Жәнтікей ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 3728 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағын, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабының 2 тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2014 жылғы 03 қыркүйегіндегі қорытындысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1.Ырғызбай ауылдық округі Жәнтікей ауылындағы көшелерге төмендегі атаулар берілсін.
      1. Бірінші көшеге – Тәуелсіздік көшесі
      2. Екінші көшеге – Бияхмет Сәрсенов атындағы көшесі
      3. Үшінші көшеге – Ынтымақ көшесі
      4. Төртінші көшеге – Бейбітшілік көшесі
      5. Бесінші көшеге – Қазақстан көшесі
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округ әкімі А.Иманғалиева