарымен немесе эстакадалармен, шлагбаумдармен, ал темір жол көлігіне арналған бақылау-өткізу пункттерінің жылжымалы темір жол құрамын қарауға арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталады.

      164. Кіру және шығу орындары бағдаршамдармен және жол белгілерімен жабдықталады. Машиналарды тексеру алаңы ұзындығы кем дегенде 20 метр және жүк автомашинасының еніне байланысты әр бүйірінен кемінде 3 метр болады. Машиналарды тексеру алаңы машинаны астынан тексеру үшін шұңқырмен, машинаны үстінен және жанынан тексеру үшін мінбемен немесе эстакадамен жарақталады және негізгі қоршау үлгісі бойынша дуалмен қоршалады.

      165. Темір жол бақылау-өткізу пунктері:

      1) өтетін қақпалармен және вагондарды тексеру алаңдарымен;

      2) электрмеханикалық жетекпен және қолмен ашатын тетікпен;

      3) көліктің ядролық объектіге (объектіден) заңсыз кіруінің және жылжымалы құрамның қақпаға кездейсоқ соғылуының алдын алу үшін көлікті мәжбүрлі тоқтату құрылғыларымен (тығындау бөренелерімен, түсіргіш-стрелкалармен, ұстап қалу тұйықтарымен және т.б.) жабдықталады.

      166. Жасақшылардың темір жол көліктерін қарау алаңдарымен қатар тексеру үшін қарау мұнаралары, аспалы көпірлер, қарау эстакадалары, жеңіл баспалдақтар, ілме басқыштар қолданылады.

      167. Жылжымайтын көлік вагондарының жоғарғы люктері және қақпақтарын тексеру үшін жылжымалы мұнаралар мен жеңіл баспалдақтар пайдаланылады.

      168. Бақылаушы жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарау алаңында тұрған көлікті тексеру кезінде қосарланған тежеуіш табандар пайдаланылады.

      169. Вагондарды қарау алаңының көлемі 3-4 вагонды бір мезгілде қарау есебінен ұзындығы бойынша іріктеп алынады. Қарау алаңы вагондарды астынан қарау үшін шұңқырмен және жанынан және үстінен қарау үшін мінбемен немесе эстакадамен жабдықталады.

      170. Алаңның жүру бөлігінде көлікті қарау үшін екі желімен және ақ бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде "Тоқта" деген жазумен шектелген аялдау орны бөлінеді. "Тоқта" деген тақтайшалар орнатуға болады.

      171. Негізгі және қосымша қақпалардың сыртқы жағынан қарау алаңына кіру алдында оларға 3 м жақын емес жерге көлденең сызық және "Тоқта" деген жазу ілінеді.

      172. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қақпадан кемінде 100 м оң жағынан немесе жолдың үстінен "Бір қатармен жүру" деген сілтеуіш белгі, ал 50 м жерге – жылдамдықты 5 километр/сағатқа дейін шектеу белгісі орнатылады.

      173. Қақпаны басқару пульті бақылау-өткізу пунктінде немесе оның сыртқы қабырғасында орналастырылады, бұл ретте бөгде адамдарға пультті алуға рұқсат етілмейді.

      174. Бақылау-өткізу пункттінің үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және орталық басқару пунктіне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.

11-параграф. Физикалық қорғаудың техникалық
құралдарының кешеніне қойылатын талаптар

      175. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені мынадай міндеттерді шешеді:

      1) физикалық қорғау жүйесін жедел, тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету;

      2) персоналдың ядролық материалдарға, ядролық қондырғыға, сақтау пунктіне белгіленген кіру режимін қамтамасыз ету;

      3) күзетілетін аймаққа, ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға немесе ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды таситын көлік құралдарының жүк бөліктеріне кіру туралы физикалық қорғау жүйесінің басқару пунктіне дабыл беру;

      4) күзетілетін аймақтардың периметрлерінде (шекараларында) рұқсатсыз кірудің уақыты мен орнын, ал қорғалған аймақтардың периметрінде (шекарасында) тәртіп бұзушылардың қозғалыс бағытын айқындау;

      5) тәртіп бұзушылардың кіруін (қозғалысын) тоқтату (бөгеу);

      6) қызметтік міндеттерді орындау және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін күзет және ден қою күштеріне қолайлы жағдай жасау;

      7) жағдайды бағалау мақсатында күзетілетін аймақтарды, күзетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды шолып қадағалау;

      8) физикалық қорғаудың техникалық құралдарынан түсетін дабылдарды, физикалық қорғау жүйесін басқару органдары беретін өкімдер мен пәрмендерді және физикалық қорғау жүйесінің басқару пункттері операторларының баяндамаларын тіркеу (құжаттау).

      176. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені мыналарды жүзеге асырады:

      1) барлық алынатын ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау;

      2) уақыттың нақты ауқымында үрейлі жағдайды бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      3) күзет, ден қою күштеріне және физикалық қорғау жүйесін басқару органдарына хабарламаларды (белгіленген дабылдарды) қалыптастыру және беру;

      4) орталық және жергілікті басқару пунктері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      5) басқарылатын табиғи кедергілерге басқарушылық әсер етуді және физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу;

      6) физикалық қорғаудың техникалық құралдарының жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін бақылау;

      7) ядролық қондырғылардағы және сақтау пункттеріндегі ядролық материалдармен жұмыс кезінде персоналдың іс-қимылын және орналасқан жерін бақылау;

      8) физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі, оны ядролық объектіге және физикалық қорғаудың техникалық құралдарының өзіне қатысты оларды еңсеру әрекеттері және рұқсат етілмеген іс-қимылдар туралы ақпаратты сақтау және беру;

      9) физикалық қорғаудың техникалық құралдар кешенінің ядролық объектінің ядролық, радиациялық, экологиялық, техникалық, өрт қауіпсіздігі жүйелерімен ақпараттық өз ара іс қимылдың қажеттілігі және тәртібі физикалық қорғау жүйесін құруға (жетілдіруге) арналған техникалық тапсырмада белгіленеді;

      10) негізгі қуат көздерін ажыратқан жағдайда, физикалық қорғаудың техникалық құралдарының жұмыс қабілеттілігі қуат көздерін резервтік көздерінің болуы және негізгі қуат көзін резервтік куат көзіне автоматты түрде ауыстырып қосу арқылы сақталады. Бұл ретте тиісті жергілікті және орталық басқару пунктіне резервтік куат көзіне ауысу туралы ақпарат көрсетіледі және тіркеледі.

      177. Физикалық қорғаудың техникалық құралдары мынадай негізгі функционалдық жүйелерден тұрады:

      1) күзет дабыл жүйесі;

      2) кіруді бақылау және басқару жүйесі;

      3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі;

      4) жедел байланыс және хабарлау жүйесі, оның ішінде сымды байланыс және радиобайланыс құралдары;

      5) телекоммуникация жүйесі;

      6) ақпарат қорғау жүйесі;

      7) ядролық материалдарды, металдарды, жарылғыш заттарды (детекторларды) алып өтуді (өткізуді) анықтау жүйесі;

      8) қамтамасыз етуші жүйелер (қуат көзі, жарық).

      178. Физикалық қорғаудың техникалық құралдары кешенінің қандай да бір элементінің істен шығуы немесе қатардан шығуы физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін бұзбайды. Осы үшін қалпына келтіру шаралары көзделеді.

