"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13290 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
      9-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кәсіби дипломының көшірмесі;»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      кәсіби дипломды беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      кәсіби дипломның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;»;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;»;
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияға:»;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.»;
      бесінші, алтыншы, жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (не оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған кезде) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.»;
      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп туру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;»;
      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шағын көлемді кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;»;
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияға:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.»;
      төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;»;
      2-қосымшасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;»;
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияға:»;
      Екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілген қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;»;
      2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
      өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
      бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорациямен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.»;
      9-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияға:»;
      4) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);»;
      5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);»;
      6) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;
      төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
      Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді.
      Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.»;
      сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы мынадай:»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның немесе жергілікті атқарушы органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;»;
      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акцияонерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      кеме билетiн беру - 7 жұмыс күні;
      кеме билетiнің телнұсқасын беру - 7 жұмыс күні;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде - 5 жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.»;
      9-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияға:»;
      5) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);»;
      6) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «кеме билетінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);»;
      7) тармақшаның үшінші абзацы:
      «алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);»;
      8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кеме билетінің (портал арқылы сұрау салумен бір уақытта Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады)»;
      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру осы тармақта көрсетілген жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz.»;
      3-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      кеме куәлiгi және кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама - 7 (жеті) жұмыс күні;
      кеме куәлiгiнің телнұсқасы – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияға:
      Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме куәлiгiнің телнұсқасын беруге өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмелерінің бірі (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады):
      мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;
      мұраға құқық туралы куәлігі;
      соттың заңды күшiне енген шешімі;
      кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
      өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      3) жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат;
      кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      5) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің өтініші;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;
      кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәлігі;
      порталға:
      6) ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады):
      мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері, мұраға құқық туралы куәлігі, сондай-ақ соттың заңды күшiне енген шешімі, кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесі;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      7) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі;
      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      8) жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      9) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      10) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
      өтініште айтылған фактілерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады).
      Егер ұсынылған құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, осыдан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Портал арқылы электрондық өтінімді беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақта:
      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).»;
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.»;
      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;»;
      3-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні;
      2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20(жиырма) минут.»;
      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Мемлекеттік корпорацияға:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтiнiш;
      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      3) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттар көшірмелерінің бірі (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады):
      мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелер;
      мұраға құқық туралы куәлік;
      соттың заңды күшіне енген шешiмi;
      кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      4) сыныптаушы куәліктің көшірмесі;
      5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      6) кемені жалға алу шарт (құжаттардың түпнұсқалары көрсетілмеген жағдайда нотариат куәландырған);
      7) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсаты;
      8) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат;
      порталға:
      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      10) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады):
      мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;
      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;
      мұраға құқық туралы куәлігі;
      соттың заңды күшiне енген шешімі;
      кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      11) сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесі;
      12) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      13) кемені жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
      14) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсатының электрондық көшірмесі;
      15) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжаттың электрондық көшірмесі.
      Егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      Портал арқылы электрондық өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.»;
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.»;
      3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
      11-тармақта:
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).»;
      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен өзiне-өзi қызмет ету, өз бетiмен жүрiп-тұру, бағдарлар алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонымен жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.»;
      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;»;
      2-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 29 қаңтар

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің          
2016 жылғы 22 қаңтардағы   
№ 45 бұйрығына         
1-қосымша            

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру»   
мемлекеттiк көрсетілетін   
қызмет стандартына       
3-қосымша            

Нысан               

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не ұйымының
атауы)               
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) …
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_______________________________________
Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)         (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә.______________
Телефон:__________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы«__» _________

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің          
2016 жылғы 22 қаңтардағы   
№ 45 бұйрығына         
2-қосымша            

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің          
2015 жылғы № 556 бұйрығына  
3-қосымша            

«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
      2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
      мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жылдамдатылған қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияға:
      кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      кеме құжаты (кемеге меншік құқығын растау үшін талап етіледі);
      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы кеме атауы мен кеменің тіркеу порты көрсетілген өтініш;
      кеме куәлігінің электрондық көшірмесі;
      ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органмен бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электронды көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушы келісім береді.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (не оның өкілі нотариат куәландырған сенімхат ұсынған кезде) ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.
      Портал арқылы жүгінген кезіңде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғаның растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін өзі қарап күту, өздігінен жүріп күту, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде);
      3) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      4) порталда орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Кеме экипажының ең аз құрамы
туралы куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан              

________________________________
______________________ басшысына
(УО қазақша атауы)           

Өтініш

Нөмір:___________ (Өтініш нөмірі)

      Сізден _________(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз құрамы
туралы куәлікті беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын,
кеме тіркелген орын:______________ (Порттың атауы) __________________
(Порттың мекен-жайы) ________________________________________________

      20__ жылғы «__» _________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін
      20__ жылғы «__» _________ (қолы)

«Кеме экипажының ең аз құрамы
туралы куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

нысан              

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, болса әкесінің аты не алушы 
ұйымының атауы)        
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті      
алушының мекенжайы)       

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә.
      Телефон:
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің           
2016 жылғы 22 қаңтардағы    
№ 45 бұйрығына          
3-қосымша             

«Шағын көлемді кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу және шағын  
көлемді кеме ипотекасының   
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттың телнұсқасын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына        
2-қосымша             

Нысан               

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)         

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)
      Орындаушы: Т.А.Ә.______________
      Телефон_______________
      Алды: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму      
министрінің            
2016 жылғы 22 қаңтардағы     
№ 45 бұйрығына           
4-қосымша              

«Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
және кеме ипотекасының мемлекеттік 
тіркелгенін растайтын құжаттың   
телнұсқасын беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша              

Нысан                 

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)         

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.______________
      Телефон_______________
      Алды: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму      
министрінің           
2016 жылғы 22 қаңтардағы    
№ 45 бұйрығына          
5-қосымша             

«Өздігінен жүретін шағын көлемді 
кемелердi жүргізу құқығына куәліктер
беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша             

Нысан                

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті      
алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердi жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1. _______________________________;
      2. _______________________________;
      3....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)           (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә.
      Телефон.
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы        
Инвестициялар және даму       
министрінің             
2016 жылғы 22 қаңтардағы      
№ 45 бұйрығына            
6-қосымша               

«Шағын көлемді кемелерді және   
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына  
3-қосымша               

Нысан                  

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті      
алушының мекенжайы)       

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)            (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә. _______________
      Телефон _______________
      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызмет алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму      
министрінің             
2016 жылғы 22 қаңтардағы      
№ 45 бұйрығына            
7-қосымша               

«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі 
суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелерді және 
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілген       
қызмет стандартына          
3-қосымша               

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті       
алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып коммерциялық емес акционерлік қоғамы ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

_____________________________________________________________________
      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)            (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә.
      Телефон.
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

      20__жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы        
Инвестициялар және даму       
министрінің              
2016 жылғы 22 қаңтардағы      
№ 45 бұйрығына             
8-қосымша               

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін  
кемелерді және «өзен-теңіз» суларында
жүзетін кемелерді жалға алынған   
шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде    
мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша               

(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не көрсетілетін  
қызметті алушы ұйымының атауы)     
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті         
алушының мекенжайы)          

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсетк керек) «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)...