Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 3746 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 874 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылына қарасты "Бабатілеу" учаскесінде ірі қара малдың арасынан қарасан ауыруы шығуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып , карантин аймағына ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Републикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Шапатовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Күршім ауданының ішкі істер бөлімінің басшысы Р.Камзинге сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
      Қалғұты ауылдық округінің әкімі Т.Хамитов
      Келісілді:
      Қазақстан Републикасы ауыл шаруашылық
      министірлігі ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетінің
      Күршім аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы А.Шапатов

      "11" ақпан 2015 жыл
      Күршім ауданының ішкі істер
      бөлімінің басшысы Р.Камзин

      "11" ақпан 2015 жыл