«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесіне жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы В. Жұмақанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 22 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздің комитеті
Төрағасының
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген
Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық
деректер тізбесі
№ |
Ашық деректер жиынтығының атауы |
Өзектендіру кезеңі |
Ұсыну мерзімі |
Дереккөздер (ашық деректер интернет-порталыныңа автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы) |
Жауапты тұлға |
1 |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы |
Қажеттілігіне қарай |
2016 жылғы ақпан |
Ашық деректер интернет-порталы АЖО |
|
2 |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары және оқу орындары |
Қажеттілігіне қарай |
2016 жылғы ақпан |
Ашық деректер интернет-порталы АЖО |