"Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 209 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4033 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 209 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 маусымда № 11455 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша өтініштерді қабылдауды және нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші мен "Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасында мекенжайлары көрсетілген аудандар мен Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияны аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін (бұдан әрі – төлем шоттарының тізілімі) ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме:
      көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша нотариалды куәландырылған оның өкілінің) стандарттың 1, 4, 6, 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оны тіркеуді жүзеге асырады;
      2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жүмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштерді қарау және тұқым мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізімін және субсидиялар сомасын айқындау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің (бұдан әрі – әкім) шешімімен құрылған ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВАК) қарауға ұсынады;
      4) ВАК ұсынылған құжаттарды қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидия алушылардың тізбесін (бұдан әрі – Аудан бойынша тізбе): бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақты будандардың тұқымдарын нарықтық баға бойынша сатып алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ), меншікті өндірілген бірінші репродукциялы және бірінші ұрпақты будандардың тұқымдарын пайдаланған тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – ТШ), өндірген элиталық көшеттерінің құнын ішінара арзан бағамен сатқан жағдайда элиталық тұқым шаруашылықтарыңың (бұдан әрі – ЭТШ), сондай-ақ олар арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – Аудан бойынша тізілім) жасақтап, оларды әкімге бекітуге ұсынады;
      5) әкім Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді 2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітеді және бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
      6) бөлімінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітілген Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді көрсетілетін қызметті берушінiң астық және тұқым инспекциясы бөліміне (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімі) жібереді;
      7) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде облыс бойынша бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалану) көлемі бойынша жиынтық актілерді (бұдан әрі –жиынтық актілер) және шығындарды ішінара өтеуге субсидия төлеу үшін жиынтық тізімдемені (бұдан әрі – жиынтық тізімдеме) жасақтайды және көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысына қол қоюға жолдайды;
      9) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жиынтық актіге және жиынтық тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінiң басшысына бекітуге жолдайды;
      10) көрсетілетін қызметті берушінiң басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жиынтық актіні және жиынтық тізімдемені бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінiң қаржылық бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
      11) көрсетілетін қызметті берушінiң қаржылық бөлімінің жауапты орындаушысы 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде төлем шоттарының тізілімін жасақтайды және аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсынады.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) бөлімнің кеңсе маманы құжаттарды бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) бөлім басшысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы құжаттарды ВАК қарауға жолдайды;
      4) ВАК құжаттарды қарайды, Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді жасақтайды, оларды әкімге бекітуге ұсынады;
      5) әкім Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді бекітіп, бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді;
      6) бөлімнің жауапты орындаушысы бекітілген Аудан бойынша тізбені және Аудан бойынша тізілімді көрсетілетін қызметті берушінiң бөліміне жібереді;
      7) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімінің жауапты орындаушысы жиынтық актіні және жиынтық тізімдемені жасақтайды, көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысына қол қоюға жолдайды;
      9) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысы қол қойылған жиынтық актіні және жиынтық тізімдемені көрсетілетін қызметті берушінiң басшысына бекітуге жолдайды;
      10) көрсетілетін қызметті берушінiң басшысы бекітілген жиынтық актіні және жиынтық тізімдемені көрсетілетін қызметті берушінiң қаржылық бөлімінің жауапты орындаушысына береді;
      11) көрсетілетін қызметті берушінiң қаржылық бөлімінің жауапты орындаушысы төлем шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
      1) бөлімнің кеңсе маманы;
      2) бөлімнің басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) ВАК;
      5) әкім;
      6) көрсетілетін қызметті берушінiң басшысы;
      7) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлім басшысы;
      8) көрсетілетін қызметті берушінiң бөлімінің жауапты орындаушысы;
      9) көрсетілетін қызметті берушінiң қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілген қызметті берушілердің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Батыс Қазақстан облысының
тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша өтініштерді қабылдайтын бөлімдердің мекенжайы


Бөлімдер атау

Мекенжайы

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1
"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 69 үй
8 (71136) 91-2-01; 92-0-62
akzhaik_roskh@mail.ru
2
"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 31 үй.
8 (71140) 21-7-48; 21-2-80
bokei_raifo@mail.ru
3
"Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 60/1үй
8 (71133) 22-322; 22-275
selyhoz@rambler.ru
4
"Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы. Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі,
44 үй.
8 (71141) 21-7-58; 21-7-57
rsho@mail.ru
5
"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, 35 үй
8 (71135) 22-5-20; 21-9-92
selhoz_veterinar@bk.ru
 
6
"Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Мирная көшесі, 3 үй
8 (71130) 22-243; 22-132
zelrosx@mail.ru
7
"Казталов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы, Жабаева көшесі, 4 үй
8 (71144) 31-3-70; 31-1-25
kazt.rosh@mail.ru
8
"Қаратөбе ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Каратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19 үй
8 (71145) 31-1-09; 31-2-84
karatoba_rosh@mail.ru
9
"Сырым ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Казақстан көшесі, 15 үй
8 (71134) 31-342; 31-151
surum-rosh@mail.ru
10
"Тасқала ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23 үй
8 (71139) 21-359; 22-079
selxozotdel_2008@mail.ru
11
"Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 20 үй
8(71132)21-355; 40-042
terekts@mail.ru
12
"Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев көшесі, 93 үй
8 (71137)33-2-54; 33-1-00
chingirlau_rosh@mail.ru
13
"Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба данғылы, 182/1 үй
8 (7112)50-09-77; 51-24-38
oralselhozotdel@mail.ru

  "Батыс Қазақстан облысының
тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

"Батыс Қазақстан облысының тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      Шартты белгілер: