Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 156 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" деген 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен кейін келесі күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
заңды тұлға – лицензиаты басқа заңды тұлғаға бөліп шығу, бөліну нысанында қайта ұйымдасқан кезде лицензияны қайта рәсімдеу – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.";
8–тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек күту" тәртібімен көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жері бойынша көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады.";
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияға";
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық құжат көшірмелерін салыстырып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.";
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация арқылы - қабылданған құжаттардың тізбесі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкері, өтінішті беру күні мен нөмірі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күні көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;";
алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде ұсынылған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне), құжаттарлы қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекетті қызметті көрсету нәтижесін жібереді.";
10–тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";
үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
Шағымды қабылдауды растау шағымды қабылдаушы адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда оны тіркеу болып табылады.";
алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Шағым тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің не Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.";
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен жүру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқаны заңнамалық тәртіпте дәлелденген көрсетілетін қызметті алушылардан бірыңғай байланыс орталығына 1414 жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары:
Министрлік: mid.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;";
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық көшірмесін баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ күнтізбелік он күн ішінде тіркелген бұйрықты алғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2016 жылғы 29 қаңтар
Нысан
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_________________________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның бизнес
сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік
заңды тұлға),
_________________________________________
филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының
_________________________________________
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер
бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
Заңды тұлғаның лицензия алуға өтініші
__________________________________________________ жүзеге асыру
үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
қағаз тасығышта ______ (қағаз тасығышта лицензия алу қажет
болса, Х белгісін қою керек)
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс,
_____________________________________________________________________
қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _____________________________________
(пошта индексі, облыс, қала,
аудан,_______________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Басшы _______ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні 20 __ жылғы "___" _________
Нысан
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты(бар болған
____________________________________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтініші
___________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауын көрсету)
лицензия беруіңізді сұраймын
қағаз тасығышта ______ (қағаз түрінде лицензия алу қажет болса,
Х белгісін қою керек)
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________
көшенің атауы, үйдің/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банк шоты______________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және тұрған жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан,
_____________________________________________________________________
елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)
нөмірі)
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні 20___жылғы "__"_______________
Нысан
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
__________________________________________
(атауы, тұрғылықты орны, заңды тұлғаның
бизнес сәйкестендіру нөмірі
(оның ішінде шетелдік заңды тұлға),
__________________________________________
филиалдың немесе шетел заңды тұлғасының
өкілдігінің
__________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі – егер бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда)
Заңды тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші
_____________________________________________________________________
(лицензия нөмірі, берілген күні, лицензия берген лицензиардың атауы)
___________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызмет түрінің атауы)
20__жылғы "__" _____ берілген №__ лицензияны қайта
рәсімдеуіңізді сұраймын.
Мынадай негіздеме(лер) бойынша (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
1) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34–тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
бірігу______
қайта құру_____
қосылу____
бөліну_____
бөлу______
2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі___________________;
3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі _________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы
талаптың болуы______________________________________________________;
5) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________;
қағаз тасығышта____(қағаз тасығышта лицензия алу қажет болса, Х
белгісін қою керек).
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(ел-шетелдік заңды тұлға үшін, пошта индексі, облыс, қала,
аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі).
Электрондық пошта______________________________________________
Телефон________________________________________________________
Факс___________________________________________________________
Банктік шот____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және тұрған жері)
Қоса беруледі____________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілген қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні 20____ жылғы "__"______________
Нысан
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
_____________________________________________
жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі
Жеке тұлғаның лицензияны қайта рәсімдеуге өтініші
_____________________________________________________________________
(қызмет түрінің атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "__" лицензияны
_____________________________________________________________________
(лицензия нөмері, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың
атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін
көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының _______ тегінің, атының,
әкесінің атының (бар болса) өзгеруі;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның
атауының өзгеруі _______;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның
заңды мекен-жайының өзгеруі _________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы
талаптардың болуы _________;
5) қызмет түрінің атауының өзгеруі _________;
қағаз түрінде _______ (лицензияны қағаз түрінде алу қажет
болса, Х белгісін қою).
Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы _______________________
(пошталық индекс, облыс, қала,
_____________________________________________________________________
аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банктік шот ___________________________________________________
(шот нөмері, банктің атауы және орналасқан жері)
Қосымша _____ бетте.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер мен байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензия беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге сотпен лицензияланатын қызмет түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері өкінішті ЭЦК-мен куәландыруға келісетіндігі ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген жағдайда) расталады.
Көрсетілген қызметті алушы _______ ____________________________
(қолы) (тегі,аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Мөр орны Толтыру күні 20____ жылғы "__"______________
Нысан
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация филиалының №__ бөлімі
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
мемлекеттік қызмет көрсетуге ________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін)
Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)________________________________________ ұсынбауыңызға
байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________ ___________
("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (қолы)
коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________
Телефон: ____________________________________________________________
Алды: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілетін
қызметті алушының қолы)
20__ жылғы "___" _________.