Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 50 "Шемонаиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ержені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі N 122 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда N 3974 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 79 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Шемонаиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 20 ақпандағы № 50 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 3732 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "ЛЗ-Сегодня" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Шемонаиха ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" бөлімінде:
       16-тармағының 1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары тасталынсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров