Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10218 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларды есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы № 69 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7758 санымен тіркелген, 2012 жылғы 2 тамыздағы № 114 (2122) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің назарына және жұмыста пайдалануына, Комитеттің аумақтық органдарының орындауына жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 12 қаңтардағы
№ 10218 бұйрығымен
бекітілген

Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидалар

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың бірыңғай есебін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есепке қоюға азаматты әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заң күшіне енген соттың шешімі негіз болып табылады.

      3. Аудандық және соларға теңестірілген соттар кеңселерінің менгерушілері заң күшіне енген сот актілері бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты ұсынылатын ақпараттың уақытылы ұсынылуын, толықтығын және айқындылығын қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті аумақтық органдарының (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) бастықтары мәліметтерді "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЕ ААЖ) уақытылы, толық және айқын енгізуді қамтамасыз етеді.

2. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі
шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізудің тәртібі

      4. Есеп Комитеттің аумақтық органдары "Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және оны қалыптастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 124 бұйрық) сот шешімдерінің кестелік көшірмелерін, азаматтық іске арналған электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі – ЭАЕҚ), жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – есепке алу деректері) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) АЕА ААЖ-ға енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Есепке алу деректерін АЕ ААЖ-не енгізу Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы Комитеттің аумақтық органдарына он күн сайын келіп түсетін ЭАЕҚ электрондық көшірмесінің және сотпен азаматтық іс бойынша адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заң күшіне енген сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      6. Адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп есепке қою кезінде Комитеттің аумақтық органдары осы адамға әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеттілігі шектеулі және іздестіру есептері бойынша тексеру жүргізеді.

      Адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танудың қайталанған дерегі анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органы бір жұмыс күні ішінде "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін қадағалаушы прокурорға, ал егер адамның іздестіру есебінде тұрғаны анықталған жағдайда іздеу салған бастамашыға ақпарат жолдайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты АЕ ААЖ-не енгізілген деректерге түзету енгізу қажет болғанда соттар Комитеттің аумақтық органдарына өзгерістер енгізудің қажеттілігін көрсетіп, растайтын құжаттардың: 1) сот шешімінің; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың; 3) өлім туралы куәліктің; 4) медициналық қорытындының көшірмелерін (бұдан әрі – растайтын құжаттар) қоса отырып, хабарлама жолдайды.

      8. Есептен шығаруды Комитет растайтын құжаттарды ұсыну арқылы АЕ ААЖ-ндегі "есепте тұр" деген мәртебені "есептен шығарылған" деген мәртебеге ауыстыру жолымен Комитеттің аумақтық органы хатының негізінде жүзеге асырады.

      9. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есептен шығаруға мыналар негіз болып табылады:

      1) әрекетке қабілеттілігін толық қалпына келтіру туралы сот шешімі;

      2) адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешімді жою жөніндегі сот шешімі;

      3) сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамның өлімі.

      Комитеттің аумақтық органдары тоқсанына бір рет адамның әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деген мәртебесін анықтау үшін Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпараттық алмасу жүйесінің мәліметтеріне мониторинг жүргізеді.

      "Қайтыс болған" деген мәртебесі бар адамдар анықталған жағдайда, жеке басын, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған жылын және жерін, жеке сәйкестендіру нөмірін куәландыратын құжаттың деректерін көрсету арқылы олар туралы мәліметтер "қайтыс болған" деген мәртебені растау үшін (өлім туралы куәлік немесе азаматтық хал актісінің жазбасы) аумақтық тиесілігіне қарай жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

3. Есепке алу деректерінің толықтығы мен айқындылығын
қамтамасыз ету шаралары

      10. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарға қатысты деректерді АЕ ААЖ-не енгізгеннен немесе түзету жасағаннан кейін Комитеттің аумақтық органы үш жұмыс күнінен кешіктірмей есепке қойылған адамдардың және деректері түзетілген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы көрсетілген тізімді Комитетке жолдайды.

      11. Тоқсан сайын Комитеттің аумақтық органдары АЕА ААЖ-ның есептік мәліметтеріне № 124 бұйрықпен бекітілген, "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйенің" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған сот есептерінің статистикалық ақпараттарымен салыстыру жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Есепке алу деректерін талап ету тәртібі

      12. Адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы сот шешімінің қайталап шығарылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 323-бабының тәртібінде өтініш келіп түскенде Комитеттің аумақтық органы соттың талабы бойынша есепке тексеру жүргізеді және бес жұмыс күнінің ішінде адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы ақпараттың бар немесе жоқ екені туралы мәліметті ұсынады.

      Әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп есепке алынған адамға қатысты талап келіп түскен жағдайда Комитеттің аумақтық органдары азаматтық істің нөмірі және шешім шығарған сот туралы мәліметтерді соттарға хабарлайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. АЕ ААЖ жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелген адам, ақпаратқа қолжетімділікті нақты уақыт режимінде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының қорғалған каналдары бойынша қашықтықтан қол жеткізу арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар пайдаланушылардың тізімін ұсынғаннан кейін Комитет оларды тіркейді және олардың әрқайсына логин мен пароль береді.

      14. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар туралы есепке алу деректерін талап ету тәртібі "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен реттеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген).

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.