Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13381 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 3 қаңтар



      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 120 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.07.2021 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ашық деректердің атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Деректер көзі (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы)

1.

Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша жоғары оқу орындарының тізілімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

2.

Жоғары және кәсіптік орта білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәлімет

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

3.

Баспанаға мұқтаж жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы санынан жатақханамен қамтамасыз етілген ЖОО студенттерінің үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

4.

Жыл сайынғы бітіруші стипендиаттардан "Болашақ" халықаралық стипендиясының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

5.

Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша балабақшалар тізілімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

6.

Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша жалпы білім беретін мектептердің тізілімі (күндізгі/кешкі, лицей/гимназия/орта мектеп)

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

7.

Қазақстан Республикасындағы 18 жасқа дейінгі балалар саны (жылдары, гендерлік құрамы, қала/ауы тұрғындары бойынша)

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

8.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қолжетімділігі бойынша статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар бойынша, құрылып жатыр/ашылғандар, балалармен қамтылуы, кезек)

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

9.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды педагог кадрлармен қамтамасыз ету бойынша статистикалық деректер (бос орындар)

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

10.

Жалпы білім беру мекемелерінің қолжетімділігі туралы статистикалық деректер (жылдар бойынша, облыстар бойынша, құрылып жатыр/ашылғандар, қала/ауыл, лицей/гимназия/орта мектеп)

тоқсан сайын

тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күні

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

11.

Мектеп мұғалімдері туралы статистикалық деректер (бос орындар)

тоқсан сайын

тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күні

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

12.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бойынша статистикалық деректер

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

13.

Балаларға қосымша білім беру, тәрбиелеу және дамыту туралы статистикалық деректер

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

14.

Балалар спортын, дене тәрбиесін дамыту туралы статистикалық деректер

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

15.

Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатындағы балдарды жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

16.

Қалалар бойынша біліктілікті арттыру орталықтары

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

17.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардағы тәрбиеленушілердің үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

18.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

19.

Мектеп оқушыларының жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

20.

Дамуындамүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

21.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан білім беру бағдарламаларымен қамтылған балалардың үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

22.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

23.

Үйде оқитын оқушылардың саны, барлығы

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

24.

Экстернатты оқыту нысанындағы оқушылар саны

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

25.

Экстернатты оқыту нысанындағы мектептерінің саны

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

26.

Өңірлер, облыстар, қалалар бойынша колледждер мен училищелердің тізілімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

27.

Техникалық және кәсіптік білім беру туралы статистикалық деректер

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

28.

PISA халықаралық зерттеуі бойынша негізгі нәтижелер

3 жылда 1 рет

3 жылда 1 рет 2016 жылдың IV тоқсаны

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

29.

TIMSS халықаралық зерттеуі бойынша нәтижелер

4 жылда 1 рет

4 жылда 1 рет 2016 жылдың IV тоқсаны

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

30

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер тізбесі

Жылына 2 реттен артық емес

Жылына 2 реттен артық емес "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

31.

Комитеттер бойынша аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

32.

Барлық комиттердің ұйымдастырушылық құрылымы

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

33.

9-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерінің статистикасы

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

34.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің статистикасы

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

35.

Білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

36.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

37.

Арнайы (түзету) мектептерде пайдалануға рұқсат етілген оқу әдебиеттерінің тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

38.

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурс шарты, құжаттар тізбесі)

жылына 1 рет

жылына 1 рет (желтоқсан айы)

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

39.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінің тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

40.

Жоғары білім беруде оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындылары

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

41.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру бойынша диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің тізімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

42.

Бекітілген философия докторларының (PhD) тізімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

43.

Білім беру деңгейлері бойынша мамандықтары көрсетілген лицензиясы бар жоғары оқу орындарының тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

44.

Аккредиттелген ғылыми қызмет субъектілерінің тізілімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

45.

Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда)

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

46.

Қазақстан Республиксының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (атауы, конкурс шарттары, құжаттардың тізбесі)

жылына 2 рет

жылына 2 рет 2017 жылғы І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

47.

Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттардың тізбесі)

жылына 1 рет

жылына 1 рет ІІІ тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

48.

Ғылым түрлері бойынша ғылыми басылымдардың тізбесі

тоқсан сайын

тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

49.

Ақысыз тамақтандыру ұйымдастырылған балалардың саны

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

50.

Республикалық акциялар (қайырымдылық)

белгіленген мерзімде

белгіленген мерзімде

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

51.

Кәмелетке толмағандарды биімдеу орталығы (атауы, қаласы, мекенжайы, байланыс, тәрбиеленушілердің саны, материалдық-техникалық жабдықталуы)

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

52.

Балалар үйлерінің тізбесі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

53.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тізілімі

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

54.

Асырап алынған балалар туралы статистикалық деректер (шетелдіктер/Қазақстан Республикасының азаматтары)

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

55.

Қазақстан Республикасында аккредиттелген асырып алу жөніндегі агенттіктер туралы деректер

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

56.

Қазақстандық азаматтардың отбасында қамқорлықтағы (қорғанышықтағы) балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

57.

Қазақстандық азаматтардың отбасында патроннаты тәрбиедегі балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

58.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалар туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жылына 1 рет

жылына 1 рет IV тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

59.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

60.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша статистикалық деректер, өңірлер бөлінісінде

жылына 1 рет

жылына 1 рет І тоқсан

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

61.

Мектепке тасымалдау ұйымдастырылған балалардың саны

жылына 1 рет

жылына 1 рет (қыркүйек айы)

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы