Батыс Қазақстан облысы бойынша "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қоса беріліп отырған білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Ә. Мыңбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2015 жылғы 16 шілдедегі № 172 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші басқарма) және Орал қаласы мен аудандардың білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші бөлім), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. "Үздік педагог" атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтінім болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
Бірінші кезеңді көрсетілетін қызметті беруші бөлім жыл сайын сәуірде өткізеді. Құжаттар 1 сәуірге дейін қабылданады.
1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімі кеңсесінің жауапты қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды (әрі қарай – құжаттар) қабылдау мен оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысына жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) қарауына жолдайды;
3) конкурстық комиссия қатысушыларды бағалау үшін комиссия отырысын өткізеді, келіп түскен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарайды, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді. Хаттама негізінде ұсыным-хат дайындалады және көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысына қол қою үшін жолданады;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, көрсетілетін қызметті беруші бөлім кеңсесінің жауапты қызметкері тіркеу үшін жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті беруші бөлім кеңсесінің жауапты қызметкері ұсыным-хатты тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басқарма кеңсесіне жолдайды.
Екінші кезеңді көрсетілетін қызметті беруші басқарма жыл сайын мамырда өткізеді. Құжаттар 1 мамырға дейін қабылданады.
6) көрсетілетін қызметті беруші басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері20 (жиырма) минут ішінде стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдайды, тіркейді және одан әрі қарау үшін көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысына жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды қарайды және Батыс Қазақстан облысының эксперттік комиссиясының (бұдан әрі – эксперттік комиссия) қарауына жолдайды;
8) эксперттік комиссия педагогтардың ұсынылған құжаттары бойынша бағалайды, отырыс өткізеді, оның қорытындысы бойынша хаттама әзірлейді және жыл сайын 20 мамырдан кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші басқарманың облыстық конкурстық комиссиясына жолдайды.
9) мүшелерінің саны 5 (бес) адамнан кем емес көрсетілетін қызметті беруші басқарма комиссиясы конкурс жеңімпаздарын жыл сайын мамырда анықтайды, хаттама әзірлейді және хаттама негізінде ұсыным-хат толтырады және көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысына қол қою үшін жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысы хаттамаға және ұсыным-хатқа қол қояды, көрсетілетін қызметті беруші басқарма кеңсесінің жауапты қызметкеріне тіркеу үшін жолдайды;
11) көрсетілетін қызметті беруші басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін 30 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңсесіне жолдайды;
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесі 30 тамызға дейін құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі "Үздік педагог" атағын беру, куәлік, төсбелгі беру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш сомасында сыйақы төлеу.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті беруші бөлім кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің конкурстық комиссиясы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері;
5) көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысы;
6) эксперттік комиссия;
7) көрсетілетін қызметті беруші басқарманың конкурстық комиссиясы.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы
2015 жылғы 16 шілдедегі № 172 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші басқарма) және Орал қаласы мен аудандардың білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші бөлім), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның шешімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші бөлім немесе басқарма өтінімдерді қабылдауды аяқтау күніне дейінгі 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарландыру жариялайды.
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлім немесе басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші бөлім немесе басқарма басшысына одан әрі қарау үшін жолдайды. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлім немесе басқарма басшысы тапсырылған құжаттарды 2 (екі) күнтізбелік күні ішінде қарайды және көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің немесе басқарманың конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия) қарауына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің немесе басқарманың конкурстық комиссиясы 5 (бес) күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу нысанасына отырыс өткізеді және дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;
3 (үш) күнтізбелік күні ішінде отырысының хаттама көшірмесін ұсына отырып, Конкурстық комиссия үміткерлерге жазбаша хабарлайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі;1) көрсетілетін қызметті беруші бөлім немесе басқарма кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің немесе басқарманың басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің немесе басқарманың конкурстық комиссиясы.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс - әрекеттері), өзара іс-әрекеттері реттілігінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес - үдерістерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |