Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13115 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А.М. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ____________________Қ.Қасымов
      2016 жылғы 19 қаңтар

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы 
№ 33 бұйрығымен     
бекітілген       

Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта
білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      2. Балаларды есепке алуды жүзеге асырудың негізгі міндеттері балалардың міндетті тегін білім алу құқығын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы болып табылады.
      3. Қағидаларда мынадай ұғынымдар пайдаланылады:
      1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алу – бұл тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін балаларға аула аралау (пәтер аралау) арқылы санақ жүргізу;
      2) білім беру ұйымына бекітілген аумақ – қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдердің шешімі бойынша білім беру ұйымына оның шекарасы нақты белгіленген бекітілген аумақ;
      3) ұйымдастырушылық жағдайлар – мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асыру бойынша нақты орындаушыларды анықтау, олардың басқа мүдделі органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру және жылсайынғы есепке алуға жататын балалар туралы мәлімет базасын қалыптастыру (жергілікті атқарушы органдардың бұйрығы).
      4. Тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа (олар орта білім алғанға дейін) дейінгі барлық балалар міндетті дербес есепке алуға жатады.
      5. Балаларды есепке алу жылына екі рет әр ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан, тамыз-қыркүйек айларында жүзеге асырылады.
      Әр жаңа оқу жылында 5 қыркүйектен кешіктірмей балалардың есепке алуы сынып-комплектілерді жинақтауға дейін аяқталады.
      6. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды анықтау және есепке алу мүдделі ұйымдармен, адамдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесiндегі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылады.
      7. Балаларды есепке алуға:
      1) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – білім беру органдары);
      2) мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ММ);
      3) өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары (келісім бойынша);
      4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (келісім бойынша);
      5) заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыратын басқа да органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) қатысады.
      8. Балаларды есепке алу балалардың бірыңғай мәлімет базасын құру және енгізу арқылы жүргізіледі.
      9. Білім беру органдары мен ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдар ведомстволық бағыныстағы аумақта тұратын мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асыру үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасайды.
      10. Қыркүйек айында білім беру органдары және ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдар балалардың бастапқы есеп тізімі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың тізімдері бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қатысуын қадағалайды, балаларды оқумен қамту бойынша қажетті іс-шаралар өткізіледі.
      ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары білім органдарына балалардың қатысуы туралы мәліметтерді әр жылдың 5 қыркүйегіне жолдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім органдары білім саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді әр жылдың 10 қыркүйегіне жолдайды.
      11. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін жылсайынғы оларды есепке алу қорытындылары білім беру органдары мен ұйымдарының мәжілістерінде қаралады.

2. Білім беру органдарының балаларды есепке алуды іске асыру
тәртібі

      12. Білім беру органдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды іске асырады және ведомстволық бағыныстағы аумақта тұратын балаларды жыл сайын есепке алу жүйесін іске асыру үшін ұйымдастырушылық жағдай жасайды және мәліметтер базасына енгізуге (алып тастауға) жататын балалар туралы ақпаратты тұрақты қабылдауды ұйымдастырады, ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарынан алған ақпаратқа сәйкес толықтырулар мен өзгерістерді оған уақытылы енгізеді және:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында білім алушы;
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және білім алушы;
      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйде оқытылатын білім алушы;
      4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша);
      5) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;
      6) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;
      7) осы Қағидаға 78 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған, орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы.
      Аталған мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметімен келісіледі және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдарымен білім саласындағы уәкілетті органға әр айдың 15-не қарай, қалалардың, аудандардың білім органдарымен облыстардың білім органдарына әр айдың 5-не қарай жолданады.
      8) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына келген (шыққан);
      9) осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай, қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы;
      10) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан;
      11) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген 9-сыныпты аяқтаған балалардың мәлімет базасын жүргізеді.
      13. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдары 13-қосымшаға сәйкес тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта білім алғанға дейін) балалардың мәліметтер базасын, осы Қағидағаға 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша балаларды есепке алу қорытындысы туралы мәліметтерді, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін қосымша жүргізеді.
      14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары осы Қағидаға 1415-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәліметті, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін жинақтауды іске асырады, сондай-ақ:
      1) осы Қағидаға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың;
      2) осы Қағидаға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі білім базасымен түскен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан шыққан (ауысқан) білім алушылардың мәліметтер базасын жүргізеді.
      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары жыл сайын 15 қыркүйекке және әр ағымдағы жылдың 5 ақпанға дейінгі кезеңде мәліметтер базасын оқуға қабылданған және осы оқу жылында оқуды нақты бастаған балаларды тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушыларды нақты тізімдік есепке алу деректерімен, сондай-ақ одан әрі орта білім беру ұйымдарында білім алуын жалғастыру мәніне негізгі орта білім базасымен түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аяқтамаған балалар туралы деректерімен салыстырып тексереді.
      Негізгі орта білім базасымен түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан шығарылған балаларды білім алумен қамтуды бақылау олардың орта білім алғанға дейін жүзеге асырылады.
      16. Қалалардың, аудандардың білім беру органдары жыл сайын 10 қыркүйекке дейінгі және әр ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейінгі кезеңде мәліметтер базасын оқуға қабылданған және осы оқу жылында оқуды нақты бастаған балаларды тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушыларды нақты тізімдік есепке алу деректерімен, сондай-ақ одан әрі білім беру ұйымдарында білім алуын жалғастыру мәніне орта білім беру ұйымдарынан шығарылған балалар туралы деректерімен салыстырып тексереді.
      17. Білім беру органдары мен ұйымдары білім беру ұйымдарында білім алмайтын анықталған балаларды орналастыру бойынша шаралар қабылдайды және мәліметтер базасына тиісті өзгертулер енгізеді.
      18. Осы Қағидалардың 10, 12-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қалалардың, аудандардың білім беру органдарының басшылары электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта, басшының қолы қойылып және білім беру органының мөрімен куәландырып облыстардың білім беру органдарына ұсынады.

3. Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
орта білім беру ұйымдардың балаларды есепке алуды іске асыру
тәртібі

      19. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды жүргізеді.
      Осы Қағидаға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аула аралау (пәтер аралау) дәптерінде тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін балалар туралы мәлімет белгіленеді.
      Балалардың мәліметтері бар тізімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарымен келісіледі және қала (аудан, кент, ауыл) әкімдері бекітеді.
      20. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары азаматтардан бекітілген аумақта (шағынаудан) тұратын балалар туралы ақпаратты қабылдауды ұйымдастырады және:
      1) осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта білім алғанға дейін);
      2) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында білім алушы;
      3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және білім алушы;
      4) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үйде оқытылатын білім алушы;
      5) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша);
      6) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;
      7) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың;
      8) осы Қағидаға 78 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған, орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту бойынша қабылданған шаралар туралы (аталған мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарына әр айдың 5-не жолдайды);
      9) осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына келген (шыққан);
      10) осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай, қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы;
      11) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан;
      12) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген 9-сыныпты аяқтаған балалардың мәлімет базасын жүргізеді.
      21. осы Қағидаға 1415-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәліметті, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық мәліметтерін қалыптастырады.
      22. Білім алушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылауды іске асырады (мониторинг), мінез-құлқында, білім алуында, дамуында және әлеуметтік бейімделуінде проблемалары бар білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді.
      23. ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымының басшысы орта білім беру ұйымынан шыққан білім алушының одан әрі білім алуын бақылауды оның одан әрі білім алуын растайтын құжатты жеке іс-қағаздарына қоса отырып (әрі қарай білім алуын растайтын күні және шығыс нөмірі бар анықтама, басқа білім беру ұйымына қабылданғаны туралы күні және нөмірі бар бұйрығы) іске асырады.
      Білім алушыны қабылдаған ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымының басшысы үшкүндік мерзімде білім алушы шығып кеткен орта білім білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды.
      24. Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.
      25. Балаларды есепке алудың талдауы және жаңа оқу жылы басының алдында оқушыларды келесі сыныпқа көшіру туралы бұйрық негізінде 5 қыркүйектен кешіктірілмей оқушыларды сыныптар бойынша қабылдау туралы бұйрық шығарылады. Қабылдау туралы бұйрық негізінде оқу сабақтарының журналы толтырылады.
      26. Өз балаларының білім алуына кедергі жасаған және (немесе) өз балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша тиісінше міндеттемелерді орындамаған отбасыны анықтаған жағдайда ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары:
      1) кәмелетке толмағандарды оқытуды ұйымдастыру үшін ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара іс-қимыл жасау бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау үшін ол туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарлайды;
      3) анықталған балалар және көрсетілген балалар үшін оқытуды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар туралы білім органдарына хабарлайды.
      27. Балаларды есепке алуды жүргізу барысында анықталған балалар оқу сабақтары журналында жинақтау сызығынан кейін жазылады.
      28. Осы қағиданың 20-тармағында көрсетілген мәліметтер ММ ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарының басшылары электрондық түрде және қағаз тасымалдағышта, ұйым басшысының қолы қойылып және аталған орта білім беру ұйымының мөрімен куәландырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың, аудандардың білім беру органдарына әр жылдың 5 қыркүйегіне және 25 қаңтарына ұсынады.

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
1-қосымша            

нысан

  Орта білім беру ұйымдарында білім алушы балалардың мәліметтер
                             базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

№ р/с

Қала, аудан

Орта білім беру ұйымның атауы

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

ЖСН

Сынып

Үй мекенжайы, телефоны

ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
2-қосымша            

нысан

     Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленуші және
             білім алушы балалардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Қала, аудан

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының атауы

Тәрбиеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

ЖСН

Топ

Тұрғылықты мекен-жайы, телефоны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
3-қосымша            

нысан

    Үйде оқытылатын білім алушы балалардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Қала, аудан

Орта білім беру ұйымының атауы

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Диагнозы

Мүгедектігі бар ма (көрсету қажет)

Оқыту бағдарламасы

Жеке оқытудың кезеңі

Үй мекен жайы, телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
4-қосымша            

нысан

   Оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалардың мәліметтер
                              базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Қала, аудан

Орта білім беру ұйымының атауы

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

ПМПК қорытындысы (растайтын құжаттың шығыс №, күні)

Үй мекенжайы, телефоны

1

2

3

4

5

6

7

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
5-қосымша            

нысан

    Бекітілген аумақта тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ
              адамдардың балаларының мәлімет базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Шетелдіктер


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Азаматтығы жоқ адамдар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Босқындар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Пана іздеуші адамдар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Оралмандар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
6-қосымша            

нысан

    Орта білім беру ұйымдарында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ
              адамдардың балаларының мәлімет базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Шетелдіктер


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Азаматтығы жоқ адамдар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Босқындар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Пана іздеуші адамдар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Оралмандар


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Оқумен қамту туралы мәлімет

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
7-қосымша            

нысан

   Орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік
   күн себепсіз сабақты қалдырған балалардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

аудандардың, қалалардың атаулары

мектеп саны

ондағы оқушылар

10 және одан да көп күн себепсіз орта білім беру ұйымдарына келмеген кәмелетке толмағандар анықталды

Мектепке қайтарылды

мектепке келмеуді жалғастырушылар

оқу жылының басынан

соңғы есептік айда

соңғы есептік айда барлығы

оның ішінде тұрады

мектепке бармаудың себебі

жоқ

жағдайы төмен отбасыларда

Аз қамтылған және қолайсыз отбасында

басқа отбасыларда (ескертпеде көрсетсін)

орналасуы

оқуға ниеті жоқ

белгісіз бағытта көшіп-қонуы

білім беру ұйымдары

тасымалдау

киім, аяқ киім, оқу керек-жарағы

оқу жылының басынан

соңғы есептік айда

барлығы

оның ішінде қайтадан

КТБО-да

істе

іздеуде

барлығы

оның ішінде қайтадан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Білім беру органының басшысы ________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

М.О.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), (қаланың, қаладағы ауданның)
ішкі істер органының жергілікті
полиция қызметінің басшысы __________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

М.О.

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
8-қосымша            

нысан

   Орта білім беру ұйымдарында 10 және одан да көп күнтізбелік
     күн себепсіз сабақты қалдырған оқушыларды оқумен қамту
         бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Аудан, қаланың атауы

Оқушының

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Мектеп

Сыныбы

Тұрғылықты орны, телефон

Отбасының әлеуметтік жағдайы

Қай күннен бастап сабаққа келмейді

Себебі

Қабылданған шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Білім беру органының басшысы басшысы ________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

М.О.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), (қаланың, қаладағы ауданның)
ішкі істер органының жергілікті
полиция қызметінің басшысы __________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

М.О.

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
9-қосымша            

нысан

  Оқу жылы бойы (жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың
      5 қыркүйегіне) орта білім беру ұйымына (-нан) келген
             (шыққан) балалардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Көрсеткіш атауы

1- тоқсан

1- жартыжылдық

3 тоқсан

2 жартыжылдық

Оқу жылы (есептік кезең)

1

Оқу жылының басына оқушылар саны






2

Барлық келгендер







оның ішінде






3

Басқа орта білім беру ұйымдарында оқыған:






3.1

қалалардың (аудандардың)






3.2

облыстардың






3.3

республиканың






3.4

басқа мемлекеттердің







Оның ішінде:






4

жекеменшік білім беру ұйымдарынан






5

арнайы білім беру ұйымдарыннан






6

кешкі білім беру ұйымдарынан






7

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан






8

қосымша қамту






9

Барлығы шыққандар







оның ішінде






10

басқа білім беру ұйымдарына






10.1

қалалар (аудандар)






10.2

облыстар






10.3

республикалар






10.4

басқа мемлекеттер







Оның ішінде:






11

жекеменшік білім беру ұйымдарына






12

арнайы білім беру ұйымдарына






13

кешкі білім беру ұйымдарына






14

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына






15

мектепке дейінгі білім беру ұйымы






16

денсаулығы бойынша






17

қайтыс болуына байланысты






18

сотталды






19

еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды






20

тек жұмыс істейді






21

басқа себептер






22

Барлық оқушылар






Ескертпе:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары үшін – қала, аудан бөлінісінде сандық мәліметтер.
Қалалардың, аудандардың білім беру органдары үшін – орта білім беру ұйымдары бөлінісінде білім беру ұйымдары туралы мәліметтерді қоса бере отырып сандық мәліметтер.
Орта білім беру ұйымдары үшін – басқа білім беру ұйымдарына қабылданғандығын растайтын нөмірі, күні көрсетілген бұйрық және шығыс нөмірі, күні көрсетілген құжаты қоса берілген, аты-жөні көрсетілген тізімдер.
Орта білім беру ұйымдары аталған мәліметтерді жартыжылдық қорытындысы бойынша және әр жылдың 5 қыркүйегіне білім беру органдарына жолдайды.

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
10-қосымша           

нысан

      Кешкі орта білім беру ұйымдарына, экстернатқа, сырттай,
       қашықтықтан оқуға ауыстырылған білім алушы балалардың
                         мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар блса)

Туылған күні, айы, жылы

Қандайорта білім беру ұйымдарында білім алды, сыныбы, оқыту түрі

Қандай орта білім беру ұйымдарынан келді, сынып, оқыту түрі, қабылданғандығы туралы бұйрықтың нөмірі және күні

Ауыстырудың негізі және себебі

Үй мекенжайы, телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
11-қосымша           

нысан

Кешкі орта білім беру ұйымдарынан шыққан балалардың мәліметтер
                               базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Қала, аудан

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Кетудің негізі және себебі

Қайда кетті (растайтын құжаттың шығыс нөмірі, күні және бұйрықтың нөмірі мен күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
12-қосымша           

нысан

  Одан әрі білім алуды растайтын тиісті құжаттары қоса берілген
       9-сыныпты аяқтаған балалардың мәліметтер базасы

                           20__ жылғы «___» _________ жағдайы бойынша


р/с

Қалалардың/аудандардың атауы

_____жылы
9-сынып түлектерінің жалпы саны

оқуды жалғастырды

Оның ішінде білім алу орны

Оқымайды

мектептерде

оның ішінде кешкі мектептерде, экстернаттық, сырттай, қашықтықтан оқуда

колледждерде

жұмыс істейді

денсаулық жағдайы бойынша

оқымайды, жұмыс істемейді











Ескертпе:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру органдары үшін – қала, аудан бөлінісінде сандық мәліметтер.
Қалалардың, аудандардың білім беру органдары үшін – орта білім беру ұйымдары бөлінісінде білім беру ұйымдары туралы мәліметтерді қоса бере отырып сандық мәліметтер.
Орта білім беру ұйымдары үшін – 9 сыныпты бітірушілердің аты-жөні көрсетілген тізімдер

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
13-қосымша           

нысан

    Тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына
қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша)
   немесе мекендейтін 0 жастан 18 жасқа дейінгі (олардың орта
        білім алғанға дейін) балалардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Облыс, аудан, қала (орта білім беру ұйымының №___ шағын учаскесі)

Көше

Үй нөмірі

Пәтері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, ____ (күні, айы, жылы) толық жасы

Білім алуы туралы мәлімет

Білім алуын растау(шығыс нөмірі, күні)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
14-қосымша           

нысан

       Балаларды есепке алудың қорытындылары туралы мәлімет

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Облыс (қала, аудан, орта білім беру ұйымы)

Жасы

Балалардың жалпы саны

Балабақша ғабаратындар

үйде тәрбиеленушілер

Оның ішінде:

Үйде оқытылады

Оқытумен қамтылған балалар саны

қамтылу %

Оқумен қамтылмағандар

күндізгі жалпы орта мектептерде

оның ішінде жеке меншік мектептерді

арнайы түзету мектептерде

кешкі мектептерде

колледждерде

18 жасқа дейін ЖОО-нда

қашықтықтан оқыту

жабық типті мекеме

оқуға жарамсыз науқастар

оқуға жарамды науқастар

көшіп-қону

оқуға ниеті жоқ

жұмыс істейді

басқалары

0-1 жас





















2 жас





















3 жас





















4 жас





















5 жас





















6 жас





















7 жас





















8 жас





















9 жас





















10 жас





















11 жас





















12 жас





















13 жас





















14 жас





















15 жас





















16 жас





















17 жас





















18 жас орта білім алғанға дейін





















оқуға жарамсыз науқастар





















0-6 жас





















7-18 жас





















Барлығы





















Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
15-қосымша           

нысан

    Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық
                           мәліметтері

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

қаланың, ауданның атауы

Балалардың саны

Оның ішінде

Басқа санаттар (ескертпеде көрсетсін)

барлығы 0-жастан 18 жасқа дейін орта білім алғанға дейін

оның ішінде, қыздар

оның ішінде ұлты қазақ

мектепке дейінгжасында(0-ден 6 (7)жасқа дейін)

мектеп жасында (6 (7) - 18 жас орта білім алғанға дейін)

оқытылады

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

орта білім беру ұйымдарында(18 жастағыларды қоса алғанда, олар орта бңлңм алғанға дейін)

техникалық және кәсіптіт білім беру ұйымдарында (18 жастағыларды қоса алғанда, олар орта бңлңм алғанға дейін)

ЖОО-нда (18 жастағыларды қоса алғанда)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
16-қосымша           

нысан

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім
                  алушылардың мәліметтер базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

№ р/с

Қала, аудан

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы атауы

Білім алушының аты-жөні

Туылған күні, айы, жылы

ЖСН

Курс, мамандығы

Үй мекенжайы, телефоны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
17-қосымша           

нысан

Негізгі білім базасымен түскен кәсіптік және техникалық білім
беру ұйымдарынан шыққан (ауысқан) білім алушылардың мәліметтер
                              базасы

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша


р/с

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы

Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, айы, жылы

Үй мекенжайы, телефоны

Қай курстан, бұйрықтың нөмірі және күні, қайда кетті,

Ауыстырудың негізі және себебі

Растайтын анықтама (шығыс нөмірі, күні)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мектепке дейінгі жастағы және  
мектеп жасындағы балалар орта білім
алғанға дейін оларды есепке алуды
ұйымдастыру қағидаларына     
18-қосымша           

нысан

               Аула аралау (пәтер аралау) дәптері

                            20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

________көшесі, №____үй, пәтерлер (үйлер) саны________


р/с

Көше

Үй нөмірі

Пәтері, телефоны

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туылған күні, ____ (күні, айы, жылы) толық жасы

Білім алуы туралы мәлімет

Білім алуын растау (шығыс нөмірі, күні)

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиынтық мәліметтер

қаланың, ауданның атауы

Балалардың саны

Оның ішінде

Басқа санаттар (ескертпеде көрсетсін)

барлығы

0-жастан 18 жасқа дейін орта білім алғанға дейін

оның ішінде қыздар

мектепке дейінгжасында(0-ден 6 (7)жасқа дейін)

мектеп жасында (6 (7) - 18 жас, олар орта білім алғанға дейін)

оқытылады

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

орта білім беру ұйымдарында(18 жастағыларды қоса алғанда, олар орта бңлңм алғанға дейін)

техникалық және кәсіптіт білім беру ұйымдарында (18 жастағыларды қоса алғанда, олар орта бңлңм алғанға дейін)

ЖОО-нда(18 жастағыларды қоса алғанда)

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Барлығы: 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар -... адам,

- 0-1 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 2 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 3 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 4 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 5 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 6 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 7 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 8 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 9 жас (____ т.ж.) -.. адам.,

- 10 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 11 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 12 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 13 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 14 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 15 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 16 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 17 жас (____ т.ж.) -.. адам.,
- 18 жас (____ т.ж.) -.. адам.