Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің Шежін-2 ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 4212 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шежін-2 ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шежін ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің Шежін-2 ауылының кейбір көше атаулары:
      "Юбилейная" көшесін – "Бадаш Жүсібалиев" көшесі;
      "А. Бельский" көшесін – "Әбілхан Қастеев" көшесі;
      "Жайкская" – көшесін "Ақжайық" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Шежін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Булатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шежін ауылдық округінің әкімі Т. Шакиров