Шілікті ауылдық округіндегі Тасбастау ауылына карантин белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4108 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 4 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 12.10.2015 № 4 шешімімен (қабылданған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7 ) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Шілікті ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Шілікті ауылдық округіндегі Тасбастау ауылында мүйізді ұсақ малдарынан шешек ауруының шығуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы С. Қожекеновке осы шешімнен туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариялық инспекторы С. Қожекенов

      21.07.2015 жыл