"Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13243 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11764 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 12 қыркүйекте № 174 (28652) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi –  Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Мемлекеттік корпорация;
      3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      сертификат беру кезінде – 15 (он бес) күнтізбелік күні;
      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсетуде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.»;
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) сертификат алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш;
      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
      2.21-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі» ҚР СТ Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы екі данада;
      ашық басылымда типтің сипатын жариялауға рұқсаты туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты;
      жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      2) сертификаттың телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қажетті құжаттарды беру кезінде – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау оның құжаттар топтамасын қабылданған уақыты мен күні көрсетілген тіркеу туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігін және оның өкілеттігін растайтын құжатты (көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхат көшірмесі немесе түпнұсқасы) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.»;
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.»;
      11-тармақта:
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар»;
      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.»;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өлшем құралдарын метрологиялық  аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi –  Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттамалар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.»;
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      сертификат беру кезінде – 15 (он бес) күнтізбелік күні;
      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –  көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға  жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) сертификат алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алуға өтініш;
      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алынғаны туралы хат;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      1) сертификаттың телнұсқасын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қажетті құжаттарды беру кезінде – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау оның құжаттар топтамасын қабылданған уақыты мен күні көрсетілген тіркеу туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігін және оның өкілеттігін растайтын құжатты (көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхат көшірмесі немесе түпнұсқасы) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.»;
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.»;
      11-тармақта:
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар»;
      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.»;
      мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi –  Мемлекеттік корпорация).»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      сарапшы-аудитор аттестатын беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      сарапшы-аудитор аттестатының телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.»;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы мынадай санда есеп:
      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      2) тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;
      оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;
      кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтаманың немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрмесі;
      3) аккредиттеу жөніндегі аттестат алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеу бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде үш есеп;
      4) аттестаттың телнұсқасын алу үшін:
      еркін нысандағы өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама;
      5) порталға:
      сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша тағылымдамадан өткені туралы мынадай санда есептердің электрондық көшірмелері:
      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;
      тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi;
      жоғары бiлiм туралы дипломның электрондық көшiрмесi;
      оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың электрондық көшiрмесi;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң электрондық көшiрмесi;
      кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтаманың немесе еңбек кiтапшасынан үзiндiнің электронды көшiрмесі;
      аккредиттеу жөніндегі аттестат алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес  аккредиттеу бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде үш есеп;
      аттестаттың телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (электронды);
      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама.
      Аттестат жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген аттестат қағаз нысанында ресімделген болса, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетінде» аттестаттың немесе біліктілік аттестатының электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қағаз тасығышта қажет болған жағдайда, оны алу орнын көрсету қажет).
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Бір ай ішінде жүгінген  жағдайда, Мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.»;
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.»;
      11-тармақта:
      бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.
      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар»;
      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.;»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.»;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                   Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 1 ақпан

«Техникалық реттеу және метрология  
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін  
қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар  
және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1151 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар   
және даму министрінің міндетін атқарушының
бұйрығына 1-қосымша           

«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы
сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша     

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)(бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)
немесе ұйымның атауы)   
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ____________ ….
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.
____________________________________________       ________
Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)         қолы

      Орындаушы: Т.А.Ә.А. __________________________
      Телефон _______________________________________
      Алдым: ________________________________________
              (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20____ жылғы «____»___________

«Техникалық реттеу және метрология  
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін  
қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар  
және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1151 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар   
және даму министрінің міндетін атқарушының
бұйрығына 2-қосымша           

«Өлшем құралдарын метрологиялық  
аттестаттау туралы сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 3-қосымша      

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)
немесе ұйымның атауы)         
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ____________ ….
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

______________________________________________      ______
Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)         қолы

      Орындаушы: Т.А.Ә.А. __________________________
      Телефон _______________________________________
      Алдым: ________________________________________
              (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20____ жылғы «____»___________

«Техникалық реттеу және метрология  
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін  
қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар  
және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1151 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар   
және даму министрінің міндетін атқарушының
бұйрығына 3-қосымша           

«Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін,      
Кеден одағы тауарының немесе шетел 
тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына 4-қосымша       

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)
немесе ұйымның атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________________;
      2) _______________________________________;
      3) ____________ ….
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

_____________________________________________       ______