Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13209 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қантардаң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген

Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-,
радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізуді (бұдан әрі – Сараптама) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      4. Сараптама осы қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі - өтініш) сәйкес нысан бойынша шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою үшін уәкілетті органға өтініш түскеннен кейін жүргізіледі.

      5. Есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан жүргізілген сараптаманың нәтижесі уәкілетті органның сараптамалық қорытындысы негізінде беріледі.

      6. Сараптама объектілеріне мыналар:

      1) шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты;

      2) шетелдік теле-, радиоарнаның хабарын тарату кестесі жатады.

      7. Cараптамаға мыналар:

      1) шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытын тексеру;

      2) шетелдік теле-, радиоарна хабарын тарату кестесін тексеру;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамаларының нормаларына келетін қайшылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзушылықтарын анықтау тұрғысында жүргізілген сараптаманың объектілерін зерттеуді қамтиды.

2. Есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-,
радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу тәртібі

      8. Сараптама осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қарауға берілген сараптама объектілерін зерттеуді қамтиды.

      Шетелдік теле-, радио арна ұсынған құжаттарды қарау кезінде, шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының нақты сәйкестігі және Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамаларының нормаларына келетін қайшылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзушылықтарын анықтау тақырыбында хабар тарату кестісіне зерттеу жүргізіледі.

      9. Сараптаманың мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.

      10. Сараптама жүргізу барысында уәкілетті орган:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысында есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімінің дәлелді, негізді, объективті және толық сараптамалық қорытындысын дайындайды;

      2) сараптамалық зерттеу жүргізу үшін ұсынылған сараптаманың зерттеу объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларға жария баға беруден тыйылады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысында есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналар өнімдерінің сараптамалың қорытындылары екі данада жасалады және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды таратудың жөнінде туралы мәліметтерді қамтиды.

      12. Сараптамалық тұжырымда мыналар:

      1) сараптаманы жүргізген тұлға;

      2) зерттеу объектісінің толық атауы;

      3) жүргізілген сараптаманың дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық негіздемесі;

      4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілген сарапшының қорытындысы көрсетіледі.

      13. Сараптамалық қорытындыға сараптаманы жүргізген тұлға және уәкілетті органың басшысы қол қояды.

  Есепке қою үшін өтініштер берген
шетелдік теле-, радиоарналардың
өнімін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке

      қою туралы куәлік беретін органның толық атауы)

      _______________________________________________

      (шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы

      куәлік беретін орган басшысының Т.А.Ә.А.)

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою туралы
Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (қайта есепке алу жүргізілген және телнұсқа берілген

      жағдайда, себептері көрсетіледі)

      шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қою, телнұсқа

      беруді жүзеге асыруды) сұраймын.

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы: _____________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұратын жері/орналасқан жері,

      ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері): ________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесi: ___________________________

      (кейінгі ай)

      Теле-, радиоарнаның негiзгi тақырыптық бағыты: ______________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы: ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы: ____________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефон, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау

      туралы мiндеттемесi _________________________________________________

      Өтiнiшке қоса беріледі:

      1._____________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы) (қолы)

      М.О. 20__ ж. "___" ____________

  Есепке қою үшін өтініштер берген
шетелдік теле-, радиоарналардың
өнімін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан
есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналар
өнімінің сараптамалық қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      (сараптама объектісінің толық атауы)

      Сараптама қарауына ұсынылды:

      _____________________________________________________________________

      (ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың атауы,)

      Материалдар 20__ жылғы ______________________________________ қарауға

      (күні, кіріс тіркеу нөмірі) ұсынылған

      1. Жалпы мәліметтер

      Шетелдік теле-, радиоарнаның; шетелдік теле-, радиоарна меншік иесінің; шетелдік теле-, радиоарнаның ретрансляциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы резидентінің; шетелдік теле-, радиоарна тарату ауданының; шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының; шетелдік теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесінің қысқаша сипаттамасы.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына шетелдік теле-, радиоарнаның сәйкестігін бағалау

      Шетелдік теле-, радиоарнаның; шетелдік теле-, радиоарна меншік иесінің; шетелдік теле-, радиоарнаның ретрансляциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы резидентінің; шетелдік теле-, радиоарна тарату аумағының; шетелдік теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағытының; шетелдік теле-, радиоарнаның хабар тарату кестесінің толық сипаттамасы. Өткізілген сараптаманың дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық негіздемесі.

      3. Қорытынды

      Сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылады/ сараптама объектісі Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылмайды" қорытынды сараптаманы жүзеге асыру нәтижесі болып табылады.

      Уәкілетті органның басшысы

      қолы Т.А.Ә.

      Уәкілетті органның орындаушысы

      қолы Т.А.Ә.