      179. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын басқаруды орталық немесе жергілікті басқару орындарының операторлары жүзеге асырады.

      180. Орталық және жергілікті басқару орындарының операторлары өз міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде технологиялық процестің ерекшеліктері туралы хабарланады.

      181. Физикалық қорғау жүйесінде басқаруды ұйымдастыру мақсатында мыналар:

      1) орталық және жергілікті басқару пунктері арасында, сондай-ақ басқару пункттері мен күзет бөлімшелерінің арасында екіжақты байланыс жүйесі;

      2) күзет және ден қою күштері және физикалық қорғау бөлімшесі үшін радиобайланыс құралдары қолданылады.

      182. Орталық басқару орны және жергілікті басқару орны тікелей ішкі аймақта орналасады.

      183. Күзет дабылы жүйесі рұқсат етілмеген әрекет жасау әрекеттері мен фактілерін анықтауға және күзет және ден қою күштерін осы оқиғалар туралы хабарлауға арналады. Күзет дабылы жүйесіне кіретін басқа да функционалдық жүйелер тиісті баламалы іс-қимылдарды орындауға, сондай-ақ атқарушылық құрылғыларға және басқарылатын табиғи кедергілерге қажетті басқару пәрменін автоматты түрде беруге арналған.

      184. Күзет дабылының жүйесі:

      1) рұқсатсыз кіруді анықтауды;

      2) орталық немесе жергілікті басқару орындарын анықтау құралдарының іске қосылуы туралы дабыл беру және осы оқиғаны хаттамалауды;

      3) барлық қажетті мәліметтерді тіркей отырып, оларды кейіннен бірмәнді сәйкестендіру үшін физикалық қорғау жүйесінде болып жатқан барлық оқиғаларға мұрағатты жүргізуді (құрылғының типі және нөмірі, оқиғаның типі және себебі, оның басталған күні және уақыты);

      4) бақылаусыз күзеттен алуды және күзетке қою, мүмкіндігін болдырмауды;

      5) анықтау құралдарын (анықтау құралдарының тобы) бақылауға (бақылаудан) алу (алып тастау) функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      185. Күзет дабылы жүйесінің құрамына:

      1) анықтау құралдары;

      2) дабыл-шақыру сигнализациясы жүйесі;

      3) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі кіреді.

      186. Барлық анықтау құралдары сипаты (жұмыс жағдайы) және мақсаты бойынша мынадай:

      1) қорғалған аймақтың периметрін қорғауға арналған;

      2) ғимараттың (үй-жай) ішін күзетуге арналған екі топқа бөлінеді.

      187. Қорғалған аймақтың периметрін қорғау үшін анықтау құралдарының түрін таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:

      1) периметр қоршауын типі және өлшемі;

      2) жасақшылар сүрлеу жолының болуы;

      3) қажетті дабыл шебінің саны;

      4) белгіленген климаттық аймақтағы табиғат және ауа-райы жағдайы;

      5) электр беру желілері (кернеу, биіктігі бойынша, көлденеңі бойынша жою, периметрі бар қиылысу бұрышы, коммутациялардың жиілігі);

      6) автомобиль және темір жолдардың жақындығы;

      7) жер бедері;

      8) топырақ типі және қату тереңдігі;

      9) аддитивтік кедергі (радиоарналардың, радиохабарлағыштардың, электромагниттік сәулелендірудің әсері);

      10) разрядтардың және басқа да атмосфералық құбылыстардың ықпалы.

      188. Периметрді анықтау құралдары:

      1) іс-қимылдың үздіксіздігін;

      2) бұзушылық орнын және қажет болған жағдайда тәртіп бұзушының қозғалыс бағытын анықтауды қамтамасыз етеді.

      189. Периметрді анықтау құралдарының сызықтық бөлігі әрбіріне жеке нөмір бере отырып, учаскелерге бөлінеді.

      190. Үрейлі-шақыру дабылы күзет және ден қою күштерін шұғыл шақыруға рұқсат етілмеген әрекет жасалғаны туралы жергілікті және орталық басқару пункттеріне хабарлауға, тәртіп бұзушы тарапынан мәжбүрлеу болғандығы жайлы дабыл беруге, күзет орындарындағы және алдын ала белгеленген бағытты партульдеу кезіндегі күзет және ден қою күштерінің тұрмыс тіршілігін бақылауға арналған.

      191. Үрейлі-шақыру дабылы:

      1) құрылғылардың іске қосылуы туралы күзет және ден қою күштеріне хабарлауды;

      2) шақыру орнын айқындауды;

      3) оның қондырғыларының тұйықтығы және шақыру құрылғысын пайдаланудың ыңғайлылығын;

      4) бақылаудан алудың мүмкін еместігін;

      5) іске қосылу туралы дабылдардың күзет дабылы жүйесі құрылғыларының іске қосылуы туралы сигналдарынан айырмашылығын;

      6) жергілікті және орталық басқару пункттері операторларының, күзет орындарындағы және күні бұрын белгіленген маршрут бойынша патрульдеу кезінде күзет және ден қою күштерінің, сондай-ақ ядролық объектіге өткізу режимін жүзеге асыратын бақылаушылардың тұрмыс тіршілігін бақылауды қамтамасыз етеді.

      192. Үрейлі-шақыру дабылы құрылғыларынан басқару пункттеріне келіп түскен ақпараттың басқа дабылдармен салыстырғанда оны операторға ұсынудың басымдығы болады.

      193. Үрейлі-шақыру дабылы құрылғысын және оларды орнататын жерді таңдау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) күзет және ден қою күштері үшін қолжетімділік және күзет орындарына бөліп жайғастыру;

      2) күзет және ден қою күштеріне қауіп-қатер нәтижесінде туындайтын әсер.

      194. Үрейлі-шақыру дабылы құрылғысы әрбір 100-150 м сайын қорғалған аймақтың периметрі бойынша күзет постыларында, бақылау-өткізу пункттерінде, ғимараттардың, құрылыстардың және аса маңызды аймақтар үй-жайларының кіреберістеріне орнатылады.

      195. Ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі станциялық аппаратура болып табылады.

      196. Физикалық қорғау талаптарын орындау және күзет және ден қою күштерінің іс-қимылының жеделдігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі мынадай жағдайларды индикациялауды:

      1) әрбір анықтау құралының іске қосылуын;

      2) анықтау құралының ақаулықтарын;

      3) байланыс желілерінің ақаулықтарын;

      4) қуат көзінің жоғалып кетуін;

      5) байланыс желілері параметрлерінің өзгеруін және анықтау құралының бұғаттауды ашу әрекеттерін;

      6) электрондық жабдықты ашу әрекеттерін қамтамасыз етеді.

      197. Ақпарат ақпараттық тақтаға (дисплейге) шығарылады және әріптік-цифрлық нысанға ие.

      198. Ақпаратты жинау және өңдеу жүйесінің жұмыс істеуі мыналарды:

      1) байланыс желілерінің дұрыстығын тұрақты автоматты бақылау және анықтау құралдарының кез-келген жағдайында жұмыс қабілеттілігін (қосылған, ажыратылған);

      2) анықтау құралдарының қашықтан қосылуын (ажыратылуын);

      3) тікелей ядролық объектіде анықтау құралдарының санкцияланған ажыратылуы;

      4) күзетілетін үй-жайға рұқсат берілген кіруді;

      5) күзет персоналының жұмысын бақылауды (желілік) ұйымдастыруды;

      6) жарықтандыруды қашықтан басқаруды;

      7) үрейлі жағдайдың басымдығы;

      8) оқиғаларды мұрағаттауды;

      9) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесінің барынша жоғары сыйымдылығынан кемінде 20% сыйымдылығы бойынша резервті немесе сыйымдылықты тұрақты арттыру мүмкіндігін;

      10) переферийлік құрылғыларды басқаруды;

      11) анықтау құралдарын қуат көзімен қашықтан басқаруды қамтамасыз етеді.

