БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – ҚК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – ҚК нысаны);»;
20-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау және ұсыну тәртібі»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және ведомство:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес АҚ нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жасайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді 1 шілдедегі жағдай бойынша – 15 тамыздан кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ведомствоға ұсынады;
Ведомство республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша (облыстар бөлінісінде) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – 20 тамыздан кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
22. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуынан түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептерді ұсынады.
23. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі ведомство ұсынған есептердің негізінде:
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес АҚ (УО) нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті (қолдармен бекітілмей);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есепті (қолдармен бекітілмей) қалыптастырады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҚК нысаны бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есептер бойынша толтырылады:
1 және 2-бағандарда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;
3-бағанда жыл басына қалдық сомасын есепке ала отырып, жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақша түсімінің сомасы көрсетіледі;
4-бағанда қаржы жылының басындағы ақша қалдығы көрсетіледі;
5 және 6-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды мен атауы көрсетіледі;
7-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақшаның жүргізілген жұмсалуының сомасы көрсетіледі;
8-бағанда бюджет кірісіне аударылған сома көрсетіледі;
9-бағанда есепті кезеңде түскен және мақсатына сай жұмсалған ақша сомасының айырмасы ретінде анықталатын есепті кезең аяғындағы ақша қалдығы көрсетіледі.»;
29-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
32-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
35-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;»;
105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«105. Бюджеттік және қаржылық есептіліктерді үйлестіру мақсатында есептердің осы нысандарын өзара салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қаржылық және шоғырландырылған қаржылық есептілікпен салыстырып тексеру үшін мынадай:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есеп - АҚ нысаны;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуы туралы есеп – АҚ (УО) нысаны;
демеушілік пен қайырымдылық көмектен түскен ақша түсімдері мен оның жұмсалуы туралы есеп - ҚК-нысаны;
КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
КБ-Ө нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп;
ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
ДБ-Ө нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп;
4-20-нысанмен шығыстар бойынша жиынтық есеп;
республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер;
1-27-нысан бойынша жергілікті бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер пайдаланылады.
Алшақтықтар табылған кезде алшақтықтардың себептерін айқындау және оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.
106. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және жартыжылдық бюджеттік есептеріне есепті кезеңде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалуына, сондай-ақ филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен қаражат түсімдері мен шығыстарына әсер еткен негізгі факторлар баяндалған ақпарат қоса беріледі.»;
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. 2016 жылдың 1 қаңтарына есептiлiк осы бұйрықпен енгізілген өзгерістер ескерілмей жасалады және ұсынылады деп белгiленсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк
есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі
Нысан нөмірі |
Нысандардың атаулары |
|||
айлық |
тоқсандық |
жартыжылдық |
жылдық |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
жарты жылдық |
жылдық |
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарын орындау туралы есеп – АҚ-нысан* |
||
жарты жылдық |
жылдық |
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарын орындау туралы есеп – АҚ(УО)-нысан** |
||
жарты жылдық |
жылдық |
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп - ҚК-нысан |
||
жарты жылдық |
жылдық |
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп - ӨШ-нысан |
||
тоқсандық |
жылдық |
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Б |
||
тоқсандық |
жылдық |
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Ө |
||
тоқсандық |
жылдық |
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Б |
||
тоқсандық |
жылдық |
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Ө |
||
айлық |
жылдық |
Бюджет атқарылуы туралы есеп |
||
айлық |
жылдық |
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп |
||
айлық |
жылдық |
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақ республикалық бюджет жобасына қосылған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп |
||
айлық |
жылдық |
көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер 1-27 нысаны |
||
айлық |
жылдық |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп |
||
айлық |
шығыстар бойынша жиынтық есеп 4-20 нысаны |
|||
айлық |
жылдық |
Есепті деректерді салыстыру Актісі |
*АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін
**АҚ(УО) нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар үшін
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
2-қосымша
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң
және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк
есептiлiктi ұсыну нысаны
№ п/п |
есептiлiк нысаны атауы |
есептiлiктi жасау ұсыну нысаны |
|||||
ММ |
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі |
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары |
Облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары |
Республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар) |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарын орындау туралы есеп – АҚ/АҚ(УО)-нысанды |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз) |
2 |
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есепт түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп - ДҚ-нысан |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз) |
3 |
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп - ӨШ-нысан |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
- |
- |
- |
|
4 |
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Б |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін |
5 |
кредиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша КБ-Ө |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін |
6 |
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Б |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін |
7 |
дебиторлық берешегі туралы есеп нысаны бойынша ДБ-Ө |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ |
АЖ арқылы біріктірілген пішімде ЭҚАБЖ есепті деректердің растамасымен РББӘ/ облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары деңгейіне дейін |
8 |
Жергілікті бюджетті атқарылуы туралы есеп |
- |
- |
- |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша бюджет түсімдерін және бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктерін және функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар (қағаз тасығышта жылдық есеп) бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып |
- |
9 |
Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер |
айлық - ЭҚАБЖ арқылы бюджетке түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бөлімі бюджет түсімдері сыныптама түсімдерінің санаттары мен сыныптарын қамтуы тиіс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есеп бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын және кіші топтарын қамтуы тиіс біріктірілген пішімде; |
|||||
10 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп |
- |
- |
- |
- |
- |
АЖ арқылы және ЭҚАБЖ |
11 |
шығыстар бойынша жиынтық есеп 4-20 нысаны |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
- |
- |
- |
12 |
Есепті деректерді салыстыру актісі |
- |
- |
- |
Қағаз және электрондық тасығыштарда |
АЖ арқылы |
АЖ арқылы |
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердің, бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органдардың бюджеттiк есептiлiктi
жасау және ұсыну қағидасына
4-қосымша
ҚК-нысаны
_____________ жылға арналған филантропиялық қызметтен және
(немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық
қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп
Мемлекеттік мекеме__________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
Бюджеттің түрі_________________
Мемлекеттік мекеменің/ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды |
Атауы |
Түсімдер |
Жұмсалуы |
Ағымдағы қаржы жылының есептілік кезеңінің аяғындағы қалдық ақша 3б.-7б. |
||||
барлығы |
оның ішінде жылдың басына ақша қалдығы |
ерекшелік |
барлығы |
оның ішінде бюджеттің кірісіне аударылды |
||||
коды |
атауы |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Барлығы |
Ведомствоның /бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы ___________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Есепті қалыптастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ___________ _________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің басшысы/
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))
Мемлекеттік мекеменің /
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
бас бухгалтері ___________ __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, болған кездегі - әкесінің аты))