Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13137 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
 
      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне (Е.Н. Иманғалиевке) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 2, 5 және 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 және 10 сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9, 11 және 12 сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2016 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                         А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары 1. Негізгі ережелер

      1. Осы Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан
әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-3) тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды анықтау үшін әзірленген.
      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқыту курсы кезінде білу, түсіну және дағдыларға қолжеткізу бойынша күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар;
      2) өлшемшарттарды бағалау – білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі нақты айқындалған өлшемшарттарымен, білім берудің тиісті мақсаттары және мазмұнымен салыстыруға негізделген процесс;
      3) бағалау өлшемшарттары – қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім мен білім алушыға оқу мақсатына жеткенін тануға мүмкіндік беретін тұжырымдар (табыс өлшемшарттары), жиынтық бағалау кезінде білім алушы жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырымдар (балдарды қою өлшемшарттары);
      4) қалыптастырушы бағалау – сабақта немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысында білім алушылардың ағымдағы игерген білімдері мен қалыптасқан дағдылары деңгейін айқындайтын және оқыту барысында білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, білім алушыларға жаңа материалды зерделеу кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау;
      5) жиынтық бағалау – оқу тоқсанның аяғында оқу бағдарламаларының бөлімдерін оқып аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларының қалыптасуы деңгейін айқындайтын бағалау.
      6) жылдық бағалау – оқу жылының соңында қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін қоса алғанда пайыздық арақатынаста білім алушыларға қойылатын баға;
      7) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелерін тіркеу журналы – қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін тіркейтін, тоқсандық және жылдық бағаларды автоматты есептеуді жүзеге асыратын құжат;
      8) білу – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта жаңғырту немесе есте сақтау қабілеті;
      9) түсіну – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіру қабілеті;
      10) қолдану – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілеті. Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып табылады;
      11) талдау – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау, ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық материалдарды құрамдас бөліктерге бөлу, ақпаратты зерделеу қабілеті;
      12) жинақтау – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті болжамдайды;
      13) бағалау – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілеті;
      14) тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес мәтіндердің әр түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті;
      15) айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру; құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып беру қабілеті;
      16) оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың қатынасын және пікірін тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және оқылғанды түсінуін тереңдету үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді пайдалану қабілеті;
      17) жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған оқиғалар туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей, барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі тізбек-сөздерді қолдана отырып сөйлемдерді параграфтарға байланыстыру қабілеті;
      18) портфолио – бұл белгілі оқу мерзімінде білім алушының жеке оқу жетістіктерін тіркеу, бағалау және жинақтау тәсілі. Білім алушылардың портфолиосы оқу мақсатына жету дәлелі ретінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижерін жинақтау үшін арналған. Портфолио мүдделі адамдар үшін бағалаудың объективтілігін және ашықтығын білім алушылар нәтижелерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.

2. Білім алушылардың тілдік емес және тілдік пәндер бойынша оқу
жетістіктерін бағалау өлшемшарттары

      3. Білім алушылардың тілдік емес пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:
      1) білу;
      2) түсіну;
      3) қолдану;
      4) талдау;
      5) жинақтау;
      6) бағалау.
      4. Білім алушылардың тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары оқу материалын меңгерудің деңгейлерін бағалауға негізделген:
      1) тыңдалым;
      2) айтылым;
      3) оқылым;
      4) жазылым.

3. Білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау өлшемшарттары

      5. Бастауыш білім беру деңгейі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі мен әдебиет» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі мен әдебиет» оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Ана тілі мен әдебиет» оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым және айтылым:
      білім алушы әңгіменің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және жеткізе алады, сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытынды жасайды, пікірталастың тақырыбын түсінеді және әдеби тіл нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады, мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады, көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады, тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бөліседі, логикалық дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді, берілген тақырып пен коммуникативтік берілген нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді, тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады, оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде қазақ халқының және өзге де халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары туралы түсінікті талдайды;
      оқылым;
      білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды және кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді, көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады, көркем шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды, көркем туындының жанрын айқындайды; өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді, автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды, жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды, белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды, мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды, әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды, өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды, көркем әдебиет туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым;
      білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады, меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады, жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер т.б.) қолдана отырып, мәтіндер жазады, жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын сақтайды, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын мәтіндер құрастырады.
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени сын өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді, мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады, қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым-қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай өзгеретінін түсінеді, түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын болжайды;
      айтылым:
      білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді, оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді, ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады, қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады, әлемдік мұраға ұлттық мәдениеттің қосқан үлесін түсінеді және түсіндіреді;
      оқылым:
      білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды, таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың шешімі мен бағасын түсінеді, көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды, алуан түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады, идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды, қазақ және орыс әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым:
      білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды, тыңдалған/оқылған мәтіндегі ақпаратты үлгі бойынша жинақтайды, стильдік тиесілігін ескере отырып, мәтін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау/баяндаусыз сипаттағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады.
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар туралы қысқа сұрақтарды түсінеді, таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады, баяу және айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді;
      айтылым:
      білім алушы негізгі ойды тұжырымдайды және өзі туралы әңгімелей алады, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді, заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сөздер мен сөз орамдарын дұрыс интонациямен және екпінмен айтады, өзіне не ұнайтынын және не ұнамайтынын айтады;
      оқылым:
      білім алушы қарапайым иллюстрацияланған сөздікті пайдаланады, тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптағы көлемі шағын көркем және көркем емес мәтіндерді түсінеді, қысқа мәтіндердің негізгі ойын айқындайды, қысқа мәтіндерден нақты және детальді ақпаратты айқындайды, қазақ және шетел әдебиетінің көркем туындыларында адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
      жазылым:
      білім алушы жиі қолданылатын сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықты білетіндігін көрсете отырып, дұрыс жазады, дауыстап оқығанда жай сөйлемдерді жаза алады, сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қояды.
      4) «Математика», «Ақпараттық-комуникативтік технологиялар»:
      «цифр», «сан», «координаталық сәуле», «санның бөлшегі», «жай бөлшек», «аралас сан», «санды өрнек», «әріпті өрнек», «теңдік», «теңсіздік», «бұрыштың градустық өлшемі», «жазық бұрыш», «сыбайлас бұрыш», «пайыз», «жиын», «симметрия», «ақпарат», «объект», «файл», «папка», «затбелгі», «модель», «компьютер желісі», «Интернет» ұғымдарының мәнін, ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін, жазық және кеңістік геометриялық фигуралардың түрлерін және олардың элементтерін, шаршы және тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулалары, бірдей дәрежелі бөлшектерді қосу және азайту қағидаларын, операциялық жүйе объектілерінің қызметін, ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін, компьютердің негізгі құрылғыларын, кіру мен шығу құрылымдарын, қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жүйенің мақсатын компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;
      натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәні мен ретін, шамалар арасындағы қарапайым өзара тәуелділікті, жиындардың «қиылысуы» мен «бірігуіне» қатысты операциялардың мағынасын, пайызды бөлшек санмен өрнектеуді, бөлшек сандарды пайызбен өрнектеуді, тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықтарды, компьютердің негізгі бөліктерінің қолданылуы, құрылымдарының, операциялық жүйе интерфейсі элементтерінің кіру және шығу құрылғысы, компьютерлік техниканың адам денсаулығына тигізетін әсері, ақпаратты және құрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғаудың маңыздылығы, ақпараттың авторларға сілтеме жасалған ілеспе қажеттілігін түсінеді;
      өрнектер жазу үшін, санды өрнектерді түрлендіру үшін, есептер шығару үшін математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді, натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын, шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт), шамаларды өлшеу құралдарын, есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін, периметр мен ауданды есептеу формулаларын (шаршының, тік төртбұрыштың, тікбұрышты үшбұрыштың), жиын элементтері арасындағы қатынастарды көрсету үшін Венн диаграммасын, санның бөлігін және оның бөлігі бойынша санды табу білігін, ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық құралдарды, ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеуге, модельдер құруға арналған қолданбалы бағдарламаларды, алға қойылған міндеттерді шешу үшін интернет қызметін; компьютерде жұмыс істеу қағидаларын қолданады;
      ауызша және жазбаша санаудың рационалды тәсілдерін, геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін, сандық өрнектер мен айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыру нәтижесін, әртүрлі шамалар арасындағы тәуелділіктер (сан, баға, құн, жылдамдық, уақыт, арақашықтық, еңбек (жұмыс) өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі), заңдылықтарды және тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды, күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді, есеп шартының сызба, кесте түрлеріндегі жазбасын, санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді, қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін, желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдарын, мәлімделген талаптарға сәйкес іріктеп, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдайды;
      заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын, шамалар арасындағы тәуелділіктің математикалық моделін, шынайы әлемнің нақты объектілері мен процестерінің бейнелер мен сызбалар түріндегі ең қарапайым модельдерін, ұсынылған мәліметтер немесе математикалық модельдер бойынша есеп құрастырады және оған кері есеп құрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек құрастырады, практикалық міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, объектілер мен жағдаяттардың модельдерін, қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің мүмкіндіктері туралы білімдерін түрлі міндеттерді шешу үшін жинақтайды;
      өлшем нәтижелерін; сандар, шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым тұжырымдардың ақиқаттылығын немесе жалғандығын, графика, кесте, диаграмма түрінде берілген деректерді, модельдің берілген өлшемшарттарға сәйкестігін, қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің түрлі міндеттерді шешуде пайдалану мүмкіндіктерін бағалайды.
      5) «Жаратылыстану»:
      күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін, Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін, ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе, зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін, апатты табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау қағидаларын, адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың өмірлік циклдерін, адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың функцияларын, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жіктелуін, фотосинтез процесінің негіздерін, жарықтың кейбір қасиеттерін, кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін, қуаттың кейбір түрлерін, Жер бетінде кеңінен таралған заттектердің құрамы мен қасиеттерін, түрлі денелердің қасиеттерін және олар қолданатын кейбір салаларды, пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кеніштерін біледі;
      макро және микроәлем ұғымдарының мәнін, қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және жер бетіндегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын, жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін, ағзаның қорғану функцияларын, табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын, қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін, омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді;
      табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін, табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін, табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын, жүргізген зерттеулерді түсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны, өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу үшін олардың қарапайым белгілері туралы білімді қолданады;
      табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін, белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін, алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын, өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден алынған материалдарды талдайды;
      тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын, сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды, микро - және макроәлемнің объектілері, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін жинақтайды;
      табиғи объектілердің, құбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын, адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылыми-техникалық прогрестің салдары, ғылыми-техникалық прогрестің адамның тіршілік әрекетіне әсері, жасалған болжамға өз зерттеулерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін бағалайды.
      6) «Дүниетану»:
      білім алушының күнделікті өмірі өтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының құрылымын, құрамы мен функциясын, адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын, «адам – қоғам» өзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді, «қауіпсіздік», «денсаулық» ұғымдары және олардың басты белгілерін, жеке тұлғаның, отбасының, қауымдастықтардың және тұтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам өміріндегі маңызы мен атқаратын рөлін, тұтыну тауарларының негізгі түрлерін және олардың құрамын, Қазақстанның тарихы мен географиясы туралы жалпы мәліметті, Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының негізгі дәстүрлері мен фольклорын, Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін, жалпыадамзаттық құндылықтарды, оң және достық қарым-қатынас жасау қағидаларын, этикет қағидаларын, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттерін, саламатты өмір салтының қағидаларын біледі;
      адамның сыртқы белгілерінің себептілік шарттылығын, өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі және белгілі бір ұлт өкілі ретіндегі өзінің азаматтық болмысын, отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын, көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңызын, қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлық нормаларын, өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала өмірімен, тұтас ел өмірімен тығыз байланыста екендігін, қоғамға қызмет етудің маңыздылығын, әртүрлі тұрғылықты жер түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін, өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуына өз жауапкершілігін, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мәнін, адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын, «еңбек», «өзара түсіністік», «өмірге қуанышпен қарау», «қиындыққа мойымау», «мейірімділік», «жомарттық», «кең пейілділік», «патриоттық», «шығармашылық» ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын, саламатты өмір салтын ұстануы керектігін, табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін, табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;
      таным әдістерін қоғамдық процестер мен құбылыстар зерттеу үшін, оқу тапсырмалары мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жұмыстарды орындау үшін, қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін, саламатты өмір салты туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тамақтану және күн тәртібі туралы білімін, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету туралы қарапайым білімін, қоршаған ортаға бейімделудегі өзінің жеке және қоғам тәжірибесін, отбасында және ұжымда өзара оң және достық қарым-қатынасты сақтау мақсатындағы қатынас қағидаларын қолданады;
      Қазақстанның әлемдегі орнын, қазақ халқының және елде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдени және салт-дәстүрлерінің ортақ және ерекше белгілерін, жеке тұлғаның, отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын, адам өміріндегі негізгі ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын, адамның көңіл-күйінің, сезімі мен адамдар іс-әрекетінің көрінісі, олардың себеп-салдарын, өзіндік эмоционалдық күйін талдайды;
      қоғамдық құбылыстар мен процестерді жүйелеу және топтастыру үшін білімі мен дағдыларын, қоғамның кейбір өзекті проблемаларын айқындау үшін білімі мен дағдыларын, кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы үшін жеке шешімдерін; отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация модельдерін, өмір қауіпсіздігі, саяхатты ұйымдастыру бойынша өз жобаларын, өзіндік рухани-адамгершілік дамуы бойынша шешімдерін жинақтайды;
      адамгершілік нормасы тұрғысынан өзінің мінез-құлқы мен айналадағы адамдардың істерін, отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын, заманауи өмірдегі дәстүр мен фольклордың рөлін, тұтыну заттарының маңыздылығы мен құны бойынша құндылығын, сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін, тұлғааралық, қоғамдық және қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласында өзінің ілгерілеу деңгейін, өзінің эмоциялық және физикалық қалпын, адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік нормалары тұрғысынан бағалайды.
      7) «Көркем еңбек», «Музыка»:
      сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін, негізгі және қосымша түстерді, сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды, өнердің негізгі түрлері мен жанрларын, өнердің әр алуан түрлері бойынша жұмыс істеудің негізгі техникаларын, әлемдік және отандық суретшілердің кейбір үздік туындыларын, музыкалық сауаттылықтың негіздерін, музыкалық мәнерліліктің басты құралдарын, вокалдық және аспаптық жанрлар мен стильдерді, қазақтың халық аспаптарын және әлем халықтарының аспаптарын, қазақ халық музыкасының, Қазақстан сазгерлерінің және әлемнің басқа елдерінің ән және аспаптық репертуарларының кейбір үлгілерін, қарапайым музыкалық импровизациялар жасау тәсілдерін біледі;
      өнердің өмірмен байланысын, орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын, Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын, қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеттеріндегі өнер туындыларының маңызын, қазақ халқы мен басқа да халықтардың ұлттық музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктері мен маңызын, музыкалық туындылардағы берілетін идеяларды, сезімдерді, көңіл-күйлерді, халықтық және сазгерлік музыканың ерекшеліктерін түсінеді;
      заттарды бейнелеудегі перспектива және композиция заңдарын, қарапайым көркем жұмыстарды жасау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, шығармашылық идеяларды, көркем және техникалық еңбек өнімдерін жасау үшін түрлі көкемдік жұмыс құралдары мен техникаларын, шығармашылық жұмысты орындаудағы өнер туындыларының түрлері, жанрлары мен стильдері бойынша білімін, техникалық қауіпсіздік қағидаларын, қарапайым вокалдық және аспаптық импровизациялар мен аранжировкаларды жасауға арналған музыкалық мәнерлілік құралдарын, жеке және ансамбльмен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын қолданады,
      өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін өнердің алуан түрі бойынша ақпаратты, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын, эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын, бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша шығармашылық жобаларды, композиторлық музыканың стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, қарапайым эксперименталдық жұмыстарды орындау және музыкалық импровизация мен аранжировкаларды жасау үшін дыбыстардың қасиеттерін талдайды;
      бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып шығармашылық жобаларды, негізгі және аралас техникада алуан түрлі материалдар мен құралдарды, жұмыс істеудің тәсілдері мен амалдарын қолдана отырып көркем жұмыстарды, музыкалық шығармалардың қарапайым импровизациясы мен аранжировкаларын, зерттеулер нәтижесі бойынша шығармашылық идеяларды жинақтайды;
      көркем жұмыстардың және музыкалық шығармалардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын, жеке/ұжымдық орындалған көркем және техникалық еңбек туындыларын, музыкалық шығармаларды, импровизациялар мен аранжировкаларды бағалайды.
      8) Дене шынықтыру:
      ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын, оларды орындаудың қағидалары мен техникасын, дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік қағидаларын, сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау қағидаларын, дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді бақылау тәсілдерін, дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
      дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын, дене шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудағы рөлін, орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін, түрлі физикалық жүктемелердің талап етілетін қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін, дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын, түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын тәуекелдерді түсінеді;
      келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты орындау дағдыларын, кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін, уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін, дене дамуындағы кемістіктерді және денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді жоятын арнайы жаттығуларды, дұрыс тамақтану мен қозғалу режимінің негізгі қағидаттарын қолданады;
      болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін, дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін жақсарту, ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс жағдаяттарын талдайды;
      қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар комбинацияларын, сондай-ақ түрлі спорт тактикаларын пайдалана отырып стратегияларды, дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
      әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді, өзінің және өзгелердің физикалық мүмкіндіктерін, мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
      6. Орта білім беру деңгейі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі мен әдебиет» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі мен әдебиет» оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Ана тілі мен әдебиет» оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым және айтылым:
      білім алушы сөйлеу мінез-құлқының имплицитті және эксплицитті көрсетілген формаларын иеленген, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, оқу-кәсіби қарым-қатынас жасау салаларына тиісті өзекті мәтіндерді түсінеді, өзіндік пікірін білдіру үшін қажетті грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды, ауызша қарым-қатынаста түрлі мақсаттар мен әдіске жету үшін тілдік құралдарын пайдалана отырып, диалогты қолданады, ауызша қарым-қатынас жасағанда өмірлік жағдайлармен байланыстырады, тілдік қатысымның әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып диалог және әңгімеге бастамашы бола алады;
      оқылым:
      білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және нақты ақпаратты түсінеді және өзінше түсіндіреді, мәтіннің құрылымдық және композициялық бөліктерін салыстырады, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады, зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу, талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады, идеяларды қалыптастырады, оларды сын тұрғысынан түсіндіреді және оқылған мәтін негізінде әртүрлі болжам жасайды;
      жазылым:
      білім алушы тыңдаған және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі жанрдағы және стилдегі мәтіндерді жазады, коммуникативтік құрылғыларға сәйкес әртүрлі тілдік құралдарды пайдаланады, мәтінде сандық, графикалық ақпаратты өзгертеді және керісінше; ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін мақала, эссе, хат жазады, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік мәдени және оқу-кәсіби салаларына қатысты мәтіндерді қалыптастыру кезінде тілдің көркемдік бейнелеуіш құралдарын пайдалану, қарым-қатынас жасаудың анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды.
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін неғұрлым функционалды маңызды ақпаратты түсінеді, терминдердің семантикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-танымдық тақырыптар бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; мәтін мазмұны бойынша жауап береді, деректер мен пікірлердің ерекшелігін ажырата алады, орташа көлемді әртүрлі жанрдағы мәтіндердің негізгі мәселелерін анықтайды, мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды орнатады және көрсетеді, айтылған ойдың мазмұнын болжайды;
      айтылым:
      білім алушы алдын ала ұсынылған тілдік қатынас іске асыра отырып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша диалогке түсе алады, ұсынылған тақырып бойынша ақпараттты талдайды және жинақтайды, белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойға баға береді;
      оқылым:
      білім алушы тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша берілген нақты бір күрделі мәтіндерді түсінеді, зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу, талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады, құрылымдық-композициялық, лингвистикалық ерекшеліктерін салыстырады, негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды;
      жазылым:
      білім алушы түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, естігені және оқығаны негізінде түрі, жанры және стилі әртүрлі мәтіндер жазады, әртүрлі деректерден ақпараттар алу арқылы ақпараттық түрдегі мәтіндер жазады, нақты тақырып бойынша күрделі және толық жоспар жасайды, түрі, стилі әртүрлі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды, орфографиялық және граматикалық нормаларын сақтайды, троптар мен тілдің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын қолданады;
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясындағы екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты деректерді анықтайды, оқытылған тақырыптар аясындағы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді, оқытылған тақырыптар аясындағы бөлшектік ақпаратты түсінеді, қосымша ақпарат алу мақсатында естігені бойынша күрделі сұрақтар құрастырады, оқытылған тақырыптар аясында айтушының ойын негіздейді;
      айтылым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясында оқиғаның логикалық жолдарын құрып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді, ресми және ресми емес стильдерді қолданады, нақты ақпарат алу үшін сұрақтар қояды, оқытылған тақырыптар аясында мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде ойын негіздей отырып, өз пікірін білдіреді, өз елі мен оның мәдениеті жағдайында шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас туралы ақпарат ұсынады, түрлі мәдениеттер өкілдеріне қарым-қатынас төзімді танытады; әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның табысты интеграциясы үшін шетел тілінде алатын мәнін түсінеді және түсіндіре алады;
      оқылым:
      білім алушы оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды, оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі бөлшектік ақпаратты түсінеді, түрлі ақпараттық ресурстарды шетел тілінде қолданады, оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің арнайы ақпаратын анықтайды, мәтіннің атауы, мәтін үзінділері, суреттері, тірек сөздері бойынша мазмұнын болжайды, автордың көзқарасын немесе пікірін түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды;
      жазылым:
      білім алушы кесте, диаграмма, сызба, сауалнама, формуляр және т.б. толтырады, жоспар құрады, оқытылған тақырыптар аясында мәтін жазады, түзетеді, коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен қажетті үзінділер алады, алдын ала оқыған тақырыптар бойынша алған біліміне сүйене отырып, шын мәніндегі және/немесе ойдан шығарылған өткен, осы және болашақта болатын оқиғаларды суреттейді, оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс қояды, тиісті ережелер мен түрлерін сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанр бойынша мәтіндер құрайды.
      4) «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті»:
      әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін, әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халықтың тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттелуін, оқылатын шығармалардың дәйек сөздерін біледі;
      әлемдік мәдениетте ұлттық көркем мұраның мәнін, мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әдебиеттің рөлін, адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдебиетте құбылыстардың нақты бейнеленуін, әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын, форма мен мазмұн бірлігіндегі көркем шығармаларды, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелерін, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем туындылардағы ашық айтылған және бүркеулі түрде айтылған мағыналарды түсінеді;
      әдеби тақырыпқа жазбаша немесе ауызша шағын пікір дайындау кезінде, талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру кезінде, оқырмандар ортасы үшін өзектілігін анықтау және көркем шығармаларды бағалау үшін, пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу, қажетті ақпараттарды іздестіруге пайдаланады;
      оқығанына, тақырыпқа, идеясына және шығарманың композиция, сюжет ерекшеліктеріне өзінің қарым-қатынасын дәлелдеген әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, кейіпкерлердің негізгі эпизодтарын, іс-әрекетін және амалдарын, әлемдік әдебиет туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстыра отырып, көркем шығарманың, жазушының стиль ерекшеліктерін талдайды;
      көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау үшін, көркем шығармаларды талдап қорыту және әлемді тұтастай қабылдау үшін, тарихи деректермен фактілерді салыстыру, әртүрлі жоспарлар құру, қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланысына арналған әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімді, білікті және дағдыны жинақтайды;
      оқылған шығарманы, композициялық, стильдік, бірлік, тілдік ресімдеу тұрғысынан және алған қойылған коммуникативті міндеттердің орындылығы, қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерін білдіру логикасын, өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
      5) «Математика», «Информатика»:
      элементар математиканың, статистика және ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын, сандар классификациясын; нақты сандармен есептеу амалдарын орындауды, элементар математиканың негізгі формулалары мен қасиеттерін, негізгі элементар функцияларды, олардың қасиеттерін және графиктерін, алгебралық және трансцендентті теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін, оның ішінде теңдеулер мен теңсіздіктер жиынтығын шешу тәсілдерін, көпбұрыштар классификациясын, жазық мен кеңістіктік фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін, комбинаторика ережелерін, оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын, ықтималдықтар теориясының негізгі формулаларын, статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін, қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін, «алгоритм», «ақпараттық процестер», «ақпараттық қауіпсіздік», «онлайн қауіпсіздік», «плагиат», «лицензиялау» және «авторлық құқық», «веб-беттер», «веб-сервер», «веб-сайт», «веб-браузер»,«URL-адрес», «http-хаттама», «IP-адрес», «домендік атау»ұғымдарының мағынасын, ақпараттың ұсынуын, өлшеу тәсілдерін; заманауи дербес компьютердің (бұдан әрі - ДК) құрылысын, ДК және компьютерлік желілерде ақпараттарды сақтау, өңдеу және жіберудің негізгі техникалық құралдарын, компьютерлік желілердің міндетін және ұйымдастыру мен қызметінің принциптерін, ДК-дің программалық қамтамасыз етілуінің міндетін және құрамын, ақпараттық модельдерді компьютермен жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, алгоритмдеу және программалау негіздерін, компьютерлік техниканың даму кезеңдерін, ақпараттық қауіп түрлерін, сондай ақ ақпараттарды қорғаудың тәсілдерін біледі,
      математиканың академиялық тілін, санды стандартты түрде жазу тәсілін (санның мәнді бөлігі және реті), көпмүшенің түбірі мен коэффициенттері арасындағы байланысты; берілген функцияға кері функцияның бар болу шартын, теңдеуді, теңсіздікті және олардың жүйелерін шешу деген не екенін, әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын, аксиомалар, теоремалар, леммалар, салдар, қасиеттер мен белгілер арасындағы айырмашылықты, жазықтықта және кеңістіктегі геометриялық салулар мен өлшеулердің принциптерін, өмірдегі кездейсоқ жағдайлардың ықтималдық сипаттарының мәнісін, таңдаудың сандық сипаттамасы мен кездейсоқ шаманың мағынасын, сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін, ақпараттық процестердің қоғамдағы, тірі табиғаттағы, техникадағы рөлін, барлық деректерді ұсыну үшін компьютермен екілік алфавитті пайдалануды, ақпараттарды өлшеу бірліктері арасындағы байланысты, компьютердің жұмыс істеуінің программалық принципін, программалық қамтамасыз етудің қажеттілігін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) құралдарын пайдаланудың экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін, компьютермен жұмыс жасау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді;
      практикалық есептерді шешуде математикалық білімді, математикалық есептерді шешу алгоритмдерін, мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны, басқа да оқу пәндерін игеру барысында математикалық білімдерін, нақты сандарға есептеу амалдарын, ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді, практикалық тұрғыдағы геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралар мен кеңістіктік денелердің қасиеттерін, әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді, математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және программалық қамтамасыз етуді, ақпаратты екілік кодта ұсыну үшін кодтау ережесін, ақпаратты қорғау тәсілдерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың заманауи программалық құралдарын қолданып, әртүрлі ақпараттық объектілерді жасау, редакциялау, түрлендіру, сақтау мен берудің негізгі технологияларын, қолданбалы программалардың мүмкіндіктерін, ақпаратпен бірлесіп жұмыс жасау үшін ғаламдық және жергілікті желілер мүмкіндіктерін, зерттеу жұмыстарын жүргізу мен оларды көрсету үшін объектілер мен процестердің физикалық, биологиялық, экономикалық және ақпараттық компьютерлік модельдерін; алгоритмдерді жазудың негізгі ережелерін, практикалық есептерді шешу үшін программалау тілдерінің мүмкіндіктерін, АКТ құрылғыларымен жұмыс жасау кезінде эргономиканы, ресурстарды үнемдеуді, қауіпсіздік техникасы ережелерін, ақпараттық этика және авторлық құқық нормаларын қолданады;
      заңдылықтарды және осы заңдылықтар негізінде математикалық модельдер құрастыруды, деректердің берілуінің түрлі формаларын пайдаланып, әртүрлі мазмұндағы деректерді, рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді, теңдеулер, теңсіздіктер, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешуді, геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелдеуге берілген есептерді, функциялардың қасиеттерін, математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын, көрсету, өңдеу мен беруге арналған сәйкес аппараттық және программалық құралдарды таңдау бойынша ақпаратты, деректер мен нәтижелерді түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, диаграммалар, сұлбалар және т.б., нақты және елестету объектілері мен процестерді (кестелер, графиктер, диаграммалар, сұлбалар және т.б.) зерттеу үшін компьютерлік модельдерді, ең тиімді жолды анықтау мақсатында компьютерде есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін, қателерді анықтау үшін программалау тіліндегі программалық кодты, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын талдайды;
      математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін, графиктерін салу үшін функциялардың қасиеттерін, математикалық және статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелерін, аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелді пікірлерді, геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып, оның ішінде интерактивті ортада салуға берілген есептерді шешу тәсілдерін, мәтіндік, кестелік, графикалық, мультимедиалық және құрама объектілерді беру үшін және өз идеяларын жүзеге асыруға, пайдаланушы қажеттілігіне қарай компьютердің конфигурациясын және программалық қамтамасыз етуді блок-схема команда түрінде берілген есептерді шешу алгоритмдерін жинақтайды;
      есептеулер нәтижесін, берілген параметрлердің мағынасына байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын болжайды және графиктердің салынуын, статистика және ұсыныс негізінде оқиғаның болу ықтималдығын, математикалық деректерге негізделген қорытындыларды, берілген шарттарға сәйкес қолданбалы есептердің шешу нәтижелерін, шамалардың жуық мәндері және олардың стандартты түрде жазылуын, жүргізілген тәжірибелер санының артуымен оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін, қолданылуына байланысты АКТ құралдарының тиімділігін, ақпараттың дәлдік, толықтылық, сенімділік, өзектілік, релеванттық түрлі дерекнаманы салыстыруын, компьютерлік модельдер артықшылығын, алгоритм тиімділігін және оның орындалу нәтижесін, адам денсаулығына АКТ құралдарының кері әсерін; қоғамның дамуына компьютерлік технологиялардың әсерін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазіргі құралдардың мүмкіндігін бағалайды.
      6) «Жаратылыстану», «Физика», «Химия», «Биология», «География»:
      қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымының рөлін, бастапқы, географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды, биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың негізін, физикалық, химиялық, биологиялық энергия көздерін, практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін, оларды қолдануда таралған облыстары және онының түрлерiн, бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды, Қазақстанның маңызды химиялық және металлургиялық өндірістерін, физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін, ғұлама ғалымдардың химияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерін, микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздері, органоидтық жасушалардың атауларын, жасушалардың бейорганикалық және органикалық заттарын, өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен жүйесінің компоненттерін, жасушаның зат алмасу кезеңдерін, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарын, дезоксирибонуклеинді қышқылының (бұдан әрі - ДНҚ) жасушалық айналымын, құрылымын және маңызын, генетиканың, тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдарын, эволюциялық дамудың негіздерін, селекцияның әдістерін, эволюция заңдарын, тірі ағзалардың әртүрлілігін, олардың адам және табиғи кешен үшін маңызын, жүйеліліктің таксономиялық иерархиясын және маңызын, биогеоценоздардың құрылымын; тірі ағзалардың өзара қарым-қатынастарының түрлерін, тағамдық тізбектегі және табиғаттағы энергия ағынын және заттар айналымын, тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін, география ғылымының нысанын, пәнін, құрылымын, географиялық зерттеулердің әдістерін, география ғылымының негізгі ілімдерін, теорияларын, концепцияларын, гипотезаларын, заманауи география кеңістігінің құрылымын, мазмұнын және деңгейін, аумақтық кешендерін, географиялық объектілердің, процестердің және құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу ерекшелігін және орналасуын, заманауи геоақпараттық жүйелерді, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін және қолдану аясын, географиялық қабықтың және географиялық ортаның құрамын, қасиеттерін, құрылымын, негізгі даму кезеңдерін, географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын, олардың кеңістіктік пайда болуын, табиғатта қалыптасуын және дамуын, Жер қабығының орналасуын, құрылымын, құрамын, қасиеттерін және маңызын, Жердің, географиялық объектілерінің, процестердің және құбылыстардың картадағы кескіндеу тәсілдерін; картаның түрлерін, жіктелуін және элементтерін; географияда қолданылатын негізгі формулаларды; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін, заманауи әлемдік шаруашылықтың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының өңірлік және салалық құрылымын, шарттары мен даму факторларын, олардың шаруашылықты игерудегі айырмашылықтарын, халықаралық экономикалық қарым-қатынастың мақсатын, формаларын, әлемнің, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасы тұрғындарының құрамын, құрылымын, жіктелуін, сандық динамикасын, тіркеу және санақ әдістерін, қайта өндіру типтерін, орналастыру және көші-қон факторларын, тұрғындық пункттердің типтерін, құрылымын, функцияларын, орналастыру факторларын және даму динамикасын, жеке өңірлердегі, елдердегі және Қазақстан Республикасындағы урбанизациялау процесін, деңгейін және ырғағын, жаһандық және өңірлердің демографиялық мәселелерін, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық және геосаясаттық жағдайын, әкімшілік-аумақтық бөлінуін, Қазақстанның табиғи-қор әлеуетін, тұрғындардың ерекшеліктерін, шаруашылық салаларының құрылымын, құрамын, орналастыру факторларын, орталықтарын, өнімдердің жеке түрлерін өндіру технологияларын, Қазақстанның экономикалық аудандарын, халықаралық байланыстарын, әлемнің тарихи-мәдени өңірлерін, өркениетін, геосаясатын, табиғатты сақтауға байланысты шараларын, тұрақты дамуын, жаратылыстану ғылымдарының дамуына және қалыптасуына ғұлама ғалымдардың қосқан үлесін біледі;
      бөлімдердегі физикалық шамалардың, терминдердің және заңдардын мағынасын, механиканың кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары, жылу физикасының молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизмді электростатика, оптиканың геометриялық және толқындық, кванттық физиканың, атомдық физиканың, астрономияның элементтерін, дерек пен болжам арасындағы айырмашылықты, физикалық құбылыстардың себептері мен салдарын, күнделікті адам өміріндегі физикалық құбылыстардың және процестердің маңыздылығын, химиялық элемент, атом, ион, молекула және зат ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды, химиялық реакцияларды және олардың жүру шарттарын, металдардың электрохимиялық кернеу қатары тұрғысынан белсенділігін, тотығу-тотықсыздану процесін, органикалық кластар мен бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды, «Байқоңыр» ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық маңызын, ИЮПАК (IUPAC –International Union of Pure and Applied Chemistry (Теоретикалық және қолданбалы химияның халықаралық одағы) халықаралық номенклатурасын, тұрмыстық және тағамдық химияға жататын заттардың қасиеттерін, заттардың және олардың өнімдерінің технологиясын және өндірістік ғылыми принциптерін, тірі ағзалардың жеті қасиетін, микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өндірістегі маңызын, өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен жүйесінің құрылымын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу принциптерін, пластикалық және энергетикалық алмасу процестерін, биогеоценоз бен агроценоздың құрылымдарын, жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді, әлемнің және Қазақстан Республикасының тұрақты даму мәселелерін шешуде кешендік географиялық амалдың табиғатты пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда маңыздылығын, аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың географиялық факторларға тәуелділік деңгейін, қоғамдық өндірістің, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық негіздері, табиғи-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық қоғамдық өндірістің негіздерін, өмір сүру сапасының қоршаған ортаның сапасына тәуелділігін, заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдарын, қоғам өміріндегі саяси жүйенің маңызын және рөлін, өңірлік және жаһандық деңгейдегі заманауи кіріктіру процестерінің маңызын және мәнін, геосаяси пролцестерді, рөлін және әсер ету саласын, геосаяси объектілерінің әрекеттесу сипатын, әлемдік геосаяси аймақтану ерекшеліктерін; түсінеді;
      жанды және жансыз табиғат құбылыстарын, объектілерін, процестерін сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және қауiпсiздігін сақтауда білімі мен дағдысын, есеп шығару, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындауда физика, химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын, еселік және үлестік бірлікті, табиғатты қорғаудың мәселесін шешу тәсiлдерiн, географиялық қабық пен географиялық ортаның компоненттерін сандық және сапалық сипатын анықтау үшін географиялық зерттеулер әдісін және олардың амалдарын, геграфиялық деректер көздерін, аспаптар, құралдар, карталар мен жоспарларды, бағдарлау және навигация үшін кез келген дәрежедегі аумақтарды, талап етілетін контексте географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, түрлендіру, сақтау, жіберу және таныстырылым дағдыларын, картометрия тәсілдерін; бағдарлау және навигация дағдыларын қолданады;
      өзінің ғылыми тұжырымдарын дәлелдеуге қажетті әртүрлі дерек көздерінің деректерін, физикалық процестің тәуелділігін, ғылыми жаңалықтардың қолданылу саласын; қоршаған орта жағдайы және адамның өндірістегі іс-әректі арасындағы байланыстың себеп-салдарын, заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына тәуелділігін және оның құрылымын, заттардың қасиеті мен қолданылуы арасындағы байланыстың себеп-салдарын, адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын, географиялық объектілірдің, процестердің және құбылыстардың орналасу ерекшеліктерін, байланыстарын және басқа да кеңістіктік арақатынастарын, географиялық объектілірдің, процестердің және құбылыстардың орналасу факторларын, параметрлерін, адам өмірі мен іс-әрекетіне ортаның факторларының ықпалын, қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін, сандық және сапалық географиялық деректерді, географиялық ақпарат көздерін, географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеудің белгілерін, Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін және факторларын, дүниежүзіндегі рөлі мен орнын талдайды;
      жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсетуді, болжам, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдер және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын, ғылыми-жаратылыстану заттарының эмпирикалық ережелерін, қағидаларын және заңдылықтарын жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімді, жасалған эксперименттің нәтижелерін, физикалық құбылыстар мен заңдарды дәлелдеуді, зертханалық жұмыстар өткізу кезіңдегі қауіп-қатерді, адамның өміріне әртүрлі физикалық құбылыстар мен ғылым жетістіктерінің әсерлерін жинақтайды;
      химия ғылымы мен өндірісінің адам өміріндегі рөлін, химиялық реакциялардың жүруі мен олардың қайтымдылығына әртүрлі факторлардың әсерін, химия өнеркәсібінің қоршаған орта және денсаулықтың нашарлауына әсерін туралы болжамын, өнеркәсіп принциптері мен тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың өзара байланысын, пайдалы қазбалар мен табиғи көздерді дұрыс пайдаланудың маңыздылығын, биология салаларын дамытуды: салауатты өмір салтының рөлін және адамда әртүрлі аурулардың пайда болуының себептерін, олардың дұрыс және кері жақтарын анықтау үшін, биотехнология, гендік инженерия, молекулярлық биология мен медицинаның заманауи бағыттарын, ағзалардың өмірлік іс-әрекетіндегі мүшелердің рөлін, табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын, табиғаттағы өсімдік және жануар түрлерінің азаю себептерін, табиғаттағы ағзалардың биокөптүрлілігін сақтаудың тәсілдерін, адамдардың өмірі мен шаруашылық іс-әрекетінде табиғатты қалыптастыруда географиялық объектілірдің, процестердің және құбылыстардың маңызын, географиялық объектілерінің, процестердің және құбылыстардың көлемі мен жағдайын, географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды әртүрлі мақсаттар мен іс-шараларда қолданылуын және жарамдылық деңгейін, географиялық ақпарат көздерін, географиялық объектілірдің сақталу дәрежесін, түрлі дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, түрлі дәрежедегі аумақтардың ресурстарын және табиғи-ресурстық әлеуетін, дүние жүзіндегі және Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды бағалайды.
      7) «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері»:
      дүние жүзі және отан тарихы кезеңдерін, Қазақстан тарихы үрдістерін және әлем тарихының ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларды, құбылыстарды, әлем және отан тарихында маңызды рөл атқарған, тарихи қайраткерлерді, тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін, тарих ғылымындағы базалық ұғымдарды; тарихи деректердің түрлерін; құқық пәні мен ұғымын; құқық жүйесі мен құрылымын, заманауи құқық жүйелерін; құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен механизмдерін, адам құқығы мен бостандығы мазмұнын, әділ сот ұғымы мен қағидаларын, іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтар: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі, қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдары, құқық дереккөздерін; толеранттылық және отан алдындағы борыш, адалдыққа, гуманизмге негізделген құндылықтар мен нормалар, жалпы алғанда, адамзатқа, қоршаған әлемге, адамның өзіне деген қарым-қатынасын ескерген әлеуметтік маңызды бағдарды, адамгершілік мінез-құлық негіздерін, адам сезімдері мен эмоциялары, оң және келеңсіз сапалар туралы ұғымдарды біледі;
      тарихтың барлық кезеңдері бойы дүниежүзі және отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын құбылыстар мен процестерді, негізгі оқиғаларды, Қазақстан мен түрлі әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігі, тарихи жолының ерекшеліктері, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын, отан және әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын, өзінің азаматтық және ұлттық бірегейлігін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуін және өзінің Қазақстан халқына жататындығын, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарым-қатынас жасау қажеттігін, мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы, құқық мазмұнын, азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігін нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде, адамның ұдайы өзін-өзі дамыту мен тану қажеттілігін, жалпы адамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын, отбасында, ұжымда және қоғамдағы өзінің рөлін, өмірде өзара көмек маңыздылығын, практикада салауатты өмір салты туралы білімді қолдана отырып, өз өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде түсінеді;
      өмірлік міндеттер мен мәселелер жағдаяттарын шешу үшін, тарихи картада өзгерістерді анықтауда, түрлі объектілірдің орналасуын анықтау кезінде, тарихи тұлғаларды, оқиғалар, құбылыстар, процестерді салыстыру кезінде, тарихи шарттылықтан шыға отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қарым-қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде; шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде, деректанулық талдау элементтерін қолдана отырып тарихи материалдармен жұмыс кезінде, түрлі типтегі деректерден тарихи ақпараттарды іздеу кезінде, практикалық іс-әрекетінде және күнделікті өмірде іздеу, талдау, түсіндіру және құқықтық ақпараттарды қолдану үшін, құқық және бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін анықтау кезінде, сонымен қатар құқық бұзылушылықтарды қорғау кезінде, тиісті органдар мен ұйымдарға біліктілікті заң көмегі үшін жүгіну кезінде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде; тұлғалық өзін анықтау, өзін жүзеге асыру, өзін-өзі бақылауды қалыптастыру үшін, қоғамға қызмет етуге бағытталған, мәселелерді шешуде шығармашылық үшін білімге қосымша, адамгершілік нормаларына сәйкес түрлі мәселелерді сындарлы шешу үшін, басқа адамдармен және қоршаған әлеммен тілектестік қарым-қатынас орнату кезінде алынған білім, білік және дағдыны қолданады;
      тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатындағы процестерді, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын, жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін, қорытындыны дәлелдеу үшін ақпараттарды, тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттері мен Қазақстанның даму тенденцияларын, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін; проблемалық мәселелерге жауап үшін түрлі тарихи деректерді, өз бетінше таңдалып/құрастырылған өлшемдер бойынша тарихи фактілерді, сол бұрыңғы тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды, құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін, қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды, үлгілік жағдаяттардағы ұсынылған құқық бұзушылық, теріс қылық, қылмыс белгілерін, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктері, түрлі деректерден алынған, құқықтық сипаттағы ақпараттарды, адамдарда тұлғалық өзін анықтау, өзін жүзеге асыру, өзін бақылау қабілетін қалыптастыру түрлері мен әдістерін, материалдық және материалдық емес жоспардағы қажеттіліктерді, оларды ажырата алады, ынтасы мен мүмкіндіктерін әділдікпен өлшеуді талдайды;
      түсіну, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және зерделенген құбылыстар, объектілер мен процестерді саралау үшін алынған білімді, білік дағдыларды, түрлі деректерден алынған тарихи фактілерді кезекті дәлелді қорытындылар және тұжырымдармен, жалпы заңдылықтар анықталуымен процестер, тарихи құбылыстардың сипатты белгілерін, қоғамда өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін білім және дағдылар, өз әрекеті мен жүріс-тұрыстарын басқа адамдардың қабылданған адамгершілік және құқықтық нормаларымен байланыстыру үшін алынған ақпаратты, қоғамдағы әлеуметтік бейімделу үшін білім және дағдыларды жинақтайды;
      тарихи оқиғалар, процестер, құбылыстарды, тұлғалардың отандық және әлемдік тарихқа ықпалы мәнмәтінде олардың әртүрлі түсіндірулерін, әртүрлі тарихи деректердің нақтылығын, қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикада, саясатта және мәдениеттегі рөлін, заманауи өркениеттердің келешегін, оның дамудағы қиындықтары мен проблемаларын, қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін, қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды, құқық қорғау мен заңдылық мәні мен маңызын, нақты мәселелерді шешуде өзінің саналы белсенділік қабілетін көрсетуді, адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін, қоршаған орта мен әлемнің сұлулығын бағалайды;
      8) «Көркем еңбек», «Музыка»:
      өнердің бейнелеу және айқындылық құралдарын, шығармашылық жобалар үшін көркем техникалар мен құралдарды, өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының шығу тарихын, әлемдік және ұлттық көркем өнердің жауһарларын, ұлттық және әлемдік музыканың әртүрлі стилдері мен жанрларының жіктеуіші мен ерекшеліктерін; ұлттық және классикалық музыкалық аспаптардың жіктеуішін, шығарма, орындау, тыңдау, суырыпсалма, өңдеу, табиғи және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен құрамын, материалдарды өңдеу технологиясын, қалыптасу тарихын және әртүрлі тәсілдердің дамуын, қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлерін, шығармашылық жобаларды орындау кезінде жобалау мен модельдеу негіздерін, қоршаған ортаның өндірістік және өзге де технологиялық қалдықтармен ластануынан қорғау тәсілдері, құрал-жабдықтармен және аспаптармен жұмыс жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін, еңбек қорғау бойынша негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерді, қайта жасау қызметіндегі технологиялық құжаттаманы біледі;
      адам өмірі мен қоғамдағы әртүрлі өнер түрлерінің орны мен рөлін, қазақ халқы мен басқа да әлем халықтарының өнер туындыларының құндылықтарын, өнерге тарихи дәуірдің әсерін, түрлі өнердің өзара тарихи байланысын; қазақ халқының және өзге де әлем халықтарының музыкалық мұраларының құндылықтары мен маңыздылығын, музыканың қарапайым теориясының заңдылықтарын, оның ішінде компьютерлік сандық музыкалық бағдарламаларды пайдалануды есепке ала отырып, музыкалық туындыларды, композицияларды және өңдеулерді құрастырудың ерекшеліктерін, жаңа бұйымдарды жасау, жаңа бұйымның қасиеттерін, қызметін, параметрлерін, жақсарту жөніндегі идеяларды ұжымдық ұйымдастыру мен іріктеудің маңыздылығын түсінеді;
      әртүрлі стиль мен жанрдағы өнердің айқындылық және бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, көркем жобаларды зерттеу және жасау үшін шығармашылық ойлау білімі мен дағдысын, қоршаған әлемді бейнелеудің көркем тәсілдері мен әдістері, оның ішінде өнер саласындағы АКТ пайдалану арқылы оның ерекшеліктерін өнердің көзбен шолу және түйсіну тілі арқылы жеткізуді, өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларында идеяларды зерттеу мен әзірлеу, жаңа шығармашылық жобаларды жасау үшін көркем тәсілдерді, техникаларды және материалдарды эксперименттеу үшін қажетті ақпарат көздерін өз бетінше табу және іріктеу дағдысын, коммерция саласында өзінің идеяларын іске асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжыту негіздерін, өнердің қарапайым теориясы заңдылықтарын, оның ішінде музыкалық компьютерлік сандық технологияларды пайдалану арқылы әртүрлі жанрлар мен стильдердегі вокальды-хорлардың, аспаптар қызметіндегі білім мен дағдыны, өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларында идеяларды зерттеу мен әзірлеу, музыкалық композицияларды жасау үшін қажетті ақпарат көздерін өз бетінше табу және іріктеу дағдысын қолданады;
      дәстүрлі және әлемдік өнердегі түрлі жанрлар мен стильдерді, суретшінің жұмысындағы және өзінің жеке жобаларындағы шығармашылық идеялар мен ойлар, қоршаған әлемнің музыкаға әсерін және қоршаған ортаға деген жеке көзқарастарды, музыканың басқа да өнер түрлерімен және адам өмірімен өзара байланысын талдайды;
      өнер саласындағы айқындылық және бейнелеу құралдарын, оның ішінде АКТ пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстаржы жасау үшін өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларындағы білім мен дағдыны, музыкалық жобаларды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыны кіріктіреді, дайын үлгілер бойынша материалдардың технологиялық, экономикалық және оларды пайдалану қасиеттерін, материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар мен құралдарды, гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер, сондай-ақ жаңа бұйымдар жасау үшін өндірістің түрлері бойынша білім мен дағдыны кіріктіреді жинақтайды;
      өнердің түрлерін дамытуға тарихи дәуірдің ықпалын; өнердің адам өміріндегі рөлі мен маңызын, дәстүрлі және әлемдік музыка мәдениеті туындыларының көркемдік және эстетикалық құндылықтарын, жеке/топтық технологиялық операцияларды орындау барысында жіберілетін қалыпты қателерді, еңбек өнімінің тұтыну сапасы мен технологиялық операцияларды орындаудың қызмет көрсету мүмкіндіктерін бағалайды;
      9) «Дене шынықтыру»:
      дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін, сергіту жаттығулары мен әр бағыттағы ширатып шынықтырушы жаттығулардың кешендерін, дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді сыртқы және ішкі белгілері бойынша және дене шынықтыру жүктемесінің тәртібін жүрек соғуының жиілігі бойынша бақылау әдістері мен тәсілдерін біледі,
      еңбекке қабілеттілік деңгейін жоғарлату үшін денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігін, күн тәртібінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін, дене шынықтырудың ағза жүйелерінің функциялық күйіне ықпал етуін, салауатты өмір сүрудің қажеттілігін, орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін, дене даярлығының түрлі сатыларында дене шынықтыру жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттігін, өзінің алдындағы жауапкершілік және Отан алдындағы борыш сезімін тәрбиелеуде дене шынықтырудын рөлін түсінеді;
      денені жетілдіру үшін кең диапазонында іс-қимыл дағдыларын, өздік және топтың қызығушылығын еске ала отырып дене шынықтыруды жеке және бірлесіп өткізуін жобалауды, өзінің және басқалардың тәжірибелерін шынықтыру жайында білімі мен дағдыларын байыту, мектеп бағдарламасы бойынша спорт ойындары мен циклдік спорт түрлерінде тактикасы мен стратегиясын; мектеп жарысында бағдарлама спорт түрлері қазылығын атқару үшін ережелер туралы білімін қолданады;
      топтың мінез-қылығын және болашақ оқуды басқару үшін дене жаттығуларындағы өткен жетістіктер мен тәжірибені, әрекеттің оңтайландыру негізінде өзіндік даму және білім жетілдіруіне қабілеттігі мен даярлығын, қысқа және ұзақ уақытты жаттығулар кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді басқаратын әр-түрлі тәсілдерін талдайды;
      қозғалыстың жақсару комбинациясындағы қозғалыстың түрлері мен олардың ретін, салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы білім мен дағдыларды, дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде шығармашылық білім мен сын тұрғысынан ойлау құралдарын проблемаларды зерттеу және шешу жолдарын, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін білуді жинақтайды;
      жеке физикалық қабілеттерді және басқаның қабілеттерін, түрлі физикалық жаттығуларды орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдер, денсаулықтың түрлі аспектілеріне физикалық жаттығулардың әсерін, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыру кезінде белсенді қатысу үшін өз әлеуетін мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды;
      7. Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі мен әдебиет» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі мен әдебиет» оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін, «Ана тілі мен әдебиет» оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым және айтылым:
      білім алушы түрлі саладағы қарым-қатынас және стильдік ерекшелігі бар мәтіндерді түсінеді, тура және ауыспалы түрде берілген сөйлесім тәртібіне талдау жасайды, бағалайды, дайындалған және дайындалмаған жағдаяттағы монологтік және диалогтік қарым-қатынас барысында комуникацияның кез келген, оның ішінде көпшілік алдындағы мақсатына жетеді, сөйлесу барысындағы этикалық нормаларды есепке ала отырып, қойған мақсатына жете алады, тыңдаушыларға әсер ету үшін сөйлеу тәртібінің тактикаларын (вербалды және вербалды емес құралдар) ұсынады, қажетті пікірін жеткізу барысында олардың стилистикалық жіктелуін есепке алумен тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормасын сақтайды, тыңдалған мәтіннің негізгі аспектілеріне өзінің көзқарасын білдіре отырып, талдау жасайды және сыни тұрғыдан бағалайды;
      оқылым:
      білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы мәтін мазмұнын оның ішінде, ғылыми-техникалық тақырыптардағы мәтіндерді түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады, оқырмандар алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегиясын пайдаланады; қажетті ақпаратты іріктеп алады және оны өңдейді, негізгі идеяны анықтайды, мәтіннің композициялық ерекшелігін айқындайды, мәтіннің астарлы мағынасын және мәтінде көркем бейнелеуіш құралдардың мағынасын таниды, әртүрлі стилдегі және жанрдағы мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін талдайды және салыстыра алады;
      жазылым:
      білім алушы тіл туралы жеке көзқарасты білдіретін, оның ішінде, ерекше әсер беретін мазмұнды мәтіндерді құрай алады, деректерді қайталай отырып, тұтас және аралас мәтіндер құрайды және әртүрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарды жинақтайды, шынайы өмірдегі немесе ойдан алынған оқиғалардың қарама-қайшылықтарын талдай отырып, мәтіндер құрайды, түрлі тақырыптарда, оның ішінде, жаһандық мәселелерге қатысты жарыссөз желісінде эссе жаза алады және ол эсседе өзінің жеке пікірін білдіреді, тіл ерекшелігі мен белгілеріне сүйене отырып, түрлі типте, жанр мен стильде әртүрлі мәтіндер жазады, берілген мәтіндерді белгілі бір қалыпта жазбаша түрде беру және ақпаратты толықтыру, кеңейту әдістерін пайдалана отырып жетілдіре түседі, жазылымға қатысты орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып мәтіндер құрайды;
      әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен тығыз байланысын, әдебиет саласындағы танымал қайраткерлердің биографиялық деректерін, әлемдік әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін, әдебиет теориясы туралы негізгі түсініктерді, толық және шолып оқу бағытында олардың нақты мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік оқиғаларды) шығарманың мазмұнын біледі;
      тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін, көркем әдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу үрдісін, шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін, шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы және т.б.), автордың шығарма арқылы беріп отырған негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық позицияны, шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
      әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде, өзі үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармалары бағалауда, пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде, өз бетінше оқыған көркем әдеби шығарманы талдауда жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
      әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы, әртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпы адамгершілік туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді, автордың шығарма негізіне алған идеясы бойынша ой қозғайды, талдайды;
      аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын, түрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты, қазақтың ұлттық ерекшелігін және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді, көркем шығарманың жанрына сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
      көркем шығармалардың маңызын, ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын, адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда көркем шығарманың рөлі мен оның мазмұны жағынан өзектілігін, шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді, басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды;
      2) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      тыңдалым:
      білім алушы көркем әдебиет көздерінен алынған шығарма мазмұнын, коммуникативті ниетті, сонымен қатар сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті ерекшелігін толық түсінеді, ақпаратты жалпылама, бөлшекті және сын тұрғысынан қабылдайды, әртүрлі стильдегі мәтінде айтылатын негізгі мәселелерді түсінеді және анықтайды, тыңдалған мәтінді көркемдеу, образдау тұрғысынан бағалайды, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік, патриоттық, мәдениет-тарихи дамуына байланысты идеяларды синтездейді және мәселелерді шешу мүмкіндіктерін ұсынады;
      айтылым:
      білім алушы монолог немесе диалогтік байланыс орнатуға сәйкес әртүрлі тілдік құралдарды тиімді пайдаланады, коммуникация ұйымдастырушыға тән сөйлесімдік қатынас тактикасын жүзеге асырады, диалог барысында ынталану рөлін сақтайды және сұхбаттасушының ойын қостап, дамыта түседі, сөйлеудің әртүрлі типін пайдалана отырып, монолог шығара алады, көркем әдебиет шығармасының тақырыбы бойынша еркін әңгіме барысында шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің көзқарасын деректерге сүйене отырып дәлелдейді, әртүрлі пікірді сын тұрғысынан бағалайды, тілдік стратегиялар мен тактикаларды диалог және полилогтарда тіл нормаларын, сөйлеу мәдениетін, этномәденит ерекшеліктерін және этикетті сақтай отырып тиімді пайдаланады;
      оқылым:
      білім алушы әртүрлі стильде жазылған мәтіндерді түсінеді, тұтас және аралас мәтіннің барлық детальдарын, оның ішінде контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын, мәнін және шынайылығын түсінеді, көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын және автордың позициясын анықтай алады, әдебиеттегі көркем шығарманы басқа өнер түріндегі көрінісімен, қазақ халқының және өзге ұлттардың көркем әдебиет пен фольклордағы адамгершілік идеалымен салыстырады, оқылымның әртүрлі стратегияларын: сканерлеу, зерттеу және сын тұрғысынан оқуды қоса пайдаланады; дәлелдерді жетілдіру мақсатында мәтіндерді толықтыру және қысқарту тәсілдерінің әр түрін пайдалана отырып ақпарат алып шығады;
      жазылым:
      білім алушы әртүрлі тақырыптарға, мақсаттарға, проблемаға және жағдаяттарға сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып түрлі типте және стильде мәтіндер құрайды, алынған ақпараттарды зерттеу және талдау негізінде тұтас немесе аралас мәтіндер құрайды, ой мен сезімін, эмоциясы мен суреттеуін нақты жеткізу үшін сөзбен көркемдеу құралдары мен стилистикалық тәсілдерді қолданады; шығарманың негізгі идеясын және мәтіннің/тақырыптың толық мазмұнын жеткізуде түрлі жоспарларды қисынды ойлауды сақтай отырып құрайды, көркем әдебиет шығармасының желісімен мәдениет пен тілдің көпқырлылығына, патриотизм және рухани-адамгершілікке қатысты өзінің жеке мәтінін жазады;
      өткен әдеби шығармалардың мазмұнын, фольклор арқылы халық тұрмысының, дәстүрінің ерекшеліктерін біледі, прозалық шығармалардан және өлең мәтіндерінен үзінділерді жатқа оқиды, авторлардың өмірбаяны, шығармашылық жолдары туралы, оқылған шығарманың тарихи-мәдени контексіндегі негізгі деректерді біледі, негізгі теориялық әдеби түсініктерді біледі;
      әлемдік мәдениеттегі ұлттық көркем мұраның маңызын, маңызды мәдени жетістіктердің бірі ретінде әдебиеттің рөлін, адам өміріндегі көркем әдебиеттің маңызын, әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын, туындының тақырыбын, идеясы мен келелі мәселелерін, туындадағы автордың ұстанымын, көркем туындылардың бейнелі табиғаты мен астарлы мағынасын түсінеді;
      әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындауда, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде, өзіне маңызды оқу ортасын айқындау және көркем туындыларды бағалау үшін, пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
      оқығаны бойынша өз тұжырымдамасына дәлел келтірумен табиғаттың әртүрлі жанрдағы туындыларын, туындының тақырыбын, идеясын, композициясын және тіл ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарды, кейіпкерлердің іс-қимылдары мен жүріс-тұрыстарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін, әлем әдебиетінің туындыларымен салыстыра отырып, көркем туындыларды, көркем туындыларда және фольклорда қазақ және басқа әлем халықтарының адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
      туындыны талдау жолдарын, көркем мәтіннің дәлме-дәл жанрлық-мәндес табиғатын, көркем туындыларды жиынтықтау, туындылардың фактілері мен бөліктерін тарихи фактілермен салыстыру үшін түрлі ресурстарды қолдана отырып, жазбаша мәтіндерді, туындының мазмұнын қазақ және басқа әлем халықтарының құндылықтарымен салыстыру үшін оны рухани-адамгершілік толымдылығын айқындау тәсілдерін синтездейді;
      туындыны оның мазмұнының өзектілігі мен маңыздылығы тұрғысынан адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, композициялық, стиль бірлігі, тілдік ресімдеу тұрғысынан және қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудің орындылығы, тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерді, басқа өнер құралдары арқылы құрылған көркем мәтіннің талдамасын бағалайды;
      3) «Шетел тілі»:
      тыңдалым:
      білім алушы тыңдалымға ұсынған өзіне таныс немесе жартылай таныс тақырып бойынша әртүрлі жанрдағы мәтіндердің, сұхбаттың негізгі мазмұнын түсінеді, формалар, кестелер, сызбалар толтыру үшін функционалды тұрғыдан ерекше және маңызды деген ақпаратарды пайдалана алады, математикалық, физикалық, химиялық, медициналық терминдердің, білім саласы циклындағы пәндердің, сонымен қатар өзге де қатысы бар салаларда кездесетін мәтіндердегі негізгі бірліктердің семантикасын анықтай алады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, деректер пен пікірлерді ажырата алады, оқыған және берілген жалпы тақырып шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен қарама-қайшылықтарды анықтайды және өзара салыстыра алады, контекстегі таныс емес сөздердің мағынасы туралы болжай алады;
      айтылым:
      білім алушы этикалық нормаларға сүйене отырып, диалог – сауалнаманы, ақпаратпен алмасу диалогын, сондай-ақ кең тақырыпты пайдалана отырып, аралас типтегі ресми және бейресми жағдаяттар негізінде күнделікті байланыс орната алады, сөйлеу барысында тілдің дұрыс көркемдеудегі лексикалық және грамматикалық құралдарды пайдаланады, қоршаған шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады және осы орайда өзінің құрдастары арасындағы тілдік байланыстағы тактиканы жүзеге асырады, мәтіндерді талдай алады және салыстыра алады, сонымен қатар өзінің көзқарасын айта алады және негіздей алады, әңгімелеу барысында өзінің көзқарасын білдіре отырып, оқиғаларға, түйінді мәселелерге және түрлі пікірлерге баға береді, мәселе бойынша кездейсоқ сөйлесу кезінде нақты лексиканы қолданады, белгілі бір тақырып бойынша пікірді бағалайды, қорытынды жасайды және беріліп отырған тақырып бойынша мәселені шешу жолдарын ұсынады;
      оқылым:
      білім алушы қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша және жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту пәндерінің публицистикалық, танымал ғылыми, өнер, прагматикалық мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді, мәтінмен атқарылатын жұмыстарды жетілдіре түседі; зерттеу, түсініктеме бере отырып оқу, рөлдік оқу, белгі қоя отырып оқу, арнайы ақпаратты алу үшін оқу, аналитикалық оқу стратегияларын пайдаланады, оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себепті байланыстарын анықтайды, кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және өзара салыстырады, түрлі жанр мен стильдегі мәтіндерде кездесетін қайшылықтарға сыни тұрғысынан баға береді және негізгі проблеманы анықтайды;
      жазылым:
      білім алушы жазбаша байланыс орнату үшін жоспар, тезис жасайды, естіген және оқығандарына сүйене отырып, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді түзейді, орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды, түрлі құрылымдағы күрделі сөйлемдерді пайдаланады, медиа-ақпарат негізінде дәлел келтіре отырып мәтін, әңгіме, баяндама жазады, жеке немесе ресми хат түрінде ақпараттық мәтіндер (арыз, сұраным, түсіндірме жазбалар) жазады, жаратылыстану-математикалық циклдағы басқа да пәндердегі тақырыптар бойынша эссе жазады (150-200 сөз);
      4) «Математика»:
      arcsinб, arccosб, arctgб, arcctgб анықтамасын; көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін, күрделі функцияның анықтамасын, санның логарифмінің қасиеттерін, кері тригонометриялық функциялардың анықтамасын; тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, иррационал теңдеулерді шешу тәсілдерін, екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесінің геометриялық түсініктемесін, көпжақтар және айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын, көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын, стереометрия аксиомаларын және олардың салдарын, компланар және коллинеар векторлардың анықтамасын, кеңістіктегі координаталар жүйесін, статистиканың, статитикалық бақылаудың, статистикалық зерттеулердің негізгі ұғымдарын, дискретті және интервалды вариациялық қатарды, шексіздіктегі, нүктедегі функция шегінің анықтамасын, нүктедегі функция шегінің анықтамасын, нүктедегі, жиындағы функцияның үзіліссіздігінің анықтамасын, функция туындысының анықтамасын, функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін, алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың анықтамасын, анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның және дененің көлемін табу формулаларын біледі, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, комплекс сандар және комплекс санның түйіндесінің анықтамасын, комплекс саннан квадрат шығару ережесін, кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың, сфераның теңдеулерін, функцияның дифференциалының анықтамасын, дифференциал теңдеулер туралы жалпы ұғымды біледі;
      канондық түрдегі бір айнымалысы бар көпмүшенің жазылуын, қайталанбайтын алмастыру, теру, орналастырудың формулаларының маңынасын, биномалды таратылудың, нормалды таратылудың мағынасын, нормалды таратылған кездейсоқ оқиғаның берілген интервалға түзу ықтималдығын анықтауды, «басты жиынтық», «басты жиынтықтан таңдау», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін, туындының геометриялық және физикалық мағыналарын, интегралды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын кеңейтуді және комплекс сандарды енгізуді, бірнеше айнымалысы бар көпмүше ұғымының анықтамасын, бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің стандартты түрін; координаталар әдісінің мағынасын, қайталанатын алмастыру, теру, орналастырудың формулаларының мағынасын, екінші ретті туындының геометриялық және физикалық мағыналарын түсінеді;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің алгоритмдерін, иррационал теңдеулерді шешудің алгоритмін, қарапайым стереометриялық суреттерді салу техникасын, есептерді шығаруда жазықтықтардың параллельдік және перпендикулярлық белгілері мен қасиеттерін, геометриялық денелердің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын, геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдарды, коллинеарлық шартты, векторларға қолданылатын амалдарды (векторларды қосу, векторды санға көбейту, векторлардың скаляр көбейтідісі), функцияның экстремум нүктелерін, функцияның кему және өсу аралықтарын табу әдістерін, туындыны табуда дифференциалдау техникасын, интегралдар кестесін және анықталған интегралды табуда Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша, иррационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін, «комплекс санның нақты бөлігі», «комплекс санның жорымал бөлігі», «модуль, комплекс санның аргументі», «түйіндес комплекс сандар» терминдерін, комплекс санды тригонометриялық түрде жазуды, квадрат теңдеудің комплекс түбірлерін табуды, жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін, көпмүшенің түбірлері мен коэффициентерін табуда Безу теоремасы мен Горнер сызбасын, екінші және үшінші ретті анықтауыштарды есептеу тәсілдерін, векторларға қолданылатын амалдарды (векторлардың скалярлық, векторлық, аралас көбейтінділері), функция графигінің асимптоталарын, функцияның дөңес (ойыс) интервалдарын, иілу нүктелерін табу тәсілдерін, интегралдау тәсілдерін (бөліктеп интегралдау, алмастыру тәсілі), дифференциал теңдеулердің дербес және жалпы шешімдерін табудың әдістерін қолданады;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін, иррационал теңдеулерді шешудің түрлі тәсілдерін, көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін, көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын, комбинатория есептерін шешу формулаларын, параметрлердің берілген мәндері бойынша нормалды таратылудың графигін, нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдерін жинақтайды, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: анықтамалары және өзара кері функцияның қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайд;
      тригонометриялық, көрсеткіштік, лограифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешімдерін, иррационал теңдеулерді шешімдерін, статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштерінің мәндерін, түрлі кездейсоқ құбылыстардың арасындағы байланыстарды бағалайды, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктердің, теңдеумен жазылған есепке қатысты дифференциал теңдеудің шешімдерін бағалайды;
      5) «Қазіргі әлемдегі Қазақстан»:
      әлеуметтік зерттеулердің маңызын, деңгейлерін, түрлерін, сандық және сапалық әдістерін, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілерді, процестер мен құбылыстарды, мемлекеттің қалыптасу жолдарын, негізгі белгілерін, негізгі қызметтерін жүзеге асырудың түрлері мен әдістерін, әлем елдеріндегі саяси типологиясында Қазақстанның алатын орнын, Қазақстан саясатының қызметін, құрылымын және түрлерін, мемлекеттік аппарат және органдардың құрылымын, қызметін, ұстанымдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың индикаторларын, Қазақстандық қоғамның құрылымы мен құндылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, қоғамдағы адамның адамгершілік қылықтарының нормалары, негізгі қоғамдық әлеуеметтік институттардың рөлін, әлеуметтік қатынастардың түрлерін, әлеуметтік дау-жанжалдарды шешу жолдарын, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның белгілерін, мемлекеттің дамуындағы азаматтардың рөлін, мәдениеттің негізгі элементтері мен функцияларын, мәдениет институттарының рөлін, экономиканы басқарудың негізгі мақсаттары мен маңызын, Қазақстан экономикасының ұлттық үлгісін, экономиканы дамытудың факторларын, Қазақстанның экономикалық стратегияларын, геосаясатты зерттеу әдістері мен құралдарын, Қазақстанның геосаясаттық жағдайы мен орнын, Қазақстанның геосаяси мүдделерін, Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын, жаһандану құралдарын, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі Қазақстанның іс-әрекеті, Қазақстанның жаһандық бастамаларын, Қазақстанның ұлттық беделін нығайтуға бағытталған шараларды біледі;
      саяси дамудың тиімді жолдарын анықтау үшін «мемлекеттілік» және «мемлекет», «билік», «саясат», «ішкі және сыртқы мемлекеттік саясат», «басқару», «саяси прогресс», «реформа», «құқықтық мемлекет» ұғымдарының мәнін, Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігін жан-жақты зерттеу мақсатында «ұлттық қауіпсіздік», «геосаясат», «геосаяси жағдай», «геосаяси күш», «геосаяси мүдделер» ұғымдарыныңмәнін, қоғамдық-саяси дамудың маңызды факторы ретінде «құндылық», «ұлттық идеология», «ұлттық бірегейлік», «қоғам», «қоғамдық институт», «азамат», «азаматтық қоғам», «әлеуметтік қатынастар», «әлеуеметтік жанжалдар» категорияларын, адамқызметінің тұрақты түрлерін, маңызды идеяларды, құндылықтарды, дәстүрлерді, тәртіптің нормалары мен ережелерін, өзін-өзі жүзеге асыру ортасында модельдеу мен өмір сүру әрекетін анықтау, әлеуметтік қарым-қатынас пен тәртіпті реттеу үшін «мәдениет», «мәдени мұра», «ұлттық имидж» ұғымдарының мәнін, «индикатор», «экономикалық прогресс» ұғымдарын, «экономика» «стратегия», «интеграция», «жаһандану», экономикалық дамудың тиімді жолдарын анықтау үшін «адамзаттың жаһандық мәселелері» ұғымын түсінеді;
      әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін; шағын әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау дағдыларын, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін ұсыну түрлері туралы білімді, әлеуметтік зерттеулер нәтижелерін көпшілікке ұсыну талаптары туралы білімді, түсіндіру, анықтау, жіктеу, салыстыру, саралау, модельдеу, болжамдау дағдыларын, қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілер, процестер мен құбылыстардыңрөлін, функцияларын, факторларын, даму мәселелерін, құрамын, құрылымын, белгілері мен ерекше өзгешіліктерін бағалау және талдау әдістерін қолданады;
      Қазақстан Республикасының даму стратегиялары мен мәселелерін, факторларын, қызметін, айрықша ерекшеліктері мен белгілерін, құрылымын және құрамын, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси процестерді, әлем елдерінің саяси типологиясында Қазақстанның орнын, мемлекеттілікті нығайту жолдарын, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын, Қазақстандағы мемлекеттік өкімет жүйесін, мемлекеттік аппараттар мен органдар құрылымын, қызметін, ұстанымдарын, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың индикаторларын, Қазақстан халқының құндылықтары мен құрылымын, негізгі қоғамдық әлеуметтік институттар рөлін, әлеуметтік қатынастарды, адамның мемлекет дамуындағы рөлін, өзінің аймағындағы саяси, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді, мәдениеттің негізгі элементтері мен қызметтерін, Қазақстан мәдениетінің әртүрлігін, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени институттардың қызметі және дамуын, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша іс-шараларды, экономиканы басқарудың негізгі мақсаттарын, Қазақстан экономикасының ұлттық моделін, экономикалық даму факторларын, Қазақстанның орнын және геосаяси жағдайын, Қазақстанның әлемдегі геосаяси белсенділігінің бағыттарын, жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдайды;
      қойылатын талаптарға сәйкес әлеуметтік зерттеулердің әртүрлі жолдарын, жергілікті компоненттер негізінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттің ішкі саясат мәселелерін және қоғамның құндылықтарын қалыптастыру, әлеуметтік жанжалдар, Қазақстан экономикасының мәселелерін, Қазақстан қоғамының ұлттық құндылықтарды нығайту бойынша жобаларды, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы өзіндік модельдерін, өз жерінің әлеуметтік мәселелері туралы жобаларды, саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени реформалар туралы өзінің жобаларын, қауіпсіздікті күшейту бойынша ұсыныстарды, жаһандану процесінде ұлттық бірегейлікті сақтауды, халықаралық деңгейде Қазақстанның беделін жақсарту бойынша шығармашылық жобаларды жинақтайды;
      Қазақстан мемлекетінің стратегияларын, қызметін, факторларын және даму мәселелерін, Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілерін, процестерін, әлем елдерінің саяси типологиясында Қазақстанның алатын орнын, мемлекеттілікті нығайту жолдарын, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын, Қазақстанның мемлекеттік үкімет жүйесін, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуы мен алға басу индикаторларын, Қазақстанның геосаяси жағдайын, Қазақстанқоғамының құндылықтарын, негізгі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени институттардың дамуы мен рөлін, әлеуметтік қатынастарды, мемлекеттің дамуындағы адамдардың рөлін, мемлекеттің және өзінің тұрғылықты жерінің саяси, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерін, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау бойынша атқарылатын іс-шараларды, Қазақстан экономикасының ұлттық моделін, экономикалық даму факторларды, Қазақстанның геосаяси жағдайы мен алатын орнын, Қазақстанның геосаяси күш-қуатын, әлемдегі Қазақстан елінің геосаяси белсенділігінің бағыттарын, Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын, жаһанданудың Қазақстанға ықпалын, жаһандану процесін тарату құралдарын, адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі Қазақстанның атқаратын қызметін, Қазақстанның ғаламдық бастамаларын, Қазақстанның халықаралық имиджін бағалайды;
      6) «Дене шынықтыру»:
      қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйретудің физиологиялық және психологиялық негіздері және дене ширақтығын тәрбелеуді; сабақ құрылымын жасаудың қазіргі заманғы жолдары мен қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен шұғылдануды, жалпы дамыту және түзету бағытындағы дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін, дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін біледі;
      жетекші психикалық прцестердің жас ерекшелігіне сәйкес даму ерекшеліктерін, дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін, өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін түсінеді;
      өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді, ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын, қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін, жеке бас гигиенасы ережелері, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін, өзін-өзі ұстай білу, ересектермен және құрбыларымен тіл табыса білу, қарым-қатынас орната білу мәдениетін өздігінен қолданады;
      сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының қызмет ету жағдайын талдайды;
      қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін, ұжымдасып өтетін сабақтар мен жарыстарды ұйымдастырған кезде, сондай-ақ сол жарыстарға қатысқанда өзінің дербес білімі мен біліктілігін жинақтайды;
      жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын, өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін, дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін, дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды;
      7) «Алғашқы әскери дайындық»:
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандарды даярлау жүйесін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды, қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда және табиғи апатты хабарлау барысында, сондай-ақ, сол кезде әрекет ету тәртібін, табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, алғашқы медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін біледі;
      ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды қолданған кезде шаруашылық объектілеріне, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономиалық және экологиялық шығынын түсінеді;
      дербес және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануды, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді, жараланғанда, қан кеткенде және күйік шалғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді, дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды, дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді, үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді біледі;
      зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
      зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін сараптайды;
      қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
      8. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын пәндер бойынша жалпы орта білім беру бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Биология»:
      жасушаның компоненттерін, құрылысын, құрамы мен ақуыз міндетін, майларды, көмірсутектерді, нуклейн қышқылдарын, - аденозинтрифосфат (бұдан әрі – АТФ), гемоглобинді, жердегі тіршілік үшін су молекуласының полярлық маңызын және рөлін, Бор эффектісін, биологиялық мембраналар арқылы тасымалын, энергия алмасуының мейоз бен митоз фазаларын, фотосинтез фазаларын, антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін, адамның хромсомаларының аурулары мен тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйін, тірі ағзалардың қоректенулері мен зат алмасуларын, типтерінің/түрлерінің өзгерулерін, будандастыруды, түрдің пайда болуын, препараттарды үнемі дайындауын, залалсыздандыру мен асептика әдістерін, бағаналы жасуша процестерін, рибонуклеин қышқылдары (бұдан әрі – РНҚ) молекуласының транскрипциялық, посттранскрициялық модификациясын, ДНҚ репликациясындағы ақуызды синтездеуін, транскрипциялар мен трансляцияларын, қатерлі ісікті қоздыратын, ісіктер мен факторлардың пайда болуы мен аллельдердің тазалығына әсер ететін факторларды, генетикалық кодтың қасиеттерінің қартаю заңдылығының теориясын, трансгендік ағзалар мен генетикалық модифицирленген полимерлердің әртүрлі тізбекті реакцияларының қолдануын, ұрық дамуының кезеңін, эволюциялық ілімді, жер бетінде өмірдің қалыптасуының кезеңдері мен сызбаларын, антропогенезді, экологиялық түсініктер мен терминдерді, экологиялық факторларды, тірі ағзалардың тұратын орындарының түрлері мен олардың ерекшеліктерін, ғаламдық және Қазақстанның экологиялық проблемаларын, табиғат ресурстарын қорғау принциптерін біледі;
      фотосинтездің жарық пен қараңғы фазасына өту кезіндегі процесстерді, белсенді және пассивті, транслокация тасымал механизмдерін, жасуша мембранасы арқылы түрлі заттардың тасымал механизмдерін, фосфорлылау тотықтырғыш, хромосомалық, гендік мутация пайда болу механизмдерін, электрокардиография мен электроэнцефалографияның зат тасымалының маңызды жолдарын, су потенциалы мен ген-инженерлік қызметінің қозғалысын, жасуша циклінің энергетикалық алмасу сатыларын, гамета тазалығының гепотезі, тұқымқуалаушылық өзгерістері мен даму арасындағы байланысты, тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, «Адамның гені» жобасының маңызын, ДНҚ рекомбинацияның алу жолдарын, субстраттарға ферменттердің әсер етуін, даму процесстері механизмдерін, бейімделудің пайда болған механизмін, экологиялық пирамиданың ережесін, қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды түсінеді;
      генетикалық есептерді шығаруға арналған сызбаларды, молекулалық биологиялық есептерді, зат алмасу мен энергияның айналымын, экологиялық жүйе анализін, түр өзгерісі мен тұқымқуалау белгісі үшін статистикалық әдістерін, микробиологияның гендік инженериясы мен молекулалық биологияның әдістерін, жасуша мембранасының сұйық кристалды үлгісін, сұйық және қатты қоректік орталарды қолданады;
      филогенетикалық карталарының түрлі формаларының принциптерін, хемосинтез және фотосинтез процесстерінің ерекшеліктерін, хлоропластың функциялары мен құрылысын, тыныс алу кезіндегі АТФ-тың пайда болуын, даму процессіне әсер ететін факторларды, ДНҚ мен РНҚ молекуларының құрылысын, бұлшықет талшықтарының орналасуы мен жалпы қасиеттерінің құрылысын, ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процесстерін, ДНҚ құрылысы мен оның функциясы арасындағы байланысын, РНҚ функциясының түрлері мен құрылысын, спрематогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты, түр мен экологиялық жүйенің тұрақтылығының айырмашылығын, Қазақстан мен дүние жүзіндегі экологиялық жағдайларды, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдайды;
      адамдағы гаметогенез сызбасын, экожүйедегі биоценоз үлгісі мен тағамдық тізбегінің сызбасын, Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу мүмкіндіктерін, жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттардың кесте, графиктер, хабарламалар, баяндамалар, презентациялар түрінде берілгенін, болжамдарды, дәлелдер мен түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді, зерттеулер мен тәжірибиелерді жүргізу жоспарын, үлгілерді, зерттеушілік, шығармашылық, оқу жобаларын, ақпарат материалдарын жинақтайды;
      ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылысы мен фотосинтез нәтижесін, осмосты, модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын, моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, мутагенезге әкеліп соқтыратын себептерін, жергілікті аймақтың экожүйесін, биотехнологияда зерттелетін генетикалық модифицирленген және трансгенді ағзаларды қолданылуына байланысты этикалық сұрақтарын бағалайды.
