Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Ақтасты" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда N 4335 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 4 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 23.02.2016 № 4 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Күршім ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2015 жылғы 11 қарашадағы № 501 ұсынысы негізінде, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жануарлардың лейкоз ауруының анықталуына байланысты Күршім ауданының Күршім ауылдық округінің Күршім ауылындағы "Ақтасты" учаскесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауылдық округінің әкімі С. Дүзбаев