Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына қоса беріліп отырған:
1) "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жер қойнауын пайдалану саласындағымемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3409, 2014 жылғы 5 тамыздағы № 89 (17026), 2014 жылғы 7 тамыздағы № 90 (17027) "Дидар", 2014 жылғы 6 тамыздағы № 89 (19536), 2014 жылғы 8 тамыздағы № 90 (19537) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д.Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен бекітілген |
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішінің және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарауы, орындаушыны анықтауы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының жер қойнауын зерттеу және жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық органға сұратуды жіберуі, жер қойнауын зерттеу және жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық органда сұратуды қарауы, болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды дайындауы - 11 (он бір) жұмыс күні ішінде;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беруі және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 14 (он төрт) жұмыс күні.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының бұрыштама қойылған құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыға қол қою болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қол қойылған және тіркелген қорытындыны беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны анықтауы. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының жер қойнауын зерттеу және жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық органға сұратуды жіберуі, жер қойнауын зерттеу және жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық органда сұратуды қарауы, болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды дайындауы - 11 (он бір) жұмыс күні ішінде;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыны беруі және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жүгiну және көрсетілетін қызметті берушi мен көрсетілетін қызметті алушы рәсiмдерінiң (iс-қимылдарының) реттiлiк тәртібі:1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде талап бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі;
6) 4-процесс –көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) ақпараттық жүйесінде тіркеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметтіалушының Стандартта көрсетілген қоса берген құжаттарының қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде талап бұзушылықтарының болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырған қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланылып, қалыптастырылады.
Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметте ақпараттық жүйенің қолдану тәртібі өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ - мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге әрекет етілген ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша |
"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы
1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
2. Электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен бекітілген |
"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы
(бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды шығару мүмкін болмаған немесе құрылыс салудың экономикалық мақсаттылығы дәлелденбеген жағдайда дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) құжаттар топтамасының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы -15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарайды, құрылымдық бөлімшені анықтайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – құрылымдық бөлімше басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау үшін орындаушыны анықтайды. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын қарайды, құжаттарды Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне жібереді, келісіуден кейін рұқсат жобасын немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын жіберу, 5 (бес) жұмыс күні ішінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде қарастырылады;
5-іс-қимыл – рұқсат жобасын немесе дәлелді бас тартуды құрылымдық бөлімше басшысы қарастырады. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
6-іс-қимыл – рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенім хат бойынша оның өкіліне) қолма-қол береді. Орындалу ұзақтығы 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесін анықтайды. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – құрылымдық бөлімшенің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау үшін орындаушыны анықтайды. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының толықтығын қарайды, құжаттарды Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне жібереді, келісуден кейін рұқсат жобасын немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын жіберу, 5 (бес) жұмыс күні ішінде Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде қарастырылады;
5-іс-қимыл – рұқсат жобасын немесе дәлелді бас тартуды құрылымдық бөлімше басшысы қарастырады. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
6-іс-қимыл – рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат;
7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенім хат бойынша оның өкіліне) қолма-қол береді. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жүгiну және көрсетілетін қызметті берушi мен көрсетілетін қызметті алушы рәсiмдерінiң (iс-қимылдарының) реттiлiк тәртібі:1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде талап бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі;
6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) ақпараттық жүйесінде тіркеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының Стандартта көрсетілген қоса берген құжаттарының қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде талап бұзушылықтарының болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДБ АЖ қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланылып, қалыптастырылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметте ақпараттық жүйенің қолдану тәртібі өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
Ескерту.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Е-лицензиялау" МДБ АЖ – " Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі";
Портал – "электрондық-үкімет" порталы;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге әрекет етілген ақпараттық жүйелерінің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:
"Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша |
1. "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесінің анықтамалығы
2. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен бекітілген |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi–қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініші және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы -15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарт жасасуы. Орындалу ұзақтығы – 11 (он бір) жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшартты тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшартты беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі бұрыштама қойылған құжаттар болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі қол қоюға және келісімшарт жасауға дайындалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жасалған келісімшарт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарт болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі қол қойылған және тіркелгенкең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшартты алғаны жөнінде қолхат болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарт жасасуы. Орындалу ұзақтығы – 11 (он бір) жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшартты тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшартты беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен бекітілген |
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтің нәтижесi– барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) құжаттар топтамасының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы -15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) күнтізбелік күн;
3-іс-қимыл – орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасуы. Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) күнтізбелік күн;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын анықтау туралы бұрыштама болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттар топтамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жасалған келісімшарт; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) күнтізбелік күн;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасуы. Орындалу ұзақтығы – 7 (жеті) күнтізбелік күн;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес - процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен бекітілген |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама хат (бұдан әрі – хабарлама хат).
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініші және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі –Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы -15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) күнтізбелік күн;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының хабарлама – хатты дайындауы. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) күнтізбелік күн;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының хабарлама – хатқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама – хатты беруі және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының бұрыштама қойылған құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі дайындалған хабарлама-хат болып табылады, ол осы Регламентті 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі хабарлама-хатқа қол қою болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген және қол қойылған хабарлама-хатты алғаны жөнінде қолхаты болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) күнтізбелік күн;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) күнтізбелік күн;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының хабарлама – хатты дайындауы. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) күнтізбелік күн;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының хабарлама – хатқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 4 (төрт) күнтізбелік күн;
6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің хабарлама – хатты тіркеуі және беруі. Орындалу ұзақтығы - 15 (он бес) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" қарашадағы № 313 қаулысымен |
"Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немес) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немес) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жасалған келісімшарт; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініші және құжаттарының болуы негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11452) бұйрығымен бекітілген "Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немес) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі –Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 10 (он ) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін дайындау. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартқа; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні;
6-іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін тіркеуі және беруі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні.
6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын анықтау туралы бұрыштама болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттар топтамасы болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі қол қойылған барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жасалған келісімшарт; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 6-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшартты; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 10 (он ) минут;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы, орындаушыны белгілеуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы толықтығының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
4-іс-қимыл – Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін дайындау. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшылығының барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жасалған келісімшартқа; Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісіне қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні;