2015 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі N 127 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда N 3961 болып тіркелді

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 127 қаулысына қосымша

2015 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына орналастырылған балалар саны (адам)

Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның кұны, (теңге)

Бір айда ата-ананың ақы төлемінің мөлшері, (теңге)

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

Балабақшалар, бөбекжайлар

Шағын орталықтар

20913

17431

1030

352

20913

17431

11000