1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Сатыбалдиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Көлгінов |
Қала әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 1459 қаулысына қосымша |
Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша
егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ |
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері |
ІІІ (үшінші) құрғақшылық-далалық аймақта егіс жұмыстарының | |||||
Көктем ерте түскен мезгілде |
Көктем орта мезгілде түскенде |
Көктем жәй түскен мезгілде | |||||
басталуы |
аяқталуы |
басталуы |
аяқталуы |
басталуы |
аяқталуы | ||
1 | Жаздық бидай | 15 мамыр | 25 мамыр | 15 мамыр | 25 мамыр | 15 мамыр | 25 мамыр |
2 | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек | 15 тамыз | 10 қыркүйек | 15 тамыз | 10 қыркүйек |
3 | Жаздық арпа | 10 мамыр | 18 мамыр | 15 мамыр | 24 мамыр | 25 мамыр | 31 мамыр |
4 | Сұлы | 10 мамыр | 18 мамыр | 15 мамыр | 24 мамыр | 25 мамыр | 31 мамыр |
5 | Тары | 20 мамыр | 25 мамыр | 20 мамыр | 25 мамыр | 20 мамыр | 25 мамыр |
6 | Күнбағыс | 1 мамыр | 10 мамыр | 5 мамыр | 10 мамыр | 10 мамыр | 15 мамыр |