"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрінің | |
міндетін атқарушы | Б. Жақсалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
төрағасының міндетін атқарушы
________________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 15 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығымен бекітілген |
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу олардың қолда бар саны, орын ауыстыруы және оларды жұмыс істеген кездегі орналасқан жері мәліметтерді айқындау және жаңарту мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алып қою деңгейі – атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ядролық, радиациялық, геометриялық, салмақтық сипаттамаларын айқындайтын, гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген физикалық шама мәндері, осындай мәндер болғанда немесе осы мәндерден төмен болғанда атом энергиясы пайдаланылатын объектілер мемлекеттік бақылаудан алып тасталады;
2) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясын пайдалану саласындағы саласындағы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) иондандырушы сәулелену көздері – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;
4) иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу – сәулелену көздерімен оларды дайындау, жеткізу, пайдалану, пайдалануға қосу және пайдаланудан шығару, өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызметтер көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы;
5) иондандырушы сәулелену көздерінің тізілімі – иондандырушы сәулелену көздерін экспорттау мен импорттау кезінде орнын ауыстыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы мәліметтердің ұдайы жаңартылып тұратын жиынтығын білдіретін, иондандырушы сәулелену көздерінің дерекқоры;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 16.11.2017 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен4. Мемлекеттік есепке алуға радиациялық сипаттамалары "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) белгілінген алу деңгейінен асатын сәулелену көздері жатады.
Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар радионуклидті көздер өзінің радиациялық сипаттамаларына қарамастан мемлекеттік есепке алынуы тиіс.
5. Өрт дабылдамасының датчиктеріндегі радионуклидті көздерді, радиофармацевтикалық препараттарды, иммунологиялық талдауға арналған жинақтарды, медициналық мақсаттағы радиоизотоптық генераторларды, радионуклидтермен белгіленген қосылыстарды, 125-йодты қоса алғанда, жартылай ыдырау кезеңi 60 (алпыс) тәулікке дейiнгi тіршілігі қысқа радионуклидтер негiзіндегi радиоизотоптық препараттар мен ерітінділерді, сондай-ақ радиациялық сипаттамалары алу деңгейінен аспайтын сәулелену көздерін оларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар есепке алады.
Жоғарыда көрсетілген сәулелену көздерінің бар-жоғы (жалпы саны және паспорттық деректері бойынша жиынтық белсенділігі) туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайынғы түгендеу нәтижелері бойынша беріледі.
2. Сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібі
1 параграф. Уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалардың есептерді беру тәртібі
6. Сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган олардың импорты мен экспортын қоса алғанда, олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы жеке және заңды тұлғалардың ұсынған есептері негізінде жүргізеді.
7. Уәкілетті орган сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды:
есепті ұсынған жеке және заңды тұлғаның тіркеу мәліметтері туралы ақпаратты тексеру;
жеке және заңды тұлғаның атом энергиясын пайдалану саласында тиісті қызмет түріне лицензияның бар болуын салыстыру;
тізілімде сәулелену көзі туралы мәліметтің болуы туралы ақпаратты салыстыру;
сәулелену көздерінің техникалық және радиациялық сипаттамаларын талдау;
Қазақстан Республикасына аумағына енгізілген немесе Қазақстан Республикасынан шығарылған сәулелену көздерінің импортына немесе экспортына лицензияның болуын салыстыру жолымен жүзеге асырады.
Талдау мен салыстыруды жүргізгеннен кейін сәулелену көздері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы жаңартылған мәліметтер Тізілімге енгізіледі.
8. Сәулелену көздерінің бар-жоғы және орын ауыстыруы туралы тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуына сәйкес беріледі.
9. Уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалар жіберетін есептер осы Қағидаларға 1-10 қосымшаларға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар түрінде ресімделеді (бұдан әрі - нысандар).
Нысандарды толтыру кезінде осы Қағидалардың 11-қосымшасында келтірілген операциялар коды пайдаланылады.
Қағаз жеткізгіштегі нысандар электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен қоса беріледі.
10. Есептерге жеке және заңды тұлғалар әзірлеген есепке алу тәртібі ішкі құжаттармен (нұсқаулықтармен) айқындалған сәулелену көздері туралы дәйекті деректер енгізіледі.
11. Есептерді сәулелену көздерінің меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар дайындаушылар, жеткізушілер, сондай ақ, пайдаланылмайтын радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ұсынады.
2 параграф. Сәулелену көздерінің меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың есептерді ұсынуы
12. Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) сәулелену кездерінің меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф1-ИСК нысаны) радионуклидті мәлімет және (немесе) радиоизотопты аспаптардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф3-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің тізбесін жібереді.
Егер есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалар сәулелену көздерін алса немесе берсе уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп, және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
13. Сәулелену көздерін әрбір алғаннан немесе бергеннен кейін он жұмыс күні ішінде сәулелену көздерінің меншік иесі болын табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орғанға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулелену генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
14. Сәулелену кездерін әрбір уақытша пайдалануға (жалуға) бергеннен кейін, сондай ақ жұмыс аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар (иесі және жалға алушы) он жұмыс күні ішінде уәкілетті орғанға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың немесе (және) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
3 параграф. Сәулелену көздерін дайындаушылар болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалардың есептерді ұсынуы
15. Әрбір сәулелену көздерін сатқаннан кейін он жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
16. Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф4-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф5-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф6-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың немесе (және) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп жібереді.
Егер жеке және заңды тұлғалардың - дайындаушылардың теңгерімінде дайындалған, бірақ есепті кезеңде сатылмаған сәулелену көздері болған жағдайда, уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф1-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптардың тізбесі; және (немесе);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесі; және (немесе);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (индекс: ФЗ-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің тізбесі жібереді.
4 параграф. Сәулелену көздерін жеткізушілер болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалардың есептерді ұсынуы
17. Сәулелену кездерін әрбір сатқаннан (жеткізгеннен) және (немесе) тасымалдаудан кейін он жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф7-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотопты аспаптарды жеткізу туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 9-қосымшага сәйкес (индекс: Ф9-НГ нысаны) нейтрондық генераторларды немесе (және) нейтрондық түтікшелерді жеткізу туралы есеп жібереді.
18. Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф7-ИСК нысаны) радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотопты аспаптарды жеткізу туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ИГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы есеп; және (немесе);
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф9-НГ нысаны) нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді жеткізу туралы есеп жібереді.
Егер жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер теңгерімінде есепті кезеңде сатылмаған сәулелену көздері болса, уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф1-ИСК нысаны) радионуклидті көздердің немесе (және) радиоизотопты аспаптардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф2-ІІГҚ нысаны) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесін; және (немесе);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф3-НГ нысаны) нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің тізбесін жібереді.
5 параграф. Пайдаланылмайтын радионуклидті көздерді және (немесе) радноизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың есептерді ұсынуы
19. Көму паспортын ресімдегеннен кейін он жұмыс күні ішінде пайдаланылмайтын радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф10-ИСК нысаны) ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар туралы есеп жібереді.
20. Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) пайдаланылмайтын радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес (индекс: Ф10-ИСК нысаны) есепті кезеңде ұзақ уақыт сақтауға (көмуге) алынған радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар туралы жиынтық мәлімет бар ұзақ уақыт
сақтауға немесе көмуге алынған пайдаланылмайтын радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар туралы есеп жібереді.
6 параграф. Сәулелену көздерін экспорты мен импортын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың есептерді ұсынуы
21. Жеке және заңды тұлғалар болжамды импорт күніне дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жоспарланған қауіптілігі 1 және 2 санатты жабық радионуклидті көздерді алу (импорты) туралы алдын ала хабарлама жібереді.
22. Жеке және заңды тұлғалар болжамды экспорт күніне дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға12-косымшаға сәйкес қауіптілігі 1 және 2 санаттағы жабық радионуклидті көздерді тиеу (экспорты) туралы алдын ала хабарлама жібереді.
Қауіптілігі 1 және 2 санаттағы жабық радионуклидті көздердің жоспардан тыс экспорты немесе импорты жағдайында алдын ала жазбаша хабарлама шешім қабылдағаннан кейін дереу уәкілетті органға жіберіледі.
23. Қауіптілігі 1 және 2 санаттағы жабық радионуклидті көздердің экспорты немесе импорты нақты орындалғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға тауарларға арналған декларацияның көшірмесі жібереді.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 1-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Радионуклидті көздердің және (немесе)
радиоизотоптық аспаптардың тізбесі
Есептік кезең 20___ жыл
Индекс: Ф1-ИСК нысаны
Мерзімділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы:
радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде дайындалған, бірақ сатылмаған радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар бар жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар;
есебінде алынған, бірақ сатылмаған радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар бар жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
Кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Радионуклидті көздердің және (немесе)
радиоизотоптық аспаптардың тізбесі"
1. Осы түсініктеме "Радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың тізбесі" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды:
радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде дайындалған, бірақ өткізілмеген радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар бар болып табылатындар жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар;
есебінде алынған, бірақ өткізілмеген радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар бар жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне жыл сайынғы түгендеу нәтижелері бойынша есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде немесе кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Ескерту: филиалдар бар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысанға оның пайдаланылатынына немесе пайдаланылмайтынына қарамастан теңгерімде (есепте) тұрған барлық радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар туралы деректер енгізіледі.
Нысан радиоизотоптық аспапта радионуклидті көз болмаған жағдайда да толтырылады;
2) сәулелену көзінің әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан кестенің бір бағанына (ұяшыққа) енгізіледі;
3) сәулелену көзінің сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа бөлуге және ауыстыруға болмайды;
4) бірнеше сәулелену көздері үшін ұқсас ақпараты бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы, -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес "ИНВ" деген немесе "ВИНВ" деген операцияларының коды көрсетіледі;
3) "Радионуклидті көздің нөмірі" деген 3-бағанда дайындаушы зауыт берген паспортқа (сертификатқа) сәйкес радионуклидті көздің нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Паспорттың нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген, бірдей нөмірі бар радионуклидті көзге немесе радионуклидті көздердің жиынтығына (партиясына) паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі – Паспорт) нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
5) "Радионуклидті көздің түрі" деген 5-бағанда Паспортқа сәйкес бірдей нөмірі бар радионуклидті көздің немесе радионуклидті көздердің жиынтығының (партиясының) түрі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
6) "Радионуклид" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер радионуклидті көзде изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы: Цезий-137, Стронций-90+Иттрий-90. Егер радионуклидті көздің (жинақтың) құрамына екеуден көп изотоп кіретін болса, былай жазуға рұқсат етіледі: Pu-238+U-233+Pu-239;
7. "Белсенділік, Беккерель (паспорт бойынша)" деген 7-бағанда Паспортқа сәйкес Беккерельге қайта есептегенде, радионуклидті көздің белсенділігінің тек қана сандық мәні көрсетіледі. Жазба пішіні: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген радионуклидті көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша қайта есептеледі.
Егер, радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, күрделі изотоптық құрам болған жағдайда) немесе дозаның қуаты мәлім болған жағдайда, оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
8. "Дайындалған күні" деген 8-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
9. "Қызмет мерзімі" деген 9-бағанға Паспортқа сәйкес белгіленген қызмет мерзімінің тек сандық мәні енгізіледі;
Қызмет мерзімі ұзартылған радионуклидті көздер үшін Паспортқа және ұзартылғаны туралы қорытынды (сертификат) бойынша қызмет мерзімінің жиынтығы көрсетіледі. "Ескертпе" деген бағанға мынадай: қызмет мерзімі ұзартылған деген жазба енгізіледі. Нысанға радионуклидті көздің қызмет мерзімі ұзартылғаны туралы актінің (сертификаттың) көшірмесі қоса беріледі.
10. "Сәулелену түрі" деген 10-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің сәулелену түрі көрсетіледі (мысалы, альфа, бета, гамма, нейтрондар). Егер радионуклидті көздің сәулелену спектрі күрделі сипатта болса, онда б, в, г, з жазуға рұқсат етіледі;
11. "Мөлшері, дана" деген 11-бағанда радионуклидті көздердің мөлшерінің сандық мәні ғана көрсетіледі.
Егер данадан басқа өлшем бірлігі пайдаланылатын болса, мөлшері "Ескертпе" деген бағанда көрсетіледі (мысалы, 1 литр (л), 1 килограмм (кг));
12. "Радиоизотоптық аспаптың атауы немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі" деген 12-бағанда:
егер радионуклидтік көз оның ажырамас бөлігі болып табылса, радиоизотоптық аспаптың атауы (түрі, үлгісі); немесе
радиоизотоптық аспаптың өлшеу бөлігінен бөлек қолданылатын немесе одан алынатын және бөлек сақталатын радионуклидті көз тұрақты орналасқан қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі (маркасы, үлгісі); немесе
нысанды толтыру кезінде жұмыс аяқталғаннан кейін (мысалы, каротаж геофизикалық зерттеулер) радиоизотоптық аспаптан алынатын радионуклидті көз орналасқан қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі (маркасы, үлгісі).
13. "Радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) нөмірі" деген 13-бағанда 12-бағанда көрсетілген радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) нөмірі көрсетіледі;
14. "Мәртебесі" деген 14-бағанға "қолданылады" немесе "қолданылмайды" деген жазулардың бірі енгізіледі.
"Пайдаланылмайды" деген мәртебе радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап ұзақ уақыт (1 айдан көп) қолданылмайтын жағдайда, мысалы, уақытша сақтауда, көмуге беруге дайындалған, резерв ретінде сақталса көрсетіледі;
15. "Мақсаты" деген 15-бағанда радионуклидті көздің немесе радиоизотоптық аспаптың (мысалы: дефектоскопия, каротаж, сәулелі терапия, қалыңдықты бақылау, деңгейді бақылау, тығыздықты бақылау) қолданылу саласы көрсетіледі;
16. "Орналасқан орны" деген 16-бағанда радионуклидті көздің немесе радиоизотоптық аспаптың нысанды толтыру сәтінде орналасқан орны көрсетіледі (мысалы: бөлімнің атауы, бөлменің нөмірі, цехтың нөмірі, сақтау орны, ұяшықтың №);
17. "Ескертпе" деген 17-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсіндірмелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын
электрофизикалық қондырғылардың тізбесі
Есепті кезең 20___ жыл
Индекс: Ф2-ИГҚ нысаны
Мерзімділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы:
Рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде дайындалған, бірақ сатылмаған рентген аппараттарын және медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қос алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылары бар жеке және заңды тұлғалар-дайындаушылар;
есебінде алынған, бірақ сатылмаған рентген аппараттарын және медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылары бар жеке және заңды тұлғалар-жеткізушілер.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын
электрофизикалық қондырғылардың тізбесі"
1. Осы түсініктеме "Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың тізбесі" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды:
есебінде рентген аппараттарын және медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылары бар және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде рентген аппараттарын және медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, дайындалған, бірақ сатылмаған иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылары бар жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар;
есебінде рентген аппараттарын және медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, алынған, бірақ сатылмаған иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылары (бұдан әрі – электрофизикалық қондырғылар) бар жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне жыл сайынғы түгендеу нәтижелері бойынша есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде немесе кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Ескерту: филиалдар бар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысанға пайлаланылатынына немесе пайданылмайтынына қарамастан теңгерімде (есепте) тұрған барлық электрофизикалық қондырғылар туралы деректер енгізіледі;
Нысан электрофизикалық қондырғыда иондандырушы сәулелену генераторы (мысалы, рентген түтікшесі) болмаған жағдайда да толтырылады;
2) электрофизикалық қондырғының әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан кестенің бір бағанына (ұяшыққа) енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
3) электрофизикалық қондырғының сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа бөлуге және ауыстыруға, сол сияқты кестенің әртүрлі жолдарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше электрофизикалық қондырғы үшін ұқсас ақпараты бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "ИНВ" немесе "ВИНВ" операцияларының коды көрсетіледі;
3) "Қондырғының атауы" деген 3-бағанға электрофизикалық қондырғының атауы (моделі) (мысалы, 12Ф7, Alpha ST, RAPISRAN, Арина-02) ғана енгізіледі;
4) "Зауыт нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес электрофизикалық қондырғының нөмірі көрсетіледі;
5) "Паспорттың нөмірі" деген 5-бағанда электрофизикалық қондырғының дайындаушы зауыт берген паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі;
6) "Дайындалған күн" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес электрофизикалық қондырғының дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Ұтқырлығы" деген 7-бағанда стационарлық, жазылмалы, тасымалды мәндерінің бірі көрсетіледі;
8) "Мәртебесі" деген 8-бағанда "қолданылады" немесе "қолданылмайды" деген жазулардың бірі көрсетіледі.
"Пайдаланылмайды" деген мәртебесі электрофизикалық қондырғы ұзақ уақыт (1 айдан астам) пайдаланылмаған жағдайда көрсетіледі, мысалы, уақытша сақтауда тұрған, есептен шығаруға және (немесе) бөлшектеуге дайындалған, резерв ретінде сақталатын;
9) "Мақсаты" деген 9-бағанда электрофизикалық қондырғының қолданылу саласы көрсетіледі (мысалы: дефектоскопия, каротаж, сәулелік терапия, қалыңдығын бақылау, деңгейін бақылау, тығыздығын бақылау);
10) "Орналасқан орны" деген 10-бағанда нысанды толтыру кезіндегі электрофизикалық қондырғының орналасқан орны көрсетіледі (мысалы, бөлімшенің атауы, бөлменің №, цехтың №, қойма);
11) "Түгендеу нөмірі" деген 11-бағанда бухгалтерия берген электрофизикалық қондырғының түгендеу нөмірі (егер белгілінген) көрсетіледі;
12) "Ескертпе" деген 12-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Нейтрондық генераторлардың немесе (және)
нейтрондық түтікшелердің тізбесі
Есепті кезең 20___ жыл
Индекс: Ф3-ИГҚ нысаны
Мерзімділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар:
есебінде нейтрондық генераторлар және (немесе) нейтрондық түтікшелер бар және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде дайындалған, бірақ сатылмаған нейтрондық генераторлар бар жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар;
есебінде алынған, бірақ сатылмаған нейтрондық генераторлар бар жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер.
Қайда ұсынылады:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
Кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Нейтрондық генераторлардың немесе (және)
нейтрондық түтікшілердің тізбесі"
1. Осы түсініктеме "Нейтрондық генераторлардың немесе (және) нейтрондық түтікшелердің тізбесі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды:
есебінде нейтрондық генераторлар және (немесе) нейтрондық түтікшелер бар және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
есебінде дайындалған, бірақ сатылмаған нейтрондық генераторлар бар жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар;
есебінде алынған, бірақ сатылмаған нейтрондық генераторлар бар жеке және заңды тұлғалар – жеткізушілер.
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне жыл сайынғы түгендеу нәтижелері бойынша есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде немесе кезектен тыс түгендеу актісін ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысанға пайдаланылатына немесе пайдаланылмайтынына қарамастан теңгерімде (есепте) тұрған барлық нейтрондық генераторлар туралы деректер енгізіледі;
Нысан нейтрондық генераторда нейтрондық түтікше болмаған жағдайда да толтырылады;
2) нейтрондық генератордың әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір кестенің бағанына (ұяшығына) енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз пен артық аралықсыз жазылуы сақталады;
3) нейтрондық генератордың сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа бөлуге және ауыстыруға, сол сияқты кестенің әртүрлі тармақтарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше нейтрондық генераторлар үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "ИНВ" немесе "ВИНВ" операцияларының коды көрсетіледі;
3) "Нейтрондық генератордың атауы (үлгісі, түрі)" деген 3-бағанға дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генератордың атауы (моделі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы мен бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Нейтрондық генератордың зауыт нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генератордың нөмірі көрсетіледі;
5) "Нейтрондық генератордың паспортының нөмірі" деген 5-бағанда дайындаушы зауыт берген паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі;
6) "Нейтрондық генератордың дайындалған күні" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес нейтрондық генератордың дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Нейтрондық түтікшенің атауы (үлгісі, түрі)" деген 7-бағанға дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің атауы (моделі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы мен бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
8) "Нейтрондық түтікшенің зауыт нөмірі" деген 8-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің нөмірі көрсетіледі;
9) "Нейтрондық түтікшенің дайындалған күні" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес нейтрондық түтікшенің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
10) "Радионуклид" деген 10-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер радионуклидті көздегі изотоптардың саны екеуден аспаса радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы, Тритий. Егер радионуклидті көздің (жиынтығының) құрамына екіден көп изотоптар кіретін болса, былайша жазуға болады: Pu-238+U-233+Pu-239;
11) "Белсенділік, Беккерель (паспорт бойынша)" деген 11-бағанда Паспортқа сәйкес Беккерельге қайта есептегенде радионуклидтің белсенділігінің сандық мәні ғана көрсетіледі. Жазбаның пішімі: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген радионуклидті көздің белсенділігің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша қайта есептеледі.
Егер радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, күрделі изотоптық құрам) немесе мысалы дозаның қуаты белгілі болса, онда оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
12) "Мәртебесі" деген 8-бағанға "қолданылады" немесе "қолданылмайды" деген жазулардың бірі енгізіледі.
"Пайдаланылмайды" деген мәртебесі нейтрондық генератор ұзақ уақыт (1 айдан астам) пайдаланылмаған жағдайда көрсетіледі, мысалы, уақытша сақтауда болған, көмуге тапсыруға дайындалған, резерв ретінде сақталған;
13) "Орналасқан орны" деген 13-бағанда нысанды толтыру кезіндегі нейтрондық генератордың орналасқан орны көрсетіледі (мысалы, бөлімшенің атауы, бөлменің №, цехтың №, қойма, ұяшықтың №);
14) "Ескертпе" деген 14-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Радионуклидті көздердің және (немесе)
радиоизотоптық аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп
Есептік кезең 20___ жыл
Индекс: Ф4-ИСК нысаны
Мерзімділігі:
радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір берген немесе алғаннан табыстағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
жылдық (радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың есептік кезеңде орын ауыстыруы туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар:
жеткізушілерді, дайындаушылары қоспағанда, радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды алған немесе берген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ асыратын пайдаланылмайтын радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге жеке және заңды тұлғалар.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір алғаннан немесе бергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Радионуклидті көздердің және (немесе)
радиоизотоптық аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп
1. Осы түсініктеме "Радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың орын ауыстыруы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне сондай-ақ пайдаланылмайтын радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жеткізушілерді, дайындаушыларды қоспағанда радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды алған немесе бергеннен жеке және заңды тұлғалар:
радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір берген немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады, және көрсетілген мерзімде радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың орын ауыстыруы туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды алған немесе берген барлық жағдайда ұсынылады.
Нысан өндірістік мақсатта (мысалы, каротажды, дефектоскопты жұмыстарды жүргізу) жүзеге асырылатын радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың орын ауыстыруы жағдайында ұсынылмайды.
Нысан радионуклидті көздерді немесе радиоизотоптық аспаптарды филиалдар арасында 6 айдан көп мерзімге немесе тұрақты пайдалануға берген кезде ұсынылады;
Нысан радиоизотоптық аспапта радионуклидті көз болмаған жағдайда толтырылады.
2) сәулелену көзінің әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан кестенің бір бағанына (ұяшыққа) енгізіледі;
3) сипаттаманың бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әртүрлі жолындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше сәулелену көздері үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанда жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Радионуклидті көздің нөмірі" деген 3-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес радионуклидті көздің нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы мен бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Паспорттың нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген, бірдей нөмірі бар радионуклидті көзге немесе радионуклидті көздердің жинағына (партиясына) паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі – Паспорт) нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
5) "Радионуклидті көздің түрі" деген 5-бағанда Паспортқа сәйкес бірдей нөмірі бар радионуклидті көздің немесе радионуклидті көздердің жинағының (партиясының) түрі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
6) "Радионуклид" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер радионуклидті көзде изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы: Цезий-137, Стронций-90+Иттрий-90. Егер радионуклидті көздің (жинақтың) құрамына екеуден көп изотоп кіретін болса, былайша жазуға болады: Pu-238+U-233+Pu-239;
7) "Белсенділік, Бк (паспорт бойынша)" деген 7-бағанда Паспортқа сәйкес Беккерельге қайта есептегенде, көздің белсенділігінің сандық мәні ғана көрсетіледі. Жазба пішіні: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша қайта есептеледі.
Егер, радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, күрделі изотоптық құрам кезінде) немесе мысалы, дозаның қуаты мәлім болған жағдайда, оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
8) "Дайындалған күні" деген 8-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
9) "Сәулелену түрі" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің сәулелену түрі көрсетіледі (мысалы, альфа, бета, гамма, нейтрондар). Егер радионуклидті көздің сәулелену спектрі күрделі сипатта болса, онда б, в, г, з жазуға болады;
10) "Мөлшері, дана" деген 10-бағанда радионуклидті көздердің мөлшерінің сандық мәні ғана көрсетіледі.
Егер данадан бөлек өлшем бірлігі қолданылатын болса, онда мөлшер өлшем бірлігімен бірге "Ескертпе" деген бағанда көрсетіледі мысалы, (1 литр (л), 1 килограмм (кг));
11) "Радиоизотоптық аспаптың атауы немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі" деген 11-бағанда алу немесе беру кезінде радиоизотоптық аспаптың атауы (түрі, үлгісі) немесе радионуклидті көз орналасқан қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі (маркасы, үлгісі) көрсетіледі.
12) "Радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) нөмірі" деген 11-бағанда көрсетілген радиоизотоптық аспаптың немесе контейнерінің (блогының) нөмірі көрсетіледі;
13) "Алу (беру) актісінің нөмірі" деген 13-бағанда негізінде радионуклидті көзі немесе радиоизотоптық аспап алынған немесе берілген құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
14) "Берілген күні" деген 14-бағанда сәулелену көзін немесе радиоизотоптық аспапты нақты берген күні көрсетіледі;
15) "Жөнелтуші (Алушы)" деген 15-бағанға радионуклидті көзі немесе радиоизотоптық аспап алынған немесе берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
16) "Импортқа (экспортқа) лицензияның нөмірі" деген 16-бағанда негізінде радионуклидті аспап немесе радиоизотоптық аспап сәулелену көзі Қазақстан Республикасынан әкетілген немесе Қазақстан Республикасына әкелінген импортқа немесе экспортқа лицензияның нөмірі көрсетіледі;
17) "Лицензия берілген күн" деген 17-бағанда 16-бағанда көрсетілген импортқа немесе экспортқа лицензияның күні көрсетіледі;
18) "Ескертпе" деген 18-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 5-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын
электрофизикалық қондырғылардың
орын ауыстыруы туралы есеп
Есепті кезең 20 ___ жыл
Индекс: Ф5-ИГҚ нысаны.
Мерзімділігі:
рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды әрбір бергеннен немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде;
жылдық (есепті кезеңде рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар:
жеткізушілерді және дайындаушыларды қоспағанда, рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды алған немесе берген жеке және заңды тұлғалар.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
электрофизикалық қондырғыны әрбір бергеннен немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын
электрофизикалық қондырғылардың
орын ауыстыруы туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың орын ауыстыруы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жеткізушілер мен дайындаушыларды қоспағанда, рентген аппараты мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды (бұдан әрі – электрофизикалық қондырғы) алған немесе берген жеке және заңды тұлғалар "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне:
электрофизикалық қондырғыларды әрбір алғаннан немесе бергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады және көрсетілген мерзімде электрофизикалық қондырғылардың қозғалысы туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі орындаушы нысанға (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан электрофизикалық қондырғылар алынған және берілген барлық жағдайда толтырылады;
Нысан электрофизикалық қондырғыда иондандырушы сәулелену генераторы (мысалы, рентген түтікшесі) болмаған жағдайда да толтырылады;
2) электрофизикалық қондырғыларда әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
3) электрофизикалық қондырғы сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әртүрлі жолдарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше сәулелену көзі үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес операцияларының коды көрсетіледі;
3) "Қондырғының атауы" деген 3-бағанда электрофизикалық қондырғының атауы (үлгісі) (мысалы, 12Ф7, Alpha ST, RAPISRAN, Арина-02) ғана енгізіледі;
4) "Зауыт нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген паспортқа (сертификатқа) сәйкес электрофизикалық қондырғының нөмірі көрсетіледі;
5) "Паспорттың нөмірі" деген 5-бағанда дайындаушы зауыт берген паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі;
6) "Дайындалған күні" деген 6-бағанда паспортқа сәйкес электрофизикалық қондырғының дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Ұтқырлығы" деген 7-бағанда стационарлық, жазылмалы, тасымалды мәндерінің бірі көрсетіледі;
8) "Мақсаты" деген 8-бағанда электрофизикалық қондырғының қолданылу саласы көрсетіледі (мысалы, дефектоскопия, каротаж, сәулелік; терапиясы, қалыңдығын бақылау, деңгейін бақылау, тығыздығын бақылау);
9) "Алу (беру) актісінің нөмірі" деген 9-бағанда негізінде электрофизикалық қондырғы алынған немесе берілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
10) "Берілген күні" деген 10-бағанда электрофизикалық қондырғаның нақты берілген күні көрсетіледі;
11) "Жөнелтуші (Алушы)" деген 11-бағанға электрофизикалық қондырғы алынған немесе берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның немесе атауы енгізіледі;
12) "Импортқа (экспортқа) арналған лицензияның нөмірі" деген
12-бағанда негізінде Қазақстан Республикасынан әкетілген немесе Қазақстан Республикасына әкелген импортқа немесе экспортқа лицензияның нөмірі көрсетіледі;
13) "Лицензия берілген күн" деген 12-бағанда импортқа (экспортқа) арналған лицензияның берілген күні көрсетіледі;
14) "Ескертпе" деген 14-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 6-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Нейтрондық генераторлардың және (немесе)
нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп
Есепті кезең 20___ жыл
Индекс: Ф6-НГ нысаны
Мерзімділігі:
нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді әрбір бергеннен немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
жылдық (есепті кезеңде нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы жиынтық дерек).
Ұсынатын тұлғалар тобы:
жеткізушілерді және дайындаушыларды қоспағанда, нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді алған немесе берген жеке және заңды тұлғалар.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді әрбір бергеннен немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде./
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Нейтрондық генераторлардың және (немесе)
нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды:
жеткізушілер мен дайындаушыларды қоспағанда нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді алған немесе берген жеке және заңды тұлғалар "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне:
нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді әрбір бергеннен немесе алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті кезеңде есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде және нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің орын ауыстыруы туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке беріледі.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді әрбір берген және алған барлық жағдайда толтырылады;
2) нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
3) нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің сипаттамаларының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әртүрлі жолдарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше нейтрондық генераторлар үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Нейтрондық генератордың атауы (үлгісі, түрі)" деген 3-бағанға зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генератордың атауы (үлгісі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Нейтрондық генератордың зауыттық нөмірі" деген 4-бағанға дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генератордың нөмірі көрсетіледі;
5) "Паспорттың нөмірі" деген 5-бағанда дайындаушы зауыт берген нейтрондық генератордың паспортының (сертификаттың) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі;
6) "Нейтрондық генератордың дайындалған күні" деген 6-бағанда паспортқа сәйкес нейтрондық генератордың дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Нейтрондық түтікшенің атауы (үлгісі, түрі)" деген 7-бағанға дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің атауы (үлгісі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
8) "Нейтрондық түтікшенің зауыттық нөмірі" деген 8-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің нөмірі көрсетіледі;
9) "Нейтрондық түтікшенің дайындалған күні" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес нейтрондық түтікше дайындалған күннің сандық мәні көрсетіледі;
10) "Радионуклид" деген 10-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер көздегі изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы, Тритий. Егер көздің (жиынтықтың) құрамына екіден көп изотоптар кіретін болса, былай жазуға рұқсат етіледі: Pu-238+U-233+Pu-239;
11) "Белсенділік, Беккерель (паспорт бойынша)" деген 11-бағанда Беккерельге (Бк) қайта есептегенде Паспортқа сәйкес радионуклид белсенділігінің сандық мәні ғана көрсетіледі. Жазбаның пішімі: 2,35Е+9. "Бк".
Кюриде (Ки) көрсетілген радионуклидті көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша қайтадан есептеледі.
Егер радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, күрделі изотоптық құрам кезінде) немесе мысалы дозаның қуаты белгілі болса, онда оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
12) "Алу (беру) актісінің нөмірі" деген 12-бағанда оның негізінде нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше алынған немесе берілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
13) "Берілген күн" деген 13-бағанда нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің нақты берілген күні көрсетіледі;
14) "Жөнелтуші (Алушы)" деген 14-бағанда нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше алынған немесе берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
15) "Импортқа (экспортқа) лицензияның нөмірі" деген
15-бағанда негізінде нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше Қазақстан Республикасынан әкетілген немесе Қазақстан Республикасына әкелінген импортқа немесе экспортқа арналған лицензияның нөмірі көрсетіледі;
16) "Лицензия берілген күн" деген 16-бағанда 15-бағанда көрсетілген импортқа немесе экспортқа арналған лицензияның күні көрсетіледі;
17) "Ескертпе" деген 17-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 7-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Радионуклидті көздерді және (немесе)
радиоизотоптық аспаптарды жеткізу туралы есеп
Есептік кезең 20___ жыл
Индекс: Ф7-ИСК нысаны.
Мерзімділігі:
Радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір жеткізгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
жылдық (есептік кезеңде радионуклидті көздерді және радиоизотоптық аспаптарды жеткізуі туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар тобы:
жеке және заңды тұлғалар радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды жеткізушілер;
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір жеткізгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Радионуклидті көздерді және (немесе)
радиоизотоптық аспаптарды жеткізу туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды жеткізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды жеткізушілер – жеке және заңды тұлғалар:
радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды әрбір жеткізгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады және көрсетілген мерзімде радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды жеткізу туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі орындаушы нысанға (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды жеткізудің немесе орын ауыстырудың (тасымалдаудың) барлық жағдайында ұсынылады;
2) сәулелену көзінің әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі;
3) сипаттаманың бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әрбір жолында тұрған ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше сәулелену көзі үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Радионуклидті көздің нөмірі" деген 3-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес радионуклидті көздің нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Паспорттың нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген, бірдей нөмірі бар радионуклидті көзге немесе радионуклидті көздердің жиынтығына (партиясына) Паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі – Паспорт) нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
5) "Радионуклидті көздің түрі" деген 5-бағанда Паспортқа сәйкес бірдей нөмірі бар радионуклидті көздің немесе радионуклидті көздердің жинағының (партиясының) түрі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
6) "Радионуклид" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер радионуклидті көзде изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы: Цезий-137, Стронций-90+Иттрий-90. Егер радионуклидті көздің (жинақтың) құрамына екеуден көп изотоп кіретін болса, былай жазуға болады: Pu-238+U-233+Pu-239;
7) "Белсенділік, Бк (паспорт бойынша)" деген 7-бағанда Паспортқа сәйкес Беккерельге қайта есептегенде, радионуклидті көздің белсенділігінің тек қана сандық мәні көрсетіледі. Жазба пішіні: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген радионуклидті көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша есептеледі.
Егер, радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаса (мысалы, күрделі изотоптық құрам болған жағдайда) немесе дозаның қуаты мәлім болған жағдайда, онда оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
8) "Дайындалған күн" деген 8-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
9) "Сәулелену түрі" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің сәулелену түрі көрсетіледі (мысалы, альфа, бета, гамма, нейтрондар). Егер радионуклидті көздің сәулелену спектрі қиын сипатта болса, онда б, в, г, з жазуға болады;
10) "Мөлшері, дана" деген 10-бағанда радионуклидті көздердің мөлшерінің сандық мәні ғана көрсетіледі.
Егер данадан бөлек өлшем бірлігі қолданылатын болса, онда мөлшер өлшем бірлігімен бірге "Ескертпе" деген бағанда көрсетіледі (1 литр (л), 1 килограмм (кг));
11) "Радиоизотоптық аспаптың атауы немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі" деген 11-бағанда радиоизотоптық аспаптың атауы (түрі, үлгісі) жеткізу немесе тасымалдау кезінде радионуклидті көз орналасқан немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі (маркасы, үлгісі) көрсетіледі.
12) "Радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі нөмірі" деген 12-бағанда 11-бағанда көрсетілген радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) нөмірі көрсетіледі;
13) "Алу актісінің нөмірі" деген 13-бағанда негізінде радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап алынған құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
14) "Алынған күн" деген 14-бағанда радионуклидті көздің немесе радиоизотоптық аспаптың нақты алынған күні көрсетіледі;
15) "Жөнелтуші" деген 15-бағанда сәулелену көзі немесе радиоизотоптық аспап алынған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
16) "Табыстау актісінің нөмірі" деген 16-бағанда негізінде радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап берілген құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
17) "Берілген күні" деген 17-бағанда радионуклидті көздің немесе радиоизотоптық аспаптың нақты берілген күні көрсетіледі;
18) "Алушы" деген 18-бағанға радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
19) "Импортқа (экспортқа) арналған лицензияның нөмірі" деген
19-бағанда негізінде радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап Қазақстан Республикасынан әкетілген немесе Қазақстан Республикасына енгізілген импортқа немесе экспортқа арналған лицензияның нөмірі көрсетіледі;
20) "Лицензия берілген күн" деген 20-бағанда 19-бағанда көрсетілген импорт немесе экспортқа арналған лицензияның күні көрсетіледі;
21) "Ескертпе" деген 21-бағанда ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсіндірмелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 8-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын
электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы есеп
Есепті кезең 20___ жыл
Индекс: Ф8-ИГҚ нысаны
Мерзімділігі:
Рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды әрбір жеткізгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Жылдық (рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар тобы:
Жеке және заңды тұлғалар - рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізушілер.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
Рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды әрбір жеткізгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын
электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жеке және заңды тұлғалар - рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізушілер "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне:
рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғылардың әрбір жеткізілмінен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады және рентген аппараттары мен медициналық және медициналық емес мақсаттағы үдеткіштерді қоса алғанда, иондандырушы сәулеленудi генерациялайтын электрофизикалық қондырғыларды жеткізу туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан электрофизикалық қондырғыларды жеткізу немесе тасымалдаудың барлық жағдайында толтырылады;
Нысан иондандырушы сәулелену генераторы (мысалы, рентген түтікшесі) болмаған жағдайда да толтырылады;
2) электрофизикалық қондырғының әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі;
3) электрофизикалық қондырғының сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әртүрлі жолдарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше электрофизикалық қондырғы үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Қондырғының атауы" деген 3-бағанға электрофизикалық қондырғының атауы (үлгісі) (мысалы, 12Ф7, Alpha ST, RAPISRAN, Арина-02) ғана енгізіледі;
4) "Зауыт нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес электрофизикалық қондырғының нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
5) "Паспорттың нөмірі" деген 5-бағанда электрофизикалық қондырғының дайындаушы зауыт берген паспорттың (сертификаттың) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
6) "Дайындалған күні" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес электрофизикалық қондырғы дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Ұтқырлығы" деген 7-бағанда мына мәндердің бірі: стационарлық, жазылмалы, тасымалдық көрсетіледі;
8) "Мақсаты" деген 8-бағанда электрофизикалық қондырғының қолданылу саласы көрсетіледі (мысалы, дефектоскопия, каротаж, сәулелік терапия, қалыңдығын бақылау, деңгейін бақылау, тығыздығын бақылау);
9) "Алу актісінің нөмірі" деген 9-бағанда негізінде электрофизикалық қондырғы алынған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
10) "Алынған күні" деген 10-бағанда электрофизикалық қондырғының нақты алынған күні көрсетіледі;
11) "Жөнелтуші" деген 11-бағанға электрофизикалық қондырғы алынған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе зады тұлғаның атауы енгізіледі;
12) "Табыстау актісінің нөмірі" деген 12-бағанда негізінде электрофизикалық қондырғы берілген құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
13) "Берілген күні" деген 13-бағанда электрофизикалық қондырғының нақты берілген күні көрсетіледі
14) "Алушы" деген 14-бағанға электрофизикалық қондырғы берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
15) "Импортқа (экспортқа) арналған лицензияның нөмірі" деген
15-бағанда негізінде электрофизикалық қондырғы Қазақстан Республикасынан әкетілген немесе Қазақстан Республикасына әкелінген импортқа немесе экспортқа берген лицензияның нөмірі көрсетіледі;
16) "Лицензия берген күн" деген 16 бағанда импортқа (экспортқа) арналған лицензияның күні көрсетіледі;
17) "Ескертпе" деген 17-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 9-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Нейтрондық генераторлардың және (немесе)
нейтрондық түтікшелердің жеткізілімі туралы есеп
Есепті кезең 20___ жыл
Индекс: Ф9-НГ нысаны
Мерзімділігі:
нейтрондық генераторды және (немесе) нейтрондық түтікшені әрбір жеткізілімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Жылдық (нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелердің жеткізілімі туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар тобы:
жеке және заңды тұлғалар - нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді жеткізушілер.
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің әрбір жеткізілімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Нейтрондық генераторлардың және (немесе)
нейтрондық түтікшелердің жеткізілімі туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің жеткізілімі туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жеке және заңды тұлғалар - нейтрондық генераторларды және (немесе) нейтрондық түтікшелерді жеткізушілер "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне:
нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің әрбір жеткізілімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады және нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелердің жеткізілімі туралы жиынтық деректерді қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
Нысан қағаз тасығышта сканерленген және сканерленбеген түрде электрондық тасығышта көшірмесімен қоса беріледі.
4. Жалпы талаптар:
1) нысан нейтрондық генераторлардың және (немесе) нейтрондық түтікшелерді жеткізілімінің немесе тасымалының барлық жағдайында толтырылады;
2) нысан нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің әрбір сипаттамасы жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі;
3) нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікшенің сипаттамасының бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, сол сияқты кестенің әртүрлі жолдарындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше нейтрондық генераторлар және (немесе) нейтрондық түтікшелер үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Нейтрондық генератордың атауы (үлгісі, түрі)" деген 3-бағанға дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генераторлардың атауы (үлгісі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Зауыт нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық генератордың нөмірі көрсетіледі;
5) "Паспорттың нөмірі" деген 5-бағанда дайындаушы зауыт берген нейтрондық генератордың паспортының (сертификатының) (бұдан әрі - Паспорт) нөмірі көрсетіледі;
6) "Нейтрондық генератордың дайындалған күні" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес нейтрондық генератордың дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
7) "Нейтрондық түтікшенің атауы (үлгісі, түрі)" деген 7-бағанға дайындаушы зауыт берген паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің атауы (үлгісі) ғана енгізіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
8) "Нейтрондық түтікшенің зауыттық нөмірі" деген 8-бағанда Паспортқа (сертификатқа) сәйкес нейтрондық түтікшенің нөмірі көрсетіледі;
9) "Нейтрондық түтікшенің дайындалған күні" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес нейтрондық түтікшенің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
10) "Радионуклид" деген 10-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі.
Егер радионуклидті көздегі изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы, Тритий. Егер радионуклидті көздің (жиынтықтың) құрамына екіден көп изотоптар кіретін болса, былай жазуға рұқсат етіледі Pu-238+U-233+Pu-239;
11) "Белсенділік, Беккерель (паспорт бойынша)" деген 11-бағанда Беккерельге (Бк) қайта есептегенде Паспортына сәйкес радионуклид белсенділігінің сандық мәні ғана көрсетіледі. Жазбаның пішімі: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген радионуклидті көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша қайтадан есептеледі.
Егер радионуклидтік көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, күрделі изотоптық құрамы кезінде) немесе мысалы дозасының қуаты белгілі болса, онда оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
12) "Алу актісінің нөмірі" деген 12-бағанда негізінде нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше алынған құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
13) "Алынған күн" деген 13-бағанда сәулелену көзінің нақты берілген күні көрсетіледі;
14) "Жөнелтуші" деген 14-бағанға нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше алынған жеке тұлғаның Т.А.Ә.немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
15) "Табыстау актісінің нөмірі" деген 15-бағанда негізінде нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікшенің берілген құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;
16) "Берілген күні" деген 16-бағанда нейтрондық генератордың және (немесе) нейтрондық түтікше нақты берілген күн көрсетіледі;
17) "Алушы" деген 17-бағанға нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше берілген жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
18) "Импортқа (экспортқа) арналған лицензияның нөмірі" деген
18-бағанда негізінде нейтрондық генератор және (немесе) нейтрондық түтікше Қазақстаннан әкетілген немесе Қазақстанға әкелінген импортқа немесе экспортқа арналған лицензияның нөмірі көрсетіледі;
19) "Лицензия берілген күн" деген 19 бағанда импортқа (экспортқа) арналған лицензияның күні көрсетіледі;
20) "Ескертпе" деген 20-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсініктемелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 10-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған пайдаланылмайтын
радионуклидті көздер және (немесе)
радиоизотоптық аспаптар туралы есеп
Есептік кезең 20___ жыл
Индекс: Ф10-ИСК нысаны.
Мерзімділігі:
Радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар әрбір алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
жылдық (есептік кезеңде радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың алынғаны туралы жиынтық деректер).
Ұсынатын тұлғалар тобы:
Пайданылмайтын радионуклидті көздердді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар
Қайда ұсынылады:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі
Ұсыну мерзімі:
радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар әрбір алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде;
Есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
"Ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған пайдаланылмайтын
радионуклидті көздер және (немесе)
радиоизотоптық аспаптар туралы есеп"
1. Осы түсініктеме "Ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған пайдаланылмайтын радионуклидті көздер және (немесе) радиоизотоптық аспаптар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесіне пайдаланылмайтын радионуклидті көздерді және және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды және көмуді жүзеге астыратын жеке және заңды тұлғалар:
ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуді алынған радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың көму паспортын әрбір ресімдегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде;
есепті жылдан кейінгі 31 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады және көрсетілген мерзімде ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған радионуклидті көздердің және (немесе) радиоизотоптық аспаптардың алынғаны туралы жиынтық деректі қамтиды.
Ескерту: филиалдар болған жағдайда нысан әр филиалға жеке ұсынылады.
3. Жеке тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам) қол қояды;
заңды тұлға толтырған қағаз жеткізгіштегі нысанға орындаушы (сәулелену көздерін есепке алуға жауапты адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам), бірінші басшы (ол болмаған кезеңде оның орнындағы адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.
4. Жалпы талаптар
1) нысан ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге алынған радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды алудың барлық жағдайында беріледі;
2) әрбір сипаттама жазбаның ұзындығына қарамастан бір бағанға (ұяшыққа) енгізіледі;
3) сипаттаманың бір жазбасын әртүрлі ұяшыққа ауыстыруға және бөлуге, кестенің әрбір жолындағы ұяшықтарды біріктіруге болмайды;
4) бірнеше сәулелену көзі үшін ұқсас ақпарат бар ұяшықтарды біріктіруге немесе жалпы қабылданған белгілерді (мысалы -"- немесе -----) келесі ұяшықта алдындағымен бірдей ақпарат бар екендігін көрсету үшін қолдануға болмайды;
5) егер ақпарат бағанға сыймаған немесе аббревиатура қолданылған жағдайда нысанға қосымша ресімделеді, ал тиісті бағанға жазба жасалады (№__ қосымшаны қара... парақта). Қосымшаға толық ақпарат енгізіледі немесе аббревиатураның толық мағынасы беріледі.
5. Нысан былайша толтырылады:
1) "р/н" деген 1-бағанда рет бойынша жазбаның нөмірі көрсетіледі;
2) "Операцияның коды" деген 2-бағанда осы Қағидаларға
11-қосымшаға сәйкес операцияның коды көрсетіледі;
3) "Радионуклидті көздің нөмірі" деген 3-бағанда дайындаушы зауыт берген Паспортқа (сертификатқа) сәйкес радионуклидті көздің нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
4) "Паспорттың нөмірі" деген 4-бағанда дайындаушы зауыт берген, бірдей нөмірі бар радионуклидті көзге немесе радионуклидті көздердің жиынтығына (партиясына) паспорттың (сертификатқа) (бұдан әрі – Паспорт) нөмірі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
5) "Радионуклидті көздің түрі" деген 5-бағанда Паспортқа сәйкес бірдей нөмірі бар радионуклидті көздің немесе радионуклидті көздердің жиынтығының (партиясының) түрі көрсетіледі. Сөздердің орфографиясы және бас әріптердің қысқартусыз және артық аралықсыз жазылуы сақталады;
6) "Радионуклид" деген 6-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидтің атауы көрсетіледі;
Егер радионуклидті көзде изотоптардың саны екеуден аспаса, радионуклидтің толық атауы жазылады. Мысалы: Цезий-137, Стронций-90+Иттрий-90. Егер радионуклидті көздің (жинақтың) құрамына екеуден көп изотоп кіретін болса, былай жазуға болады: Pu-238+U-233+Pu-239;
7) "Белсенділік, Беккерель (паспорт бойынша)" деген 7-бағанда Беккерельге қайта есептегенде Паспортқа сәйкес радионуклидті көздің белсенділігінің сандық мәні ғана көрсетіледі. Жазба пішіні: 2,35Е+9.
Кюриде (Ки) көрсетілген көздің белсенділігінің мәні Бк = Ких3,7х1010 формуласы бойынша есептеледі.
Егер, радионуклидті көздің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған (мысалы, күрделі изотоптық құрам кезінде) немесе мысалы дозаның қуаты мәлім болған жағдайда, онда оның мәні "Ескертпе" деген бағанға енгізіледі;
8) "Дайындалған күн" деген 8-бағанда Паспортқа сәйкес көздің дайындалған күнінің сандық мәні көрсетіледі;
9) "Сәулелену түрі" деген 9-бағанда Паспортқа сәйкес радионуклидті көзінің сәулелену түрі көрсетіледі (мысалы, альфа, бета, гамма, нейтрондар). Егер радионуклидті көздің сәулелену спектрі қиын сипатта болса, б, в, г, з жазуға болады;
10) "Мөлшері, дана" деген 10-бағанда радионуклидті көздердің мөлшерінің сандық мәні ғана көрсетіледі.
Егер данадан бөлек өлшем бірлігі қолданылатын болса, мөлшер өлшем бірлігімен бірге "Ескертпе" деген бағанда көрсетіледі (мысалы, 1 литр (л), 1 килограмм (кг));
11) "Радиоизотоптық аспаптың атауы немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі" деген 11-бағанда радиоизотоптық аспаптың атауы (түрі, үлгісі) немесе ұзақ уақыт сақтауға немесе көмуге түскен кезінде радионуклидті көз орналасқан қорғаныш контейнерінің (блогының) түрі (маркасы, үлгісі) көрсетіледі.
12) "Радиоизотоптық аспаптың немесе қорғаныш контейнерінің (блогының) нөмірі" деген 12-бағанда 11-бағанда көрсетілген радиоизотоптық аспаптың (контейнердің) нөмірі көрсетіледі;
13) "Алу актісінің нөмірі" деген 13-бағанда негізінде радионуклидті көз немесе радиоизотоптық аспап алынған құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі
14) "Алынған күн" деген 14-бағанда радиоизотоптық аспаптың немесе радионуклидті көздің нақты алынған күні көрсетіледі;
15) "Жөнелтуші" деген 15-бағанға радиоизотоптық аспап немесе радионуклидті көз алынған жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы енгізіледі;
16) "Сақтау орны" деген 16-бағанда радионуклидті көз немесе жұтаңданған ураннан қорғанышы бар радиоизотоптық аспап (контейнер) орналасқан жер (мысалы, қойма № құдық, № ұяшық), туралы мәліметтер көрсетіледі;
17) "Көму паспортының нөмірі" деген 17-бағанда көму паспортының нөмірі және күні көрсетіледі;
18) "Ескертпе" деген 18-бағанға ақпаратты нақтылау үшін қажетті барлық түсіндірмелер енгізіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 11-қосымша |
Нысандарды толтыру кезінде пайдаланылатын операциялардың кодтары
Операция | Код | Қолдану саласы |
Сәулелену көздерінің меншік иесі болып табылатын және (немесе) оларды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін | ||
түгендеу | ИНВ | түгендеу кезінде есепте тұрған сәулелену көздері үшін Ф1-ИСК, Ф2-ИГҚ және Ф3-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
алынды | ПЛ | есепке алынған, есептен шығарылған, ұзақ уақыт сақтауға (көмуге) берілген немесе экспортталған сәулелену көздері үшін Ф4-ИСК, Ф5-ИГҚ және Ф6-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
берілген (есептен шығарылды) | ПР | |
бөлшектілген (есептен шығарылған) көмуге берілді | ПРЗ | |
экспортталды | ЭКСП | |
уақытша сақтауға берілді | ПРВХ | уақытша пайдалануға берілген сәулелену көздері үшін Ф4-ИСК, Ф5-ИГҚ және Ф6-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
уақытша пайдалануға берілді | ПРАР | |
Иесіне қайтарылды | ПРАВ | |
уақытша сақтауға алынды | ПЛВХ | уақытша пайдалануға немесе сақтауға алынған сәулелену көздері үшін Ф4-ИСК, Ф5-ИГҚ және Ф6-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
уақытша пайдалануға алынды | ПЛАР | |
уақытша пайдаланудан "сақтаудан) кейін алынды | ПЛАВ | |
Пайданылмайтын радионуклидті көздерді және (немесе) радиоизотоптық аспаптарды ұзақ уақыт сақтауды немесе көмуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін | ||
көмуге алынды | ПЛЗ | Ф10-ИСК нысанын толтыру кезінде пайдаланылады |
Жеке және заңды тұлғалар - дайындаушылар үшін | ||
дайындалды | ИЗГ | дайындалған, бірақ есепті кезеңде сатылмаған сәулелену көздері үшін Ф1-ИСК, Ф2-ИГҚ және Ф3-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
сатылды | РЕАЛ | Ф4-ИСК, Ф5-ИГҚ және Ф6-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
Жеке және заңды тұлғалар - жеткізушілер үшін | ||
Лицензия бойынша жаңа сәулелену көздерін импортқа қою | ПСИ | Ф7-ИСК, Ф8-ИГҚ және Ф9-НГ нысандарын толтыру кезінде пайдаланылады |
Қазақстан Республикасында дайындалған жаңа сәулелену көздерін жеткізу | ПСК | |
көмуге тасымалдау | ПРВЗ | |
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы тасымалдау | ПСВ | |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит | ТР | |
экспортталды | ЭКСП | |
Жалпы кодтар | ||
жоғалды | УТ | барлық нысандарды толтыру, ақпаратты ұсыну кезінде пайдаланылады |
табылды | НД |
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 12-қосымша |
____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қауіптілігі 1 және 2 санаттағы жабық радионуклидті көздерді
жоспарланған алу (импорт) туралы алдын ала хабарлама
Жоспарланған алу күні | Шарттың нөмірі | Шарттың күні | |||||||
р/н | Радионуклид | Белсенділік, Кюри | Мөлшері | Дайындалған жыл | Қауіптілік санаты | ||||
Сатушы | Сатушының мекенжайы | ||||||||
Ел | |||||||||
Қала | |||||||||
Мекенжай | |||||||||
Телефон | |||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | |||||||||
Жөнелтуші | Жөнелтушінің мекенжайы | ||||||||
Ел | |||||||||
Қала | |||||||||
Мекенжай | |||||||||
Телефон | |||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | |||||||||
Қазақстан Республикасындағы сатып алушы | Қазақстан Республикасындағы сатып алушының мекенжайы | ||||||||
Қала | |||||||||
Мекенжай | |||||||||
Телефон | |||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | |||||||||
Қазақстан Республикасындағы алушы | Қазақстан Республикасындағы алушының мекенжайы | ||||||||
Қала | |||||||||
Мекенжай | |||||||||
Телефон | |||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | |||||||||
Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы | Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушының мекенжайы | ||||||||
Қала | |||||||||
Мекенжай | |||||||||
Телефон | |||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы |
______________________ ____________ _________________________________
Орындаушының лауазымы қолы Орындаушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
Күні 20___ жылғы "___" ________
Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу Қағидаларына 13-қосымша |
____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қауіптілігі 1 және 2 санаттағы жабық радиоактивті көздерді
жоспарланған жөнелту (экспорт) туралы алдын ала хабарлама
Жоспарланған жөнелту күні | Шарттың нөмірі | Шарттың күні | ||||||
р/н | Радионуклид | Белсенділік, Кюри | Мөлшері | Дайындалған жыл | Қауіптілік санаты | |||
Қазақстан Республикасындағы сатушы | Қазақстан Республикасындағы сатушының мекенжайы | |||||||
Қала | ||||||||
Мекенжай | ||||||||
Телефон | ||||||||
Факс | ||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | ||||||||
Қазақстан Республикасындағы жөнелтуші | Қазақстан Республикасындағы жөнелтушінің мекенжайы | |||||||
Қала | ||||||||
Мекенжай | ||||||||
Телефон | ||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | ||||||||
Сатып алушы | Сатып алушының мекенжайы | |||||||
Ел | ||||||||
Қала | ||||||||
Мекенжай | ||||||||
Телефон | ||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | ||||||||
Алушы | Алушының мекенжайы | |||||||
Ел | ||||||||
Қала | ||||||||
Мекенжай | ||||||||
Телефон | ||||||||
Электрондық поштаның мекенжайы | ||||||||
Түпкі пайдаланушы | Түпкі пайдаланушының мекенжайы | |||||||