"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілері тізбеге сәйкес айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің тізбесі*
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.05.2020 № 215/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
2. | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі |
3. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты |
4. | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі |
5. | Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі |
6. | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
7. | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
8. | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
9. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бөлінген желі) |
10. | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті |
11. | Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы |
12. | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
13. | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
14. | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты |
15. | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бөлінген желі) |
16. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
17. | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
18. | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
19. | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
20. | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
21. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
22. | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
23. | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi |
24. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
25. | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi |
26. | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
27. | Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi |
28. | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
29. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
30. | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
31. | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
32. | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
33. | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
34. | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
35. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бөлінген желі) |
36. | Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық |
37. | Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары |
38. | Облыстар, республикалық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер мәслихаттарының аппараттары |
39. | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы |
40. | "Транстелеком" акционерлік қоғамы |
Ескертпе: * мемлекеттік және жергілікті атқарушы, орталық атқарушы және мемлекеттік сайлау органдарының қарамағындағы ведомстволарды, аумақтық органдарды, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен құрылатын жергілікті және басқа да соттарды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін квазимемлекеттік сектор субъектілерін және заңды тұлғаларды қоса алғанда; уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен интеграциялануды қажет ететін басқа да ақпараттандыру субъектілері. |