"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016 жылғы 8 ақпандағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13469 болып тіркелді. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.05.2018 № 372 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.05.2018 № 372 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына

      сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10758 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) өндіру бойынша операциялар нәтижесінде өздері алған пайдалы қазбаларды осы субъектілер экономиканың басым секторларындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде шикізат және (немесе) отын ретінде ғана тікелей пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланумен байланысты деп танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдай операциядан тыс және келісімшартпен көзделген, тиісті индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру барлық мерзімі, сондай-ақ басқа тұлғаға (басқа тұлғаларға) жер қойнауын пайдалану құқығын беруді тапсырудан немесе өтуден тыс, қызмет жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен (технологиялық процесін) тікелей келіссөздер негізінде конкурс өткізбей жасасқан жер қойнауын пайдалану келісімшартын іске асырудың барлық мерзім бойы тұрақты болып саналады.";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметін пайдалы қазбаларды барлауға, оларды өндіруге және бірлесіп барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға тікелей келіссөздерге қатысу үшін жер қойнауын пайдаланумен байланысты (технологиялық процесс) деп тануға мүдделі адам (бұдан әрі – Өтінім беруші) жер қойнауы туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын құзыретті органға еркін нысанда өтінім береді.

      Өтінімде мыналар:

      1) өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы, мекенжайы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен (бұдан әрі – Жобаларды енгізу қағидалары) бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінім беруші бекіткен жоба паспорты;

      3) Жобаларды енгізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша Өтінім беруші бекіткен индустриялық-инновациялық жобаның жоспар-кестесі;

      4) индустриялық-инновациялық жобаны қаржыландыруды пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмесі (ниеттер туралы меморандумдар және/немесе келісімдер және/немесе жобаны қаржыландыру туралы шешімдер);

      5) мына мәліметтерді қамтитын 1 парақтағы слайд-тұсаукесер: жобаның атауы мен мақсаты, оны іске асыру орны мен кезеңі, жобаның жалпы құны, күтілген нәтижелер;

      6) барлауға, өндіруге және бірлесіп барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жеткілікті және негізді көлемдерде шикізатпен және (немесе) отынмен өндірістік қызметті (технологиялық процесті) қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасу қажеттігіне жазбаша негіздеме қамтылуға тиіс.;

      7) Жобаларды енгізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаларға арналған жоба бойынша ақпарат расталуға тиіс.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыс органы өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, оны қорытынды беру үшін:

      1) уран мен көмірді қоспағанда, жер асты сулары мен емдік балшық, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде – индустрияны дамыту саласындағы Ұлттық даму институтына (бұдан әрі- Ұлттық даму институты);

      2) көмірсутек шикізаты, уран және көмір бөлігінде – осы Қағидалардың 5-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қорытынды даярлау және өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық даму институтына өтініш мен қорытындыны жіберу үшін Комиссия белгілеген мамандандырылған ғылыми ұйымдарға және (немесе) сарапшыларға.

      Ұлттық даму институттары жасалған шарттар негізінде Жұмыс органы үшін уран мен көмірді қоспағанда, жер асты сулары мен емдік балшық, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде қорытынды даярлау кезінде мамандандырылған ғылыми ұйымдарды және (немесе) сарапшыларды тартады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Ұлттық даму институтымен өтінімдерді сараптауға тартылатын мамандандырылған ғылыми ұйымдар және (немесе) сарапшылар үшін сараптама жүргізуді талап ету бойынша осы салада 3 (үш) жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі болу қажет.

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы қорытынды еркін нысанда жасалады және мынадай:

      1) өтінім беруші экономиканың басым секторында индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын;

      2) мәлімделген жоба экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызметке (технологиялық процесс) жататын;

      3) экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) болып табылатын негізгі бағыттар бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.

      Ұлттық даму институты қорытындыны дайындау мерзімі өтінімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс, Ұлттық даму институты, көмірсутек шикізаты, уран мен көмір бөлігінде жиынтық қорытындыны дайындау мерзімі Комиссия белгілеген мамандандырылған ғылыми ұйымдардан және (немесе) сарапшылардан қорытынды алған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Өтінім осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды және Өтінім берушіге жібереді. Өтінімді қабылдаудан бас тарту, өтінімді қабылдаудан бас тартуда көрсетілген бұзушылықтар жойылған жағдайда, өтінім берушіні қайта жүгіну құқығынан айырмайды.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия шешім қабылдай отырып, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Ұлттық даму институтының қорытындылары және мынадай:".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________ В. Школьник

      2016 жылғы 17 ақпан