1. Ірі қара малдардан құтырма ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е. Тендыске осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерназар ауылдық округі әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Б. Марзатаева |