1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағы аумағында ұсақ малы арасынан шешек ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Сиражев |