«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
2. Көшi-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 48 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12607 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – балалары ата-анасымен бірге шетелге шыққан жағдайда, визалық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған Қазақстан Республикасы азаматының паспортына олардың фотосуреттерін жабыстыра отырып, он алты жасқа дейінгі балалары туралы жазба.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
5. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен қосымша құжаттары бар болуы (бұдан әрі - өтініш) негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, орындау мерзімі:
1) орындаушының өтінішті онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес он минут ішінде тексеруі;
2) орындаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жиырма минут ішінде тіркеуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны он минут ішінде таңдауы;
4) паспортқа баланың тегін, атын және туған күнін қазақ (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде жазу және оның фотосуретін жиырма минут ішінде жапсыру;
5) жазбаны көрсетілетін қызметті берушінің қолтаңбасымен және визалық мөрімен бір жұмыс күні ішінде куәландыру;
6) он алты жасқа дейінгі балалар туралы жазба олардың фотосуреттері жапсырылған паспорттарды көрсетілетін қызметті алушыға он минут ішінде беру.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі, олар мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
3) көрсетілетін қызметті алушының паспортына он алты жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны және олардың фотосуреттерін жапсыруды жасайтын жауапты орындаушы;
4) қолтаңбамен және визалық мөртаңбамен куәландыратын Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының бастығы (бастықтың орынбасары).
10. Әрбір рәсімді (іс-әрекетті) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға қағаз түрінде келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күні тексеру;
3) баланың тегін, атын және туған күнін қазақ (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде жазу және оның фотосуретін жапсыру көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыдан құжаттарды алған күні жазу;
4) жазбаны көрсетілетін қызметті берушінің қолтаңбасымен және визалық мөрімен куәландыру;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Министрліктің mvd.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына
ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда
он алты жасқа дейінгі балалар туралы
фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы