2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 239 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 4067 болып тіркелді

Қолданыстағы
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ____________ А. Мамытбеков
      01.09.2015 жыл

  2015 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 239
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар
бойынша және дақылдар бөлінісінде

  №  

Дақыл

Аймақтар

1 (бірінші) – құрғақ далалық астық және мал шаруашылығы аймағы

2 (екінші) – шөлейтті мал және астық шаруашылығы аймағы

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм

1

Бидай

7,971

7,891

2

Арпа

14,301

14,018

3

Сұлы

4,983

4

Қара бидай

8,621

8,320

5

Қарақұмық

1,300

6

Жүгері (будан)

39,000

7

Дәнді-бұршақты

27,408

8

Мақсары

0,355

0,325

9

Күнбағыс сорты

0,490

10

Күнбағыс (будан)

13,000

13,000

11

Картоп

262,129

257,400

12

Біржылдық шөптер

0,038

0,034

13

Дәнді көпжылдық шөптер

13,000

14

Бұршақты көпжылдық шөптер 

13,000