      199. Кіруді бақылау және басқару жүйесі белгіленген өткізу режиміне сәйкес персоналды, іссапарға жіберілген адамдардың және келушілердің санатталған үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға және күзетілетін аймаққа кіруін, сондай-ақ көлік құралдарының ядролық объектінің аумағына кіруін (шығуын) бақылауға және қамтамасыз етуге арналады.

      200. Кіруді бақылау және басқару жүйесі мыналарды:

      1) аумаққа, күзетілетін үй-жайға, ғимаратқа, құрылысқа және аймаққа рұқсатсыз кіруді болдырмау (немесе барынша жоғары мүмкін кедергіні жасау). Рұқсатсыз кіру әрекеттері анықталған жағдайда, сондай-ақ өткізу құрылғылары мен терминалдарының конструкцияларының элементтеріне күшті әсер ету фактілері анықталған кезде тиісті ақпарат жергілікті және орталық басқару пункттерінің операторларына беріледі;

      2) персоналдың, іссапарға жіберілген адамдардың және келіп кетушілердің өтуінің барлық фактілері және өту ережелерін бұзуы туралы ақпаратты сақтауды;

      3) рұқсаттамаларды дайындау, дайындалған және берілген рұқсаттамаларды мұрағаттауды қамтамасыз етеді.

      201. Кіруді бақылау және басқару жүйесінің өткізу құрылғысының конструкциялары (адам және көліктік бақылау-өткізу пункттері) оларды авариялық қолмен ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      202. Кіруді бақылау және басқару жүйесінде пайдаланылатын рұқсаттамалар рұқсатсыз қол жеткізуге алып келуі мүмкін ақпаратты, білімді және қолдануды қамтымайды (жеке сәйкестендіру нөмірлері, сипаттамалар және биометриялық көрсеткіштер мен белгілердің мәндері басқа эталондық деректер).

      203. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі ағымдағы жағдайды бағалау, тәртіп бұзушылардың әрекеттері мен жүріп-тұруын қадағалау, күзет және ден қою күштерінің іс-қимылын үйлестіру, сондай-ақ бейнеақпаратты мұрағаттау мақсатында күзетілетін аймақтар маңын, периметрдегі учаскелерді және кеңістіктің басқа да аяларын қашықтан қадағалауға арналады.

      204. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі:

      1) операторға ядролық объектідегі және ол күзететін аймақтардағы, ғимараттардағы, құрылыстардағы және үй-жайлардағы жағдай туралы қажетті және жеткілікті ақпаратты ұсынуды;

      2) рұқсат етілмеген әрекет жасау фактісі және оны бейнелік растау фактісі анықталған жағдайда, жағдайды бағалау үшін ақпарат ұсынуды;

      3) туындаған штаттан тыс жағдайды одан әрі талдау үшін қажетті көлемдегі ақпаратты көрсетуді, тіркеуді және мұрағаттауды;

      4) нормативтік құжаттарда айқындалған оны пайдаланудың барлық жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігін;

      5) ақаулардың бар-жоғын бақылауды (бейне дабылдың жоғалуы, жабдықтың ашылуы, байланыс желілеріне қол жеткізуге әрекеттену), бұл туралы басқару пункттерінің операторларына хабарлауды және осы ақпаратты мұрағаттауды қамтамасыз етеді.

      205. Басқару пункттерінің операторларына бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі ұсынатын ақпарат тәртіп бұзушылар мен жануарлардың көру аясындағы айыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      206. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі физикалық қорғаудың техникалық құралдары анықтаған барлық аймақтарды қадағалауды жүзеге асырады.

      207. Бейнеақпаратты ұсыну тәсілдері:

      1) нақты уақыт ауқымында оқиға орнынан тұрақты жедел бейне шолу;

      2) бұрын орнатылған бағдарлама бойынша немесе бір реттік команда бойынша оқиға орнынан бейне шолу;

      3) жоспарланған сценарийлік бейне шолу – мұрағат материалдарын беру;

      4) берілетін бейнеақпараты жинау байланыстың кабельдік желілері арқылы немесе құпия ақпаратты беру талаптарына сәйкес басқа каналдар арқылы жүргізіледі.

      208. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі құралдарының функциясы:

      1) қадағалау;

      2) бейнеақпаратты жинау және беру;

      3) бейнеақпаратты көрсету;

      4) бейнеақпаратты өңдеу және құжаттау;

      5) бейнеақпаратты мұрағаттау.

      209. Қорғалған аймақтың периметрлерін бейне бақылауды ұйымдастыру кезінде бейне камералар әрбір учаскеде тік көрінетін жерде, олай болмаған жағдайда, көрші учаскедегі бейне камералардың бірінен көрінетіндей етіп орнатылады. Қабылданатын сәулелену биіктігі, спектрі және бейне камераны орнататын орын жобалау кезінде таңдалады.

      210. Бейне камералар оларға рұқсатсыз қол жеткізу қиын болатындай етіп орнатылады.

      211. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесінің кезекшілік режимінен жұмыс режиміне ауысу уақыты 2 с аспайды.

      212. Жедел байланыс және хабарлау жүйесі штаттық және төтенше жағдайларда ядролық объектіні күзету бойынша үйлестірілген іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында күзет күштері арасында сөйлеу ақпаратымен алмасуды ұйымдастыруға арналады.

      213. Жедел байланыс және хабарлау жүйесі:

      1) ядролық объектінің барлық аумағында және оған жақын маңда, оның барлық ғимараттарында, құрылыстарында және үй-жайларында, жұмыстың жол берілген барлық режимдерінде, оның ішінде ядролық материалдарды пайдаланушы ұйымда ішкі тасымалдау процесінде сенімді және үздіксіз жұмысты;

      2) ядролық объектіде жедел жағдайды ескере отырып айқындалатын уақыт пен оның кезеңділік ұзақтығын көрсете отырып жүргізілетін келіссөздерді есепке алу мен хаттамалауды;

      3) басқа абоненттерді рұқсатсыз қосуды болдырмау және мүмкіндігінше осындай фактілерді анықтауды, оқшаулауды және хаттамалауды;

      4) пайдаланушы ұйым басшылығы, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесі, күзет және ден қою күштері, сондай-ақ ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері арасында байланыс арналарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      214. Жедел байланыс жүйесі мынадай байланыс түрлерінен тұрады:

      1) тікелей телефон байланысы;

      2) дауыс зорайтқыш байланысы;

      3) радио байланысы.

      215. Ядролық объектінің күзетілетін аймақтарында, құрылыстарында және үй-жайларында радио байланысты орнату технологиялық ерекшеліктерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда екіжақты байланыстың баламалы құралдары көзделеді.

      216. Жедел байланыс және хабарлау жүйесінде сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін, ең болмағанда, абоненттер арасында жалғаудың екі әртүрлі технологиясы қолданылады. Байланысты орнатудың балама тәсілдері ақпаратпен алмасудың негізгі тәсілі істен шыққанда ғана бірден қолжетімді болады.

      217. Физикалық қорғау жүйесінде тікелей телефон байланысының мынадай түрлері ұйымдастырылады:

      1) орталық басқару пункті операторының және қарауыл басшысымен, бақылау-өткізу пункттерімен, сондай-ақ қажетті құрылымдық бөлімшелермен және пайдаланушы ұйымның әкімшілгімен;

      2) қарауыл бастығының (ауысым басшысы) күзет постыларымен.

      218. Орталық басқару пункті операторының тікелей телефон байланысы автономды, абоненттермен айналым байланысын, сондай-ақ қалалық автоматтандырылған телефон байланысына қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      219. Қарауыл бастығының постылармен тікелей телефон байланысы да автономды болып табылады және күзеттің барлық постыларына өкімдерді (бұйрықтарды) айналымды беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      220. Күзет постысын қоса алғанда, барлық постыларда орнатылатын абоненттік аппараттардан басқа, периметрі бойынша байланысты ұйымдастыру үшін жасақшылар жолының бойына әрбір 100-150 м сайын жылжымалы жасақшылармен және дабыл топтарымен келіссөздер жүргізу үшін штепсельді розеткалар орнатылады.

      221. Дауыс зорайтқыш байланысы орталық басқару пунктінің операторының және қарауыл бастығының постылармен жедел байланысы ретінде пайдаланылады.

      222. Радио байланыс жүйесі қарауыл бастығының (кезек басшысының) жылжымалы жасақтармен және дыбыс топтарымен олардың жедел міндеттерді орындау жағдайында жедел байланысқа арналған.

      223. Ядролық объектіде және оның аумағында хабарлама жүйесі адамдарға дабыл немесе төтенше жағдайларды (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік әрекет) туралы жедел хабарлау олардың әрекеттерін үйлестіру үшін құрылады.

      224. Пайдаланушы ұйым хабарлама жоспарын жасайды ол жалпы жағдайда мыналарды қамтиды:

      1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделетін қызметкерлерді шақыру схемасы;

      2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің әрекеттерін регламенттейтін нұсқаулықтар;

      3) эвакуациялық жоспарлар;

      4) хабарлама белгілерінің жүйесі.

      225. Хабарлама жүйесі мынадай функционалдық талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:

      1) ғимараттарда, үй-жайларда, адамдардың үнемі немесе уақытша болатын ядролық объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық белгілерді беру;

      2) қауіптілік сипаты, эвакуация қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер туралы ауызша ақпарат трансляциясы.

      226. Хабарлама жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау мыналармен бірге жүреді:

      1) авариялық және күзет жарығын қосу;

      2) эвакуациялық үдерісті қиындататын үрейдің және басқа да құбылыстардың алдын алуға бағытталған (өтетін жерде, тамбурда, баспалдақ алаңында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) арнайы әзірленген мәтіндердің берілуі;

      3) эвакуациялық бағыттар мен жолдарды жарықпен көрсетуді қосу;

      4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін қашықтан ашу (мысалы, жабдықталған электр магниттік құлыптар).

      227. Хабарлама жүйесі басқа мақсаттағы белгілерден ерекшеленеді.

      228. Хабарламалардың саны, оның қуаттылығы адамдардың тұрақты немесе уақытша болу орындарда тиісінше естілуін қамтамасыз етеді.

      229. Тыйым салынған аймақтың периметрі бойынша дауыс зорайтқыштар қолданылады. Олар жарық беру бағандарында, ғимараттардың қабырғаларында және басқа да конструкцияларда орнатылады.

      230. Тыйым салынған аймақтың периметрінде дауыс зорайтқыштарды орналастырудың дұрыстығы мен олардың саны берілетін дыбыстық хабарламалардың анықтығын жергілікті жерде эксперимент жасау жолымен анықталады және нақтыланады.

      231. Хабарлағыштарда дауыс реттегіш және алынбалы қосылыстар болмайды.

      232. Хабарлама жүйелерінің коммуникациясын жеке жағдайларда ядролық объектінің радиотрансляциялық желісімен біріктіре жобаланады.

      233. Телекоммуникация жүйесі физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін жүйелер арасында ақпаратпен сенімді алмасуды қамтамасыз етуге арналады.

      234. Телекоммуникациялар жүйесінің жабдығы, егер жұмыс істейтін жүйелер құрамына кіретін штаттық жабдық физикалық қорғау жүйесінде ақпаратты айналым беруге қойылатын талаптарды қанағаттандырмаса, физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін әртүрлі жүйелердің түйісуі және келісуі үшін қолданылады.

      235. Телекоммуникация жүйесі:

      1) дәйекті ақпарат беруді;

      2) жұмыс істеудің толассыздығын;

      3) хабарламаны тактикалық қолайлы уақытта жеткізуді;

      4) жұмыс істеу туралы ақпаратты жүйелеуді, құжаттауды және мұрағаттауды;

      5) әртүрлі қауіпсіздік түрлері жүйесінің басқа элементтерімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

      236. Телекоммуникация жүйесінде кешеннің жұмыс қабілеттілігі үшін функционалдық маңызды ақпарат берудің резервтік және балама арналары көзделген (арналарды резервтеу, маршрутизаторларды қолдану). Резервтік арналар негізгі арналармен физикалық таратылған маршруттар бойынша салынады.

      237. Телекоммуникация жүйесі жеке күзетілетін аймақтардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, ақпаратты берудің тұйық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Физикалық қорғаудың техникалық құралдар кешенінің басқа элементтерімен өзара әрекеттесу үшін тәртіп бұзушы үшін бір немесе бірнеше жақсы қорғалған және қол жетімсіз байланыс арналары қолданылады.

      238. Физикалық қорғау жүйесінде ақпаратты қорғау қажеттілігі осы жүйеде ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесін ашатын және (немесе) оның жұмыс істеу режимін айқындайтын ақпараттың болуымен байланысты.

      239. Ақпаратты қорғау жүйесі – автоматтандырылған физикалық қорғау жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Физикалық қорғау жүйесінің барлық басқару деңгейлерінде және жұмыс істеу кезеңдерінде (деректерді беру, жинау, өңдеу, талдау, сақтау, басқарушы команда беру) ақпаратты қорғау құралдар жиынтығын қолданумен және ақпаратты өңдеу, беру және сақтау процесінде оның тұтастығының бұзылуы (жойылуы, бұрмалануы) немесе техникалық құралдардың жұмыс қабілеттілігін бұзуы мақсатында ақпараттың жариялануын алдын алу немесе оған техникалық арналар арқылы әсер етуді болдырмау, кездейсоқ немесе қасақана бағдарламалық-техникалық әсер етудің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізумен қамтамасыз етіледі.

      240. Ақпаратты қорғау жүйесі ақпараттың осалдығын төмендететін және ақпаратқа, оның жариялануына немесе жойылуына рұқсатсыз (заңсыз) қол жеткізуге кедергі келтіретін, ұйымдық, техникалық, технологиялық және өзге құралдар, әдістер мен шаралар кешенін білдіреді.

