Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 16), 17), 18) тармақшаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;
2) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы мәліметтерді Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 17-күніне қалыптастырсын;
3) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі - ҚР БП 8-Департаменті) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ ҚМК) мәліметтерінің негізінде тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне қалыптастырсын.
2. КР БП 8-Департаменті және ҚР ҚМ ҚМК мәліметтерді, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне Комитетке жолдасын.
3. Комитеттің аумақтық басқармалары мәліметтерді, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне Комитетке жолдасын.
4. Комитет мәліметтерді, осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 18-күніне ҚР ҚМ ҚМК-не жолдасын.
5. Комитет осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) ҚР БП 8-Департаментіне, ҚР ҚМ ҚМК-не және Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдасын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
7. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығына 1-қосымша |
|
нысан |
20__жылдық__айына арналған қылмыстық жолмен алынған ақшаны және
(немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және
терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек
көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтер
Атауы | Барлығы | ТМД елдері, соның ішінде | ||||||||||||
Әзербайжан | Армения | Беларус | Грузия | Қырғызстан | Молдова | Ресей | Тәжікстан | Түркменстан | Өзбекстан | Украина | ||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |
Шет мемлекеттерден келіп түскен өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұраулардың саны | 1 | |||||||||||||
соның ішінде | қанағаттандырылғаны | 2 | ||||||||||||
бас тартылғаны | 3 | |||||||||||||
Шет мемлекеттерге жіберілген өзара құқықтық көмек сұраулардың саны | 4 | |||||||||||||
соның ішінде | қанағаттандырылғаны | 5 | ||||||||||||
бас тартылғаны | 6 |
кестенің жалғасы
Азия елдері, соның ішінде | Европа елдері, соның ішінде | Америка елдері, соның ішінде | Африка елдері | ||||||||||||||
Үндістан | Иран | ҚХР | ҚҰДР | Корея | Монғолия | Пәкістан | Басқалары | Прибалтика | Түркия | Польша | ФРГ | Швейцария | Басқалары | Канада | АҚШ | Басқалары | |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
20___жылдың_____айына арналған қылмыстық жолмен алынған ақшаны
және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және
терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар
және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті
зандастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен
байланысты тәркіленген мүліктердің сомалары туралы мәліметтер
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының м.а. 01.08.2019 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Жеке басын куәла ндыра тын құжат тың № | Қылмыстық істің № | Соттың атауы | Сот шешімінің шығары лған күні | Соттау баптары | Іс бойынша шешім | Мүлікті тәркілеу тағайындалды | Үкімнің заңды күшіне енген күні | Өндіріп алу сомасы (теңге) | Ескертпе (орындау нәтижесі, кейінге қалдыру, мерзімді ұзарту.күшін жою және т.б.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Ескертпе: 2-13-көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218, 258-баптары бойынша сотталған адамдарға қатысты мәліметтердің болуына Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйесін "Арнайы есепке алу" Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен тоқсан сайынғы салыстыра тексерулерінің нәтижелері бойынша және "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген әліпбилік есепке алу карточкасының негізінде толтырылады.
14-15-көрсеткіштер атқарушылық құжаттың және Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 38 "№ 4 нысанды "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" және оның құрылуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"" бұйрығымен бекітілген 4.0, 4.1 нысанды карточкалардың негізінде толтырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10567 болып тіркелген).