      2) «Химия»:
      негізгі химиялық түсініктерді, атомистикалық теорияны, органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын, заттардың түрлері бойынша жіктеуді, заттар массасының сақталу заңын, құрам тұрақтылық заңын, периодттық заңын, Фарадей заңын, көлемдік қатынас пен Авогадро заңдарын, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі топтарының номенклатурасы мен құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін, сонымен қатар олардың туындыларын, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстардың, полимерлі материалдардың кейбір салаларын қолдану мен ерекше қасиеттерін, нанотехнологиялардың кейбір салаларын қолданылуын біледі;
      атомдардың құрылымын ескере отырып, түрлі элементтердің химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін, тотығу және тотықсыздану процесстерін, химиялық өзгерістердің негізгі механизмдерін, молекулааралық пен ішкімолекула байланыстарында пайда болған механизмдерді құру мен заттардың қасиеттерін, кинетикалық теорияның негізін, гомогенді және гетерогенді катализдің негізін, бейметаллдар мен металдардың қасиеттерін және өтпелі металдардың ерекше қасиеттерін, зерттелген органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерін, инфрақызыл спектроскопия мен масс-спектрометрия арқылы қосылыстардың зерттеу принциптерін, ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндіріс принциптерін түсінеді;
      зертханалық құралдармен, уландырғыш пен жанғыш заттармен қауіпсіз пайдалану ережелерін, табиғатта, өндірісте және тұрмыста болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін қажетті біліктілігі мен қабілетін, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың түрлі класстарына жататын заттарды анықтау үшін травиалды немесе халықаралық номенклатура бойынша заттарды анықтау әдістерін, сапалық және сандық анализ әдістерін, қоршаған ортада экологиялық сауаттылықты ұстау ережесін, адам ағзасына және басқа да тірі ағзаларға әсер ететін қоршаған ортаның химиялық ластанудың әсерін бағалау әдістерін, тұрмыс пен өндірістерде қолданатын ерітінділердің берілген концентрациялары бойынша дайындау техникасын, қалыпты энтропия мен энтальпия реакцияларының қатты заттар мен газдардың молекулалық массаларын анықтау әдісін, қалыпты энтальпия мен энтропия өзгерістерін есептеуін, қышқыл мен негіз көрсеткіштерінің pH мәнін, белгісіз ерітінділердің концентрациясын анықтау үшін көлемдік анализін, химиялық эксперименттердің қорытындыларын дайындау үшін заттардың бөлінуі: экстракция, жұқа қабатты хроматография, айдау фракциясы, сыни тұрғысынан ойлау мен ғылыми әдістерді өндіруін білу, өткізу, бақылау, жазбалар мен анализдерді қолданады;
      заттардың құрамы мен құрылысына қарай қасиеттерінің тәуелділігін, стериоизомерлер мен құрылыстардың физикалық және химиялық қаситтерін, заттардың құрылысы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін, түрлі факторларға сәйкес химиялық тепе-теңдік күйі және химиялық реакция жылдамдығының тәуелділігін, периодттық жүйедегі элеметтердің қасиеттерін өзгерту үрдісін, ерітіндідегі қышқылдық, негіздік және иондық тепе-теңдіктің түрлі теорияларын талдайды;
      органикалық пен бейорганикалық заттарды ажырату үшін заттардың қоспаларын математикалық алгоритммен шығару амалын, массасын есептеуін, элементтің массалық үлесі мен гомологтік қатардағы органикалық заттардың жалпы формуласын, өнімнің жануына байланысты заттардың молекулалық формуласын анықтау үшін ерітіндідегі концентрацияны (қоспа) есепке алып бастапқы заттардың немесе реакция өнімінің көлемдері мен мөлшерлерін, термохимиялық есептеулерді жүргізу әдістерін, органикалық қосылыстардың гомологтары мен изомерлерінің формулаларын, органикалық пен бейорганикалық қосылыстардың маңызды топтарының арасындағы гинетикалық байланысты, органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясының дәлелдемелерін жинақтайды;
      түрлі дереккөздерден түсетін химиялық ақпараттардың дұрыстығын, түрлі материалдардың электр өткіштігін, қышқылдық пен негіздік орынбасушыларының күштеріне табиғаттын әсер етуін, химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін түрлі факторларды, химиялық тепе-теңдік ортаға сыртқы ортаның түрлі жағдайларда әсер етуін, қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ететін химиялық өндірістің тигізетін зиянын, радиоактивті ыдырау зардабын бағалайды;
      3) «Физика»:
      механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын, ғалам дамуының негізгі кезеңдерін, ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру принциптерін, нанотехнологияның негізгі принциптерін және шығу тарихын, жаңартылған және жаңартылмайтын табиғи қорларды ұтымды пайдаланудың негіздерін біледі;
      механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, принциптері мен постулаттарын, электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары мен принциптерін, наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін, әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын, ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
      физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын, физика ғылымының символикалары мен терминологияларын, физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін, ғаламтор желісі мен компьютерлік дерекқорлардағы физика бойынша ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін, эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
      дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді, ғаламдағы құбылыстарға, объектілер мен денелерге әр түрлі физикалық күштердің әрекетін, екі айнымалы арасындағы қатынасты, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін, құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу принциптерін, ғылыми жаңалықтарды қолданылу салаларын, нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды Ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
      жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн, ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн, эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
      заңдар мен олардың қолданысын білуін жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін, экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын, нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын бағалайды;
      4) «Информатика»:
      логикалық операцияларды және олардың шартты белгілерін, логикалық амалдарды орындау ережелерін, сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін, ақпараттық жүйелер түсінігін және оның міндеттерін, геоақпараттық жүйелер түсінігін, объектіге бағытталған программалаудың негізгі түсініктерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың міндеттері мен функцияларын, ақпараттық модельдерді компьютермен жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, ақпараттық этика және құқық, ақпараттық қауіпсіздік нормаларын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін, «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйесі», «мәліметтерді нормалау» түсініктерін, мәліметтер қорының жіктелуін, реляциялық мәліметтер қорының негізгі элементтерін, бір кестелі және көп кестелі мәліметтер қорын жасау принциптерін, мәліметтер қорында ақпаратты іздеу және сұрыптау командаларын, веб-сайттарды жасау үшін негізгі HTML-тегтерін және CSS командаларын, Web-редакторымен жұмыс істеудің негізгі принциптерін, Web-беттерді редакциялаудың негізгі құралдарын, Web-беттердің құрылымын және сайтты жобалаудың принциптерін, Web-дизайнның негізгі принциптерін, «сервер», «провайдер», «хостинг» түсініктерін, «мәліметтер тұтастылығы», «файлдық жүйе» түсініктерін, компьютер жадысының негізгі сипаттамаларын және иерархиясын, виртуалды жады және кэш-жады міндеттерін, аналық тақшаның негізгі компоненттерін, графикалық және анимациялық пакеттердің мүмкіндіктері мен міндеттерін біледі;
      компьютердің логикалық элементтерінің қызмет атқарудағы принциптерін, позициялық және позициялық емес санау жүйелерінің айырмашылықтарын, алгоритмдер мен программалар құруда объектіге бағытталған тәсілдің принциптерін, реляциялық мәліметтер қорын ұйымдастыру принциптерін, желілік технология қызметінің принциптерін, клиент-сервер моделінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, анимациялық роликтерді құрастырудың негізгі принциптерін, жасанды интеллект жүйесінің мүмкіндіктері мен оны қолдану саласын, бұлттық технологиялар мүмкіндіктерін, виртуалды жады және кэш-жады міндеттерін түсінеді;
      сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру ережелерін, күрделі пікірдің мәнін есептеу үшін логика заңын, нақты объектіні графика түрінде ұсыну үшін редактор мүмкіндігін, цифрлық суреттерді өңдеу тәсілдерін, компьютерлік экспериментті жүргізуде қолданбалы бағдарламалар және қосымшаларды, ақпараттық объектілерді жасау және оқу жұмысының нәтижесін безендіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, мәліметтер қорын жасау үшін мәліметтер қорын басқару жүйесін, қайталанатын іс-әрекетті автоматтандыру үшін макростарды, әртүрлі оқу пәндері бойынша тапсырмалар мен жобаларды орындау үшін мәліметтер қорында және компьютерлік жүйеде іздеу ережесін (сұраныстарды құрастыру), ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық этика және құқық ережесін, жобаның нәтижесін жариялау мен тарату үшін файлдық алмастырғышты, қосымшаларды әзірлеу үшін объектіге бағытталған программалаудың мүмкіндіктерін, WEB-сайттар жасау принциптерін, анимацияны жасаудың әртүрлі тәсілдерін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын, гигиена, эргономика және ресурсты үнемдеу ережелерін қолданады;
      логикалық амалдарды және сұлбаларды, ақпаратты іздеу үшін бірнеше өлшемшарттар мен қатынас операторларын қолдана отырып сұраныстарды, компьютерлік жүйелерді қорғау үшін қауіпсіздік шараларын, әзірленген программадағы қателерді, веб-сайтты жасау әдістерін, компьютерлік модельдеудің мүмкіндігі мен тиімділігін, қойылған міндетті шешу үшін қажетті ақпаратты, модельдеу мен жобалау үшін географиялық ақпараттық жүйелердің мүмкіндігін, ұжымдық қатынау күйіндегі әртүрлі құжаттарды, компьютерлік модельдерді, желіде жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік шараларын, дайын анимацияны, бейнені, веб-сайттарды, желідегі құқықтық және этикалық нормаларды бұзу салдарын, жобалық жұмысты орындаудың нәтижелерін, қойылған міндетті шешу үшін қажетті ақпаратты, объектілер, оқиғалар мен процестердің қасиеттерін талдайды;
      объектілер, процестер мен оқиғалар, ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жинақтайды және оны жаңаша түрде ұсынады, программалық қамтамасыз ету, есептеуіш техниканың даму болашағы туралы ақпаратты, компьютерлік модельді әзірлеуге қажетті мәліметтерді талдау нәтижесінде алынған шешімдерді, логикалық шамалар негізіндегі логикалық сұлбаларды, қойылған мақсатқа сәйкес компьютерлік модельді, қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, анимацияны, бейнематериалды өңдеу, web-беттер мен сайттарды жасау туралы деректерді жинақтайды;
      бағдарламаның жұмысқа қабілеттілігін, жоба үшін қолданылатын ақпараттың сапасын (дәлдік, жеткіліктік, сенімділік, өзектілік, релеванттық), ақпараттық модельдердің модельдеудің мақсатына сәйкестігін, жобаны әзірлеу мен модельдеу кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижесін (нақтылық, өлшемділік, қолжетемділік, шынайылық, өзара байланыс), қолданыстағы бағдарламамен қамтамасыз етудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, желілік технологиялардың даму болашағын, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану барысында этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарын, объект туралы ақпаратты оқитын электронды құралдарды еңгізудің мүмкін болатын қаупін, веб-беттердің дизайн сапасын, эргономика заңдарын, қауіпсіздік техника ережесін сақтауды бағалайды;
      9. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша (жалпы орта білім) білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «География»:
      заманауи географиялық ғылымның құрамын, құрылымын, рөлін, зерделеудің өзекті проблемаларын және әдістерін, Қазақстанның, дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы пәні мен құрылымын, оның өтпелі бағыттарын және географиялық мәдениет қалыптастырудағы олардың рөлін, заманауи географиялық кеңістіктің түрлі деңгейлеріндегі көптүрлілікті (жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі), табиғатты пайдалану саласының, экономикалық, әлеуметтік, саяси география және геосаясаттың негізгі ғылыми ұғымдарын, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси карталардың ерекшеліктері мен элементтерін, табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктерін және заманауи проблемаларын, геосфераға антропогендік әсер етудің себептерін, факторларын және негізгі көздерін, Жер сфералары мен табиғи-аумақтық кешендерге әсер етудің салдарын, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын, табиғатты пайдаланудың заманауи жүйелерінің түрлері мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы принциптерін, этногеографиялық және аймақтық ерекшеліктерін және адамзаттың заманауи демографиялық проблемаларын, халық өмірінің деңгейі мен сапасындағы айырмашылықтарды, көші-қонның негізгі бағыттарын, дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін, оның негізгі салаларының орналастырылуын, жекелеген елдер мен аймақтардың географиялық ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейі бойынша айырмашылықтарын, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануын, дүние жүзі саяси картасының мазмұнын, адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін, ғылыми техникалық революцияның сипатын, оның ерекшеліктерін және ғылыми-техникалық революция дәуірінде шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын, техника мен технологияның (инновациялар) даму жолдарын, әлеуметтік-экономикалық ресурстар жиынтығын, экономикалық жүйелердің модельдерін, дүниежүзілік шаруашылық және дүние жүзі елдері дамуының негізгі көрсеткіштерін, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, аумақтардың морфологиялық ерекшеліктерін және мемлекеттердің модельдерін, мемлекеттік шекараларды, олардың түрлерін және динамикасын, Қазақстанның заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін, Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі рөлін, дүниежүзілік саяси процестердегі Қазақстанның рөлін және орнын, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларын біледі;
      әлемнің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық сипатын, қоғам өміріндегі географияның рөлін, географиялық ортадағы жоспарлы іс-әрекетті, дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің өмірлік маңызды мәселелерін шешудегі табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын, табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси үрдістердің ерекшеліктерін, заманауи әлемнің кеңістіктік көптүрлілігінің себептерін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін, табиғи және әлеуметтік-экономикалық, табиғатта болатын экологиялық процестердің ғаламдық және жергілікті динамикасын, табиғи, әлеуметтік-экономикалық және геоэкологиялық объектіле, процестер мен құбылыстардың дамуының географиялық беталысын, табиғи ортаға антропогендік қысым көрсетуді тұрақтандырудың жолдарын, ғаламдық экологиялық зардаптың алдын алу жолдарын, географиялық «табиғат – халық (қоғам) – шаруашылық (экономика)», қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлін, қазіргі қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді, адам өмір сүретін географиялық қоршаған ортаны қалыптастыратын және өзгертетін ғаламдық және жергілікті табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды, өмір сапасының қоршаған табиғи ортаның сапасына тәуелділік дәрежесін, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларының себептерін және оларды шешу жолдарын, ірі аймақтар мен дүние жүзі елдерінің географиялық жаһандану жағдайындағы ерекшеліктерін, заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңызы мен мәнін, геосаясат субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының сипатын, рөлін және ықпал ету саласын, дүние жүзінің геосаяси зоналарының ерекшеліктерін түсінеді;
      ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде заманауи геоэкологиялық, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси процестерді талдау үшін географиялық білімді, географиялық негізгі түсініктер мен терминдерді, географиялық зерттеулерді, географиялық сараптамаларды және қоршаған ортаның мониторингі мен олардың түрлі амалдарын, географиялық зерттеулердің әдістерін, географиялық ақпараттың түрлі дереккөздерін, тақырыптық және экологиялық карталардың қосымша сипаттама элементтерін, географиялық объектілерді сипаттау дағдылары мен жоспарларын, географиялық ақпаратты қажетті контексте іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, өзгерту, сақтау, беру және презентация жасау дағдыларын, картада өлшеу әдістерін, қажетті контексте есептеулер жасау үшін түрлі формулаларды қолданады;
      географиялық қабықта және географиялық ортада болатын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, табиғат пен қоғамның өзара байланысын және олардың кеңістіктік ерекшеліктерін, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың таралу, байланысу және басқа да кеңістіктік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың көрсеткіштерін, орналасу факторларын, қоршаған орта факторларының адам өмірі мен іс-әрекетіне әсерін, қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін, сандық және сапалық географиялық ақпаратты, шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған орта жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына әсерін, табиғатты пайдаланудың түрлері мен формаларын, экологиялық қауіп-қатерлерді, қоршаған табиғи ортаны қорғауды және табиғатты үнемді пайдалануды ұйымдастыру негіздерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен даму көрсеткіштерін, шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерін, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, мемлекеттердің шекараларын, олардың түрлерін және динамикасын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың ерекшеліктері мен факторларын, Қазақстанның әлемдегі рөлін және орнын талдайды;
      модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды, географиялық объектілірдің жұмыс істеу және даму проблемаларын шешу жолдарын әзірлеуді, зерделенетін объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеуге, жүйелеуге, қорытындылауға және саралауға арналған білім мен дағдыларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжам жасау, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың өзгеру сипатын және даму келешегін анықтау үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
      географиялық ақпарат көздерінің нақтылық дәрежесіне, геосфераның параметрлері мен экологиялық жағдайына, жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгеріс дәрежесіне, кез келген аумақтың ресурспен қамтамасыз етілу және табиғи-ресурстық әлеуетіне, геосфераға түсетін антропогендік салмақты және оның салдарына, табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне, қоршаған табиғи ортаны қорғаудағы және табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогресс деңгейіне, қоршаған ортаның сапасына, өмір сүру сапасына, мемлекеттердің рейтингісі мен индекстерінің көрсеткіштеріне және орнына, кез келген аумақтың географиялық және геосаяси жағдайына, дүние жүзіндегі және Қазақстан Республикасындағы геодемографиялық жағдайға, халықтың және өнеркәсіптің аумақтық шоғырлануына, әлеуметтік-экономикалық ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне, дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі модельдерінің дамуына, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер арқылы дүние жүзі елдеріне, интеграциялық процестердің тиімділігіне, аумақтардың және мемлекеттердің морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды;
      2) «Графика және жобалау»:
      заттық әлем, құбылыстар мен процестер туралы ақпаратты беру мен визуализациялада графикалық бейнелердің рөлін, оларды қоршаған болмысты танып білу үшін адам қызметінің әртүрлі салаларында (ғылымда, техника мен өнерде) қолдануды, визуалды ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін, графикалық суреттеудің (құжаттамалық, проекциялық, белгілік, шығармашылық) негізгі түрлерін, суреттерді түрлендіру жолдарын, жобалық қызметті ұйымдастыруда геометриялық-графикалық модельдеуді, қалыптастыруды және құрылымдауды, жобалаудың негізгі әдістерін және графика құралдарын, графикалық суреттеуді құруды және кеңістікті суреттеудегі жобалау әдісін, әртүрлі қолданбалы және жобалау тапсырмаларының шешімін табу үшін нақты геометриялық-графикалық алгоритмді, геометриялық денелер формасының пайда болу заңдылықтарын, сызбаларды ресімдеудің жалпы ережелерін, «формат», «суреттеудің көлемі», «сызбадағы сызу жолдарының типтері» түсініктерін, сызудағы шрифтілерге қойылатын талаптарды, бейнелеудің, кесіндінің және қималарды орындаудың ережелерін, сызу бетінде бейнелерді орналастыру туралы, заттың бөліктерін (детальдарын) біріктірудің негізгі тәсілдерін, оларды сызбада бейнелеуді (бөлінетін және тұрақты байланыстар), көлік құрау, сәулет-құрылыс сызбалары туралы және жобалау графикасы мен оның маңызы жайындағы негізгі түсініктерді, зат жасауды жобалау және жасаудың кезеңдерін, визуалды ақпаратты қол (құралмен) және компьютерлік графикамен суреттеудегі әдістері мен тәсілдері, электондық-есептеу машинаның көмегімен жүзеге асырылатын графикалық әрекеттерді автоматтандыру, суреттер қалыптастыру, өңдеу және талдау негіздерін біледі;
      адам өміріндегі бейнелердің маңызын, визуалды ақпаратты жан-жақты құрал ретінде пайдаланудың негізгі функциясын, геометрия үлгілерін және графикалық модельдеу әдістерінің заңдылықтарын, ортогоналды және аксонометрияны жобалау теориясының негіздерін, заттардың формаларын графикамен бейнелеу түрлерінің арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістікте және алаңда орналасу суреттемесін, басқа құралдардың көмегімен жасалған суреттерді ажыратуды және, оларды талдауды және сипаттауды, әртүрлі бейнелерді салуда қолданылатын жүйелі графикалық білімін пайдалануды, бейнелерді нысан ретінде салу ғана емес, сонымен қатар жеке өзінің ойлауының қажеттілігін мен графикалық әрекеттерді тиімді пайдалануды түсінеді;
      сызбалардағы геометриялық құрылымдарды (бұдан әрі бұрыштарды, үзінділерді, шеңберді бірдей бөлшектерге бөлу, көпбұрыштарды дұрыс сызуда және оларды түрлі объектілер формасын құрастыруға түйістіру), заттың геометриялық (конструктивтік) формасын салуда жобалау әдісін, заттың геометриялық формасын (бөлшектің) салуды, қарапайым сызбаларын (сұлбаларды) оқуды, жұмыс барысында сызба түрлерінің тиімді санын, аксонометриялық болжам және техникалық суреттер құрады, заттардың сызбаларын орындау барысында жобалау әдістерін және бейнелеу тәсілдерін өзгертуді (жеңілдету жолдары, бейнелеудің көлемін өзгерту және бастапқы суретті өзгерту), кеңістіктегі заттың дерегін оның бейнесі арқылы ойша өзгерту (заттың кеңістіктегі орнын, оның конструктивті формасын және бөлшектерінің өзара орналасуын өзгерту), бейнеленген заттардың сыртқы және ішкі формасының ерекшелігін тану үшін (көрініс пен кесіндінің бөлігі) бөлшектерін қосуды, заттың 3-5 бөлшектерден тұратын бірліктерін қосатын сызбаны орындауды, бейнеленген бөлшектерді біріктірудің (алмалы-салмалы және тұрақты) жалпы ережесін біледі, бөлшектердің сызбасы бойынша құрастыру сызбасын орындауды, затты тұтас және оның бөлшектерін талдау негізінде бөлшек формасын қайта өңдеуді (қалпына келтіруді), графикаларды, диаграммаларды, сызба мен белгі бейнелерін орындайды, графикалық модельдеу, құрылымын жасау, жобалау тапсырмаларын орындау барысында қолмен немесе компьютерлік графиканы пайдалануды, жобалау және сындарлы шешім қабылдау үшін анықтама қолдануды, машинажасау және сәулет-құрылыс сызбаларының айырмашылығы туралы білімін қолданады;
      заттарды бейнелеу барысында геометриялық пішінді және олардың құрылымын, бейнелеудің түрлі жолдарын заттың формасын шығаруда пайдалану мүмкіндіктерін, зат бейнесінің формасын және графикалық құрамын салыстыру негізінде (заттың өзінен немесе аксонометриялық проекция бойынша) кешенді сызбаның құрылымын, бейнелеу барысындағы айтарлықтай ерекшелікті ондағы графикалық ақпаратты ашу үшін талдайды;
      заттың контуры бойынша (толық, бөлшекті) симметрияның ерекшеліктерін және шартты белгілерді сақтай отырып қайта жаңартуды, бейнеленген заттың түрі және құрамы бойынша бастапқы бейнесін жүйелеуді, суреттердің түрлі бейнелерін толық және жеткілікті түрде көрсету үшін қажетті графикалық ақпаратты жинақтайды;
      салынған суреттердің формаларына қарай нақты ерекшеліктеріне сәйкес бейненің құрылымын салуда жүйелілігін сақтауды, сызу барысында толық әрі қажетті ақпарат алу үшін қойылған мақсатқа және жүйелілікке қол жеткізуді, заттың құрылымдық және геометриялық мінездемесінің негізінде сөздік суреттеуді, нысанның формалық ерекшелігін толық ашу үшін салынатын бейнелердің санын бағалайды;
      10. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін, «Орыс тілі» оқыту орыс тілінде емес жүргізілетін сыныптар үшін:
      Қазақстанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін, негізгі лингвистикалық терминдерді, оқытатын тілдің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық негізгі ерекшеліктерін, оның әртүрлі қызметін, сөз таптарының типологиясын, көп этникалық Қазақстанда және әлемде даусыз сөйлесім әсерінің негізін, сөйлеу этикетінің формуласын, сөйлеу тәртібінің стереотиптерін, тілдің әлеуметтік бағытын, оқытылатын тілдің типологиялық және генетикалық жағын біледі;
      қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің маңыздылығын, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, құндылықтарына құрмет және толеранттық қатынас көрсету, тілдің және жазудың (түркі және славян) даму заңдылығы мен график принциптерінің негізін, тілдің социомәдени құбылыс ретіндегі рөлі, халық тілінің, тарихының және мәдениетінің өзара байланысын, тілдің ойлаумен байланысын, тілдердің және мәдениетаралық байланыстың өзара ықпалдасу ерекшеліктерін түсінеді;
      нақты міндеттерді орындауда және тілдің деңгей түрлерінің бірін талдау барысында теориялық білімін, оқытылатын тілдегі тіл бірліктерінқолдану ерекшеліктерін аша отырып, мәтінге филологиялық талдау жасау амалдарын, өмірдегі қызметтің түрлі салаларында тілді қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты қолданады;
      тілдік бірліктерге дыбыстық, морфемалық, грамматикалық семантикалық талдау жасай отырып, мәтіндерді, оқытылатын тіл графикасын, тілдік бірлік білімдерінің механизмі, тіл құбылыстарын танудағы түрлі ғылыми көзқарастарды, танылатын тақырып бойынша түрлі ғылыми еңбектердегі ақпараттарды талдайды;
      қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің тілдік бірліктеріне салыстырмалы талдау жасау үшін алған теориялық ақпараттарды, жобалық жұмыстарда қолдану үшін тілдік бірліктердің қызмет етуі туралы ақпаратты, өзіндік ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда меңгерген деректері мен пікірлерді жинақтайды;
      әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндерде түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің қолданылуы орнын, танылып отырған тіл құбылысы туралы түрлі көзқарастарды, мәтінді танып-талдауда оның орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкестігін, қазақ/орыс тіл білімінің басты тұжырымдамаларын бағалайды;
      2) «Қазақстан тарихы»:
      мәдениеттің ежелгі орталық-азиядағы ошақтарын және олардың орындарын оқшаулауды, көшпенділіктің тарихи түрлерін, еуразия дала өркениеттерінің қалыптасу мен даму кезеңдерін, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын, әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен, Орталық Азия халықтарының жетістіктерін, қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын, Қазақстанның полиэтникалық қоғамын қалыптастыру тарихын, Қазақ мемлекеттігінің дамуының тарихи кезеңдерін, Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді, түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін, Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
      Қазақстанның тарихи даму құбылыстары мен процестерін, негізгі оқиғалардың мәнін, ежелгі орталық- азия өркениет ошақтарының сипатты белгілерін, көшпенділіктің әр түрлерін, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениетті, әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын, дәстүрлі қазақ қоғамындағы этноәлеуметтік ұйымдардың ерекшеліктерін, Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді («Алаш», «Мәңгілік ел» идеясы), Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін, ұлттық бірегейлікті сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын, қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін түсінеді;
      Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер, көшпенділіктің тарихи түрлері мен орталық-азия мәдениет ошақтары уақыты мен кеңістігін анықтау кезінде, Орталық Азия көшпенділерінің мәдениетін қалыптастыру мен дамытудың ерекшеліктерін анықтау кезінде, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде, Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде, Қазақстанның өткені мен бүгіні оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде, тарихнамалық және деректемелік талдау элементтерін қолданумен Қазақстан тарихы бойынша тарихи материалдармен жұмыс кезінде алынған білім мен дағдыларды қолданады;
      әлемдік тарих контекстінде жалпы белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып Қазақстанның тарихи дамуын, түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы мемлекеттер мен өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын, себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, құбылыстарды, Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметі дәлелдері мен нәтижелерін, Қазақстан тарихы бойынша деректер мен ғалымдардың еңбектерін, Қазақстан территориясындағы этногенез, саяси генезисі және мәдениет генезисі процестерін, заманауи Қазақстанның үрдістері мен болашағын талдайды;
      отан тарихы бойынша алған білімін Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында оларды әлемдік тарих оқиғаларына көркем бейнеде көрсетеді, Қазақстан тарихы туралы тарихи ұғым мен тұтас түсінікті қалыптастыру үшін білім мен білікті, Қазақстан тарихындағы объектілер мен процестер, тарихи құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және қортындылау үшін тарихи ойлау дағдыларын, Қазақстанда өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну мен бағдарлану үшін отан тарихы бойынша білім мен тарихи ойлау дағдыларын жинақтайды;
      түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпалын, тарихи тұлғалардың қызметі контекстінде олардың отан тарихына ықпалын, Орталық Азия халықтарының мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін, тарихи мәліметтердің нақтылығын, Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды;
      3) «Дүниежүзі тарихы»:
      өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын, мемлекеттің тарихи түрлері мен құқықтық-мемлекет институттарының құрылуы мен дамуын, әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды, әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді, әлемдік мәдениеттің тарихы және заманауи жағдайын, адамның, қоғамның, әлем халықтары мен өркениеттердің шығуы мен дамуына қатысты негізгі ғылыми теорияларды, әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді, дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жиынтықталған ғылыми еңбектерді біледі;
      мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен әртүрлілігімен, өркениет, тарихи формалары мен мемлекеттің түрлердің сиаттамалық ерекшеліктерін, құқықтық-мемлекет институттарының маңызын, әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын, тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын, әлемдік тарихи-мәдени процесс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы жаңалықтардың маңызын, түрлі тарихи кезеңдердегі әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын, әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді, тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын, жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
      әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттік ұйымдардың уақыты мен кеңістігін анықтау кезінде, мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің сипатты белгілерін анықтау барысында, түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерді анықтауда, кешегі мен бүгінгі күннің оқиғалары мен құбылыстарына қарым-қатынас бойынша өз позицияңды анықтау барысында, шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде, тарихнамалық және деректемелік талдау элементтерін тарихи материалдармен жұмыс барысында алынған білім мен білікті қолданады;
      жалпы белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, әлем халықтарының тарихи дамуын, түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуы мен қалыптасуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын, себеп-салдар байланыстарын анықтау үшін әлемдік тарихтың оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін, тарихи тұлғаларының еңбектерінде көрсетілген дәлелдер мен нәтижелерін, тарихи деректерді, этногенез, саяси генезис және мәденигенезис процесіне қатысты негізгі ғылыми теорияларды, жаһандану жағдайындағы заманауи қоғамның үрдістері мен келешегін талдайды;
      әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында дүние жүзі тарихы бойынша алған білімді, бүкіләлемдік мәдени-тарихи процесс туралы тарихи ұғым мен біріңғай түсінікті қалыптастыру үшін білім мен дағдыны, тарихи құбылыстарды, объектілер мен процестерді жіктеу, жүйелеу мен жинақтау үшін түсіндіру мен талдау, уақытпен кеңістікке бағдарлану, деректермен жұмыс дағдысын, тарих бойынша білім мен тарихи ойлау дағдыларын әлемдегі өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну мен бағдарлану үшін тарихи ойлау дағдысы мен тарих бойынша білімді жинақтайды;
      түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін, тарихи тұлғалар қызметі контекстінде олардың әлемдік тарихқа ықпалын, әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына әлем түрлі халықтарының мәдениетінің қосқан үлесін, тарихи деректердің нақтылығын, әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды;
      4) «География»:
      география ғылымдары жүйесіндегі геоэкологияның, әлеуметтік-экономикалық және саяси географияның, геосаясаттың орны мен рөлін, геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістерін, табиғатты пайдалану саласының, экономикалық, әлеуметтік, саяси география және геосаясаттың негізгі ғылыми ұғымдарын, экологиялық, экономикалық-географиялық, саяси-географиялық, әлеуметтік-географиялық және геосаяси карталардың элементтерінің қосымша сипаттамасын, геосфераға антропогендік әсер етудің себептерін, факторларын және негізгі көздерін, Жер сфералары мен табиғи-аумақтық кешендерге әсер етудің салдарын, ерекше қорғалатын аумақтардың маңызы мен түрлерін, ерекше қорғалатын аумақтарды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды, геосфераны қорғау жолдарын, экологиялық қауіп-қатерлерді, экологиялық дағдарыстың белгілерін, аумақтардың экологиялық жіктелуін, қоршаған ортаны қорғау шараларының негізгі бағыттарын және жүйесін, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, табиғатты пайдаланудың заманауи жүйелерінің түрлері мен типтерін, табиғатты пайдаланудың аймақтық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтайтын табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторлардың арақатынасын, заманауи экологиялық саясатты қалыптастырудың ерекшеліктері және табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз етуді, табиғатты қорғаудың басқару, бақылау және қадағалау органдарын, олардың атқаратын қызметін, қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін, өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықты географиялық саралаудың мақсаттарын, табиғатты пайдаланудың маңызын және негізгі түрлері мен формаларын, табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы принциптерін, табиғатты пайдалануға шек қоюдың мақсаттарын, табиғат ресурстарын пайдалануды жоспарлаудың және болжаудың қажеттілігін, тұрақты дамудың мақсаттарын, энергияның қалыпқа келетін көздерін, жасыл энергетика принциптерін, әлеуметтік-экономикалық ресурстардың жиынтығын, экономикалық жүйелердің модельдерін, дүниежүзілік шаруашылық және дүние жүзі елдері дамуының негізгі көрсеткіштерін, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстері көрсеткіштерін, дүние жүзі елдерінің халықаралық қарым-қатынасының жиынтығын, интеграция және жаһандану процестерін, халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар мен одақтар туралы негізгі деректерді, аумақтық-саяси жүйелердің негізгі түрлерін және олардың қызметін, мемлекеттік аумақтардың және мемлекет типтерінің құрылымын, аумақтардың морфологиялық ерекшеліктерін және мемлекеттердің модельдерін, мемлекеттік шекараларды, олардың түрлерін және динамикасын, Қазақстанның дүниежүзілік саяси және геосаяси процестердегі рөлі мен орнын, Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын, адамзаттың ғаламдық заманауи проблемаларын және олардың жергілікті, аймақтық деңгейде көрініс табуын, ұлттық қызығушылықтар тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігі бағыттарын, әлемдік кеңістіктің геосаяси зоналануын, дүние жүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
      қоғам өміріндегі географияның орнын, географиялық ортадағы жоспарлы іс-әрекетті, дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің өмірлік маңызды мәселелерін шешудегі табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын, табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси үрдістердің ерекшеліктерін, Жердің кеңістіктегі және уақыт өлшеміндегі тұтастығын және біртекті еместігін, заманауи әлемнің кеңістіктік көптүрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін, материктердің, ірі аймақтардың, елдердің, Қазақстан Республикасының табиғи, мәдени-әлеуметтік, шаруашылық процестерінің айырмашылықтарын, қоршаған ортаның және адамзат қоғамының қазіргі кездегі және болашақтағы жағдайы үшін тұлғалық жауапкершілікті, табиғи және әлеуметтік-экономикалық, табиғатта болатын экологиялық процестердің ғаламдық және жергілікті динамикасын, табиғи ортаға антропогендік қысым көрсетуді тұрақтандырудың, қоғам мен табиғаттың өзара байланысын оңтайландыру жолдарын, ғаламдық экологиялық зардаптың алдын алу жолдарын, қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлін, табиғи ортаға қатысты кез келген әрекеттердің нәтижелерін, қазіргі қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді, адам өмір сүретін географиялық (қоршаған) ортаны қалыптастыратын және өзгертетін ғаламдық және жергілікті табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды, аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторларға тәуелділік дәрежесін, өмір сүру сапасының қоршаған табиғи ортаның сапасына тәуелділігін, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларды және оларды шешу жолдарын, заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңызы мен мәнін, геосаяси процестерді, геосаясат субъектілерінің өзара қарым-қатынастарының сипатын, рөлін және ықпал ету саласын, дүние жүзінің геосаяси зоналарының ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының геосаяси күшін арттыру бойынша шаралардың маңызы мен қажеттілігін, Қазақстанның геосаяси, саяси белсенділігін, геосаясат және саясат контексіндегі Қазақстанның ұлттық құндылықтарының және мүдделерінің маңызын, Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының мақсаттары мен бағыттарын түсінеді;
      теориялық білімді және географиялық ақпараттың дереккөздерін, географиялық негізгі түсініктер мен терминдерді, географиялық зерттеулердің әдістерін және олардың амалдарын, географиялық ақпаратты қажетті контексте іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, өзгерту, сақтау, беру және презентация жасау дағдыларын, картада өлшеу әдістерін, кез келген географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды сипаттау дағдылары мен жоспарларын, қажетті контексте географиялық ақпаратты модельдеу және ұсыну дағдыларын қолданады;
      географиялық қабықта және географиялық ортада болатын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, табиғат пен қоғамның өзара байланысын және олардың кеңістіктік ерекшеліктерін, географиялық объетілер, процестер мен құбылыстардың таралу, байланысу және басқа да кеңістіктік қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, географиялық объетілер, процестер мен құбылыстардың көрсеткіштерін, орналасу факторларын, қоршаған орта факторларының адам өмірі мен іс-әрекетіне әсерін, қоғамдық өнеркәсіптің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін, сандық және сапалық географиялық ақпаратты, географиялық ақпарат дереккөздерін, географиялық объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеудің белгілерін, жоспарлы шаруашылық іс-әрекеттің қоршаған орта жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына әсерін, экологиялық қауіп-қатерлерді, экологиялық дағдарыстарды және олардың белгілерін, табиғатты қорғау шараларын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды және табиғатты үнемді пайдалануды ұйымдастыру және құқықтық негіздерін, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын, қоршаған ортаның сапасын, өмір сапасын, табиғатты пайдаланудың түрлері мен формаларын, дүниежүзілік шаруашылықтың даму модельдерін, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін, шаруашылық салаларын орналастырудың саяси, заманауи факторларын, геосаяси және экономикалық процестерді, дүние жүзі елдерінің рейтингісі мен индекстерін, халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық байланыстар мен қарым-қатынастарды, аумақтық-саяси жүйелерді, мемлекеттің аумақтық құрылымын және мемлекеттердің типтерін, мемлекеттердің шекараларын, олардың түрлерін және динамикасын, елдің ұлттық мүдделер жүйесін, геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін, әлемдік геосаяси кеңістікті, географиялық және геосаяси жағдайды, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамудың ерекшеліктері мен факторларын, Қазақстанның әлемдегі рөлін және орнын талдайды;
      модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды, географиялық объектілерді жұмыс істеу және даму проблемаларын шешу жолдарын әзірлеуді, зерделенетін объектілерді, процестерді және құбылыстарды жіктеуге, жүйелеуге, қорытындылауға және саралауға арналған білім мен дағдыларды, процесстер мен құбылыстарды түсіндіру, болжам жасау, географиялық объектілер, процестер мен құбылыстардың өзгеру сипатын және даму келешегін анықтау үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
      геосфераның параметрлері мен экологиялық жағдайына, географиялық объектілерінің сақталу дәрежесіне, географиялық ақпараттың дереккөздеріне, кез келген аумақтың географиялық және геосаяси жағдайына, кез келген аумақтың ресурстық және табиғи-ресурстық әлеуетіне, дүние жүзіндегі және Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайға, дүние жүзінің және Қазақстанның құрлықтағы аумақтарының, су, әуе бассейндерінің экологиялық жағдайы, табиғи ортаның сапасына, шаруашылық іс-әрекет түрлерінің қоршаған орта жағдайы мен тұрғындардың денсаулығына қауіпті әсерінің сипатын, қарқындылығын және дәрежесін, геосфераға антропогендік қысым көрсетуді және олардың салдарына, экологиялық қауіп-қатерлерге, экологиялық дағдарыстың дәрежесіне, табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне, табиғи қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлін, табиғатты қорғау бойынша экологиялық бақылау, басқару, бақылау және қадағалау органдарының тиімділігіне, қоршаған ортаның сапасына, өмір сапасына, мемлекеттердің рейтингісі мен индекстерінің көрсеткіштеріне және орнына, қалпына келетін ресурстарды пайдалану мүмкіндіктеріне, жасыл энергетиканы дамытуға, әлеуметтік-экономикалық ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне, дүниежүзілік шаруашылық модельдері дамуының артықшылығы мен кемшіліктеріне, дүние жүзі елдерінің көрсеткіштеріне және жалпы ұлттық өнімнің құрылымына және жалпы ішкі өнімге және сатып алу қабілеті көрсеткіштерін, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының басқа да көрсеткіштерін, дүние жүзі елдерінің рейтингілері мен индекстерінің көрсеткіштерін, интеграциялық процестердің тиімділігін, дүние жүзі елдерінің ғаламдану процесіне тиімді және кері әсер етуін, аумақтардың және мемлекеттердің морфологиялық ерекшеліктерін, геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін, халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің нәтижесіне, қол жеткен нәтижелерге және деректердің қорытындыларын, зерделенетін географиялық тақырыптар бойынша түрлі пікірлер мен көзқарастарға, дәлелдеу, талқылау және пікірталас жүргізу дағдыларын қолдану арқылы ой тұжырымдамаларды, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекетті жалпы белгілі алгоритмдермен салыстыру негізінде өз жұмысының нәтижелеріне қанағаттану дәрежесін, пән және тақырыптық бөлімдер бойынша зерделенген немесе анықталған өлшемдер негізінде өзінің тұлғалық жетістіктерінің дәрежесіне, жалпыға белгілі және жалпы танылған белгілер бойынша өзінің тұлғалық жетістіктерінің дәрежесін бағалайды;
      11. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын пәндер бойынша (жалпы орта білім) білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Информатика»:
      бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және жою ережелерін, ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект, эксперттік жүйелер, геоақпараттық жүйелер түсініктерін және олардың міндеттерін, қолданыстағы ақпараттық және комуникациялық технологиялардың міндеті мен функцияларын, негізгі HTML-тегтер, Web-беттерді құру және редакциялау құралдарын, WEB-беттер құрылымы мен сайтты жобалау кезеңдерін, WEB-дизайнның негізгі принциптерін, Интернет желісінде сайтты жариялау үшін қалай дайындайтынын, үлестірілген және бұлттық желілік технологиялардың қызмет ету принциптерін, «электронды сандық қолтаңба» түсінігін, авторлық құқық сақтау ережелерін, онлайн қауіпсіздік ережелері мен ақпаратты сақтау құралдарын, арнайы программада үшөлшемді объектілерді жасау кезеңдерін, анимация принциптерін және оны құру тәсілдерін, бейнефайл пішімдерін және оны редакциялау тәсілдерін біледі;
      мәліметтерді резервті сақтау қажеттілігін, сыртқы тасымалдауышта ақпараттың зақымдану салдарын, мәліметтерді пакетті жіберу принципін, хаттаманың ролін, жалпы компьютерлік жүйенің және мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін, электрондық құралдармен жұмыс істеу кезінде эргономиканың маңыздылығын, веб-бет пен сайттың айырмашылығын, бұлттық технологиялар мүмкіндігін, электронды үкімет сайтының міндетін түсінеді;
      өзінің жеке басының, ақпараттың, желідегі өзінің меншік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін, Web-беттерді жасауға арналған арнайы редакторды, Web-беттерді жасау кезіндегі бейне, анимация, иллюстрация, безендірудің, оқу қызметінде және өздігінен даму үшін ақпараттық білім беру ресурстарын, модель және модельдеу туралы білімдерін, электронды үкімет сайтының мүмкіндігін, құжаттарды сақтау мен редакциялау үшін бұлттық технологияларды, бейнефильмдерді жасауда бейнефайлдарды редакциялау тәсілдерін, әртүрлі электронды құралдардың адам ағзасына әсерінен сақтану әдістерін, жобаның нәтижесін жариялау мен тарату үшін файлдық алмастырғыш мүмкіндігін, қолданыстағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданады;
      электронды техниканы қолданудың мүмкіндіктерін, модель мен жобаны әзірлеу үшін бағдарламалық құралдардың міндетін, жобалау мен модельдеу барысында географиялық ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін, ұжымдық қатынау күйінде әртүрлі құжаттарды, желіде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шарасын, дайын анимацияны, видеоны, веб-сайттарды, желіде этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарын, жобалық жұмыстың нәтижесін, қойылған мақсатты шешуге қажетті ақпаратты, объектілер, оқиғалар мен процестердің қасиеттерін талдайды;
      програмалық қамтамасыз ету мен есептеу техникасының даму болашағы туралы ақпаратты, объектілер, процестер мен оқиғалар, ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жинақтайды және оны жаңаша нұсқада ұсынады, қолданыстағы программалық қамтамасыз ету мүмкіндігі, анимация мен бейнені өңдеу, сайттар мен web-беттер жасау туралы мәліметтерді жинақтайды;
      қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылығы мен кемшіліктерін, желілік технологиялардың даму болашағын, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануда желідегі этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарын, объект туралы ақпаратты оқитын электронды құрылғыларды енгізуден туындайтын қауіп-қатерді, жобаны әзірлеу мен модельдеу кезінде қойылған мақсатқа сәйкес өзінің іс-әрекетінің нәтижесін, веб-беттер дизайнының сапасын, жоба үшін қолданылатын ақпараттың сапасын (нақтылық, жеткілікті деңгейде болуы, сенімділік, өзектілік, релеванттық), ақпараттық модельдің нақты объект, оқиға, процеске сәйкестігін, эргономика заңдарын, қауіпсіздік техника ережесін сақтауды бағалайды;
      2) «Жаратылыстану»:
      қоғам және табиғаттың байланыс деңгейлерін, жүйелердің элементтерін және түрлерін, қоршаған ортада ғылыми жаратылыстану заңдарының көрініс табуын, тепе-теңдік табиғатын, тапсыру және өзгерту процестерін, энергенияны өзгертуді, іріктеп алу жіне түрлендіру механизмдерін, биокөптүрліліктің азаюына әсер ететін факторларды, табиғат зоналарының өнімділік түрлерін, құрылымын және салыстырмалы өнімділігін, бірлестіктерді, экожүйелер компоненттерінің процестерін және құлдырау салдарын, азық-түлік және табиғат ресурстарының таралуының біркелкі еместігін, ластанудың негізгі көздерін және түрлерін біледі;
      әлемнің ғылыми жаратылыстану сипатын, жергілікті деңгейден ғаламдық деңгейге дейінгі экологиялық процестерді, популяциялардың өсуін реттеуші және шектеуші факторларды, организмдердің өмір сүру амалдарын, табиғат ресурстарының азаюының адамзаттың дамуына әсерін түсінеді;
      қоршаған ортаның жағдайын анықтау үшін жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін, қоршаған ортаның проблемаларын шешу үшін ақпараттарды, технологияларды, терминдерді, тұжырымдамаларды, ұғымдарды және дағдыларды, қоршаған ортаны зерттеуде зерттеу, болжау, әдістер және түсіндіру сұрақтарын қолданады;
      экожүйелердің биотикалық және абиотикалық компоненттерін, популяциялардың өсу динамикасын, тұрақты даму тұжырымдамасын, энергия көздерінің артықшылығын және кемшіліктерін, топырақ түрлерінің құрылымын және қасиеттерін, ғылымижаратылыстану мазмұнының мәтіндік және сызба материалдарын, әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің пайда болуын және дамуын талдайды;
      ғаламдық және жергілікті экологиялық, азық-түлік проблемаларын шешу, биокөптүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру жолдарын, қоршаған ортаны басқару бойынша тиімді шешімдер жинақтайды;
      экологиялық проблемаларды шешудегі технологиялардың рөлін, қоғамның энергия және ресурс көздерін таңдауын анықтайтын факторларды, жердің, аймақтардың және елдердің ресурспен қамтамасыз етілуін, ұлттық және халықаралық саясаттың қоршаған орта жағдайына ықпалын, халық саны көрсеткіштерінің, экологиялық факторлардың өнеркәсіпті орналастыруға ықпалын, әлемнің қазіргі кездегі физикалық және химиялық бейнесін бағалайды;
      12. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы стандарттық деңгейде оқытылатын пәндер бойынша (жалпы орта білім) білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары:
      1) «Құқық негіздері»:
      Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін, конституциялық саяси құқықтарын, әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін, еңбек тәртібі және оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық, азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығын, формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын, отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін, қылмыстық құқық ұғымын, белгілерін, қылмыстық жауаптылықты, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
      қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеуді, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
      нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін, құқықтық ережелерін, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде, құқықтық ақпараттарды өз бетімен іздену дағдыларын нақты өмірлік жағдайларда қолданады;
      құқықтық нормаларын, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
      адамгершілік және құқықтық нормаларымен байланыстыру үшін алынған ақпаратты, қоғамдағы әлеуметтік бейімделу үшін білім және дағдыларды, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешуде қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.