Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік кепілдіктер және әлеуметтік қолдау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы N 51/3-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қарашада N 4239 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зырян ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
      Мемлекеттік білім беру және ветеринария ұйымдарының мамандарына 12480 (он екі мың төрт жүз сексен) теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Байбуринов
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова