"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13084 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11394 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 28 шілдеде № 141 (28619) болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      4-бөлім алынып тасталсын.
      2. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов