Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13095 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Бюджеттік инвестициялар, концессиялар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша сараптама жүргізу мен құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 129 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10495 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
Қ. Өскенбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 22 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.

      2. Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымның қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.

      3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Pn = Сn x (1 + R), мұндағы (1)

      Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;

      R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.

      4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Сn = cl x ln, мұндағы (2)

      Сn (cost) – тиісті Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;

      cl – 1 адам – сағат құны;

      ln – Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.

      6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны мынадай:

      1) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;

      2) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;

      3) бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қосылған құн салығын есепке алмай 8 266,14 теңге мөлшерінде айқындалған.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.10.2018 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Бюджеттік инвестициялар,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік, оның ішінде
концессиялар, мемлекеттік
кепілдіктер беру үшін
инвестициялық жобалар және
техникалық-экономикалық
негіздеме әзірлеуді талап
ететін бюджеттік инвестициялық
жобаларды бюджеттік кредиттеу,
қаржы агенттерінің мемлекеттік
инвестициялық саясатты
іске асыруы мәселелері бойынша
республикалық бюджет қаражаты
есебінен сараптама жүргізу және
құжаттаманы бағалау құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.10.2018 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Көрсетілетін қызмет түрі

Адам-сағаттың қызмет көрсетуге арналған еңбек шығындары

1.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында жобалау-сметалық құжаттамасы бар (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша) конкурстық құжаттаманы сараптау

1 706,5475

2.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар конкурстық құжаттаманы сараптау

2 559,8213

3.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттаманы сараптау

1 279,9107

4.

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оны сараптау

213,3184

5.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған концессиялық өтінімді сараптау

1 706,5475

6.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған, құрамында техникалық-экономикалық негіздемесі бар концессиялық өтінімді сараптау

2 559,8213

7.

концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарын сараптау

426,6369

8.

мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау

746,6145

9.

республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде түзетілгендерін экономикалық сараптау

74,6615

10.

республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде түзетілген қаржы-экономикалық негіздемелерді экономикалық сараптау

426,6369

11.

республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың (жаңа құрылған) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды экономикалық сараптау

213,3184

12.

шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

6 391,5541

13.

шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау

9 681,4251

14.

қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит берудің қаржы-экономикалық негіздемесін экономикалық сараптау

426,6369

15.

жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптау

426,6369

16.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын сараптау

2 559,8213

17.

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын сараптау

1 279,9107

18.

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау

4 916,58

19.

бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау

7 447,25