1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т. Д. Нарушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Әлиев |
| 2015 жылғы 27 мамырдағы № 112 аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген |