«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мелекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
12 ақпан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
19 ақпан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
_________________ В. Жұмақанов
18 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген
Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау
пункттерін физикалық қорғау қағидалары
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және иондандырушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – ИСК) және сақтау пункттерін (бұдан әрі – СП) физикалық қорғау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар алып қою деңгейінен жоғары ИСК-мен жұмыс істеуге тиісті лицензиясы бар және/немесе СП пайдаланатын заңды тұлғаларға таралады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) инженерлік құралдар – инженерлік және инженерлік-құрылыс ғимараттары, оның ішінде физикалық қорғау міндеттерін шешу кезінде тиімділікті жоғарылатуға арналған табиғи тосқауылдар;
2) физикалық қорғау жоспары – физикалық қорғау жүйесінің элементтерін, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық құрамбөліктерді басқару жүйесін және атом энергиясын пайдаланатын объектілерді физикалық қорғау рәсімдерін белгілейтін және сипаттайтын құжат;
3) екі (үш) адам қағидасы – рұқсатсыз әрекет жасау мүмкіндігін азайту үшін жұмыс орнында немесе бір үй-жайда кемінде екі (үш) адамның бір мезгілде болу талабына негізделген (үй-жайды ашуды және күзетке тапсыруды қоса алғанда) топтық жұмыс қағидаты;
4) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) физикалық қорғау деңгейі – типтік жобалық қауіп-қатер және радионуклидті көздердің ықтимал радиациялық қауіптілік санаттарын ескере отырып, иондандырушы сәулелену көздерін, сақтау пункттерін белгілі бір санатты физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет шаралар жиынтығы.
Осы қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
4. Пайдаланушы ұйым өз қызметі аясында уәкілетті органға ИСК және СП физикалық қорғауды қамтамасыз етудің жай-күйі туралы хабарлайды.
5. ИСК және СП физикалық қорғау:
1) рұқсатсыз алып қоюдан, ұрлаудан немесе заңсыз тартып алудан қорғауды;
2) диверсиядан қорғауды;
3) болуы мүмкін диверсияның радиологиялық зардаптарын жеңілдетуді немесе мейлінше азайтуды қамтамасыз етеді.
2. ИСК-ні және СП-ны физикалық қорғау тәртібі
6. ИСК және СП физикалық қорғау радиациялық қауіптілік көрсеткіштерінің жиынтығын ескере отырып саралап белгіленеді және ұйымдастыру және техникалық шаралардың жиынтығын білдіреді.
7. ИСК және СП физикалық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, физикалық қорғаудың үш деңгейі белгіленеді:
1) физикалық қорғаудың «A» деңгейі (бұдан әрі – ФҚД «А») – ИСК-ны рұқсатсыз алуды болдырмауды қамтамасыз етеді;
2) физикалық қорғаудың «В» деңгейі (бұдан әрі – ФҚД «В») – ИСК-ны рұқсатсыз алу мүмкіндігін минимумға дейін азайтуды қамтамасыз етеді;
3) физикалық қорғаудың «С» деңгейі (бұдан әрі – ФҚД «С») – ИСК-ны рұқсатсыз алу мүмкіндігін азайтуды қамтамасыз етеді.
8. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы ИСК «A» ФҚД-ға жатады, радиациялық қауіптілігі 2-санаттағы ИСК «В» ФҚД-ға жатады, ал радиациялық қауіптілігі 3-санаттағы ИСК «С» ФҚД-ға жатады.
«А», «В» және «С» ФҚД арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
9. Физикалық қорғау деңгейін (бұдан әрі – ФҚД) белгілеуге арналған шарттар:
1) орналасуы ықшам болып табылатын, (бір бөлмеде, бөлікте, қаптама шегінде жиналған) бірнеше ИСК үшін барлық ИСК жиынтық белсенділігін ескере отырып анықталады;
2) аумақтық жағынан бөлінген бірнеше жеке стационарлық ИСК үшін, объектінің аумағында бірнеше жерде орналасқан өндірістің өзіндік ерекшелігіне байланысты, әрбір ИСК үшін жеке анықталады;
3) қауіптілігі 1-санаттағы бірен-саран ИСК үшін «В» ФҚД таңдалады;
4) СП үшін ФҚД орналасуына қарамастан барлық ИСК жиынтық белсенділігін ескере отырып анықталады. СП үшін «A» ФҚД таңдалады.
10. Жұмыс істеу барысында тасымалды ИСК үшін және ИСК уақытша орналастыру пункттері үшін физикалық қорғау шаралары физикалық қорғаудың техникалық және инженерлік құралдарына қойылатын талаптарды орындаусыз анықталады.
Тасымалды ИСК-ге арналған физикалық қорғау шаралары осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
11. Физикалық қорғау жүйесін басқару мынандай шараларды қамтиды:
1) ИСК орналасқан жерге және құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын персонал үшін ғана ИСК орналасқан жерге кіруді қамтамасыз ететін кіруді басқару;
2) персоналды анықтау, құлыптардың бар-жоғын, кілттерді бақылау бойынша сәйкестендіру және тексеру;
3) ИСК және СП физикалық қорғау жоспарын жасау. Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгілік жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
Иондандырушы сәулелену көздерін
және сақтау пункттерін физикалық
қорғау қағидаларына
1-қосымша
«А», «В» және «С» ФҚД-ға арналған физикалық қорғау шаралары
1. ИСК орналасқан жерге рұқсатсыз кіруді анықтау кіруді анықтаудың электрондық жүйесінің көмегімен және/немесе пайдаланушы ұйымның персоналы жүзеге асыратын тұрақты бақылау кезінде жүзеге асырылады. Периметрлік анықтау жүйесі, кіруді бағалау, кіруді анықтаудың жергілікті жүйесі және/немесе үздіксіз бақылау («С» ФҚД қоспағанда) физикалық қорғау шаралары болып табылады.
2. ИСК рұқсатсыз алып қою әрекеті кезінде анықтау араласуды индикациялау жабдығының көмегімен және/немесе пайдаланушы ұйымның персоналы жүзеге асыратын бақылау кезінде жүзеге асырылады. «С» ФҚД үшін ИСК рұқсатсыз алып қою фактісін анықтау араласуды индикациялау жабдығының көмегімен және/немесе пайдаланушы ұйымның персоналының мерзімді тексеру жүргізуімен жүзеге асырылады.
3. Жағдайды бағалауды пайдаланушы ұйымның персоналы ИСК орналасқан жерде жүргізеді. «А» және «В» ФҚД үшін күзетілетін бейнебақылау жүйесінің көмегімен алыстағы мониторинг қолданылады.
4. Ден қою күштерімен үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін сенімді байланыс құралдары (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар) пайдаланылады. «А» ФҚД үшін байланыстың екі түрі көзделеді.
5. Анықтау арқылы ИСК жоғалуын табу араласуды индикациялау құрылғыларын пайдалана және радиациялық көрсеткіштерді өлшей отырып физикалық тексерулердің көмегімен жүзеге асырылады. «А» ФҚД үшін нақты бар-жоғын күнделікті тексерулер, күзетілетін бейнебақылау жүйесінің көмегімен алыстағы мониторинг, құлыптарды тексеру жүзеге асырылады. «В» ФҚД үшін нақты бар-жоғын апта сайынғы тексерулер және құлыптарды тексеру жүзеге асырылады. «С» ФҚД үшін ай сайынғы нақты тексерулер жүргізіледі.
6. Рұқсатсыз алып қоюды болдырмау және «А» және «В» ФҚД үшін уақтылы ден қою мақсатында кем дегенде табиғи тосқауылдардың екі деңгейі, ал «С» ФҚД үшін табиғи тосқауылдардың (контейнер, құндақ немесе сенімді бекіту) бір деңгейі алдын ала ескеріледі.
7. Ден қоюды пайдаланушы ұйымның персоналы мен ден қою күштері пайдаланушы ұйым әзірленген нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.
Иондандырушы сәулелену көздерін
және сақтау пункттерін физикалық
қорғау қағидаларына
2-қосымша
Тасымалды ИСК-ге арналған физикалық қорғау шаралары
1. ИСК орналасқан жерге рұқсатсыз кіруді байқау пайдаланушы ұйымның персоналы жүзеге асыратын үздіксіз бақылау арқылы қамтамасыз етіледі. Сақтауға арналған ИСК үшін физикалық қорғау шаралары ретінде көлік құралындағы сигнал беру жабдығы пайдаланылады.
2. ИСК рұқсатсыз алып қоюды анықтауды қамтамасыз ету араласуды индикациялау құрылғыларын немесе көлік құралындағы сигнал беру жабдығын пайдалану және/немесе пайдаланушы ұйымның персоналының көзбен шолып тексеруі арқылы жүзеге асырылады.
3. Ден қою күштерімен байланысты қамтамасыз ету сенімді байланыс құралдарының (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар) көмегімен жүзеге асырылады.
4. Анықтау арқылы ИСК жоғалуын табу физикалық растау, араласуды табу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5. Рұқсатсыз алу мүмкіндігін барынша азайту мақсатында тоқтатуды қамтамасыз ету үшін физикалық қорғау өзіне ИСК салынған контейнердегі құлыпты, көлік құралына бекіту үшін ИСК салынған контейнерді қауіпсіз бекітуді, жұмыстан тыс уақытта жабдықты жабық сақтауды (көлік құралы жабық және сигнал беру жүйесіне қойылған) қамтиды.
6. Шұғыл ден қою және ИСК алып қоюды болдырмау дереу ден қоюды бастамалау үшін жабдықтар мен рәсімдердің болуымен қамтамасыз етіледі.
Иондандырушы сәулелену көздерін
және сақтау пункттерін физикалық
қорғау қағидаларына
3-қосымша
Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін
физикалық қорғаудың үлгілік жоспары
Иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғаудың үлгілік жоспары (бұдан әрі – Жоспар) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін (бұдан әрі – ИСК және СП) физикалық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған негізгі ұйымдастыру талаптарын анықтайды және оны пайдаланушы ұйым бекітеді.
1. Жалпы ақпарат, міндеттер мен мақсаттар, жоспарды қайта қарау кезеңділігі;
2. Ғимараттар мен үй-жайлардың сипаттамасы, ИСК және СП орналастыру сұлбасы;
3. Пайдаланылатын физикалық қорғау шаралары, оның ішінде:
1) физикалық қорғауды қамтамасыз ету шаралары, кіруді қадағалау, бақылау, табу, тоқтату, ден қою және байланыс құралдары;
2) болжалды қауіп-қатерге қарсы бағытталған шаралардың сапасын бағалау үшін құрылымдық ерекшеліктері.
4. ИСК және СП қарсы ықтимал санкцияланбаған іс-әрекеттердің тізбесі, ден қою шаралары;
5. Физикалық қорғау жүйелері мен жабдықтары істен шыққан жағдайда орнын толтыру шаралары;
6. Әкімшілік шаралар;
7. Штаттық режимдегі, жұмыстан тыс уақыттағы және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер;
8. Физикалық қорғау жүйесінің техникалық жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
9. Персоналдың сенімділігін тексеру;
10. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шаралар;
11. Персоналдың кілттерді бақылау процедураларын қоса алғанда, ИСК-ге және СП-ге, жұмыстарға, құжаттарға, мәліметтерге қол жеткізуін бақылауды және басқаруды қамтамасыз ету;
12. Персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар;
13. ИСК және СП физикалық қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы;
14. Физикалық қорғаумен байланысты оқиғалар туралы есептілік.