1. Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
2. Казталов аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Берденов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ермағанбетов |
Мәслихат хатшысы | Е. Ғазизов |