      241. Ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігіне болжанатын қауіп-қатерлер:

      1) жүйеге берілетін ақпаратты бұрмалау (ауыстыру), жалған немесе бұрын берілген хабарламаларды дәйекті ақпаратты беруге кедергі жасау мақсатымен күштеп тану;

      2) жүйе элементтерінің жұмыс істеу тәртібін бұзуға және жүйеде ақпарат алмасуды бұзуға бағытталған ядролық объекті периметрінің тетіктерінен деректерді жинау жүйесінің техникалық құралдарына байланыс арналары арқылы әсер ету;

      3) тәртіп бұзушының жүйеде таралатын құпия ақпараттың барлық көлемін алу әрекеті;

      4) ақпарат көздерінің сәйкестігін бұзу әрекеті;

      5) қол жеткізу кодтарын таңдап алуға талпыныс.

      242. Ақпаратты қорғаудың негізгі элементтері:

      1) қорғалуға жататын ақпаратты анықтау;

      2) құпия ақпаратқа қол жеткізуге ресми рұқсат берілген адамдарды тағайындау;

      3) құпия ақпаратты қорғау шаралары.

      243. Ақпаратты қорғау шаралары:

      1) басқару пункттерін қорғалған орындаудағы жабдықпен жарақтандыру;

      2) лицензиялық жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің есептеу техникасы құралдарында пайдалану;

      3) қызмет көрсетуші персоналдың, сондай-ақ басқа адамдардың рұқсат берілмеген әрекеттеріне кедергі болу;

      4) қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерінің жоқтығына тексеру;

      5) ақпаратты оны қорғау құралдарының кешенін сымдар, радио – және өзге де байланыс арналары арқылы берілу кезінде пайдалану (экранда көрсету, шуылдау, жасыру, қол жеткізуді шектеу бойынша ұйымдастыру шаралары, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану).

      244. Тексеріп қараудың техникалық құралдары ядролық объектінің бақылау-өткізу пунктері арқылы персоналдың, келіп-кетушілердің немесе көлік құралдарының өтуі кезінде тыйым салынған бұйымдар мен заттарды анықтау үшін қолданылады.

      245. Тексеріп қараудың техникалық құралдарының тізбесіне:

      1) металл детекторлар;

      2) жарылғыш заттардың детекторлары;

      3) радиоактивті сәулелену детекторлары;

      4) тексеріп қарау эндоскоптары мен айналар кіреді.

      246. Тексеріп қараудың техникалық құралдары стационарлық және ықшам (қолмен) болып бөлінеді.

      247. Металл детекторлар өндірістің құрамында металл бар өнімдерінің саналуан түрлерін алып өтуге тыйым салынған, суық және оқпен атылатын қаруды, құрамында металл бар жарылғыш құрылғыларды (гранат) анықтауды қамтамасыз етеді.

      248. Қарап тексерудіңң техникалық құралдары мынадай функционалдық талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) стационарлық металл іздегіштер: табудың жоғарғы ықтималдығына; ядролық объектіге алып өтуге рұқсат етілген металл заттарға қатысты селективтікке; айналадағы жағдайға барынша функционалдық бейімделу қабілеттілігіне (оның ішінде құрамында металл бар); сыртқы электрлік-магниттік сәулелену көздерінен үлкен бөгеттік қорғанысқа; бақыланатын кеңістіктің барлық көлемінде табудың біркелкі сезгіштігіне; әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау қабілетіне; имплантты электркардио стимуляторлық және магниттік ақпарат тасымалдағышқа әсер етудің рұқсат етілген деңгейіне ие болады;

      2) ықшам (қол) металл детекторлар: қара және түсті металдар мен олардың қорытпасын табуды және қажет болған жағдайда анықтауды; әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау мүмкіндігін; стационарлық металл іздегіштердің бірлескен жұмыс кезінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

      3) қарап тексеру эндескоптары мен айналар жетуі қиын жерлерді көзбен шолып, тексеруді жеңілдету және ондағы жарылғыш құрылғыларды, атыс және суық қаруды, контрабанданы және ақпаратты жасырын түсіретін құралдарды анықтау үшін қолданылады. Техникалық эндоскоптар мен бейнескоптар ену тек салыстырмалы түрде кішкентай саңылау арқылы болатын әртүрлі қуыстарды, арналарды және басқа жерлерді көзбен шолып қарау үшін қолданылады. Олар: бұрыштық көру кемінде 40 градус иілгіш, әрі жартылай қатты және 90 градус қатты конструкциялар үшін ену арақашықтығы кемінде 1500 мм; қарап тексеру орнын жарықтандыру мүмкіндігі, жарықтың жайын реттеуді; қарау нәтижелерін бейнеқұжаттандыруды; экологиялық қауіпсіздікті және электромагниттік үйлесімділікті қамтамасыз етеді;

      4) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың болуын немесе олардың іздерін анықтау үшін қолданылады. Олар: талдаудың қазіргі заманғы физикалық-химиялық әдістерін қолдануға негізделген заттарды сәйкестендіру; тротил, гексоген т.б. үлгісіндегі штаттық жарылғыш заттардың болуын сенімді тіркеуге мүмкіндік беретін сезімталдықты; құралдың үстіндегі жарылғыш заттардың іздерін шұғыл анықтауды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыш) қамтамасыз етеді.

      249. Қарап тексеру жүйесінде және оларды сынау әдістемесі функционалдық сипаттамалар (талаптар) пайдалану және ведомстволық нормативтік құжаттарда белгіленеді.

      250. Энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша физикалық қорғау жүйесінің электр қабылдағыштары 1-санатқа жатады. Электр қабылдағыштарды қоректендіру ауыспалы токтың екі тәуелсіз көздерінен, мысалы: өзара резервте сақтай отырып қалыпты пайдаланудың екі секциясынан жүзеге асырылады. Күштік желілер дербес орындалады.

      251. Негізгі қоректендіру көзі ретінде ядролық объектіні жеке мұқтажының қоректендіру көзі қолданылады.

      252. Резервтік электрмен жабдықтауға ауысу автоматты түрде, электрмен жабдықтаудағы үзіліссіз жүзеге асырылады.

      253. Резервтік (авариялық) қоректендіру орталық басқару пункттеріне жақын орналасатын, сондай-ақ күзет күштерінің тұрақты бақылауындағы дизель-генераторлардан және аккумулятор батареяларынан жүзеге асырылады. Резервтік қоректендіруге ауысу автоматты түрде жүргізіледі.

      254. Резервтік қоректендіруге ауысу туралы ақпарат міндетті тіркеліп тиісті жергілікті немесе орталық басқару пункттеріне шығарылады.

      255. Аккумуляторлық батареялар тартатын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайларда стеллаждарда және арнайы аккумулятор шкафтарға орнатылады. Күнделікті жағдайларда аккумулятор батареяларын тұрақты қоректендіру және бақылау қамтамасыз етіледі.

      256. Тұрақты токтың электр қоректендіруді резервте сақтау түзеткіш құрылғылардың өзара резервте сақтайтын комплектілерін орнатумен қамтамасыз етіледі.

      257. Кемінде 20 % қуат резерві көзделеді. Кабельдердің қиылысуы токты барынша жоғары тұтыну кезінде кернеудің барынша шекті түсуіне байланысты есептеледі. Кернеудің барынша шекті түсуі қоректену кернеуінің 5%-нан аспайды.

      258. Электр қоректендіру құрылғылары (түзегіштер, зарядтау-разрядтау қалқандары, топтық ток тарату қалқандары) кіру шектелген арнайы жабдықталған үй-жайларға орнатылады.

      259. Электр қоректендіру құрылғылары және кабель желілер оларды қатардан шығуына бағытталған рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғалады.

