"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 266 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қазанда № 4103 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 266
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11705 тіркелді) (бұдан әрі – Стандарт) негізінде мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға негіздеме Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алушылардың тізілімін енгізу туралы өтінім болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде оларды қабылдауды, тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және бөлімінің жауапты орындаушысын анықтайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, өтініш пен құжаттар 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайта өңдеу үшін қайтарылады;
      4) ВАК 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, егістің қабылдау актісін (бұдан әрі – акт), көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін (бұдан әрі – тізім) жасайды, егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында екі апта мерзімде көрсетілетін қызметті алушылардың шаруашылықтарына шығады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде актіні және тізімді аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жолдайды;
      5) әкім 2 (екі) жұмыс күні ішінде актіні және тізімді қарайды, бекітеді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын жасақтайды (әкіммен бекітілген тізім, қабылдау актілері және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктік шоттың бары туралы бір дана екінші деңгейдегі банк анықтамасы) және "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) ұсынады;
      7) басқарманың кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және басқарма басшысына жолдайды;
      8) басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және басқарманың жауапты орындаушысын анықтайды;
      9) басқарманың жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді, 5 (бес) жұмыс күні ішінде ведомостіні жасақтайды және басқарма басшысына бекітуге ұсынады;
      10) басқарма басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ведомостіні бекітеді және басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
      11) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін тиісті жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынады.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды ВАК-тың қарауына жолдайды;
      4) ВАК құжаттарды қарайды, акті мен тізімді жасайды, егістердің сақталуын шолып тексеру мақсатында көрсетілетін қызметті алушылардың шаруашылықтарына шығады және көрсетілетін қызметті алушылардың актісін және тізімін әкімге бекітуге жолдайды;
      5) әкім көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін бекітеді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы басқармаға әкіммен бекітілген тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктік шоттың бары туралы бір дана екінші деңгейдегі банк анықтамасын ұсынады;
      7) басқарманың кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналына тіркейді және басқарма басшысына жолдайды;
      8) басқарманың басшысы құжаттарды басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды;
      9) басқарманың жауапты орындаушысы ведомостіні жасақтайды және басқарма басшысына бекітуге жолдайды;
      10) басқарма басшысы бекітілген ведомостіні басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
      11) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ВАК;
      5) әкім;
      6) басқарманың кеңсе қызметкері;
      7) басқарма басшысы;
      8) басқарманың жауапты орындаушысы;
      9) басқарманың қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы өсімдік
шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгі
егіс пен егін жинау жұмыстарын
жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      


      Шартты белгілер: