1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 12 "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Битілеу ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3945 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Жайық таңы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Ақжол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Қ. Е. Ажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақжол ауылдық округінің | |
| әкімінің міндетін атқарушы | Г. М. Кузбакова |