      260. Күзеттік жарық беру тәуліктің түнгі уақытында ядролық объектінің периметрін күзетуді жеңілдететін қосалқы құрал болып табылады.

      261. Күзеттік жарық беру мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) Жасақшылардың сүрлеу жолына, сондай-ақ бақылау-өткізу пункттеріне дейін тыйым салынған аймақтарды қажетті біркелкі жарықтандыру;

      2) күзет постыларын жасыру;

      3) күзет дабылдары іске қосылған кезде қоршау периметрінің жекелеген учаскелерінде жарықтың автоматты түрде қосылуы;

      4) периметр учаскелерін және күзетілетін басқа аймақтарды жарықтандыруды қарауыл бөлмесінен қолмен қосу;

      5) ішкі және аса маңызды аймақ ғимараттарына кіреберісті жарықтандыру.

      262. Күзеттік жарық беру құралдары ретінде жарық беретін прожекторлар, қыздыру немесе басқа типті шамдары бар шырақтар қолданылады. Электр энергиясын тұтынуды үнемдеу үшін жарықдиодты шамдар қолданылады.

      263. Жарық беру аспаптары күзет орындарындағы және бақылау-өткізу пункттеріндегі күзет және ден қою күштерінің көзі шағылысатындай етіп орналастырылады.

      264. Күзет постылары, жасақшылардың сүрлеу жолы, күзет жолдары және постылардың қалқандары жарық беру жолағында тұрмайды.

      265. Шырақтар арасындағы арақашықтық, олардың қуаты және конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың тұтас, біркелкі жолағынан жасау есебінен таңдалады.

      266. Периметрді күзеттік жарықтандыру күзеттік дабылдың периметрлік жүйелерінің және жағдайды бейнебақылау мен бағалау жүйесінің учаскелеріне сәйкес келетін жеке учаскелерге бөлінеді.

      267. Күзеттік жарықтандыру желісі дербес болып табылады және қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес орындалады. Күзеттік жарықтандырудың магистральдық және тарату (топтық) желісі жерде немесе қорапта салынатын кәбілмен орындалады. Күзеттік жарықтандыруды басқару үшін дербес бақылау кәбілдері көзделеді. Бақылау кәбілдері күзет дабылының күштік желілерімен бір трассаға салынады.

      268. Қоректендіру қалқандары тыйым салынған аймақта (металл шкафта), жасақтардың сүрлеу жолымен қатар және бақылау-өткізу пунктерінің үй-жайларында орнатылады.

      269. Автомобиль және теміржол бақылау-өткізу пункттерінің қарап тексеру алаңдарының жарықтандырылуы – кемінде 150 лк., адамдар өту үшін – кемінде 200 лк.

      270. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесін пайдаланған кезде жарықтандыру орнатылатын бейне камералардың типтеріне арналған техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келеді.

      271. Күзеттің қызметтік үй-жайлары үшін жарықтандырудың нормаларын айқындау қолданыстағы нормалар мен қағидалардың негізінде жүргізіледі.

      272. Күзет және ден қою күштерінің, бақылау-өткізу пункттерінің үй-жайлары, ғимараттарға кіретін есіктері, санаттандырылған үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықтандырумен қосымша жабдықталады. Жұмыстық жарықтандырудың авариялыққа және кері ауысуы автоматты түрде жүзеге асырылады.

      273. Автомобиль және теміржол бақылау-өткізу пункттерінің жарықтандырылуы көлік пен тасып әкелетін жүктерді қарап тексеруді қамтамасыз етеді. Жарық беретін аспаптар қарап тексерілетін көлікті біркелкі, оның ішінде астынан жарықтандыру жүзеге асырылатындай етіп орналасады. Қажет болған жағдайларда тасымалды жарықты пайдалану мүмкіндігі көзделеді.

      274. Физикалық қорғау жүйесі құралдарын электрмен жабдықтау үшін электр өткізгіштерді монтаждау жеке кәбілмен жүргізіледі.

      275. Әлсіз токты және күшті токты тізбектерді бір құбыр өткізгіште біріктіруге жол берілмейді.

      276. Қоректендіретін электр сымдары ретінде сериялық шығарылатын күштік және сигналдық кәбілдер қолданылады, оларды таңдау оларды төсеудің шарттарын ескере отырып жүргізіледі.

      277. Тарату желісінің күштік кәбілдерінің талсымдарының қимасы токты барынша тұтынған кезде кернеудің шекті рұқсат етілетін төмендеуіне сүйеніп есептеледі.

      278. Физикалық қорғау жүйесінің құралдарын қорғаныстық жерге тұйықтау және "нөлдік фазалау" техникалық құжаттамаға сәйкес орындалады.

12-параграф. Физикалық қорғаудың техникалық
құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар

      279. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану техникалық пайдалануды және мақсаты бойынша қолдануды қамтиды.

      280. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын техникалық пайдалану үнемдеуді, дұрыс жағдайда және қолдануға үнемі әзірлікте ұстауды, олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және ресурсты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.

      281. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын техникалық пайдалану:

      1) физикалық қорғау персоналын физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануға кәсіби іріктеуді және жіберуді;

      2) техникалық пайдалануды жоспарлауды;

      3) жұмыс істеуін тексеруді, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді;

      4) материалдық-техникалық және метрологиялық қамтамасыз етуді;

      5) пайдалану және есепке алу құжаттамасын жүргізуді;

      6) есепке алуды, сақтауды, тасымалдауды және консервациялауды;

      7) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдары жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығы туралы пайдаланушылық деректерді жинауды, есепке алуды және талдауды;

      8) техникалық жағдайын бақылау мен бағалауды және пайдалануды ұйымдастыруды;

      9) пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары мен шараларын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды.

      282. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдалануға:

      1) арнайы даярлық пен тағылымдамадан өткен, функционалдық міндеттер көлемінде физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануда тәжірибелік дағдылары бар;

      2) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының материалдық бөлігін, оларды пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік қағидалары мен шараларын білу бойынша біліктілік комиссиясының сынағын тапсырған, қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті біліктілік тобы бар;

      3) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану құқығына куәлік алған персоналға рұқсат беріледі.

      283. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланылатын және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуші персоналды іріктеп алу олардың медициналық жарамауын, білім деңгейін, кәсіби дағдыларын, сондай-ақ техникамен жұмыс істеу тәжірибесі болуын есепке ала отырып жүргізіледі.

      284. Физикалық қорғау жүйелерін пайдаланатын персоналды физикалық қорғау жүйесін пайдалану қағидаларын білетіндігін тексерудің мерзімділігі белгіленеді. Басқа персонал үшін ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды білуін тексерудің мерзімділігі белгіленеді.

      285. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жоспарларында мынадай іс-шаралар көзделеді:

      1) техникалық қызмет көрсету бойынша;

      2) жөндеу мен сақтауды ұйымдастыру бойынша;

      3) пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша;

      4) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының бөгеуілге беріктігі мен пайдалану сенімділігі туралы деректерді жинауды, есепке алу мен талдауды ұйымдастыру бойынша;

      5) қауіпсіздік техникасы бойынша;

      6) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық жағдайына және пайдалануды ұйымдастыруға бақылау бойынша;

      286. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі және оларды жөндеу физикалық қорғау жабдықтарын жарамды жағдайда ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.

      287. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі:

      1) регламенттік жұмыстарды;

      2) жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуді;

      3) сақтау кезіндегі техникалық қызмет көрсетуді;

      4) өлшеу құралдарының жұмысқа қабілеттілігін бақылауды және уақтылы тексеруді қамтиды.

      Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету негізін регламенттік жұмыстар құрайды.

      288. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуінің негізгі міндеттері:

      1) техникалық жағдайды айқындау;

      2) қолайсыз климаттық және басқа да жағдайлардың әсері салдарын жою;

      3) аппаратураларды, желілік-кәбілдік және тарату құрылғыларын аспаптық тексеру және белгіленген электрлік параметрлеріне дейін жеткізу;

      4) жарамсыздықты анықтау мен жою, істен шығудың алдын алу;

      5) көктемгі-жаздық және күзгі-қысқы пайдалануға дайындық;

      6) механизмдердің, аппаратуралардың жасақталуын және құрал-саймандардың бар-жоғын тексеру, қосалқы құрал-жабдықтармен және керек-жарақтармен толықтыру болып табылады.

      289. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі мынадай регламенттік жұмыстардың: күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық және жылдық техникалық қызмет көрсету мерзімділігін көздейтін жоспарлау-алдын алу жүйесі бойынша жүргізіледі.

      290. Техникалық қызмет көрсетуді орындау тәртібі физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасында белгіленеді.

      291. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдаланудың материалдық-техникалық және метрологиялық қамтамасыз етілуі жүргізіледі.

      292. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бақылау:

      1) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының қоймаларда, бөлімшелерде және шеберханаларда бар-жоғын, сапалық жай-күйін және толымдылығын тексеруді;

      2) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының бар- жоғы туралы деректердің негізгі есепке сәйкес келуін;

      3) физикалық қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу ұйымдарын тексеруді;

      4) физикалық қорғаудың техникалық құралдарының өлшеу техникалық құралдарында тексеру таңбасының бар-жоғын тексеруді;

      5) анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтиды.

      293. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасын жүргізу физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланатын бөлімшелерде жүзеге асырылады. Негізгі пайдалану құжаттамасы нақты жабдықпен бірге жеткізіледі.

      294. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын есепке алу, оларды белгіленген орындарда жарамды жағдайда қысқа немесе ұзақ уақыт ұстау, ядролық объектінің шегінде орнын ауыстыру және консервациялау нақты бұйымға арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      295. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу олардың нақты бар болуының дұрыс және уақтылы құжаттық ресімдеуді көрсетеді. Есепке алу карточкалар мен кітаптар бойынша жүргізіледі. Жарамсыз деп табылған физикалық қорғаудың техникалық құралдары есептен шығарылады.

      296. Ұзақ сақтаудағы (бір жылдан астам) физикалық қорғаудың барлық техникалық құралдары консервацияланады. Консервациялау қолайсыз жағдайларда сақталынып тұрған физикалық қорғаудың техникалық құралдарын сыртқы факторлардың (бірінші кезекте ауаның ылғалдығы мен ластануынан) зиянды әсерінен уақытша қорғау бойынша жұмыстарды жүргізуден тұрады. Концервациялау саңылаусыздандыру, қорғаныштың жабындар салу әдістерімен немесе құрама тәсілмен жүргізіледі.

      297. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланудың техникалық жағдайын және ұйымдастыруды бақылау мен бағалауды физикалық қорғау жүйесін басқаруға тікелей қатысатын адамдар, сондай-ақ уәкілетті орган техникалық жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру жоспарына сәйкес мыналарды:

      1) қолданудың тиімділігін;

      2) жұмысқа қабілеттілігін;

      3) пайдалану тәртібі мен қағидаларының сақталуын;

      4) күзет және ден қою күштерінің физикалық қорғаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, міндеттерді орындауға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

      298. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланған кезде қауіпсіздік қағидалары мен шараларын қамтамасыз ету және сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қатаң түрде пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      299. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын мақсаты бойынша қолдану пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

13-параграф. Физикалық қорғау жүйесі жабдығының
элементтерін таңдау және орналастыру бойынша талаптар

      300. Күзетілетін аймақтардың периметрлері рұқсат етілмеген әрекеттерді айқындауды, ден қою күштерін шұғыл шақыруды және жағдайды бағалау үшін ақпарат ұсынуды, сондай-ақ тәртіп бұзушылар жүріп тұруын кідіртуді қамтамасыз ететін физикалық қорғаудың техникалық құралдарымен жабдықталады.

      301. Бақылау үшін қолжетімсіз күзетілетін аймақтардың шекара учаскелері алынып тасталады. Айқындау құралдары бақыланбайтын учаскелер болмайтындай етіп орналастырылады.

      302. Қорғалған аймақтың периметрі:

      1) тыйым салынған аймақты;

      2) адамдар өтуге арналған бақылау-өткізу пунктін;

      3) автомобиль көлігі өтуге арналған бақылау-өткізу пунктін;

      4) темір жол көлігі өтуге арналған бақылау-өткізу пунктін қамтиды.

      303. Тыйым салынған аймақ:

      1) негізгі қоршаумен;

      2) ішкі және сыртқы қоршаумен;

      3) жасақтардың сүрлеу жолымен;

      4) бақылау-із кесу жолағымен;

      5) күзеттік жарықпен;

      6) физикалық қорғаудың техникалық құралдарымен;

      7) байланыс құралдарымен;

      8) қадағалау мұнараларымен;

      9) постылық қалқандармен, окоптар мен паналайтын жерлермен жабдықталады.

      304. Тыйым салынған аймақтардың шекараларын белгілеу үшін барлық периметрі бойынша әрбір 50 м сайын ішкі және сыртқы қоршауларға қазақ және орыс тілінде анық көрінетін жазулармен "ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ. КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту белгілері орнатылады.

      305. Қорғалған аймақтың периметрі кем дегенде екі табиғи тосқаулдармен және оларға орнастырылған әр түрлі физикалық қағидаттарға негізделген айқындау құралдарымен жабдықталады.

      306. Тыйым салынған аймақ инженерлік қорғау құралдарымен, сондай-ақ байланыс және хабарлау құралдарымен жабдықталады.

      307. Тыйым салынған аймаққа бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі орнатылады. Орнатылатын жер мен олардың типі міндеттерге (бақылау, айқындау, бағалау) байланысты болады.

      308. Ішкі және аса маңызды аймақтардың шекаралары:

      1) айқындау құралдарымен;

      2) автоматтандырылған кіруді бақылау және басқару, жеке басын сәйкестендіру жүйесімен;

      3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесімен;

      4) ядролық материалдардың, металл бұйымдар мен жарылғыш заттардың енуін (өтуін) айқындау құралдарымен;

      5) жұмыс және авариялық жарықтандырумен жабдықталады.

      309. Қажет болған жағдайда кабина арқылы өтуді бақылауды қамтамасыз ету үшін күзет және ден қою күштері бақылаушысының жұмыс орны мен кенеттен болатын шабуылдан және атыс қаруынан атылған оқтан оны қорғау жүйесі жабдықталады.

      310. Ішкі аймақ оқшау бөлінген жағдайда, онда оның периметрі:

      1) металл тордан немесе биіктігі кемінде 2,5 м тікенек сымнан жасалған қоршаумен;

      2) адамдардың өтуі, автомобиль және темір жол көліктерінің өтуі үшін автоматтандырылған кіруді басқару және бақылау жүйесімен жабдықталады.

      311. Санаттандырылған ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың барлық кіретін және олардан шығатын есіктері анықтау құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен және қажет болған кезде – бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесімен жабдықталады.

      312. Авариялық шығатын есіктер төтенше жағдайларда адамдардың кедергісіз шығуын қамтамасыз етеді.

      313. Әрбір күзетілетін аймақтағы барлық авариялық шығатын есіктер жабық және:

      1) айқындау құралдарымен;

      2) қашықтықтан басқару және оларды қолмен бұғаттау мүмкіндігі бар құлыптармен және құлыптық құрылғылармен;

      3) дабыл-шақыру сигнализациясы нүктесімен;

      4) жұмыс жарығымен;

      5) авариялық жарықпен жабдықталған.

      314. Авариялық шығатын есіктер орталық басқару пунктінің операторымен тікелей телефон байланысымен жабдықталады.

      315. Шатырға шығатын есіктер жабылады және айқындау құралдарымен және дабыл қағу-шақыру сигнализациясы нүктесімен жабдықталады.

      316. Өрт сөндіретін баспалдақтың төменгі маршы да айқындау құралдарымен жабдықталады.

      317. Ядролық объектіде физикалық қорғау жүйесінде пайдаланылатын құлыптар мен кілттерді есепке алу, сақтау және бақылау тәртібі әзірленеді.

      318. Құлыптар мен кілттерді есепке алу, сақтау және бақылау тәртібі:

      1) кілттерге рұқсат алған барлық адамдарды тіркеуді;

      2) кілттерді беру мен тапсыруды тіркеуді;

      3) кілттердің бар-жоғын тексеруді және оларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі шараларды;

      4) құлыптар мен кілттерді рұқсатсыз пайдалануға қатысты факті айқындалған кезде немесе күдік туындаған кезде құлыптар мен кілттерді қысқа мерзімде ауыстыруды көздейді.

      319. Әрбір құлып пен кілтке құлыптар мен кілттерді есепке алу журналына сәйкес түгендеу нөмірі беріледі. Әрбір кілтте оның түгендеу нөмірі мөрленеді. Кілттер тиісті күзетілетін аймақтың шегінде қалады.

      320. Орталық басқару пунктінің үй-жайы:

      1) жұмыс және резервті компьютерлері бар ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесінің аппаратурасымен;

      2) дыбыс және жарық дабылымен жабдықталған, қорғалған ішкі және аса маңызды аймақтардың мнемосхемасымен;

      3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесінің бейнебақылау құрылғыларымен;

      4) тікелей телефон байланысы коммутаторымен;

      5) дауыс зорайтқыш байланыс коммутаторымен;

      6) моноблоктар мен физикалық қорғау жүйесінің басқа да жекелеген учаскелерін физикалық қорғаудың жергілікті пунктінің периферийлік құрылғыларымен;

      7) қарауыл бастығымен (кезек басшысы) қайталама байланыс және авариялық белгі беретін құралдармен;

      8) күзеттік жарық беруді автоматты түрде қосу аппаратурасымен;

      9) күзеттік жарық беруді қолмен қосу құрылғысымен жабдықталады.

  Ядролық материалдарды және
ядролық қондырғыларды
физикалық қорғау қағидалары
1-қосымша

Ядролық материалдардың санаттары

Материал

Нысан

Санаттар бойынша бөлу

I

II

III

Плутонийа

Сәулеленбегенб

2 кг немесе одан көп

2 кг-нан аз, бірақ

500 г-нан көп

500 г немесе одан аз, бірақ 15 г-нан көп

Уран -235

Сәулеленбегенб

- уран-235 бойынша 20% немесе одан жоғары байытылған уран

- уран-235 бойынша 10%, бірақ 20% -дан аз байытылған уран

- уран-235 бойынша табиғидан жоғары, бірақ 10%-дан аз байытылған уран

5 кг немесе одан көп






5 кг-нан аз, бірақ 1 кг-нан көп

10 кг немесе одан көп

1 кг немесе одан аз, бірақ 15г-нан көп

10 кг-нан аз, бірақ 1 кг-нан көп

10 кг немесе одан көп

Уран - 233

Сәулеленбеген

2 кг немесе одан көп

2 кг нан аз, бірақ

500 г-нан көп

500 г немесе одан аз, бірақ 15 г-нан көп

Сәулеленген отын (кестеде келтірілген сәулеленген отынды санаттау халықаралық тасымал (тасымалдау) талаптарын ескереді).



Жұтаңданған немесе табиғи уран, торий немесе төмен байытылған отын (құрамында 10%-дан аз бөлінетін изатоптар бар)г



      Ескерту:

      а) плутоний-238 бойынша изатоптық концентрациясы 80% –дан асатын плутонийді қоспағанда, бүкіл плутоний;

      б) реакторда сәулеленбеген материал, немесе реакторда сәулленген, бірақ сәулелену деңгейі қорғанышсыз (биологиялық) 1м қашықтықта 1 гр/сағ (100 рад/сағ) тең немесе одан аз материал;

      в) III санатқа жатпайтын мөлшерді, сондай-ақ табиғи уранды, жұтаңданған уранды және торийді қорғауды кемінде практикалық орындылығын бағамдай отырып қамтамасыз ету керек;

      г) қорғаудың осы деңгейі ұсынылғанмен, нақты мән-жайды бағалауға сүйене отырып, физикалық қорғаудың басқа санатын қолдануға болады;

      д) бөлінетін изатоптардың өзінің бастапқы құрамы бойынша сәулеленгенге дейін I немесе II санат бойынша жіктелетін басқа отын, егер отынның сәулелену деңгейі қорғаныссыз (биологиялық) бір метр қашықтықта 1гр/сағ (100 рад/сағ) асып кетсе, бір санатқа төмендетілуі мүмкін.

  Ядролық материалдарды және
ядролық қондырғыларды
физикалық қорғау қағидалары
2-қосымша

Атом энергиясын пайдалану объектілері әзірлейтін
құжаттамалар тізбесі

Р/с №

Құжат атауы

1

Ядролық физикалық қауіпсіздік жоспары

2

Төтенше жағдайларда ден қою жоспары

3

Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті туралы ереже

4

Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау шараларын қамтамасыз ету жөніндегі ереже

5

Ядролық материалдарға, ядролық қондырғыларға және ядролық материалдарды сақтау пункттеріне, физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратқа қол жетімділік пен кірудің рұқсат беру жүйесі туралы ереже

6

Күзетті ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның актісі

7

Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

8

Тараптардың өзара міндеттемелері туралы шарт

9

Өткізу режимі туралы ереже (нұсқаулық)

10

Объект ішіндегі режим туралы ереже (нұсқаулық)

11

Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесі (қауіпсіздік қызметі) туралы ереже

12

Ведомстволық күзет бөлімшесі туралы ереже (ол болған жағдайда)

13

Объектіні күзету және қорғаныс жоспары

14

Физикалық қорғау жүйелерінің инженерлік-техникалық құралдары кешенін пайдалануды ұйымдастыру туралы ереже

15

Физикалық қорғау жүйелерінің инженерлік-техникалық құралдары кешенін жобалауды ұйымдастыру туралы ереже

16

Физикалық қорғау жүйесі инженерлік-техникалық құралдарының техникалық жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін тексеру жоспары

17

Персоналдың сенімділігін тексеруді қамтамасыз ету бағдарламасы