"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Негізгі ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ІІМ білім беру ұйымдары) оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) автор – шығармашылық еңбегімен шығарма, ғылыми зерттеу, өнертабыс, оқу және/немесе әдістемелік материалдарды жасаған жеке тұлға;
2) авторлық ұжым – бірлескен авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;
3) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сынамақтан өткізу – ІІМ білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану практикасын кешенді зерделеу;
4) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг жүргізу – оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді ІІМ білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізу нәтижелері бойынша ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
5) оқулық басылымы – оқу процесінде нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша қолдануға арналған басылым;
6) оқу-әдістемелік кешен – білім алушылардың оқу пәндерінің мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.
2-тарау. Оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындауды автор (авторлық ұжым немесе әзірлеушілер) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13202 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС), оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Автор (авторлық ұжым, әзірлеушілер) оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындауды мынадай талаптарды ескере отырып, жүзеге асырады:
1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімді енгізу;
2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың шынайылығы;
3) білім алушылар контингентін (білім беру бағдарламасының түрін ескере отырып) есепке алу;
4) оқу материалы мазмұнының кәсіби, практикалық бағыттылығы.
6. Оқулық басылымдары авторлық ұжымының құрамына ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, оқулық басылымының бейіні бойынша оқытушы-әдіскерлер кіреді.
7. Оқу-әдістемелік кешендерді дайындау тиісті кафедраларда (циклдерде) жүзеге асырылады.
8. Оқу-әдістемелік кешендер кафедрада (циклде) оқу жылы басталғанға дейін әзірленеді.
9. Автордың (авторлардың) рецензент жасаған ескертулерге (егер болса) сәйкес дайындаған және өңдеген қолжазбалары мен алған рецензиялары ІІМ білім беру ұйымының кафедра (цикл, факультет, институт) отырысында талқыланады.
10. Оқулық басылымдарының немесе оқу-әдістемелік кешендердің жобаларын кафедра (цикл, факультет, институт) отырысында қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
оқулық басылымын немесе оқу-әдістемелік кешенін оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесте талқылау және мақұлдау үшін ұсыну;
оқулық басылымын немесе оқу-әдістемелік кешенін оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңесте талқылау және мақұлдау үшін ұсынбау.
10-1. Шешімді ашық дауыс беру негізінде отырысқа қатысқан кафедра (цикл, факультет, институт) мүшелері көпшілік дауыспен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда кафедра (цикл, факультет, институт) бастығының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Кафедралар (циклдер) оқу-әдістемелік кешенді оқу процесін оңтайландыратын, пәндерді оқыту ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік құжаттардың өзге де түрлерімен толықтырады.
12. Егер кафедра (цикл) оқулық басылымын ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда автор(лар) оны оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңеске қарау үшін жолдайды. Оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес отырысқа дейін оқулық басылымына сараптау жүргізеді. Қарау нәтижелері бойынша оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес оқулық басылымын басып шығаруға және оқу процесінде қолдануға ұсынады немесе бас тартады.
13. Оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес оқулық басылымын басып шығару туралы шешім қабылдаған кезде оқулық басылымы редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөліміне (бөлінісіне) редакциялау және беттеу үшін беріледі. Редакциялық жұмыстан кейін оқулық басылымы баспаханаға тираждау үшін беріледі.
3-тарау. Оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерін сараптау тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау олардың мазмұнының МЖБС талаптарына, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге, білім алушыларды оқыту, дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылымның қазіргі кездегі талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
15. Оқулық басылымдарын сараптауды оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес оқулық басылымы дайындалған саладағы маман болып табылатын, ғылыми атағы бар профессорлық-оқытушылық құрам қатарынан тағайындаған сарапшы өткізеді.
16. Сарапшылардың қорытындысы (құпиялылық режимін және оқу пәндеріне сәйкестігін сақтау бойынша) негізінде оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңес оқулық басылымын басып шығаруға және оқу процесіне енгізуге ұсынады немесе бас тартады.
17. Автор (авторлық ұжым немесе әзірлеуші) оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңеске оқулық басылымын қарау және мақұлдау туралы баянатты (өтінімді) жолдайды, онда титул параққа сәйкес авторы (авторлар, әзірлеуші), атауы, басылымның тілі, жылы көрсетіледі.
Баянатқа (өтінімге):
1) кафедра (цикл) отырысы хаттамасынан үзінді;
2) автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) туралы мәлімет;
3) басып шығарылған және электрондық нұсқадағы қолжазба;
4) оқулық басылымына түсіндірме жазба;
5) екі рецензия – ішкі және сыртқы;
6) еркін түрдегі орнату жөніндегі нұсқаулық және пайдаланушыларға арналған басшылық (электрондық оқулық басылымдары үшін) қоса беріледі.
Жаңадан дайындалған оқулық басылымдарына түсіндірме жазбада негізгі тұжырымдамалық идеялар, әзірлеудің өзектілігі, МЖБС, үлгілік оқу бағдарламасы талаптарын іске асыру, қайта басып шығарылатын оқулық басылымдары үшін – автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) енгізген өзгерістер мен толықтырулар болуы тиіс.
18. Бір оқулық басылымына сараптау күнтізбелік алпыс күнге дейін ұйымдастырылады және жүргізіледі.
19. Сараптау қорытындысында мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:
1) басып шығаруға және оқу процесінде қолдануға ұсынылады;
2) басып шығаруға ұсынылмайды.
20. Автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) сараптау нәтижесімен келіспеген жағдайда оқулық басылымдарына қосымша сараптау жүргізіледі.
21. Оқу процесінде қолдануға және басып шығаруға ұсынылмаған оқулық басылымын автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) пысықтап, ескертулерді жойғаннан кейін қайта сараптауға ұсынады.
22. Екінші рет қайтарылған оқулық басылымы ағымдағы жылдың ішінде сараптауға қабылданбайды.
23. Оқу-әдістемелік кешендерді сараптау кафедралардың бірлескен әдістемелік отырыстарында жүргізіледі.
4-тарау. Оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан өткізу және оларға мониторинг жүргізу тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Жаңадан әзірленген оқулықтарды, оқу, оқу-әдістемелік құралдарды сынамақтан өткізу бір оқу жылы ішінде жүргізіледі.
25. Сынамақтан өткізу оқулық басылымын одан әрі оқу процесіне енгізу мақсатында жүргізіледі, ол тиісті енгізу актісінде көрсетіледі.
26. Жаңадан дайындалған оқу-әдістемелік кешенді (немесе оның жекелеген элементтерін) сынамақтан өткізу кемінде бір оқу жылында жүргізіледі, мерзім аяқталған соң оқу-әдістемелік кешенді немесе оның жекелеген элементтерін оқу процесіне енгізу актісі ресімделеді.
27. Барлық білім беру деңгейлері бойынша оқулық басылымдарына мониторингті оқу-әдістемелік бөлініс (орталық, бөлім):
1) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын жақсарту;
2) ІІМ білім беру ұйымдарының оқу процесін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету және оқу процесіне енгізу деңгейін талдау мақсатында жүргізеді.
28. Оқу-әдістемелік кешендерге мониторинг жүргізуді кафедра (цикл) және оқу-әдістемелік бөлініс (орталық, бөлім) олардың сапасын және оқу процесінде пайдаланудың тиімділігін жақсарту мақсатында жүргізеді.
29. Оң тәжірибені енгізу мақсатында ІІМ білім беру ұйымдары өздерінің оқулық басылымдарымен алмасуды одан әрі оқу процесіне енгізе отырып жүзеге асырады.
5-тарау. Оқу басылымдарын шығару тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Оқулық басылымдарын басып шығару сараптаманың оң қорытындысы және оқу-әдістемелік (ғылыми) кеңестің ұйғарымы негізінде ІІМ білім беру ұйымының немесе автордың (авторлық ұжымның, әзірлеушінің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
31. ІІМ білім беру ұйымының баспаханасында басып шығару үшін оқулық басылымы редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлінісі қалыптастыратын жыл сайынғы басылымдардың тақырыптық жоспарына енгізіледі.
32. Автор (авторлық ұжым, әзірлеуші) түзетілген, толықтырылған, қайта өңделген, қайта қаралған, аударылған басылымды қайта басып шығаруды жүзеге асырады.
33. Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысын ынталандыру мақсатында ІІМ білім беру ұйымы үздік оқулық басылымына конкурс өткізеді.