Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 10431 "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы N 13623 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 4265 болып тіркелді

Қолданыстағы

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 10431 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірінде "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      15-тармақта:
      28) тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі

Т. Қасымжанов