Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат және Ақбұлақ ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 4196 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ақсуат және Ақбұлақ ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат және Ақбұлақ ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Д. Бекен

  Ақсуат ауылдық округі әкімінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 16 шешіміне
қосымша

Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат және Ақбұлақ
ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Ақсуат ауылы бойынша:
      "№ 7" жобалық көшесі – "Ақсуат" көшесі;
      2. Ақбұлақ ауылы бойынша:
      "№ 1" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі.