2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидиялар көлемін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 115 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 3929 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидияның көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандар мен Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 5 мамырдағы № 115
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

2015 жылға арналған аудандар бойынша субсидияның көлемі (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)


Аудандардың атауы

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Бөрлі

3 112,1

2

Зеленов

47 179,2

3

Сырым

1 272,0

4

Тасқала

4 954,1

5

Теректі

12 818,3

6

Шыңғырлау

4 342,0

7

Орал қаласы

1 433,0

Облыс бойынша

75 110,7